Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «Ьапсо» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы Қызу жүретін аландарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чека-нившихся) эр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімеп нарыктарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер ден аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінем тарайды.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен жэне револю-цияға дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несие қоғамы, қалалык банктер, ипотекалық несие банкісі жэне басқа несие мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл несие жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік-коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік-ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден Рессейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-саттықты жэне т.б. несиеледі. 1914 жы-лы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі жэне 791 басыбайлы мем-лекеттік казынашылық кассасы болды.
Акционерлік-коммерциялык банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды жэне 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.Орта жэне ұсақ буржуйларға кызмет көрсету үшін ұсак несие мекемелері жүмыс істеді: өзара несие қоғамы (11081), калалық-қоғамдық банк (343).Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік-дворяндық жер банкісін жэне мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлік жер банкісін, 36 қалалык несие банкісін, басқа да ипотекалық несие банктерін қамтиды.
1922 жылы жеке сауда-саттықты, өнеркэсіпті( несиелейтін өзара несие когамы, мемлекеттік-капиталистік әрі акционерлік Оцтүстік-Шығыс банкісі жэне шетелдік капиталдың катысумен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социалистік экономика секторының дамуына қарай кооперативтік жэне жеке несие мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылғанда несие кооперативтерінің қажеті болмай калды. Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторынан сауда мен өнеркәсіп салаларының ығысуына байланысты өзара ңесие қоғамы да өз қызметін тоқтатады. Баска да несие органдарының міндеті мемлекеттік салалық банктерге ауысады. Олар 1922-1925 жылдар аралығында құрылған Өнеркәсіп банкісі Цекомбанк, Всекобанк, Орталық ауыл шаруашылық банкісі жэне басқалары.
Өнеркәсіптерді және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге несиелейтін банктен қайта құрылган өнеркәсіптердің жэне электр шаруашылығының капиталдық құрылысын қаржыландыратын банк (өнеркэсіп). Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп қайта ұйымдастырылады.
Социалистік
егіншілікті каржыландыратын
Кооперациялардың капиталдық кұрылысын қаржыландыратын банк (Всекобанк). Ол Бүкіл ресейлік кооперативтік банкісінің негізінде құрылды (Всекобанк 1936 жылы таратылып, оның активтері мен пассивтері 1959 жылы жабылып қалған КСРО Сауда банкісіне берілді).Коммуналдықжәне тұргын үй құрылысын қаржылаидыратын банк (Цекомбанк); 1959 жылы жабылып, оның қызметі КСРО Мемлекеттік банкісі мен Құрылыс банкісіие берілді.
Барлық одақтас ресиубликаларда, оның ішінде Қазақстанда барлык банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін орталықтандырудың принципі қатаң сақ-талды, банк мекемелері жоғары банк органдарына бағынды, қандай да бір жергілікті мэні бар ереженің енгізілуіне үзілді-кесілді тыйым салынды.
Сондай-ақ, іс-тәжірибеде ақша айналымын тек бір ғана банкте шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме есеп айырысу жэне ағымдагы шотын тек бір ғана банкте аша алатып. Олар өз қаражатыи осы банкте сақтады, несие мен қолма-қол ақщаны осы банктен алды жэие осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) несие саясатын жүргізу, несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын, сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО Мемлекеттік жабдықтаудагы есеп айырысуларды қаржылаидыру мен несиелеу де оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың жэпе шаруашылықтыц бірлескен салаларының есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Мұндай кешенді несие-есеп айырысу қызметін аграрлық-өмеркәсіп кешеиінің кэсіпорындары үшін - КСРО Аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда меи элеуметтік салалардагы кәсіпорындар меи ұйымдар үшіи - КСРО Әлеуметтік тұргын үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жииақ банкісі кызмет көрсетті. КСРО Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.
Мамандандырылған банктердің құрылымы аймақтық-әкімшілік принципі бойынша күрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар мен өлкелерде банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында немесе калаларда банктердіц өз мекемелері болды. Олар бастапқыда мынадай принцип бойыиша кұрылған болатын: мамаидандырылғам банктердің клиенттері бар аудандарда ғана олардың (маманданды-рылған банктердің) мекемелері (эр ауданда бір мекемеден) бол-ды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері әрбір ауданда, ұжымшар мен кецшарда ашылды. Мамандандырылған банктердің (Жинак банкісінен баскасы) төменгі буындары мамандандырылғанына қарамастан өздерінің клиенттері бар аудандарда қызмет көрсетті. Банктердің мамандану мәні тек басқару деңгейінде ғана керілгені болмаса, олардың төменгі мекемелерінің әмбебеп несие мекемесінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Олар ауданның барлык клиенттеріне, яғни, кәсіпорындарға, барлық салаларга қызмет көрсетуіне тура келді.
Банктердің санына карай олардың 4 жоспары болды. Аталмыш банктердің салалық езгешеліктері өз клиенттерінің әмбебаптығына қайшы келгендіктен, ең алдымен несие ресурстарына байланысты көптеген проблемалар туыидады. Бұл проблемалар бір банктен екіншісіне өзара аймақаралык есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражатқа бақылау болмағандыктан одан әрі тереңдеді. Әрбір банк өз ресурстарының шегінде жұмыс істеуі үшін КСРО Мемлекеттік банкісінде ашылған корреспонденттік шот бойынша аймақаралык есеп айырысуға көшуі қажет болды. Мемлекеттен банктен бөлінген коммерциялық банктер әдетте мамандандырылған банк ретінде жұмыс істеді, нақты салаларда (өнеркәсіп, кұрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда) әрбір банктің өз монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын көбінесе олардың (кәсіпорындардың) кабілетін , мүмкіндігін және т.б. ескермей өте төменгі пайызбен қаржыландыруды және несиеледі. Бұл банктердің активтері залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіп-орындардың мерзімі өтіп кеткен сапасыз ссудаларына ие болды.
