- филиалдар
мен өкілдіктерді ұстауға байланысты
операциялық кірістерді қаржыландыру
мақсатында шетелдегі шетелдік
банктердегі шоттарды; резиденттердің
резидент еместер алдындағы тартылған
кредиттер мен заемдар бойынша
міндеттемелерін қамтамасыз ету
ретінде қаражатты есепуке алуға
арналған шоттарды; шетелде кәсіпорын
құру кезінде заңды тұлғаларға
уақытша шоттарды; қаржылық ұйымдардың
халықаралық бағады қағаздар
нарығында инвестициялау мақсаты
үшін шетелдік банктердегі және
өзге қаржылық институттардағы
банктік шоттарын; елдің ең төменгі
талап етілетін рейтингін белгілеместен
жеке тұлғалардың ЭЫДҰ елдерінде
ашылған шоттарын лтцензиялау
жойылды;
- резидент
еместерге қаржылық заемдар беруге
қатысты лицензиялау жойылды;
- резидент
еместердің пайдасына жылжымайтын
мүлікке меншік құқығын төлеу
үшін аударымдарды лицензиялау
жойылды.
Валюталық режимді
босаңсыту шеңберінде жүрігізіліп
жатқан жұмыстың негізгі мақсаты
валюталық операцияларды жүргізу
үшін шектеулерді кейіннен жою және
2007 жылдан бастап ұлттық валютаның
толық айырбасталымдылығы қағидаттарына
өту үшін жағдайлар жасаудан тұрады.
Валюталық операцияларды лицензиялау
толықтай жойылды. Кепілдік берілмеген
сыртқы борыштың мониторингі, төлем
балансының статистикасы және валюталық
операциялар бойынша ақпарат
базасын толықтыру мақсатында жекелеген
валюталық операцияларға қатысты
тіркеу және хабарлау режимдері сақталды.
Осылайша, валюталық режимдi
толық ырықтандыру, яғни валюта операцияларын
жүргiзуге рұқсат беруден тiркеу, хабарлау
тәртiбiне көшу мен ағымдағы және күрделi
операциялар бойынша ұлттық валютаның
конверсиялануына (ырықтандырудың екiншi
және үшiншi кезеңдерi) 2007 жылы қол жеткiзу
болжанады. Осы мақсатты iске асыру
үшiн ұлттық валютаның толық конверсиялануының
қағидаттары жасалатын Валюталық
режимдi ырықтандырудың 2008-2010 жылдарға
арналған тиiстi бағдарламасы дайындалған.
Сонымен бiрге дағдарыстық Қазақстан
РеспубликасыҰБылыстар пайда болған
жағдайда, Yкiмет пен Ұлттық Банктің
шектеулер енгiзу құқығы сақталды.
Валюталық реттеу
және валюталық бақылау саласында
Қазақстанда валюталық режимді одан әрі
ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты
тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа
тәсілдерді әзірлеуге бағытталған саясат
жалғасады. Сыртқы экономикалық операциялар
бойынша ақпараттық база жетілдіріледі,
бұл 2008 жылдан бастап валюталық операцияларды
жүргізудің рұқсат етілген тәртібінен
жүйелі мониторинг және селективті бақылау
жүйесіне тиімді өтуді қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
2008 жылдың
басынан бастап экспорттық-импорттық
операцияларды жүзеге асыру кезінде
резиденттердің валюта қаражатын
қайтаруын бақылау схемасы түбегейлі
өзгеріске ұшырады. Бақылау резиденттің
экспорттан түсімді немесе импорт
бойынша пайдаланылмаған авансты
уәкілетті банктердегі шоттарға
сыртқы сауда келісім-шартында
көзделген мерзімдерде есептеу
міндеттемесі болжанатын қайтару
талаптарының негізінде құрылатын
болады. Жүйені жеңілдету Ұлттық
Банктің, салық және кеден органдарының
олардың құзыреті шегінде бақылаумен
неғұрлым тығыз үйлесумен жалғасады.
Осыған байланысты экспорттық-импорттық
операцияларды жүзеге асыру кезінде
резиденттердің валюта қаражатын
қайтаруын бақылаудың жаңа схемасын
әзірлеу, сондай-ақ жаңа валюталық
заңнаманы қолдану Ұлттық Банктің
2008 жылғы валюталық режимді босаңсыту
саласындағы жұмыстарының негізгі
бағыттарын құрайды.
Ұлттық банктің валюта
жүйесін қадағалау мен реттеуді
жүзеге асырудағы көздейтін басты
мақсаты мен міндеті - валюта операцияларын
жүргiзген кезде жекелеген шектеулердi
кезең бойынша алу, уақыт пен халықаралық
практика талаптарына сәйкес валюта операцияларын
реттеудің өзге де әдiстерiн қолдану.
Қазiргi кезде республикаға
шетелдiк капиталдың тұрақты ағыны,
төлем теңгерiмi айырбас бағамның
тұрақтылығы валюталық реттеу саясатының
акцентiн капиталдың әкетiлуiне қатаң
бақылаудан қаржы қаражатын тиiмдi
пайдалануды арттыру мiндетiне бағыттауға,
сондай-ақ ішкi қаржы рыногын дамытуға
және жаңа қаржы құралдарының пайда
болуына мүмкіндік бередi. Валюталық
ырықтандырудың негiзгi бағыттары мен
кезеңдерi Қазақстан Республикасында
валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасында
көрсетiлген, соған сәйкес бiрiншi кезеңдi
iске асыру үшiн әлдеқайда тартымды
және экономикалық жағынан сенiмдi валюта
операцияларына қатысты жекелеген
шектеулердi алып тастауды айқындайтын
валюталық режимдi ырықтандыру бағдарламасы қабылданған
болатын. Бағдарлама шеңберiнде валюта
операциялары бойынша ақпараттық базаны
жетілдіру, ішкі валюта рыногында кең
ауқымдағы алыпсатарлық операцияларға
жол бермеудің және қысқа мерзiмдi капитал
ағындарын бақылаудың тиiмдi тетiгiн құру,
сондай-ақ валюталық бақылау рәсiмдерiн
жүйелеу және жеңiлдету көзделген. Бағдарламаның
ережелерiн iске асыру валюталық реттеудің
шектеулi режимнен кең ауқымды және мейлiнше
тұрақсыздандыратын капитал ағындарының
мониторингi мен бақылаудың нарықтық нысандарына
және әдiстерiне көшу үшiн алғышарттар
қалыптастыруға жағдай жасады.
Ұлттық банктің төлем
жүйесін ұйымдастыру мен реттеуді
жүзеге асырудағы көздейтін басты
мақсаты мен міндеті - мемлекеттің
төлем жүйесiн дамытудағы маңызды мақсаты
Қазақстанның төлем жүйесiн Еуропалық
одақ стандарттарына толық жақындату
және төлем құралдарының жаңа түрлерiн
енгiзу мен дамыту болып табылады. Сондай-ақ,
Қазақстанда төлем карточкаларына қызмет
көрсету жөнiндегi қызметтi шоғырландыру
мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық
жүйесiн құру және дамыту. Бұдан басқа,
ТМД елдерiнің (ЕуроАзЭҚ немесе басқа құрылымның)
нақты уақыт режимiнде есептеудің ұлттық
жалпы жүйелерiне негiзделген жалпы төлем
жүйесiн құру, сондай-ақ Қазақстанның төлем
жүйесiн ТМД мен шет елдерде танымал ету
маңызды бағыт болып табылады. Қазақстан
Республикасы төлем жүйелерінің негізгі
көрсеткіштерінің динамикасын 9 қосымша
деректері сипаттайды.
Төлем жүйелері саласында
төлем жүйелерінің тиімділігін және қауіпсіздігін
арттыру, тәуекелдерді басқару және төлем
жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін
құру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын
болады. Осы жүйеге техникалық және бағдарламалық
қамтамасыз етудің операторларын, провайдерлерін,
сондай-ақ төлем жүйелері пайдаланушыларын
бақылау және қадағалау жүйелері кіреді.
