Ақша жүйесі және ақша айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 02:10, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнның дербес формасы;
еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;

Оглавление

Кіріспе
4
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері 6
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері 6
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы 11
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні 14
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 19
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
2.2. Ақшаның түрлері 25
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы 34
Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер 41

Файлы: 1 файл

Ақша жүйесі және ақша айналымы.doc

— 306.50 Кб (Скачать)

       1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін Қазақстан ТМД-ның басқа  мемлекеттерімен бірге “рубль  аумағында” қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетіледі. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейінен 10 000 және 50 000 купюралары шығарылды.

       Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1861-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

       1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10 000 рубльдері айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына әр апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.

      

    Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас  мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйекте айына дейін  ұзартылып, айырбас шегі бар адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

       Ресейдегі ақша реформасы ескі  үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

       1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан  Республикасының жетекшілері ендігі  жерде рубльден күдер үзіп, өз  валютасын шығаруға бетбұрыс  жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариоссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

       1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес:

    • 1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
    • 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
    • Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

       Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға  құқылы болды. Айырбас тек бір  рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.

       Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан  тарихында алғашқы ұлттық валюта-теңге  енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге  Қазақстан басшылары бір жарым  жыл уақыт өте құпия жағдайда  дайындалып, нәтижесінде 700 миллион  доллар сома шамасында алтын  құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырады. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорғат түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенді валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

       Халықаралық валюта қоры Қазақстанда  ұлттық валюта енгізу акциясын  қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. Доллар көлемінде стендбай несиесін және Жаония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министірлігіне 180 млн. Доллар берді. Бұл 17 жылға берілген “жұмсақ” несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы  ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтвлығын қамтамасыз ету қажет.

       Айналымға теңгені еннгізу инфляцияның  қарқындауы және бұрынғы одақтас  республиалардың өзара байланысының  үзілуі мен саяи ала ауыздығы  тереңдей түскен қаржы экономикалық  дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғникәсіпорындармен бюджеттің арасындағы қарыздарөзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.

       1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк  пен Қаржы министірлігі қаржы  нарығына алғашқыда қазыналық  вексельдерді, одан соң міндеттемелер  мен 

ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілгеннен 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.

       1997 ж. мемлекеттің алтын валюта  қоры кәсіпорынды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның дейінгі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайда жетті.

       1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы  дағдарыстың күшеюң, әлемдік бағалардың  төмендеуі отандық өдірушілердің  бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне  тіреп, Қазақстанға валюталық  түсімдері біраз қысқартты. Сонымен  қатар өндірістің одан әрі  құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарлату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшыратынын көптеген қаржы сарапшылары мен таңдаушылары 1998 жылдың күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

       1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: “Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатыны байланысты анықталды, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді.

      

    Қазақстанның  төңірегіндегі елдерде – біздің негізгі сауда әріптесімізде  – ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Рсейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе төменделді. Сол валюталармен салыстырғанда теңгң тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай басталды, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарды.

       Біз Ресейден әкелінетін кейбір  импорттық тауарларға өте елеулі  шектеулер қойдық және Қырғыстанмен  Өзбекстаннан әкелінетін импорттық  тауарларға салынатын баж салығының  мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда.

       Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек”

      Сонымен Қазақстан теңгесі көп жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады. [2, 65-68 бет], [1, 93-96 бет], [9, 2 бет] 

          2.2.  Ақшаның түрлері. 

    Ақша  өзінің дамуы барысында екі түрге  бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

       Толық құнды ақшалар номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

       Мұндай ақшаларға металл ақшалар,  соның ішінде мыстан, күмістен  және алтыннан жасалғандары жатады. Мералл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы.

Монетаның бет жағы – авверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

       “Монета” сөзінің шығуын римдіктердің  жүрегі саналатын шіркеу құдайы  Юнон-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңілінен шығамын” дегенді білдіреді.

       Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-Х ғғ. Жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

       Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

       Алтын айналысы тұсында құнның  қағаздай белгілерінің пайда  болуының мыныдай объективті  қажеттіліктері болған:

    • алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алиады;
    • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алиады;
    • алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

       Алтын айналысы не бары бірінші  дүниежүзілік соғысқа дейін болды  және соғысушы елдер өздерінің  шығыстарын жабу мақсатында құнның  қағаздай белгілерін шығаруды  ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп  алтын айналыстан шыға бастайды.

        

    Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

       Оларға мынылар жатады:

    • құнның  металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
    • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екігі бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

       Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналлыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

       Металл ақшалардың қағаз ақшаға  ауысуы себептері мынандай:

    • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
    • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
    • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
    • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық қүны мен олардың наұты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
    • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

       Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазірігі кезде қағаз ақшалар

қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ ,Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет фрмасында соңғы реет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

       Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауысиырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Информация о работе Ақша жүйесі және ақша айналымы