Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Ақша жүйесін бір орталықтан жоспарлау теориясы нарықтық қатынастарға өту негізіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланыста. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рай мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялар мен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды. Ақша және несие теориясы, несиелеу және ақша айналысының негізі, ақша және несие жүйелері, халықаралық несиемен айырысу мен валюта қатынастары.

Оглавление

Кіріспе.
1. Ақшаның пайда болуы және мәні.
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы.
1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы.
1.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары.
2. Несие ақшалар.
2.1. Несие ақшалар.
2.2. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы.
2.3. Ақша жүйсі жөнінде түсінік, оның элементтері мен негізгі типтері.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

32 Ақша мәні ж-е қызметі.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана заңды төлемп құралы болып табылады.

1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша – банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті ақшалар айналысы чекпен байланысты.

Чек  - бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекті көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.

Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипаттаболады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.

Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы – кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, одан жеке шоттан чекте көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек – несие ақша ретінде қолданады.

Батыс елдерден кәсіпорындар арасында ғана емес, жеке  тұлғалар арасында да чекпен айырысу кеңінен дамыған.

Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 жылдарда тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы; коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және тағы басқа.

Несие карточкалары. Чектердің жаппай таралуы банктердің олардыөңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратынжәне оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек саудада қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

Әлемде пластикалықкарточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.

Қолма-қол қағаз ақшалар орнына несие карточкаларын жәнеэлектронды ақшалардықолдану – бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-нің көмегімен компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.

Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің алғашқы қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк өзінің «Виза» несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса ТұранБанк қызметкерлерінің несие карточкалары бар.

Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстандажұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйені жұмысының тиімделігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды. Бірақ бұл «ақшасыз шаруашылықты» жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы.

Айналыстағы ақшаның саны К.Маркстің ашқан ақша айналысы-ның заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірлестіктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестік-тің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:

Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-теңдікті белгілейді: PY=TV+DV1 мұндағы: P – бағаның деңгейі; Y - өндіріс көлемі; T – ақша белгілерінің саны; D – депозиттер; V және V1- ақшаның және депозиттің айналыс жылдамдығы.

1929 ж. ұлы депрессиядан кейін  ақшаның айналыс сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнсиондық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді.

Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер (ақша массасын емес, нақты экономиканы) вғылшын, американ эконо-мистерінің монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі,қазіргі кездегі монеторизм ақша массасы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтілген өзгерістерді анықтау үшін қажетті мерзімдер арасында пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақша массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынының ‘’алтын’’ ережесін ұсына бастады.

70 – жылдардың басында көптеген елдерде жарияланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағымына әкелді және бұл өте қатаң ақша саясатының негізіне енеді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны тоқтатуға әсерін тигізеді, бірақ бұл процесс жұмыссыздықтың қарқынды өсуімен қатар жүргізілді.

Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемңн қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен  міндеттемелерінің өзара есептер арқылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп: несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді: неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса: соғырлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланыста. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі – банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.

Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісінше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.

Теориямен қатар бұл мәселенің тәжірибелік те маңызы бар. Оны дұрыс шешу ақша айналысының екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды.

Ақша массасының құрамы сол елдің несие – ақша жүйесімен анықталады.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания – тек олар бойынша пойызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ-та сондай-ақ М1-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредиттивті, Жапонияда–7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.

М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында мәнді айырмашылықтар бар. Франция М2-ге, М1-мен қоса 4 жылға дейінгі мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда – чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М3 агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын;Германияда – жинақ депозиттерін Ұлыбританияда – мерзімді депозиттік сертификаттарды жатқызады.

Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.

Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрлымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:

М0-айналыстағы қолма-қол ақшалар;

М1 өзіне – М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырылысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредитивтік шоттарындағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;

М2-өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды.

М3 – М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу.

Ақша агрегаттарының құрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен өзгереді.

Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:

-         Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;

-         Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;

-         Орталық банктің бағалы металдарды, шетел волюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;

-         Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін несие беру арқылы;

-         Коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.

Осыдан ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша- несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

-         нақты бейнелеудегі ЖҰӨ-нің болжанатын өсімі;

-         жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін жылдамдығы;

-         жоспарланған кезеңдегі инфлияцияның максималды рұқсат етілген деңгейі;

Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюының және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.

Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары коньюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субьектілердің жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді. Сондықтанда барлық ақшалардың айналыс жылдамдығы мен төлемдердің өту жылдамдығын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі типтері.

 

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру  ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

“Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” 1995 жылы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес  ақша жүйесі ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын  ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. Қ.Р-ның  ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қ.Р  ақша белгілері блолып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктың міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі. Қолма- қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктың қолма – қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

Информация о работе Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері