Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «Ьапсо» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы Қызу жүретін аландарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чека-нившихся) эр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімеп нарыктарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер ден аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінем тарайды.
- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет;
- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мэселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тэсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің кызмет ету аясы - бұл басқа экономикалык институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән кызметі.
О.И. Лаврушин банктің 3 кызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын кызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мэні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тэн емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
- шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
- шоғырландырылатын жэне қайта бөліыетін қаражаттың меншік иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті);
-
қаражатты шоғырландыру тек
Екінші қызмет - ақша айнапымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырыла-ды. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы жэне халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі. Үшінші кызмет - делдалдык қызмет. Бұл арада банктің дел-далдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.Оған тереңірек үңілуі қажет. Банктер аркылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір сала-сынан екіншісіне құйылады (ағылады). Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, баска салалар мен аймақтарға кайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерім, мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай түрлендіру (өзгерту) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті (қатерді) азайтатын эрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындагы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін кызмет.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлык қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: эр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфракұрылым, банктердің бірлестігі жэне т.б.
Банк жүйесі қүрамдык бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалык жүйсіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістІк процесімен тыгыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты кызметінде бюджеттік-са-лықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалык өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алгы шебін Орталык банк кұрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдык элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға кабілетті. Оны біртұтас ретінде жэне бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде керсетуге болады. Бүл оның жекелеген бөліктерінің кажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жйнақ акша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элеменгтермен, жаңа байланыстармен толыгуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге гана арналған өз тэртібі, ережесі, нұскауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6.
Банк жүйесі өзін-өзі
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді эрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарга багынады. Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк қызметі туралы» заңында (3-бап) былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және (немесе) баскаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; э) занды тұлғалар -ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (оқушылардың салым ақшасы); ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде қүрылған эрі эрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын калыптастыратын эрі несие институттарының өмірлік эрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
О.И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
- бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді қамтиды;
- өзіндік ерекшелігі бар;
-
элементтерді өзара
-
динамикалық жүйе болып
- «жабык тұрпат» жүйесі ретінде алға шыгады;
-
өзін-өзі реттейтін жүйе
-
басқарылатын жүйе болып
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болган:
-
банктің орталықтандырылган
- нарықтық банк жуйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да жэне социалистік жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір эмиссиялық жэне не-сие институты болды. Онда барлык несие ресурстары орталык-тандырылып, бөлінеді.Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтык банк жүйесі банктерге мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта орталықсыздандырылган басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметларды өзара бөлісіп алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялык банктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның жэне посткеңестік мемлекеттердің, оның ішінде Қазакстанның осы заманғы банк жүйелерін жатқызуга болады. Оны нарықтык жүйеге де жатқызуга болады, алайда, ол алдындагы банк жүйесінің әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және зандық базасы әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы үдайы өзгереді. Мәселен, Қазакстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15 жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға үдайы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.Банктердің саны он жэне одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңиің әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен эконо-микалық қатынастың жэне т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамдца реггелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
-
мамандандырылған банк ісі,
- барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен (елдің орталык банкісі), депозиттік банктерден (ақшалай салым ақшаны қабылдаумен жэне несиелеумен ғана айналысады), сауда банктерінен (сыртқы сауда саласында), достастық банктерінен (аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден (50), консорциумдік банктерден, есеп-қисап үйлерінен (қысқа мерзімді операцияларды орындайды (олардың саны - 9) жэне бірқатар банктік емес мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді. Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
- біріншісі - 3 аса ірі банк - Швейцарияның Біріккен бан-кісі, Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялык несие банкісі;
- екіншісі - несиелеу мен есеп айырысуга маманданган, негізінен жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және жинақ ақша банктері;
- үшіншісі - инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын жекеше банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің құпиялылығы жэне банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің бақыланатындығы жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды Федералдық Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швейцариялық банктер ассоциациясы жүзеге асырады.АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыган жүйе (ФДЖ) кіреді. Ол 12 федералдық резервтік банктен (жоғары деңгей) тұрады, 6 мың коммерциялык банк ФДЖ-ға мүше, ал ФДЖ-ға мүше емес коммерциялық банктер Депозиттерді сақтандырудың федералдық корпорациясына (ДСФК) кіреді, олардың саны шамамен 3 мыңдай болады және ФДЖ мен ДСФК-ге мүше емес банктер бар.