Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 20:47, реферат
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты келесі 2 тараудан тұрады:
Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнс үлгісіндегі табыстар және шығындар теориясы.
Макроэкономикалық реттеудің үлгілері
Қаржыландыру мен толық жұмыспен қамтуды ынталандырудың несие-ақшалай және қаржы-бюджеттік саясаты.
Пайда мөлшерін және сұранысты арттыру ақшалай (номинальды) жалақыны кеміту арқылы болады. Бұл классикалық теорияның концепциясы. Жалақыны қысқарту бағаның төмендеуіне және нақтылы табыстың жалдама жұмысшылардан басқа өндіріс факторларына (кәсіпкерлерге), кәсіпорындардан рантьеге қайта бөлінуіне алып келеді. 5
Жалпы қайта бөлу тұтынуға биімділікті кемітеді. Осының нәтижесінде күрделі қаржы жұмсаудың тиімділігі артады. Бұдан басқа, бағаның төмендеуі мен ақшалай табыстың шектеулігі нақты ақшаға сұранысты азайтады. Өз кезегінде қарыз өсімнің деңгейі төмендеп қаржыландыруға қолайлы жағдайлар жасалады.
Бұл жол, жалақының икемді саясаты атанып, ақшалай жалақы бірлігінде көрсетілген ақша санын өзгерту әдісін бейнелейді. Рыноктық экономика жағдайындағы демократиялық қоғамда бұл саясатты жүзеге асыру күрделі мәселе. Авторитарлық қоғамда ғана жалақы қаржы саясаты арқылы жоғарыдан реттеледі.
Рыноктық экономикада жалақыны біржақты қаулылар арқылы реттеу, әсіресе төмендету кәсіподақтардың қарсылығына ұшырайды. Екіншіден, бұл саясат нәтижесінде бағаның тұрақсыздығы артып, кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды қиындатады. Мұның салдары қаржыландыру сұранысына да теріс әсерін тигізеді.
Жалақы саясатының теріс жақтарын болғызбау үшін ақша саясатын да шұғыл өзгертіп отыратын іс-әрекет механизмі керек. Ашық рыноктағы несие-ақшалай операциялар арқылы ақшаның мөлшерін реттеу, есептік ставка мен міндетті қосалқы қор мөлшерін реттеу, осының барлығы Кейнстің есебі бойынша үкіметтің қолынан келеді.
Жалақы бірлігіндегі ақша мөлшерін көбейту жалақының мөлшерін өзгертпей-ақ өсім дәрежесін төмендетуге, бағаның және қаржылардың шекті тиімділігін арттыруға жол ашады. Сондықтан бұл қаржыландыру сұранысы мен толық жұмыспен қамтуды ынталандырады. Сол сияқты жинақ ақша өсімнің төмендеуі тұтынуды арттырып, банктерден ақшаның кетуін тездетеді.
Бұл шаралардың тиімділігін арттыру үшін қосымша белсенді бюджет-қаржы саясатының да жүргізілуі тиіс. Белсенді қаржыландыру іс-әрекетін жүзеге асыру мәселесі ұлттық табысты салық төлемдерін өсіру арқылы мемлекет пайдасына қайта бөлуді талап етеді. Басқа жағдайларда банктердегі салық жүйесі арқылы алынған ақшаларды мемлекет ынталандыру сұранысын кеңейтуге және іске тартылуды ұлғайтуға жұмсауы керек.
Тікелей кәсіпкерлікпен айналасудан басқа Кейнс мемлекетке тиімсіз өндіріс салаларын, коммуналдық шаруашылықты, жәрдем ақы төлеуді қаржыландыруды ұсынды. Мемлекеттік шығындарды Кейнс мемлекеттік бюджетттің кірістік бөлігімен ғана шектеп қоймай, тапшылықты қаржыландырудың да көзі екендігін білді. Ол мұндай шаруалардың инфляцияны қоздыратынын түсінді, бірақ, инфляцияның қарқыны мемлекет реттейді, өйткені бюджет тапшылығының көлемі мен ақша шығару соның қолында деп есептейді.
Экономиканың тарихи дамуы бұл көзқарастың дұрыс екенін көрсетті.
Сұраныстың бюджеттік ұлғаюы жұмыссыздықтың азаюының шешуші факторларының бірі болады және экономикалық мәселелерді шешуден басқа әлеуметтік қайшылықтардың өткірлігін бәсеңдетуге әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, Кейнс өндіріс көлеміне, табысқа және жұмыспен қамтуға әсері тұрғысынан мемлекеттік шығындардың қажеттілігі мен тиімділігін негіздеу үшін «мультипликатор»6 теориясын ұсынды.
Айта кететін бір жай Кейнстің негізгі мақсаты іске тартуды мемлекеттік реттеу болса да ол жұмыссыздықтың толық жойылуын қаламады. Керісінше оны төмен деңгейде жұмыссыздықты толық жою ақшалай жалақының артуын туғызып, кәсіпкерлердің пайдасын азайту арқылы қаржыландыру сұранысын кемітеді.
Жұмыссыздықтың болуы жалақыны «шектеу» саясатын жүзеге асырып, «тиімді сұраныс» жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. Сол себепті Кейнс үшін іске толық тарту түпкі мақсат емес, тек «тиімді сұранысқа» жетудің құралы ғана және де ол кәсіпкерлік табысқа тәуелді жағдайда болады.
Дж. М. Кейнстің концепциясы экономиканы мемлекеттік реттеудің ұзақ мерзімдік тәжірибесінің негізі болды. Бұл концепция әр түрлі елдердегі өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты және сол елдердің өзіндік ерекшеліктеріне сай қолданылады.
Кейнсиандық реттеу моделін талдауды аяқтай келе оның негізгі сипаттарына тоқталайық:
Біріншіден, мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық табыс үлесінің жоғары болуы, мысалы, ол Жапонияда – 34,2 %, АҚШ-та – 37,6%, Батыс Еуропа елдерінде - 50 % және одан жоғары бұл жерде үлестің өсу тенденциясы байқалып отыр. 7
Екіншіден, мемлекеттік және аралас кәсіпорындар негізінде кең ауқымды мемлекеттік кәсіпкерліктің пайда болуы.
Үшіншіден, экономикалық конъюктураны тұрақтандыру, кезеңдік ауытқуларды болдырмау және өсу мен іске тартылудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін кең түрде несие-ақшалай және бюджеттік-финанстық реттегіштерді пайдалану.
Дж.М. Кейнс ұсынған мемлекеттік реттеудің үлгісі Батыс елдеріндегі өндіріс қайшылықтарын ондаған жылдар бойында реттеуге мүмкіндік берді. Оның концепциясы белгілі бір тарихи даму кезеңдерінде шаруашылық даму тенденциясының обьективті бағдарларына игі әсерін тигізді.
Екі дүниежүзілік соғыс арасында және одан кейін «Кейнс үлгісі» өндірістің өсуін, еңбек өнімділігінің үздіксіз артуын, өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жоғарылауын бөлу механизмінің тиімділігі артты.
70-жылдардан бастап ҒТР-ға байланысты өндіргіш күштер дамуының жаңа заңдылықтары белең ала бастады. Олар мемлекеттік реттеудің кейнсиандық үлігісінің іс-әрекет механизмінің шектеулі екенін көрсетті.
Бұл кезең капитал әлеміндегі қоғамдық өндіріс жағдайларының өзгергендігін көрсетті. Өндірістің даму қарқыны төмендеп, жұмыссыздық деңгейі арта бастады. Инфляция шектен тыс шамаға жетті. Мұның өзі Кейнс ілімдерінің ізбасарларының бірі Филипстің жұмыссыздық пен инфляция бір мезгілде қатар өсуі мүмкін емес деген заңын теріске шығарды.
Инфляцияның өсуі, өндіріс қарқынының төмендеуі және жұмыссыздықты өсуі жаңа экономикалық жағдайлардың қалыптасқанын көрсетті, яғни Кейнс концепцияларының әлеуметтік-экономикалық шегін айқындады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мен экономиканы жандандыру мақсатындағы несие-қаржы ұйымдарының басқыншылық саясаты ақша қаржыларын үздіксіз көбейтіп, инфляцияны одан әрі өршітеді. Инфляцияны шектей отырып, өндірістің өсуі мен жұмыспен қамтуды қалай ынталандыруға болады және өндірістің өсуі мен жұмыссыздықты шектемей тұрып инфляциямен қалай күресуге болады? Кейнстік теория бұл сұрақтарға жауап бере алмады.
Сонымен қатар, Кейнстің мемлекеттік реттеу үлгісі жаңа замандағы ҒТР талаптарына сәйкес келе бермейді. ҒТР-дың жаңа сатысы өндіріс салалары мен компаниялардың жаңа сатысы өндіріс салалары мен компаниялардың жаңа техника, технология және кәсіптік білімнің серпінді, өте тез өзгерістеріне шұғыл түрде бейімделуін қажет етеді.
Ал мұның өзі көлемді күрделі қаржылардың бағыт-бағдарын жаңаша айқындауға және мемлекет тарапынан қойылатын шектерді алып тастауға, яғни кәсіпкерлікке барынша еркіндік беруді талап етеді. Бірақ пайданың басым бөлігін салықтар арқылы алып қою және орталықтандырылған реттеу жүйесінің бюрократтық құрылымы игі өзгерістер мен техникалық прогреске елеулі кедергі болды. Мысалы АҚШ-та 70 жылдар соңында 58 реттеуші орындар жыл сайын 7 мыңға жуық ережелер мен нұсқаулар арқылы жеке кәсіпкерлікті шектеп отырды.
1979-1981
жылдардағы экономикалық
дағдарыс екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі
ең терең дағдарыс
болды. Сонымен қатар
ол, экономиканы
кейнсиандық мемлекеттік
реттеу үлгілерінің де
дағдарысын көрсетті.
Осы дағдарыс
нәтижесінде мемлекеттік
реттеудің түбірлі
қайта құрылуы жүзеге
асып, неоконсерватитік
мемлекеттік реттеу
концепциясы қалыптасты.
Қорытынды
1929 жылы мен 1933 жылдардың арасында АҚШ-тан жан басына шаққандағы табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19 %-дан астамды құрады. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халықтың 25%-ы болып саналды.
Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқамерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген.
Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге классикалық теорияның ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды.
Сонымен қорыта келсек, макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл ұлттық экономиканың байлығы, оған өзара байланыстылықтағы экономикалық процестің баланс беруі мен пропорционалдығы тән.
Кейнсиан моделі бойынша жоспарланған шығындар ұлттық өнімге теңелгенде ғана тепе-теңдік болады.
Бүгінгі
таңда, қандай да бір ел
құлдырау немесе инфляция
кезеңіне ілінгендігі
байқалған шақта, экономистер
мен жұртшылық ең алдымен жағдайды
түзететін мемлекеттік
шаралар туралы ойлай бастайды.
Сол уақыттан бастап «Кейнсиандық
төңкеріс» барысында
ұсынылған қандай да болмасын
идеялар өзінен өзі
түсінікті болып шықты.
Пайдаланылған
әдебиеттер
Н.Қ. Мамыров. М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. Алматы «Экономика» 2003.
Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. Алматы,2002.
Экономикалық теория. Алматы «Қазақ Университеті» 1999.
Р.Дорунбуш. С. Фишер. Макроэкономика. Алматы «Білім» 1997.
Экономикалық
теория негіздері. Алматы «Санат»
1998.
Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары