Өндіріс шығындары және өзіндік құн

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Өндіріс шығындары және өзіндік құн». Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған.

Файлы: 1 файл

Өндіріс шығындары және өзіндік құн.doc КУРСАВОЙ.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

 

Мал шаруашылығы өнімдерінің бірлігінің өзіндік құнына жеке факторлардың әсер ету дәрежесін анықтау

 

Кесте 10

 

 

 

Өнім түрлері

Түсімділік, кг/бас

1 басқа жасалған шығын, тг

Өзіндік құн, тг

Алдыңғы жыл

Соңғы жыл

Алдыңғы жыл

Соңғы жыл

Алдыңғы жыл

Шарт-ты

Соңғы жыл

Барлығы

Оның ішінде

Түсімділік

1 бас шығым-дылық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

2

3

4

Сүт

Бұзау

Жүн

Қозы

16,3

78

2,9

84

18,6

74

2,8

92

32339

3822

1343

14,9

38186

362600

57749

1380

1984

4900

463

178

1739

52

480

2

2053

5940

43

15

69

1040

-420

-163

-245

-4848

17

-176

314

5888

-437

13

 

 


3.      Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу, Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның басекеге қабылеттілігін артыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нактылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орыңдауға ақшалай түрде шыққан шығыңдар жинақталып қорытылады.

Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.

Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, соңдай-ақ ішкі тұгынуга арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік кұнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды. Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.

Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.

Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен. Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында - төмен.

Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.

Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы - техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.


4. Өзіндік құнды төмендеру резервтері

Жұмсалатын еңбек шығыны өзіндік құнның негізгі элементі болғандықтан, еңбек өнімділігін арттыру өзіндік құнды арзандатудың ең негізгі жолы болып  табылады. Бірақ өнімнің өзіндік құнын арзандату мен еңбек өнімділігін арттыруды шатастыруға болмайды. Бұл екеуі мүлде дерлік екі басқа нәрсе. Өнімнің өзіндік құнына жұмсалған қазіргі еңбек қана емес, сонымен қатар барлық материалдық ақашалай-шығындар да кіреді. Сондықтан еңбек өнімділігін арттырмай-ақ та өзіндік құнды арзандатуға болады. Бұл жұмсалатын еңбек сол күйінде тұрғанда материалдық-ақшалай шығындар азайтылған жағдайда осылай болады. Мысалы, шаруашылық бір жемшөп дақылын анағұрлым пайдалырақ екінші бір дақылмен ауыстырады. Сонда жемшөп арзандай бастады, оның нәтижесінде, бір центнер өнімге жұмсалған еңбек шығынының сол күйінде қалғанына қарамастан, мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құны арзандайды. Бұған керісінше де болады. Жұмсалатын еңбек құнының азайтылуы мүмкін, бірақ егер материалдық шығын бұрынғыдан көп жұмсалатын болса, өнімнің өзіндік құнының кемімейтіні былай тұрсын, тіпті артып та кетеді.

Еңбек өнімділігінің дәрежесі, соған сәйкес өнімнің өзіндік құны да егіншілікте ең алдымен егіннің шығымдылығына, ал мал шаруашылығында – малдың өнімділігіне байланысты, жер көлемінің бір өлшеміне және бір бас малға жұмсалатын еңбек шығыны өзгермеген кезде ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы және малдың өнімділігі неғұрлым жоғары болса, бір центрнер өнімге жұмсалатын шығын соғұрлым аз болады деу керек.

Тіпті егіншілікке егіннің шығымдылығы және мал шаруашылығында малдың өнімділігі артпай сол күйде қалған күннің өзінде өнімнің өзіндік құнын арзандату мен еңбек өнімділігін арттырудың екінші бір шешуші факторы өндіріс процесін механикаландыру дәрежесі болып табылады. Механикаландыру кезінде өнімнің өзіндік құны тек қазіргі еңбек шығынын арзандату есебінен ғана арзандатылған. Қандай да болсын бір операцияны орындауға жұмсалатын материалдық шығындар қол еңбегінің машинамен ауыстырылуына байланысты, әдетте, керісінше, біраз артады. Бірақ мұндайда еңбек шығынының азаю мөлшері материалдық шығынның арту мөлшерінен әлдеқайда көп болады. Сондықтан механикаландырудың енгізілуімен қатар өнімнің өзіндік құны арзандайды.

              Мал шаруашылығы саласында, жоғарыда қаралған факторлардан басқа, өнімнің өзіндік құнын арзандатудың шешуші шарты шарты мықты да арзан жеп-шөп базасынжасау болады. Бұл арада жеп-шөп базасының өнімнің өзіндік құнына тигізетін әсерін жеңіл түсінуге болмайды. Көбінесе былай деп ойлайды: егер өнімнің бір центнеріне есептеп алғанда жем-шөпке жұмсалатын шығын көп болса, онда бұл жағдайдан  шығатын жолды жем-шөптің өзіндік құнын арзандатудан іздеу керек болады. Алайда бұл әрқашанда осылай бола бермейді. Екі шаруашылықта барлық жем-шөптің бір өлшем жем-шөбінің өзіндік құны бірдей болуы, ал өнімнің бір центнерінің өзіндік құнымен алғанда жем-шөптің құны әр түрлі болуы мүмкін. Бұл арада іс бір центнер өнім алуға қанша жем-шөп (жем-шөп өлшемінен) жұмсалатынына байланысты, ал мұнің өзі малдың өнімділігіне, саланың жалпы жай-күйіне қарай айқындалады. Мал шаруашылығы өнімнің өзіндік құнына талдау жасағанда мұны есте ұстаған дұрыс.

              Жем-шөп базасы әр түрлі бағыттағы мал шаруашылық  өнімдердің өзіндік құнына ықпал етеді. Ең алдымен, мал құнарлы азықпен неғұрлым жақсы қамтамасыз етілсе, оның өнімділігі соғұрлым жоғары болады, жем-шөп өлшеміне және жұмсалған 1 теңге шығынға шаққанда соғұрлым көп өнім алынады, 1 ц өнім алуға кеткен жем-шөп өлшемі және басқа шығынадр соғұрлым аз болады, өндірілген өнім соғұрлым арзан болады.

              Өнімнің өзіндік құны тек малға берілетін жем-шөптің мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар осы жем-шөптің өзіндік құнына да байланысты болады. Жем-шөп неғұрлым арзан болма, мал шаруашылығының бір центнер өнімінің өзіндік құны соғұрлым төмен болады. Ал жеп-шөптің өзіндік құнының өзі неғұрлым төмен болса, оны жұмсалатын еңбек пен қаржыны көбейтпен-ақ соғұрлым көп әзірлеуге болады. Ал өндірілген өнімнің саны мен оның өзіндік құны тағы да келіп осыған байланысты болады.

 

Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері  – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі.

Оның негізгі көздеріне:

                  бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;

                  бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;

                  әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;

                  бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.

Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады

Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары

              Шығындарды жүйелі түрде төмендеті – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін анықтаудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

              Ұлттық экономиканың барлықсалаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

      Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

      Өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

      Экономикалық прогресті мемлекет тарапынан реттеу.

              Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуаты., шикізат және материалдар, оның ішінде отыр – энетгия ресурстарын көптен – коп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

              Шығындардың белгілі бір мөлшерін тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әртүрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып  немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана ртырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдарын  өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

              Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелігін жақсартудың есебінен арттыру.

              Өндірісті және еңбекті ұйымжастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеу есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық  еңбекті үнемдеумен салыстырғанда недәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және тағы басқа көптеген жуйелер. Өндіріс шығындарын  төмендетуде мемлекеттік ғылыми – техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

Информация о работе Өндіріс шығындары және өзіндік құн