Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:20, лекция

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті күнделікті процесін қамтамасыз үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады.

Оглавление

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.
Фискалдық саясаттың нұсқалары, нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Файлы: 1 файл

шаттық еркеновна.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тақырып. Қаржы  және инфляция

Жоспар:

  1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы
  2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
              1. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының  қажеттілігімен салыстырғанда айналыс  сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы  және соның нәтижесі ретінде –  тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Инфляция –  ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:

Айналысқа артық  ақшаның шығарылуы;

Қолайсыз төлем  балансы;

Үкіметке сенімнің жоғалуы.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

    • белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
    • инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
    • мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
    • мемлекеттік берешектің көлемі.

Нарықтық экономика  кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай  әсер етеді.

Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл  ерекше төлейалушылық сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі  арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы  бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары.

Инфляцияны  бағалу және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – 1б пайдалынылады. Бағалар  индексі тұтыну тауарлары мен  қызметтердің белгілі бір жиынтығының  сатып алу бағасы мен базалық  кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексініне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.

 Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

Бағалар өсуінің  қарқыны бойынша:

  • Баяу- баға жылына 10пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
  • Өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

Әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

  • Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
  • Теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде – олардың бір-біріне ара қатысы оңбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
  • Болжаулық дәрежесіне қарай:
  • Күтілген, болжамды және күтілмеген;
  • Шығу немесе пайда болу орнына қарай:
  • Импортталынған және экспортталынған;

Сондай-ақ дамудың  әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз  қалған, бірақ тауар тапшылығы  күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер  көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның  ішінде дамып келе жатқан елдерде  бағаның өсуіне соқтырады.

Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы  мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.

Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.

  1. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
  2. Бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды  индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

Компаниялар мен  фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

  1. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

  Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы микроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияға  қарсы саясат – инфляциямен күреске  бағытталған экономиканы мемлекеттік  реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі  жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дифляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді  арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие  және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл  саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты  – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін  белгілеу жолымен параллельді бақылау  жүргізуді қажет етеді. 

Инфляцияға  қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

              1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
              2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
              3.   Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
              4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

А) тура әдістермен – шектеумен (рестикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі  негізінде қол жеткен деңгейімен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу  арқылы;

Ә) секвестрлеу  әдісімен – барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;

Б) қолда бар  кірістердің деңгейін бақылаумен;

В) мемлекеттік  бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

Инфляцияны  басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

Инфляциялық таргеттеуге  көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынандай ірі проблемаларды шешу міндеті  тұр:

Өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

Бағалы қағаздардың  қайталама рыногын дамыту;

Трансмиссиялық  тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне  ықпалын бағалауға мүмкіндік  жасайтын үлгіні әзірлеу;

Инфляциялық таркеттеуді  пайдалана отырып,  шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу