Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:20, лекция

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті күнделікті процесін қамтамасыз үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады.

Оглавление

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.
Фискалдық саясаттың нұсқалары, нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Файлы: 1 файл

шаттық еркеновна.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

 Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

  1. Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс  сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық  нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
  2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;
  3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының  маңызды бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа мензімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелер  түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың,  ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен,  бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс. 

  1. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады.

Бағалы қағаздардың  айналымға түсу уақыты мен әдісіне  қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағазадардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады:ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.    

Бұдан басқа  қаржы рыноктарын басқа критерийлер  бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың  түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т.с.с.; сасалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты  алды және қазіргі уақытта оның мынадай  құрылымы қалыптасып отыр:

Бастапқы  рынок

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:

Бастапқы орналастыру секторы;

Сатып алу-сату секторы.

Корпорациялық облтгациялар рыногы

Акциялар  рыногы:

МЕБҚ-мен жасалатын  репо-операциялар секторы

Қайталама рынок

Қор биржасы

Биржадан тыс  бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы

Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын  алуға құқық беретін ақшалай  немесе тауарлай құжаттар.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер  немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Инвестициялық бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар.

Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар  немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп  кисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар.

Муниципалдық  бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары  болып келеді.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың  тізбесін аяқтайды.

Бағалы қағаздардың  арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

Акция – акционерлік  қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Облигация –  ұстаушысына оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі.

Облигацияның  мынандай түрлері болады:

Агенттік облигация;

Ипотекалық  облигация;

Камтамасыз  етілген облигация;

Ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;

Мемлекеттік емес облигациялар;

Кәсіпорындардың облигациялары.

  1. Бағалы қағаздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру.

Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия –  бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы:

  1. Акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
  2. Акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
  3. Облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңи тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.

Эмиссиялық  бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия  шегінде біртекті белгілері мен  реквизиттері болатын, осы эмиссия  үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.  Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық объектісі  ретінде пайда болуына бағытталған  іс-әрекеті, немесе орналастырылуы, айналыста  болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне  сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.

Туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстанда  бағалы қағаздар рыногының объектілері  болып табылады.

Бағалы қағаздар рыногының  субъектілері жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

Инвесторлар – өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды- инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздарпортфелін қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болыр табылатын институттық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнайлы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар рыногының  кәсіби өкілдеріне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

Брокер – бағалы қағаздар рыногының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзгеде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат  құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Кастодиан – бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды  және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады.

Орталық депозитарий –  бағалы қағаздар рыногының қаржы  құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депонеттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депонеттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай-ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.

Андерайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлік – дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы.

  Сауда-саттықты ұйымдастырушы  – қор биржасы және биржадан  тыс бағалы қағаздар рыногының  баға белгілеу ұйымы. 

Бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін  ұйымы – бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға.

Бағалы қағаздар рыногында уәкілеттіорганның –  бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлері:

  1. Брокерлік-дилерлік;
  2. Бағалы қағаздарды ұсынушылардың тізілмдері жүйесін жүргізу;
  3. Инвестициялық портфелді басқару;
  4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару;
  5. Кастодиандық;
  6. Трансфер-агенттік;
  7. Депозитарийлік;
  8. Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздармен  сауда-саттықты қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.

Қор биржасы  – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.

Қор биржасы:

  1. Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
  2. Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
  3. Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру;
  4. Өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
  5. Бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
  6. Банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржаның негіз  қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының  өтімділігін қамтамасыз ету болып  табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектісіне келтірілген  залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.

 

3-тақырып. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы

Жоспар:

  1. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.
  2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
  3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану. Елдің төлем балансы.
  4. Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге жүниежүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредитинституттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу