Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:17, курсовая работа
Ақша жүйесін бір орталықтан жоспарлау теориясы нарықтық қатынастарға өту негізіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланыста. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рай мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялар мен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды. Ақша және несие теориясы, несиелеу және ақша айналысының негізі, ақша және несие жүйелері, халықаралық несиемен айырысу мен валюта қатынастары.
Кіріспе.
1. Ақшаның пайда болуы және мәні.
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы.
1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы.
1.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары.
2. Несие ақшалар.
2.1. Несие ақшалар.
2.2. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы.
2.3. Ақша жүйсі жөнінде түсінік, оның элементтері мен негізгі типтері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Валюталық баған дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігінде қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбасталмайтын банкнотамен айналыстан ығыстрылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі- биметаллизм және монометаллизмге тән. Биметаллизм- бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды: параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
“ақсақ” валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табиғатына қарама- қайшы болды. Алтын және күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм- жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл: не алтын, не күміс атқаратын ақша жүйесі.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты- Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталады.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Данияда, Австралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933 жылдарда дүниежүзілік эконмикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометализмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді.
Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердіңбарлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 жылы шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқтатылды. Ақша эмиссисиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ащық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеп соқты.
Шаруышылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
Қорытынды.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылады.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқа.
Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егерде бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда. Сонымен ақша – несие арқылы еліміздің экономикалық деңгейі көтерілуде.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001
2. Лаврушина О.И. «Деньги, кредит, банки» 2004 ж.
3. О.И. Лаврушина «Банковское дело» Алматы, 2003 ж.
4. С.Б. Мақыш «Ақша айналсы және несие» Алматы, 2004.
5. У.Шәденов «Эклономикалық теория» Алматы, 2001.
6. А.Базылова «Экономикалық теория» Алматы, 2001.
7. Б.Добрынин «Экономикалық теория» Алматы, 2003 жыл.
8. В. Борисов «Экономикалық теория» Алматы, 2004 жыл.
9. А. Видяпина «Экономикалық теория» Алматы, 2003 жыл.
10. В. Николаев «Экономикалық теория» Алматы, 2004 жыл.
11. С.Мауленова «Экономикалық теория» Алматы, 2004 ж.
12. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат, 1998 ж.
13. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. –Алматы, 1998ж.
14.Жатқанбаев Е.Б. «Экономикалық теория бойынша практикалық
15.Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. А. 2003 ж.
29