Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 12:59, реферат
Сағырбайұлы Құрманғазы (1823-1896) - қазақтың ұлы күйші-композиторы. Туып-өскен жері Бөкей хаңцығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына карасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны - Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы "Шайтани батаға", казіргі "Құрманғазы төбе" деп аталатын жер. Шыққан тегі — Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты — Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған.