Мемлекетті реттеу теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Оглавление

Мемлекет ұғымы және экономикалық одақтары.
Мемлекеттік реттеудің ең маңызды инструменттері.
Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Мемлекетті реттеу теориясы.docx

— 18.42 Кб (Скачать)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет:Высшая школа экономика и бизнеса

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Мемлекетті реттеу теориясы.

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Торебаева .Н.С

Тексерген:Иляшова.Г

 

 

 

 

Алматы 2011ж

Жоспар:

  1. Мемлекет ұғымы және экономикалық одақтары.
  2. Мемлекеттік  реттеудің ең маңызды инструменттері.
  3. Қорытынды.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекетаралық  экономикалық одақтарӘлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ күрделі міндеттер болып табылады.    Мемлекеттік реттеудің ең маңызды инструменттеріне мыналар жатады:

  • Фискалдық саясат;
  • Несие-ақша саясаты;
  • Баға мен табысы реттеу саясаты;
  • Әлеуметтік саясат;
  • Сыртқы зерттеу және сегменттеу саясат;
  • Әкімшілік реттеу;
  • Қысқа мерзімді реттеу;
  • Ұзақ мерзімді реттеу;
  • Аймақтық реттеу.

 Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:

- кейбір зерттеу және сегменттеу процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.

- ставканы өзгертпей сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.

-салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру.

                               Несие-ақша саясаты.Келесі түрлері жие -    қолданылады:

 банктің есептеу ставкасын өзгерту.

- эмиссиялық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі.

- «ашық нарықтағы операциялар».

                               Баға және табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.

                               Әлеметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.

                               Сыртқы зерттеу және сегменттеу реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.

                               Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады, мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау.

                               Қысқа мерзімді реттеудің негізгі мақсаты-бағаның тым қарқынды өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Оны дефляциялық саясат деп те атайды. Ұзақ мерзімді реттеудің мақсаты зерттеу және сегменттеудің белгілі ұзақ өсу қарқынын қолдау, оны зерттеу және сегменттеу өсу саясат деп те атайды.

Сонымен қорыта айтқанда  мемлекетті реттеу  теориясы  экономиканың реттелу теориясымен тығыз байланысты.


Информация о работе Мемлекетті реттеу теориясы