Ақша жүйесі және ақша айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 02:10, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнның дербес формасы;
еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;

Оглавление

Кіріспе
4
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері 6
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері 6
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы 11
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні 14
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 19
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
2.2. Ақшаның түрлері 25
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы 34
Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер 41

Файлы: 1 файл

Ақша жүйесі және ақша айналымы.doc

— 306.50 Кб (Скачать)

       Қағаз ақшалар тек қана айналыс  құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарумен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

       Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

       Несиелік ақшалардың шығуы банктердің  несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты:  ақша айналымын икемді ету;  нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз  ақша айналымының дамуына мүмкіндік  жасау.

       Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

       “Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді  білдіреді.

       Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

       Векселдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

    Векселдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы  вексель айналысы туралы» Қазақстан  Республикпсының заңында мынадай  түсініктемелер берілген:

    • Жай вексель (соло) вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
    • Аудармалы вексель (тратта) вексельде көрсетілген срманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеутуралы үшінші бір тұлға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмнген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

       Трассат тратта бойынша төлеуге  ткелісімін бергеннен бастап, борышқор  болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

       Жай және аудармалы вексель  – коммерциялық вексельдің түрлері  ретінде қарастырады.

       Сонымен қатар, экономикалық әдибиеттерде  вексельдімыныдай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

       Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

       Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор мемлекет болып саналады.

       Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

      

    Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

       Вексельдің мынадай өзіне тән  қасиеттері бар:

    • деркесіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
    • дауысыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиісті;
    • айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

       Қазақстанда жоғарыда аталған  заң қабалдағанға дейін және  онан кейін де вексель айналысы  дамып келеді.

       Вексель айналысын бірінші болып  қолдаушылардың қатарында Казкомерцбанк  тәжірбиесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы векселді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

       Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы  домицилиант ретінде «Қазақстан  темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағаланған векселдерін өтеді.

       Мұндағы, «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

       Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

      

    Ол  вексельден және қағаз ақшалардан өзара  ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

       мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

       кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

       Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны  екі түрге бөледі: классикалық және жай.

       Классикалық банкнота – бүл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

       Классикалық банкнотаның қағаз  ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

    • жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретінде қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
    • эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығараса, ал банкнота Орталық банк шығарады;
    • қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
    • ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

       Банкноталардың алтынға ауыстырылуы  тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен  қамтамасыз етілуі қысқарып, оның  вексельдік қамтамасыз етілуі  де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің

вексельдік  портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

       Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

       Олар металға алмастырылмайды,  тек қана Орталық банктің барлық  активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

       Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің жай банкноталардың  эмиссиялануының мынадай үш жолын  бөліп көрсетуге болады:

  • Шаруашылықты несиелеу жолымен;
    • Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993-1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995-1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;
    • ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздары өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

       Чек вексель мен банкнотаға  қарағанда коммерциялық банктердің  құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың  

жинақталуына  байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда  болды.

       Алғашқы чектер 1983 ж. Англияда  пайда болды.

       Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

       Чектің мынадай түрлері бар:

       ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

       атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

       ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

       мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

       есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

       жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

       кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

       Чектің экономикалық сипаттайтын  жаратылысы мынадай:

  • біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
    • екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
    • үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

       Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

       Электронды ақшалар пластикалық  карточка формасында болады. Олар  екі түрлі болып келнді:

      

    Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.

       Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

       Қазақстан Республикасындағы екінші  деңгейдегі банктер дебеттік  және кредиттік карточкалардың  отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurokard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және тағы басқалар жатады.

       Қазіргі кезде жалақы алуға  арналған дебеттік карточкалар  да кеңінен қолданылуда. Мұндай  карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

       Несиелік карточкалар бөлшек  сауда айналымында және қызмет  сферасында қолданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың  мынадай түрлері қолданылады:  банктік, саудаға арналған, бензин  сатып алуға арналған, туризм  және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

[3, 8-17 бет] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ-тарау  Теңге бағамын  тұрақтандыру жолдары. 

    Осыдан  он екі жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыз  айналымға түсті. Ал бұл кезде елде инфляцияның деңгейі 2600 пайызға женкен-ді. Басында ұлттық валютамыздың АҚШ-тың 1 долларына шыққандағы бағамы 4,7 теңге болса, осы күнге дейін 30 рет құнсызданыпты.

Информация о работе Ақша жүйесі және ақша айналымы