Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «Ьапсо» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы Қызу жүретін аландарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чека-нившихся) эр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімеп нарыктарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер ден аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінем тарайды.
Банктер экономикалық басқарудың органдары болып табылғандықтан, өз клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта болады.
Банктердің экономикалык жауапкершілігі ең алдымен өздері қызмет көрсететін шаруашылық органдардың кай ведомствоға жататынына және қандай меншік түріие кіретініне қарамастан олардың шаруашылык және қаржылық қызметінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысына оларға (банктерге) тэуелсіздік болатын немесе банктерді ездері дербес тыидайтып құқыққа ие фирмалар мен компаниялар топтасады. Банктер бірдей жағдайда пайданы қамтамасыз ететін несие саясатын жүргізеді, өзіне жэне өз клиенттеріне тиімді операцияларды ұйымдастырады.
Ақша айналымы біртүтастығымен сипатталады. Қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысының салаларына бір ғана ақша бірлігімен қызмет көрсетіледі әрі олар өзара тығыз байланысты. Банктер кэсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың шоттарыи жүргізу арқылы жиынтық ақша айналымына бакылауды, ал ол аркылы шаруашылық процестердің барысын бақылауды жүзеге асырып, осы процестерге ықпалын тигізеді.
Банк жуйесіне қоғамның барлық ақша қорлары, атап айтқанда, мемлекеттің қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы және т.б. жиынтыкталған. Банктер осы қорларды қалыптастыруға белсенді қатысады, олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейді әрі осылайша үдайы өндіріс процесінің барысына әсерін тигізеді.
Қазакстан экономикасының нарыктық катынасқа көшуіне байланысты банктердің алдынан мүлдем жаңа көкжиектер ашылды. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық жэне акционерлік формалары, кооперативтік козғалыс кеңінен дамып, аралас мен-шік түрлерінің негізінде кэсіпорындар құрылды.
Қоғамда тиісті класы бар кәсіпкерлер мен коммерсанттар пайда болды. Экономика мен қоғамда нарықтык қатынастың дамуына қарай банктердің экономикалық ролі артып келеді. Олардың жұмыстарында әкімшіл-әміршіл әдістер ыгыстырылып, экономикалык әдістер колданылатын болды. Экономикага әсер етуде банктік құнды аспаптардың маңызы артып келеді.
Бұл жағдайда банктердің экономикадағы инфляцияны кемітуде және оны нарық жолына түсіріп (салып) жіберуде, ең алдымен меншікті мемлекет иелігінен алуда жэне жекешелендіруде маңызы зор. Бүл арада банк жүйесініц маңызды міндетіне несие жүйесін, ақша айналысын реттейтін әдістерді жетілдіру, есеп айырысуларды жылдам жүргізу, төлем пәндерін сактау жатады.
1993 жылдың 15 карашасынан бастап Қазақстан Республикасы өз валютасын - теңгені енгізді. Алайда инфляция бәсендеген жоқ. Инфляцияның ең жоғары деңгейі 1994 жылдың шілдесінде байқалды - 46%. Үкімет пен Ұлттык банк қабылдаған монетарлық шараның нәтижесіиде инфляция шілде айында кеміді (25%), ал 1994 жылдың тамыз айында ол 13,5%-ға, қыркүйекте 10,9%-ға теңесті.
Инфляцияның кему нәтижелсрі: қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі 300-ден 250%-ға дейін кемісе, аукциондарда несие ресурстарының пайыздык мөлшерлемесі 460-тан 280%-га дейіп азайды, яғни несие үшін төленетін төлем сұраныс пен ұсыныстың негізінде аныкталатын шынайы нарықтық төлемге айналды. Теңгенің ресми жэне бейресми валютапық бағамдарының бір-біріне жуықтау (жақындасу) тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазынашылық вексельдерді сатудың мөлшері артты. Инфляция кемуінің жағымды сэтіне Үлттык банктің директивтік несиені беруден бас тартканын жатқызуга болады, олар тек агроөнеркәсіп кешеніне гана арпалатыи болды. Несие ресурстары аукциондарда сатылады. Ұлттык банк үкімет шығынына несие беруді барынша азайтуға күш жұмсап отыр. Бұл шаралардың барлығы ұлттық валютаны тұрақтандыру және инфляцияны кеміту бойынша жағымды нәтижелерге қол жеткізеді. Мемлекеттік меншік реформасында да банктердің рөлі жоғары.' Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы қызмет көрсетілетін клиенттің қаржылық жағдайына толық тәуелді. Осыған байланысты банктік реформаны мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінен бөліп (ажыратып) жүргізуге болмайды. Сондықтан да банктік реформаның маңызды міндеттерінің бірі – кәсіпорындардың жекешеленуіне және жеке экономика секторының құрылуына колдау көрсету. Осыған орай, банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүддесіне бағындырылуы керек.
Олай болмаган жағдайда банктер нашар несиеден, пайдасынан зияны көп клиенттерден құтыла алмайды, өйткені бүгінгі таңда көптеген мемлекеттік кэсіпорындардың несие қоржынының сапасы төмен.
Банк
жүйесінің реформасы
Банк жүйесінің реформасы жеке кэсіпорындардың банктен несие алуына жол ашады, жеке секторлардың дамуына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар ол залалды мемлекеттік кәсіпорындардың кайта қүрылуын ынталандырады.
Жекешелендірілген кәсіпорындарға банктік реформаның барысында елімізде құрылуы тиіс ипотекалық банктер де көмек көрсете алады. Ипотекалық банктердің жекешелендірілген кәсіпорындарға олардың өздеріне тиесілі мүліктің кепілзатымен үзак мерзімді несие беру мүмкіндігі туралы айтылып отыр. Алайда, бұл үшін алдымен заңдық базаны жасау қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық катынасқа өту кезеңінде несиені басқарудың жүйесі мен шаруашылык кызметке банктік қызмет көрсетудің тетігіне көшудің, кэсіпорындар мен банктердің қызметін басқаруда экономикалык эдістерді кеңінен пайдалануға ауысудың мүлдем жаңа тәсілдері кажет болды; банктердің арасындагы жэне банктер мен клиенттердің арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін, сондай-ақ, банк жүйесінің өз аясындағы - олардың жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынасты кайта құру керек, яғни, банк жүйесін жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып реформалау кажет.
Қазакстан Республикасында банк жүйесінің реформасын жүргізудің қажеттілігін Әлемдік банктің мамандары макроэкономикадағы реформаның жүзеге асуына кедергі келтіретін қысқа мерзімді проблеманың екі категориясының болуымен түсіндіреді. Бірінші категорияга орталықтандырылған экономикадан мұраға калған банктің іс-тәжірибесі мен мақсатгы иесиелерді мемлекеттік тұрғыдан бөлудің ескі жүйесінің толык жойылмауына байланысты қаржы ресурстарын дүрыс орналастырмау проблемасы жатады. Проблеманың екінші категориясы: банктер «сапасыз» (мерзімі өтіп кеткен) ссудаларды жэне залалға ұшыраған мемле-кеттік кәсіпорындарды мұраға алады. Бұл проблемалар тіршілікке икемді (немесе несиені өтеу қабілеті бар) мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындардың қаржылык ресурстарға апа-ратын жолын жауып тастады, каржы ресурстарын тіршілікке икем-сіз (немесе залалды) кэсіпорындардың пайдасына бұрып жіберді.
Ұлттық банк несиесімен кайта каржыландыру іс-тәжірибесіндегі кемшілік мынада, банктер қайта қаржыландыру несиесіие кол жеткізгеннен кейін депозиттік ресурстарды дербес жұмылдыруға ынталы болмайды. Опың үстіне, бұл несиені субъективті негізде орналастырған кезде банктердіц жұмыс тиімділігі ескеріле бермейді, осының салдарынан иесие ресурстары әрдайым оңтайлы бөлінбейді.
Несиені
тиімді орналастыруға кедергі
Мемлекеттік кэсіпорындар бұл арзан несиені негізінен инвестиция үшін емес, еңбекакы төлемдеріне жэне материалдық құндылықтарды жинауға пайдаланды. Инфляцияның деңгейі мен Ұлттык банктің атаулы пайыздық мөлшерлемесін салыстырса да жетіп жатыр: соңғысы 500%-дан да асып түсетін бөлшек сауда бағасының жылдық инфляциясында - 1992 жылдың наурыз айында - жылына 25%-ды құрады. 1992 жылдың қараша айында атаулы пайыздық мөлшерлеме 65%-ға дейін артты, ал инфляция -1000%. Сол кездің тұсында арзан несие алған кәсіпорындар өз жағдайларын түзеуге асықпады.
Осылайша, қолдау көрсетілетін мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей несиелеудің саясатын төмен пайыздық мөлшерлеме саясатымен біріктіру несие ресурстарының дұрыс орналаспауына әкеп соқтырды.
Өз кәсіпорындарының өтеу қабілетін салмақтап жатпастан оларға несиені тікелей беретін мамандандырылган банктердің бұл әрекеті мерзімі өткен ссудалардың көбеюіне әкеп соқтырады, ал нарыкқа бағдарланған кәсіпорындар банктерден несие ала алмады.
Пайыздык мөлшерлеменің төмен болуы банктерге өз жинақ ақшасын толық жұмылдыруына мүмкіндік бермеді. Кәсіпорындар мен халық өз жинак ақшасын нақты активтерге орналастыруды ұйғарды. Азаматтар көбінесе ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жэне жылжымайтын мүлікті сатып алатындықтан кэ-сіпорындар өндірген тауарлар уақтылы сатылмады, ягни кәсіпорындар тауар қорын өсірумен ғана шектелді.Нақты активтер инфляциядан, ақша қорланымының кұнсыздануынан қорғанатын бірден-бір жол болды. Салым ақша үшін төлейтін банктің пайыз-дары инфляцияның салдарынан болғам ысыраптың орнын толык толтыра алған жоқ. Кәсіпорындар мен халыққа тиесілі жинак акшаның жеткілікті дәрежеде жұмылдырылмауынан орын алған несие ресурстарының жетіспеушілігі банктердің тиімді кәсіпорындарды несиелеуіне мүмкіндік бермеді.
Несие ресурстарының бөліну сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін демеуқаржы мен жеңілдікті несиелердің іс-тәжірибесі жагымсыз эсерін тигізді. Кәсіпорындардың өзіндік ерекшелігі бар шығынының, мәселен, халықты элеуметтік қорғау шығынының, сондай-ақ, кәсіпорындардың әдетке айналған тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты шығынның орнын толтыруға арналған несие демеуқаржы несиесі деп аталды. Ол (демеуқаржы несиесі) Ұлттық банктің қайта қаржыландыру несиесінің мөлшерлемесіне қараганда төмен пайыздық мөлшерлемемен берілді (1992 жылдың IV токсанында 65% төмен).
Кәсіпорын борышының жаппай клирингісін жүргізу барысында ¥лттық банк борышқор кэсіпорындарға жеңілдікті демеукаржы несиесін берді. 1992 жылы осы мақсатта берілген несиенің үлесі барлық жеңілдікті несиелердің шамамаен 30%-ын кұрайды. Несиенің көп бөлігі өтелмей калды.
Жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындарға өз қаржылық жағдайларын жақсартып алуы үшін берілсе де, олар оның залалын каржыландыру құралына айналды. Оныц үстіне, демеуқаржы жэне жеңілдікті несие бойынша атаулы пайыздык мөлшерлеме мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық қаржылық алып-сатарлыққа жол берді.
Мұндай құбылыс көптеген себептермен, ең алдымен төлем жүйесінің тиімсіздігімен, сондай-ақ, несие нарығының проблемаларымен түсіндіріледі. Әсіресе, бұлар 1992 жылдың басында ¥лттық банк кәсіпорындарға несие беруді шектей бастағанда байқалды. Соңғылары баска кәсіпорындардан жөнелтілгеи жүктің төлемін ала алмайтын жағдайға үшырады, төлемдер жарты жылға немесе одан да кеп уакытқа кешіктірілді. Бүкіл кәсіпорындар, соның ішінде, төлем кабілеті бар кәсіпорындар да қиын жағдайда қалды.
Несие нарығының проблемалары бұрынғы ақшасыз есеп айырысу жүйесі жэне есеп айырысу құжатымен несиелеу жүйесі жойылғанда байқалды. Кәсіпорын өз тауарын сатып алушыға оның төлем қабілетін тексеріп жатпастан, жоспар мен келісім-шартқа сэйкес жөнелтетін. Егер сатып алушының шотында қаражат болмаса, оған банк автоматты түрде несие аударатын, төлемсіздік қатері нөлге тең болды. Бүл жүйе жойылғаннан кейін (банктер төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы басталды; төлемнің кешіктірілуі немесе төлемнің мүлдем жүргізілмеуі төлемсіздіктің тізбекті реакциясын тудырды.
Оның үстіне, төлемдердің кешіктірілуі құрал-саймандардың тозуымен және банктердің артта қалған техникалық жарақтандырылуымен (ЭЕМ желілерінің және олардың программалық қамтамасыз етуінің тозуы) байланысты болды.
Кәсіпорындар
арасындағы төлемсіздік дағдарысын жою
үшін үкімет үш шараны жүзага асырды. Біріншіден,
тіршілікке икемді кәсіпорындардың берешек
мөлшерін кеміту мақсатында тіршілікке
икемді немесе тиімді кэсіпорындарды
басқа кәсіпорындармен қайта қаржыландырды.
Ұлттық банк бұрынға мамандандырылған
банктер арқылы қайта қаржыландыруға
245,36 млн теңге сомасында несие берді. Екіншіден,
үкімет жаңа төлем аспаптарын енгізді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға төлем тапсырмасы
немесе чек бойынша алдын ала төлемді
қажет ететін төлем аспаптарын пайдалануды
тапсырды. Үшіншіден, бұрынғы кеңестік
республикалыр республикааралық есеп
айырысу банкісіне кұрылтайшы болуға
келісімдерін берді. 1992 жылдың аягында
Қазақстан мен Ресей 1992 жылдың соңында
80 млн теңгені кұрағаи екі ел кәсіпорындарының
берешегін өзара шегеру туралы екі жақты
келісімге қол қойды.