Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:20, лекция

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті күнделікті процесін қамтамасыз үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады.

Оглавление

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.
Фискалдық саясаттың нұсқалары, нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Файлы: 1 файл

шаттық еркеновна.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.

Жоспар:

  1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
  2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.
  3. Фискалдық саясаттың нұсқалары, нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.
  4. Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

     Экономиканы  мемлекеттік қаржылық реттеу  бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке  және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті күнделікті процесін қамтамасыз үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады.

     Мына  бастапқы негіздемелер мемлекеттік  қаржылық реттеуді жүзеге асырудың  алғышарттары болып табылады:

  1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.
  2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
  3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің , әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
  4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

     Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

     Қаржылық  реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік,  мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі  реттеуді қамтиды.

     Реттеудің  ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық  немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды  нормалау әдістері, қаржы қорларына  аударылатын аударымдардың нормативтері  және оларды  пайдалану қолданылады.  Сонымен бірге экономика мемлекеттік  қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды.

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві.

Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің  ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

  1. Шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
  2. Кірістер бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.

Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:

  1. Тұтынылған капиталдың көлемі;
  2. Биснеске салынатын жанама салықтар;
  3. Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
  4. Ренталық төлемдер;
  5. Пайыз;
  6. Меншіктен түсетін кірістер;
  7. Корпорациялардың пайдасы.

Бұдан әрі, жалпы  ұлттық өнімнен ЖҰӨмен капиталды  тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретінде таза ұлттық өнім бөліп шығарылады.

Инфляцияны  немесе дефляцияны ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады. 

3.  Қаржылық  реттеудің басты мазмұны фискалдық  саясатты – бюджет пен салық  саясатын жүргізуді қамтамасыз  етуде затталады. Тікелей қаржылық  реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың,  аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

 Құлдырау  кезінде ынталандырушы фискалдық  саясат жүргізіледі, ол мыналарды  қарастырады:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік  фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдфқ саясат кері бағыттарды қамтиды:

1) мемлекет шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Дискредициялық  емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің  қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық  емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме тұрақтандырғыштардың механизмі  негізінде іс-әрекет етеді.

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасындақысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы бірітіндеп өсе бастайды.

Монитаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды  қамтиды:

1) бюджет тапшылығын қысқарту;

2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;

3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту;

4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау.

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;

2) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

3) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің жоғары икемділігі;

4) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы.

Стагфляцияны  жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының  жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі - өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу;

3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар;

4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.

ХХ ғасырдың аяғында жаңа теория – тұрақты  даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Тұрақты даму теориясында  тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді – төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген. 

1. кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теорияға өзекті қағидат.

2. экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптастақн тепе-теңдікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.

3. эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптандыру қағидаты. «Әртараптандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі. Функциялық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.

4. экономикалық дүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңдейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

Салықтар саласындағы  фискалдық саясат олардың ықпал  етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға, ұсынымға. Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық  сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің  көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.

Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық  ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аөз табыс  салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.

Салықтардың инвестициялық  қызметке ықпал етуінің теориялық  дәлелдмесі ретінде американ оқымыстылары – «ұсыным экономикасының» өкілдері А.Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.

Мөлшерлемелердің  шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды «ұстаудың» және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы салық климаты бар елдерге «капиталдардың безінуін» тудырады.

Бұл факторларға  сондай-ақ салық салу деңгейі төмен  немесе тіпті ол болмайтын «оффшорлық аймақтардың» бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.

Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеруі  және экономикалық қарым-қатынаста  болатын елдердің салықтық шарттарын  теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.

 

 

 

 

 

2 -тақырып. Қаржы рыногы және қор биржасы

Жоспар:

  1. Қаржы рыногы туралы ұғым.
  2. Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және негізгі белгілері. Бағалы қағаздардың түрлері.
  3. Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары. Қор биржасы.
  4. Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы  жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы  рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын -соңды  болған емес.

Қаржы рыногы –  бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі  операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

Экономикалық  әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.

Ақша рыногы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит несие  бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен  кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым  активтердің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал рыногында  қоғамдық өндіріс қатысушыларының  орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының  қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы рыногында  бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылған экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:

  1. Реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;
  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналасын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
  3. Кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу