Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 20:47, реферат
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты келесі 2 тараудан тұрады:
Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнс үлгісіндегі табыстар және шығындар теориясы.
Макроэкономикалық реттеудің үлгілері
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор – пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шаруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек қор жинап, азырақ тұтына бастайды.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады.
Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рөл атқарады.
Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
С = a+b (Y-T)
С – тұтыну шығыны
a – автономды тұтыну
b – тұтынуды шекті бейімділігі
Y - табыс
T - салықтық аударымдар
(Y-T)
- қолда бар табыс (Yd
немесе DI)
MPC =
MPC – тұтынудың шекті нормасы
- тұтыну шығындарының өсімшесі
Yd - қолда бар табыстың өсімшесі
АPC =
APC – тұтынудың орташа бейімділігі
C – тұтыну шығындарының көлемі
Yd – қолда бар табыс көлемі
Қор
жинағының қарапайым
функциясы:
S = -a + (1-B) (Y-T)
S - жеке меншік сектордағы қор жинағы.
(1-B)
–тұтынудың шекті бейімділігі
функциясы
MPC =
MPS – қор жинағының шекті бейімділігі
S – қор жинағының
өсімшесі
АPC =
APS –қор жинағының орташа бейімділігі.
S – қор жинағының көлемі.
Yd – қолда бар табыс.
Қысқа
мерзімді кезеңде
ағымдағы қолда бар
табыс өскен сайын
АРС кемиді, ал APS өседі,
яғни отбасы табысының
өсуімен тұтынуға
кеткен шығын бөлігі
салыстырмалы қысқарады
және қор жинағы салыстырмалы
өседі. Бірақ ұзақ мерзімді
кезеңде тұтынудың
орташа бейімділігі
тұрақтанады, өйткені тұтыну
шығындарының көлеміне
ағымдағы қолда бар табыс
көлемі ғана емес,
сонымен қатар отбасының
жалпы өмір сүру деңгейі
және күтіп отырған
тұрақты табыс көлемі
де әсерін тигізеді.
Дж.М.
Кейнс қисығы. Өндірістің
тепе-теңдік
көлеміне
жету механизмі
Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындарды болдырмау үшін, жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Іс жүзінде инвестициялар құрылымына жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың іс жүзіндегі көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнататын тетік сияқты жұмыс істейді.
Жоспарланған шығындар - үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.
Жоспарланған шығындар функциясы E = C + I + G + X n графикалық түрде жоағры қарай I + G + X n көлеміне «ығыстырылған» тұтыну функциясы С = a+b (Y-T) ретінде бейнеледі.
Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі жиынтық табыс Y – тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді (а+I + G + X n ).
Автономды
шығындар көлемі (а
+ I + G+ g) таза экспорт
функциясын ескере отырып
мынаған тең болады:
X n = g – m’ Y
g- автономды таза экспорт
m’ – импорттаудың шекті бейімділігі
V – табыс
X
n - таза экспорт
Импорттаудың шекті бейімділігі:
m’ =
M - имортқа шығындардың өзгерісі
табыс өзгерісі
Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылар және инвесторлар отандық тауарларға сияқты импорттық тауарларға да шығындарын өсіреді. Ал экспорт берілген елден тікелей оның жиынтық табыс Y көлеміне тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетулерді кіргізетін елдің жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс Y динамикасы мен оның таза экспорттының Хn динамикасы арасындағы тәуелділік теріс, бұл таза экспорт функциясында минус таңбасымен көрсетіледі.
Жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Y=E сызығын). Келтірілген сызба Кейнс қисығы атауын алған. Y=E сызығында әрқашан іс жүзіндегі инвестициялар мен қор жинақтар теңдігі сақталады. А нүктесінде табыс жоспарланған шығындарға теңестіріледі, яғни макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды.
Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі Y1 тепе-теңдік көлемінен Y0 артса, онда ол сатып алушылар тауарды фирмалардың өндіргенінен аз сатып алатындығын, яғни AD<AS білдіреді.
Өткізілмеген өнім ТМҚ формасын алады, ол өспелі. Қорлардың өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді, ал ол соңында ЖҰӨ-ді азайтады. Біртіндеп Y1 Y0 –дейін төмендейді, яғни табыс және жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі орнайды. (яғни AD=AS)
Керісінше,
іс жүзіндегі өнім
көлемі Y2 тепе-теңдік
көлемінен Y0 кіші,
фирмалардың тұтынушылар сатып алуға
дайын көлемнен төмен шығаратынын,
яғни AD>AS білдіреді.
Көтерілген сұраныс
фирма қорларының
жоспарланбаған қысқаруы
есебінен қанағаттандырылады,
бұл жұмысбастылық пен өнімнің
өсуіне ынталандыруды қалыптастырады.
Соңында ЖҰӨ біртіндеп
Y2 –ден Y0-ге
дейін өседі және қайтадан
тепе-теңдік AD=AS
орнайды.
Тепе-теңдік
өнім деңгейінің
экономикалық әлует
айналысындағы тербелісі.
Автономды шығындар
мультипликаторы
Өнімнің тепе-теңдік деңгейі Y0 жиынтық шығындардың кез келген құрауышы: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт көлемінің өзгерісіне сәйкес тербеле алады. Осы құрауыштардың кез келгенін өсірсе, жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды және өнімнің тепе-теңдік деңгейінің өсуіне көмектеседі. Жиынтық сұраныстың кез келген құрауышының төмендеуі жұмысбастылық пен тепе-теңдік өнімнің құлдырауымен бірге жүреді.
Автономды
шығындар құрауыштарының
кез келген өсімі:
A = (a+ I + G + X n)
Мультипликатор әсеріне байланысты жиынтық табыстың өсімі біршама үлкенірек болады.
Автономды
шығындар мультипликаторы –
тепе-теңдік ЖҰӨ өзгерісінің
автономды шығындардың кез
келген құраушының өзгерісіне
қатысы.
m - автономды шығындар мультипликаторы.
Y – тепе-теңдік шығындар мультипликаторы.
A – Y - динамикасынан тәуелсіз
автономды өнімдердің
өзгерісі.
Мультипликатор жиынтық табыстың сомалық өзгерісі (қысқаруы) автономды шығындардың алғашқы өзгерісінен (қысқаруынан) қанша есе асатынын көрсетеді. Автономды шығындардың кез келген құрауышының бір рет өзгеруі, ЖҰӨ-ң рет өзгеруін тудыратын ескеру қажет.
Егер, мысалы, автономды тұтыну белгілі бір СА көлеміне өссе, онда бұл жиынтық шығындарды және табысты Y дәл сол көлемге өсіреді, бұл өз кезегінде (табысты өсіргендіктен) тұтынудың туынды өсімін тудырады, бірақ енді MPCx CA көлеміне өседі және ары қарай «табыс-шығын» айналым сызбасымен өседі.
Тізбе
пайда болады:
СА
↑ → AD↑ → Y↑
→ C↑ → AD↑ → Y↑ → AD↑
→ Y↑ және т.б.
Осы
қарапайым сызбадан
жиынтық табыс Y алғашқы
импульске
СА ↑ көп дүркін
әсерлесетінін көруге болады,
бұл автономды шығындар
мультипликаторы көлемінде
бейнеленеді. Бұл С, I, G немесе
Xn көлемдеріндегі
салыстырмалы кіші
өзгерістер жұмысбастылық
және шығарылым деңгейінде
үлкен өзгерістерді тудыратынын
білдіреді. Мультипликатор, осылайша,
автономды шығындардағы
өзгерістер тудырған іскер
белсенділік тербелісін
күшейтетін экономикалық
тұрақсыздықтың факторы
болып табылады. Сондықтан үкіметтің
бюджет-салық саясатының
негізгі міндеттерінің бірі
тұтынудың шекті
бейімділігі (MPC) салыстырмалы
төмендету арқылы
мультипликация әсерін
әлсіретуге мүмкіндік
беретін экономиканың
енгізілген тұрақтандырушылар
жүйесін құру болып
табылады. Бұл мәселе
ынталандырылған инвестициялар
жағдайында күрделене
түседі, өйткені өнідірістің
келесі циклінде
өскен жиынтық табыс
Y –тан жоғары тұтынушылық
қана емес, сонымен қатар
өсіп келе жатқан инвестициялық
шығындар қаржыланады және
супермультипликатор
әсері пайда болады.
Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары