Активтердің құнсыздануы халықаралық стандартары бойынша

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 06:58, курсовая работа

Краткое описание

Егер актив құнының күтілетін болашақ өтелу шамасы осы активтерді тұрғызу немесе сатып алуға кеткен бастапқы шы-ғыннан кем болса, онда есептік кезеңнің шығыстар құрамында активтердің құнсыздануын қажетті мойындалуын сенімді ұсыну мақсатында қажет. Өтелу құны пайдалану ңундылыгы мен өткізудің таза цунының маңызымен анықталады.
Қаржы есептемесінің 36 «Активтердің құнсыздануы» халықаралық стандартына жаңа ұғым - активті пайдалану құндылығы енгізілді.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................3
1 Активтердің құнсыздануының негізі.............................................................5
1.1 Активтің құнсызданудың мәні................................................................5
1.2 Активтің құнсызданудың түрі...............................................................8

2 Активтің құнсыздануының есепке алу......................................................11
2.1 Активтің құнсыздануының есептілік мағынасы......................................11
2.2 Активтердің ағымдық құнын анықтау қажеттілігін есепке алу..............14

3 Активтердің құнсыздануы халықаралық стандартары бойынша...........23
3.1 Газет, журнал мақалалары...................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар....................................................................

Файлы: 1 файл

Активтердің құнсыздануының негізі.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

Мысалы, былай делік:

 

 

Атауы

Баланстық құны

Әділ құны

Сатудың болжамды шығындары

Ең төменгі баға

Негізгі құралдар

18 000 000

15 000 000

(500 000)

14 500 000


 

Осындай активтердің амортизациясы тоқтатылады, олар айналым активтерінің құрамына аударылады. Осындай активтер туралы ақпарат баланста бөлек жолда беріледі. Егер мәміле «жіктеу күнінен» бастап 12 айдан аспаса- бұл күнгі жағдай бойынша компания активтерді және шығып қалу тобын «сату үшін ұсталқағандар» ретінде жіктейді, шығып қалатын ұзақ мерзімді активтер айналымды болады. Операция мынадай жазбалармен көрсетілуі мүмкін: Сатуға арналған шығыстар шегеріле отырып әділ құннын кейінгі ұлғаюы құнсызданудан болған жинақталған шығын шегінде табыс ретінде көрсетіледі. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді бағалауда бұрын ескерілмеген пайда немесе шығын өткізу кезінде оларды есептен шығару құні алынуы тиіс. Егер активтер оларды сатуға арналған ретінде аудару кезінде болжанған әділ құны бойынша танылса, ал нақты өткізу бойынша мәміле бағасына қарай айырмашылығы болса, осындай жағдайдың болуы мүмкін.

 

Операциялардың және оқиғалардың мазмұны

Дебет

Кредит

Соммасы, теңге

Сатуға арналған активтердің құнсыздануынан болған шығын танылды

7420-«Активтердің құнсыздануынан түсетін  шығыстар»

2410-«Негізгі құралдар»

3 500 000

Негізгі құралдар әділ құны бойынша сатуға арналған активтер разрядына аударылады

1510-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»

2410-«Негізгі құралдар»

14 500 000


 

Егер компанияның сатуға арналған активтері аударылған активтерді сату тұрғысындағы ниеті өзгерсе, олардың сату үшін ұсталатын ретінде жіктелуі тоқтайды, мынадай өлшемдеодің ең азы бойынша ұзақ мерзімді активтерге аударылады.:

  • Активтер сату үшін ұсталынатын ретінде жіктелген кездегі сәтке дейін айқындалған баланстық құны бойынша;
  • Шығып қалу тобына бұрын енгізілген активтерді сатпау туралы шешім қабылданған күнгі өтелетін құны бойынша.

Атауы

Аудару күнгі баланстық құны

Активтердің шығып қалатын топта болатын кезеңдегі амортизациясы

Өтелетін құн

Ең төменгі баға

Негізгі құралдар

18 000 000

(2 700 000)

15 000 000

15 000 000


 

 

Операция мынандай жазбалармен көрсетіледі:

 

 

Операциялардың және оқиғалардың мазмұны

Дебет

Кредит

Соммасы, теңге

Сату үшін ұсталатын негізгі құралдар өтелетін құны бойынша ұзақ мерзімді активтер разрядына аударылады

2410-«Негізгі құралдар»

1510-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді  активтер»

14 500 000

Сатуға арналған активтерді негізгі құралдарға аудару кезіңде олардың құсыздануынан болған шығындар қалпына келтірілді

2410-«Негізгі құралдар»

7420-«Активтердің құнсыздануынан түсетін  шығыстар»

500 000


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркелген активтердің шығып қалуы: бухгалтерлік және салық есебі.

 

И. Иванов, сертификатталған тәжірибе жинақтаушы бухгалтер, САР,

Алматы қ.

Жағдай. ЖШС 2012 жылғы желтоқсанда тарату туралы шешім қабылдады. Баланстағы тіркелген активтер баланстық құнынан төмен болып сатылды. Тіркелген активтер баланстық құнынан төмен болып сатылған кезде олардың шығып қалуын бухгалтерлік және салық есебінде қалай көрсету керек?

Жағдайды талдау. 16-«Негізгі құралдар» ХҚЕС-ына және 10-«Шағын және орта бизнес үшін» ХҚЕС-ының «Негізгі құралдар» атты 17-бөлімнің ережелеріне сәйкес:

  1. Негізгі құралдар шығып қалған кезде;
  2. Оны пайдаланудан және оның шығып қалуынан ешқандай да болашақ эклномикалық пайдалар күтілмеген кезде негізгі құралдар объектісінің  баланстық құнын тану тоқтатылынады.

Негізгі құралдар объектісінің есептен шығарылуына байланысты туындайтын кірістер мен шығыстар объектіні есептен шығару кезінде пайданың немесе залалдың құрамына қосылады.

Негізгі құралдарды сату есепте мынадай жолмен көрсетіледі:

 

Операциялардың және оқиғалардың мазмұны

Дебет

Кредит

Негізгі құралдарды келісімді құны бойынша ҚҚС-сыз сату

1210-«Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі»

6210-«Активтердің шығуынан алынатын  кірістер»

ҚҚС сомасына

1210-«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

3130-«Қосылған құн салығы»

Сатылған негізгі құралдарды баланстық құны бойынша есептен шығару

7410-«Активтердің істен шығуы бойынша  шығыстар»

2410-«Негізгі құралдар»

Жинақталған амортизация сомасы

2420-«Негізгі құралдардың амортизациясы»

2410-«Негізгі құралдар»

Жиынтық табыс

6210-«Активтердің шығуынан алынатын  кірістер»

5610-«Қорытынды пайда»

Жиынтық табыс

5610-«Қорытынды пайда»

7410-«Активтердің істен шығуы бойынша  шығыстар»


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, активті пайдалану құндылығының көрсеткіші сияқты өтелетін құнды анықтаған кезде оның шамасы келесі пайдаланудан және активтің істен шығу салдарынан күтілетін ақша ағынының барлық жиынтығының дисконтталған құны сияқты бағаланады.

Активтің өтелетін құнын болашақ ақша ағынының дисконтталған құны сияқты бағалау үшін мына фактіні: активтің барлығы бірдей акша ағынын дербес жинақтаушы бірлік бола алмайтынын назарга алған дүрыс. Яғни, әрбір актив бойынша оның дербес қолданылуы мен алдағы істен шығу жағдайында ақшалай каражат ағынын жеке бағалай алмайды.

Актив құнның болашақ өтелуі есеп беру күніне орай алынатын болжалды шығып қалу шартымен күтілетін ықтимал ақша ағынының бағалауын көрсетеді. Қаржы есептемесінде активтер өтеудің күтілетін құны бойынша көрсетілуі керек. Қаржы есептемесінде келтірілген ақпарат сапасына талап қаржы есептемесін ұсынып, дайындауда негізін қалаушы принциптердің бірі болып табылатын сенімділік принципінің жүзеге асуымен байланысты.

Өтелетін құнды бағалау екі бағалаудан шыға отырып: өткізудің таза құны мен пайдалану құндылығы бойынша атқарылыды.

Осы және өзге жағдайда  активтерді сатып алуға кеткен шығындар мен болжалды кұнның орнын толтыру шамасын компания өзі бағалауы керек. Бағалауға деген осы талап және қаржы есептемесінде ұсынылған активтерді екі түрлі ықтимал  байланыстырады: бастапқы танылуы жэне кейінгі бағалау. Бастапқы танылу жэне активтерді бағалау активтерді сатып алу немесе тұрғызу үшін шеккен шығынның құны бойынша жүзеге асады. Ары қарай әрбір есеп берудің күнінде өтелетін құн деп аталғанға дейін активтердің бастапқы баға-лануына түзету жасау керек. Есеп беру күнінде шеккен шығынның бастапқы құнын емес, актив құнының өтелетін болашақтағы шамасын көрсететін активтерді сенімді бағалау мақсатымен.

Ағымдағы кезеңде активтердің құнсыздануынан танылған залалдың орны толтырылуы тиіс екенін көрсететін маңызды озгерістер болуы мүмкін. Сондықтан, өзгерген жағдайларда есеп беру күніне орай өтелетін құн өсіп отыр.

Егер жағдайдың маңызды өзгерістерінің компания қызметіне жағымды ықпал ететін төменде санамаланған белгілері болса, онда активтің баланстық құнына түзету енгізу жэне құнсызданудан болған залалды сэйкес қалпына келтіру қажет.

Активтердің түзетілген баланстық құны активтердің құнсыздануын танығанға дейін бүрынғы баланстық құнын өсірмеуі керек. Активтердің құнсыздануынан қалпына келтірілген залал табыстар мен шығыстар (пайда мен залал) туралы есеп берудің табыстар күрамында танылуы керек. Осы қалыпты жағдай бастапқы құн бойынша баланста есептелген активтер үшін дүрыс. Егер өткізілген кайта бағалаудан соң қайта бағаланған құны бойынша активтер баланста корсетілген болса, онда құнсызданудан болған залалдың қалпына келтіруді тану тәртібі басқаша болады.

Орны толған құн шамасын салыстыру жолымен өткізудің таза кұны бойынша бағаланғанды немесе пайдалану құндылығының нәтижесінде, болашақта болжалды алудың ең үлкен шамасы бойынша қаржы есептемесінде активтерді сенімді түрде үсыну қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» ҚР 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Заңы.

2. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары .

3. Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. № 438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының  үлгі жоспары.

4. Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттары, 2005.

5. Қаржы министрлігінің 22.12.2005ж. № 426 бұйрығымен бекітілген ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары.

6.Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартын бекіту туралы. ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы  № 217 Бұйрығы.

7. Баймуханова С.Б, Бухгалтерлік есеп.-Алматы, 2005.

8. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.-Алматы,2003

9. Қабылова Н.Қ. Бухгалтер.-Астана: Фолиант, 2006.

10.Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп теориясы. .-Астана: Фолиант, 2007.

1.Кеулімжаев Қ.К. Қаржылық есеп .-Алматы:Экономика, 2001.

12. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есепті жүргізудің қазіргі әдістері. Практикум.- Алматы, 2006.

13.Мырзалиев Б.С. Кәсіпкерлік кызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.-А,2006.

14.Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп.- Алматы:Экономика, 2005.

15.Төлешова Г.Қ. Дамыған қаржылық есеп.-. Алматы: Экономика, 2005.

 

 

 

Қосымшалар

 

ШОТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Қаржы есептемесінің халықаралық стандарттарына сәйкес шоттардың типтік жоспары бойынша шоттардың агауы мен коды

Шоттардың сипаттамасы

Шоттардың типтік жоспары

Бойынша коды

1

2

3

4

1000

1 класс, Активтер

 

1100

1-бөлім. Айналым активтері

 

1110

Ақшалай каражатта

   

1111

Ақшалай қаражат теңгемен кассада

Балансты, активті

451

1112

Акшалай қаражат шетел валютасымен кассада

Балансты,

активті

452

1113

Ақшалай қаражат теңгемен банкте

Балансты,

активті

441

1114

Ақшалай каражат шетел валютасымен банкте

Балансты, активті

431

1115

Ақшалай қаражат теңгемен жолда

Балансты, активті

411

1116

Ақшалай қаражат шетел валютасымен жолда

Балансты, активті

411

1117

Банктің арнаулы шотындагы ақшалай қаражаттар (чек кітапшалары мен аккредитивтерде)

Балансты,

активті

 
 

Сауда және басқа дебиторлы

 берешек

 

1121

Сауда операциясы бойынша дебиторлық берешек

Балансты, активті

301

1122

Алынатын вексельдер

Балансты,

активті

302

1123

Берілген аванстар

Балансты, активті

351,352, 353

1124

Сақтандыру шарты бойынша дебиторлық берешек

Балансты, активті

341

1125

Жал бойынша дебиторлық берешек

Балансты, активті

342

1

2

3

4

1126

Еншілес, кауымдастырылган, бірлескен ұйымдармен есеп айырысу

Балансты, активті

321,322, 323

1127

Алдын ала төлеу

Балансты, активті

341,342, 343

1128

Есептелген сыйақылар

Балансты, активті

332

1129

Басқа дебиторлық берешек

Балансты,

активті

333,334

1130

Басқа дебиторлық берешектер

 

1131

Саудага арналған қаржы активтері

Балансты,

активті

401

1132

¥йымдар ұсынған қыскд

мерзімді қарыздар

Балансты, активті

 

1133

Қысқа мерзімді депозиттер

Балансты, активті

 

1134

Басқалары

Балансты,

активті

 

1135

Вексельдер мен облигациялар бойынша шегерілімдер

Балансты, активті

 

1136

Вексельдер мен облигациялар бойынша сыйақылар

Балансты, активті

 

1140

Ағымдағы салық активтері

 

1141

Шығынды өтеуге жататын қосымша құн салыгы

Балансты, активті

331

1142

Шығынды отеуге жататын корпорациялык табыс салығы

Балансты, активті

 

1143

Шығынды отеуге жататын бюджетке өзге де міндетті төлемдер мен баскадай салықтар

Балансты, активті

 

1150

Резервтер

 

1151

Күмәнді талаптар бойынша резервтер

Балансты, контрактивті,

баланстық шотқа қатысы бойынша

реттеуші

311

1251

Ғимараттар мен құрылыстардың

амортизациясы

Баланстық

шотқа қатысы

бойынша

балансты,

контрактивті

реттеуші

131

 

1252

Машиналар мен жабдықтардың амортизациясы

Баланстык

шотқа қатысы

бойынша

балансты,

контрактивті

реттеуші

132

1253

Көлік кұралдарының амортизациясы

Баланстық

шотқа қатысы

бойынша

балансты,

контрактивті

реттеуші

133

1254

Кеңсе жабдықтары, жиһаз

жэне жылжымайтын мүлікпен

қосылған жылжитын мүліктер

амортизациясы

Баланстық

шотқа қатысы

бойынша

балансты,

контрактивті

реттеуші

134

Информация о работе Активтердің құнсыздануы халықаралық стандартары бойынша