Дайын шетел инвестициясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:44, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың тепе–теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Файлы: 1 файл

Дайын шетел инвестициясы.docx

— 173.13 Кб (Скачать)

    12-сурет.  Қазақстанның 2001-2003 ж.ж. салалар бойынша ТШИ  пайдалануы (млн. АҚШ дол)  

    Көрсеткiштер     2001ж                  2002ж            2003ж       
                ТШИ     Саланың     ТШИ     Саланың     ТШИ     Саланың
                көлемі     ЖІӨ           көлемі     ЖІӨ     көлемі     ЖІӨ
                      үлесі     %-           үлесi % -           үлесi %-
                      бен                 бен           бен
    Өнеркәсіп     991,0     23,4           1278,2     21,3     1200,6     20,1
    Құрылыс           20,1     6,1           36,4     3,4     79,9     4,1
    Ауыл            10,1     12,1           16,8     12,8     130,9     10,0
    шаруашылығыЫ                                          
    Көлiк     Және     49,1     10,6           30,7     9,4     5,4     12
    байланыс                                                 
    Сауда     мен     0,0     16,1           36,7     17,1     5,4     18,5
    қоғамды                                                
    тамақтандыру                                          
    Басқа салалар     470,7     11,0           223,6     21,5     78,5     30,4
    БарлығыЫ:           1541                 1622,4           1500,8      

    Көрсеткiштер шетел инвесторларының акционерлiк капиталы, мемлкетке қосқан бонустары, коммерциялық және банкаралық несиелердi халықаралық ұйымдардың заемдарын есептемей көрсетiлген. Мәлiметтер республикалық төлем балансы көрсеткiштерi негiзiнде құрылғнан. ҚР-ның статистика бойынша areнтігінің мәлiметтерi бойынша құрылған.

    2.3 Қазақстан Республикасындағы  шетелдік инвестициялардың  тиімділігі.

    Еліміздің жалпы ұлттық капиталын өсуде  инвестициялық процестің орны ерекше екенін білеміз. Соның ішінде нарықтық қатынастар өту кезеңінде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрлымдардық тұрақтандырып, олардың құрлымдық жүйесінің өзгеруіне үлкен үлес қосатын шетел инвестицияларының маңызы зор.

    Шетел инвестициялардың қазіргі кезде  атқарып жатқан қызметтерінің ауқымы кең, атап айтсақ:

  • мемлекеттің әлуеметттік-экономикалық жағдайына байланысты әртүрлі мөлшерде жеңілдетілген несиелер беру;
  • ынтымақтасу аясында әлуеметттік-экономикалық тығырықтан шығуға жол көрсететін кеңестер беріп, басқа да көмектер көрсету,
  • экономикалық құрылымдық өзгерістерін жүзеге асыратын шараларды талдап, жан-жақты қаржыландыру мімкіншіліктерін жасау;

    Осыған  орай Қазақстан сияқты өтпелі экономикалы  елдерді инвестициялаудың бірқатар ерекшеліктерін атап кеткеніміз жөн. Олар, біріншіден, инвестициялау бюджеттің  ұдайы тапшы, инфляцияның жоғары және төлем балансының нашар жағдайында жүруі. Ал, екіншіден, шетел инвесторларының  өтпелі кезеңді пайдаланып пайда  табуға, жергілікті жерге өз ықпалын  кеңейтуге, мүмкіндігінше төлем  ақыларын кешіктіруге тырысуы және т.б.

    Сондықтан да нарыққа бет бұрған елдерді  жүйелі түрде қаржыландыруды халықаралық  инвесторлар жан-жақты келісімдер бойынша бекітілген әлуеметттік-экономикалық жоспарлардың негізінде жүзеге асыруы тиіс.

    Шетел инвесторларын Қазақстанға тартуда  әртүрлі қиындықтар мен ғылымдардың  қарма-қайшы пікірлері бола тұрса да, олардан түсетін пайда әрине көп, және де біздің әлуеметттік-экономикалық дамуымызға тиімді. Осы пікірді шетел инвесторларын экономикамызға тартудың негізгі түрі болып саналатын біріккен кәсіпорындар (БК) арқылы көрсетуімізге болады.

    Біріккен  кәсіпорындар әртүрлі шетел инвесторларының  ішінде ең көп тарған түрі. Мысалы, 1995-1999 жылдардғаы 7,1 млрд. долларға игерілген  тікелей инвестицияның 55%-ы біріккен кәсіпорындардың үлесіне тиген .

    Біріккен  кәсіпорындардың құрылу себептерінің бірі – ол  шетел инвесторларымен  бірлессе жұмыс істеу кезінде  айналым қаражаттарына деген  қажеттілікті азайтуға және лизинг, банк кепілдіктері, вексель айналымы және т.б. осы секілді ағымдағы шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін  қазіргі заманғы қаржы тетіктері  мен бизнес жүргізудің әдістерін  қолдануға болатын қаржы жағынан  тұрақты құылыммен ынтымақтасу. Осы мақсаттарға қол жеткізу  үшін негізгі құрылымнан бөлінбейтін  біріккен кәсіпорындар құрылуы мүмкін:

    Оған  жұмыс орны және жабдықтар табысталады (яғни аренда тапсырылады), немесе біріккен кәсіпорындар шетел тарапынан берілетін  қазіргі технологияны не жаңа жабдықты біріге қолдану ретінде құрылады. Осылайша, бір-бірімен  тығыз байналысқан “орнықты біріккен кәсіпорындар” – “қиындықтарды бастан кешіруші зауыт” тізбегі құрылады, оның көмегін кәсіпорын қазақстандық нарықтың ерекше жағдайларында жұмыс істей отырып, және шетел нарығына шығып, шетелдік әріптестердің үйреншікті жұмыс жағдайларын жасауға мүмкіншілігі болады.

    Яғни, инвесторлар негізгі өндірістердің  қиындықтарына қарамай өз жобаларын  іске асыра алады. Қазақстандық кәсіп  орын ауыр жағдайда болса да, оның  өміршең, іспен айналыса алатын бөлімі біріккен кәсіпорынның міндеттерін  іске асыруға үлес қосады. Бұған  қоса, біріккен кәсіпорын қазақстандық құрылымды ұйымдастырушыларға ескі жүйедегі жұмыс орындарын сақтай отырып, “жаңа экономикаға” енуіне мүмкіндік береді.

    Біріккен  кәсіпорындар өндірісітің өркендеуіне  екі жақтың да, қызығушылығын арттырып, табыстың өзара дұрыс бөлінуін қамтамассыз  етеді.

    Сонымен, ынтымақтасудың біріккен кәсіпорындық түрінің біз үшін де, шетелдіктер  үшін де артықшылықтары көп, алайда кемшіліктері де жеткілікті.

    Шетелдік  инвестициялармен бірге құрылған кәсіпорындардың  “өз өнімдері” тұралы түсініктері  шала болғандықтан шикізат көздерінің шетелге заңды түрде ақысы  “төленбей” шығарылуының жолдарына  айналып отырған. Бұл фактілер әрине  Қазақстанның экономикалық мүдделеріне  қайшы келеді. Шетел инвестицияларын  тарту процесінде біріккен кәсіпорындарға қатысушы жақтардың салымдарын бағалау  механизмдерін дұрыс жолға қою  керек. Бұл шара жекешелендіру барысында  шетел инвисторларына қажет.

    Тағы  да бір назар аударатын мәселе, ол  шетел инвесторларын тездетіп тарту үшін, мұнай көздерін игерудегі  көптеген экономикалық тиімді жобаларға  ұлттық мұнай өндіру компанияларын  қатыстырмай шетел инвесторларын  шақыру. Ал, мұндай әрекеттің нәтижесі мұнай экспорттауының шектелуіне әкеліп соқтырады. Негізінен, штел инвесторларын  өнеркәсіпке тарту ұлттық күрделі  жұмсалымдарды ығыстыру үшін емес, толықтырушы фактор ретінде болуы  міндетті.

    Қазақстан аумағында құрылған шетел инвестициялары тартылған кәсіпорындар көбінесе кішігірім  жарғылық қоры бар ұсақ және орташа кәсіпорындар болған. Өз бизнесін олар аз уақыт ішінде жоғары табыстарды қамтамасыз ету бағытында дамытады. Олардың қызмет етуінің басым  саласы – делдалдық (50%-тен жоғары), сауда, қаржылық операциялар, телекоммунация, офис және қонақ үйлердің  ғимарттарын  салу , сондай-ақ тұтынушылық тауарлар мен  қызметтердің аз шығынды  қажет  ететіні индустриясы төңірегі.

    Дегенмен  де соңғы жылдары шетел инвестицияларын  тарту процесінің маңызы артты. Шетелдік капитал мен технологияның Қазақстанның экономикалық прогресіне және макроэкономика тұрақтылығына  негіз қалады.1993-2001 жылдар арасында Республикамызға тартылған  шетелдік инвестициялардың  жалпы көлемі 16,98 млрд. АҚШ долларын құраса, 1999 жылы ол 1,85 млрд болған,  яғни  1998 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге дейін өскен. Ал , 2000 жылғы инвестициялық  көрсеткіштерге көз салсаң, ол 1999 жылмен салыстырғанда 49 пайызға өскен.        

    Алайда, осылай қарқындап дамып еліміздің  экономикалық  тұрғыдан өсуіне арқау  болып отырған инвестицияның  әлеуметтік салдары қандай деген  мәселеге келсек, көптеген ғылымдар оны  мардымсыз деп таниды.

    Әрине , әлеуметтік сала, оның жағдайын анықтайтын бірегей көрсеткіші жоқ күрделі  жүйе. Оның тұрақтылығы мен даму деңгейі білімі , денсаулық , мәдениет және әлеуметтік  процестер   кіретін  жүйелік элементтердің  жағдайы  мен анықталады.

    Сондықтан да әлеуметтік саланың басты міндеттері мыналар:       

  • Тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету аясының кеңеюі, маңызды жұмыс орындарын сақтау, жұмыссыздықтың азаюы , жалпы инвестиция арқылы өндірістің жандануы ;
  • Тиімді  еңбек нарығының қалыптасуы, еңбек бағасын әдейі төмендету саясатын болдырмау , оның деңгейін ұлттық экономиканың дамуына орай өсіру;
  • Әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттырып, жоғары сатыға көтерілуі.

    Осы шаралардың инвестициямен жан-жақты  қамтылған батыс аймақтарда жүйелі түрде іске асырылуына деректер мол. Мысалы , Атырау облысының инфрақұрылымының дамуына  шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындар атсалысуда . Әлеуметтік салаға бір ғана ТШО-ның өзі бес  жылдың ішінде “Атырау  Бонус Қоры ” жоспары бойынша 50 млн. доллар қаражат бөлген. Бұл қаражатқа  Құлсары ауданы орталағында  20 тұрған үй , жедел жәпдем ауруханасы салынған , Атырау қаласында емхана , наубайхана , жылу жұйелері іске қосылып , бір қатар  медициналық жоспарлар жүзеге асырылып, емдеу мекемелері керекті құралдармен  жабдықталған. Ал , 2001 жылы ТТШО-ның  “Игілік ” жоспары бойынша  Атырау қаласы мен Жылыой ауданының  әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына  6млн. доллар қаражат бөлінген.

    Жалпы біріккен кәсіпорындардың әлеуметтік саладағы нәтижелі қызметінынталандыру  үшін төмендегі шараларды жүзеге асыру жөн:

  • жаңадан құрылған  кәсіпорынды белгілі бір кезеңге дейін салықтың кей түрлерінен босату;
  • алғашқы жылдардың шығындарын кейінгі жылдағы салық салынатын табыстан алып тастауға кәсіпкерлерге мүмкіндік беру;
  • кәсіпорынның шетелдік құрылтайшысының табыстарына салынатын қайтарым салықтарын алып тастау;
  • негізгі капиталды амортизациялауды жеделдету, ал бұл технолгиялық жағынан алдыңғы қатарлы кәсіпорын үшін өте маңызды;
  • инфрақұрылымдық, оның ішінде әлеуметтік және жергілікті маңызы бар обьектілерді салуға және пайдалануға жәрдем ақшалар беру;
  • өндірістік жабдықтың импортына салынатын салықтар мен тарифтік шектеулерді жою;
  • ішкі нарықты импорт бажы арқылы қорғау және салықтар,жәрдем ақшалар мен басқа да қаржылық реттеу әдістерінің көмегімен жекелеген салаларды қолдау шараларын қабылдау.

    Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай кез-келген мемлекеттің жалпы нәтижелі дамуы экономикалық тиімділікпен әлеуметтік қолайлылықтың сәкестігімен ғана мүмкін бола алады. Яғни, елдің даму дәрежесі әлеуметтік салаға жұмсалатын қажының  көмегіне тікелей байланысты. Басқаша  айтқанда, мемлекет азаматтарының табысына орай ол мемлекеттің білім және кәсіби дәрежесін, қоғам мүшелерінің денсаулығын, ұдайы өндіріске мүмкіншілігін анықтауға болады.

    Қазастан  президентінің халықына жолдауында 2006-2010 жылдарға арналған стратегиясының сыртқы саясатын іске асыру тұжырымдамасы  негізінде Қазақстанның мүддесі  мен өңірлік және  әлемдік дамуының серпінін ескеретін теңгерімді және отандық сыртқы саяси бағытта  жүргізуді мақсат етіп отыр. Онда өзара  тиімді мүддені білдіретін Ресей  Федрациясымен, Қытай Халық Республикасымен, АҚШ, Еуропалық одақ елдерінен Орта Азия және мұсылман әлемі мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту және өзара іс қимыл басымды болатындығын атап көрсеткен.

    Белсенді  саяси үндесу, ЕурАзЕҚ, БЭК, ШЫҰ шеңберінде сауда экономикалық ынтымастықты және өңірлік ықпалдасуды тереңдету  негізінде Ресеймен стратегиялық әріптестік қатынастары одан әрі дамиды. Екі  жақты іс қимылды кеңейту ғарыш  кеңістігі игеру саласында, отын энергетикалық кешен қызметінде шекарамен ынтымақтастығында, эконмика көлік және инвестициялар саласындағы  жобаларды іске асыру айтылған.

Информация о работе Дайын шетел инвестициясы