Тұтастай алғанда банктерді мамандандыру туралы идея банк жүйесінің жұмысын тығырыққа тіреді, ал монополиялаудан арылмады, несие тетігіне түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше, үлкен кедергі келтіріп, елеулі шыгынды қажет ететін көп буынды болуымен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі де көп төмендеп кетті - ол мамандандырылған банктердің жұмысына елеулі ықпалын тигізе алмады.
Бұл жағдайдан шыгудың бірдеи бір дұрыс жолы мыналар болды: банк реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға көшіру.
Банк құрылымын кайта құру үшін Мемлекеттік банктің монополиясын банк деполарына тарту кажет болды. 1988 жылға дейін Орталық, коммерциялык жэне инвестициялық банктердің қызметларын орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің әмбебеп несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады десек артык айтпаймыз.
Қазақстандағы
КСРО Құрылыс банкісінің республикалык
кеңсесі қаладағы - өнеркэсіптегі, көліктегі
жэне шаруашылықтың басқа
КСРО-ның банк жүйесінде,
оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы
қатаң орталықандыру мен
Ақша-несие қатынасының қалыптаскан іс-тәжірибесі нарық қатынасы тудырған шартгармен сэйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы калыптасқан қаржы нарығының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық эрі идеологиялык тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз уысынан шығармады, шынайы бәсекелестікті, тәуекелдіктің бүкіл элементтерін жойды. 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендікке кол жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың каңтар айында «Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы» заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының бастамасы болды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы ¥лттық банкісі боп қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкісі акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазакстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі акционерлік-коммерциялық бенк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкісі -акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер ак-ционерлік банктер боп қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының Халық банкісі атауына ие болды.
1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке меншік банктері пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер - Интеринвестбанк, КРАМДС банк жэне т.б. ашылды.
Банк жүйесі - нарықтык экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен акша-тауар катынасы тарихи тұрғыда катар (параллель) дамып, бір-бірімен тыгыз байланыста болды. Банктер баскарудың барлық децгейіндегі халык шаруа-шылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардыц экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бүл арада банктер каржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылык органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай каражатты тартып, оларды карыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бүл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға жэне қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ыкпалын тигізді (5-сызба).
Қаржылық делдалдар осылайша капиталдың салааралық, аймақаралык бөлу тетігімен камтамасыз ете отырып, аса маңызды халық шаруашылығының кызметсын орындайды.
Банктер нарықтык экономикада ең басты каржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, банктер клиенттердің салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені - депозитті құрады, ал жаңа талаптың ссудасын карыз алушыға береді.
Жаңа міндеттемені және жаңа талапты тудыратан бұл процесс қаржылық делдалдың негізін құрайды. Қаржы ресурстарынын несие берушіден қарыз алушыға козғалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылык делдал деп аталады.
Банктер акшалай капиталды эр түрлі көздерден шогырландыра отырып, акшалай қаражаттың жалпылама «пулын» қалыптастырады эрі оларды қолданыска тусетін капиталға айналдырады жэне шарттары әр қилы несиелер талабын қанағаттандырады.
Халық пен шаруашылык органдарына кызмет көрсететін каржы-несие ұйымы, несие жүйесінің жұмысы шаруашылық кұрылымды дамытуда айрықша роль ойиайды. Қаржы-несие тетігінің тиімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуіне тек жеке шаруашылық бірліктерінің қаражатты уактылы алып тұруы ғана емес, сонымем бірге тұтас ел экономикасының даму карқыыы да тәуелді.
Банктер нарықтык экономикада монополистерге айналып, барлық каржылық капиталдарға ие болады. Олар делдалдық кызметтің негізінен шыгып, ұдайы өндірістің барлық фазасының салаларына дендей енеді. Несие жүйесі «сыйқырлы күшке» ие және ең қатерлі жолмен нақты өндіріске араласуы ыктимал. Басқа тұста К. Маркс «Сауда мен өнеркәсіпке үстемдігін жүргізетін агылшын банкісі секілді мекеменің орасан зор билігіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдіц орталығына, барлык экономиканың ең басты жүйке торабына айналды.
Банк жүйесінің максаттары мен міндеттері негізінен тұгас экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалкы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді орындайды. Банктердің релі экономиканы басқарудың органы ретінде ездерінің қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптері сакталганда анықталады.
Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал, әрбір қоғамның экономикалық катыиасы ең алдымен мүдде ретінде алга шығады, ал, экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, оның козғаушы факторы болып табылады. Осыған қарай экономикалық әдістердің көмегімен басқару экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденің осындай ұғымына қарай былайша тұжырым жасауға болады: оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге болады жэне басқарудың экономикалық әдістеріне жүгіну арқылы банктермен, мысалы, эр түрлі несие қаражатына мұқтаж әр қилы экономика буындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелеу жолымен немесе қоғамдық өнімнің ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін, экономиканың тоқтаусыз (үзіліссіз) жүмыс істеуі үшін эконо-миканың кажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған колма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақтылы қайтарылмағаы несие үшін жоғары пайызды, мерзімі кешіктірілген төлем үшін өсімақыны, есеп айырысу операциясы барысында бұрмаланған ереже үшін айыппүлды өндіріп алу арқылы өз мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, осы операцияларға қатысушы баскалардың да мүдделерін қорғайды.