Төлем жүйелерін жоғары ақпарат технологияларымен
және алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға
айтарлықтай көңіл бөлінеді. Төлем жүйелерінің
үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін
арттыру мақсатында жаңа резервтік орталықты
құру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.
Қазiргi уақытта Қазақстанның
төлем жүйесi халықаралық қаржы
ұйымдарының дамыған елдердің төлем
жүйелерiне қойылатын барлық талаптарына
сай келедi. Бұл ретте, төлем жүйелерiнде
пайдаланылатын нормативтiк база мен
технологиялар үнемi жетiлдiрiлiп
және жоғарылатып отырады. Еуропалық
одақ елдерiндегi соңғы әзiрлемелер
микропроцессорлық технологиялар
негізінде төлем карточкаларының
жүйелерiн дамытуға бағытталған. Осыған
байланысты, Қазақстанның төлем жүйелерiн
Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату
жөніндегi iс-шаралар шеңберiнде Ұлттық
Банк өзінің күш-жiгерiн Қазақстанда
микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде төлем карточкаларын
енгiзу мен дамытуға бағыттауды жоспарлайды.
Микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде төлем карточкаларын
енгiзу бағытында алғашқы қадам
жасалды да - Қазақстан Республикасында
микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы
қабылданды. Бағдарламада көзделген
микропроцессорлық карточкалар
негiзінде төлем карточкаларын
пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис
кәсiпорындарына оларға қай банк
қызмет көрсеткенiне қарамай қызмет
көрсету бойынша бiрыңғай "төлем"
кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының
аумағында төлем карточкаларының
жүйесi дамыту қолма-қол ақшамен
жасалмайтын ақша айналымын кеңейтуге,
эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға
және қолма-қол ақшаға қызмет көрсетуге,
сондай-ақ тиiмдiлігі аздау төлем
құралдарынан (мысалы, чек сияқты) жаңа
тиiмдiрек төлем құралдарының түрлерiне
көшуге мүмкiндiк бередi. Осы мақсаттар
үшiн Ұлттық Банктің бастамасы
бойынша Төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы
ұйымы - "Процессинг орталығы" акционерлік
қоғамы құрылды, оған төлем карточкалары
бойынша транзакцияларды өңдеу,
төлем карточкаларын, сондай-ақ халықаралық
төлем жүйелерiнің төлем карталарын
пайдалана отырып жүзеге асырылатын
төлемдердi маршрутизациялау мен клиринг
бойынша міндеттер жүктелдi.
Процессинг орталығының
қызметi, сондай-ақ микропроцессорлық
карталар базасында электронды коммерция
жүйелерiн (E-Commerce) құру және дамыту, коммерциялық
ұйымдарға, корпоративтік және жеке
клиенттерге, мемлекеттiк мекемелерге
қызмет көрсету; әлеуметтiк мәселелер:
сақтандыру, азаматтарды жүйеге келтiру,
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
қалдықтар бойынша көшiрмелер жөнiнде
қызмет көрсету саласын дамыту және
т.б. болжанады. Микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесiн ендiрудің
ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаты
Ұлттық Банктің айналыстағы ақша
массасын тиiмдi басқару қабiлетiн
сақтау, қаржы рыноктарының тұрақтылығына
қауiп төндiруi немесе төлем жүйесiне
сенiмдi жоюы ықтимал жүйелік және
басқа да тәуекелдердi шектеу тұтынушыларға
жаңа әрi тиiмдi, тәуекелi аз, қымбат емес
және қолайлы төлем және қаржы
қызметтерiн көрсету әдiстерiн
дамыту болып табылады.
Микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесiн ендiру үшiн
мынадай iс-шараларды дәйектi түрде
iске асыру қажет:
- жүйенi құруға байланысты
құқықтық қатынастарды қалыптастыру;
- тұтынушылардың сұранымын,
сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының
төлеуге төлем карточкаларын
қабылдауға дайындығын анықтау;
- төлем карточкаларын
пайдаланумен әлуеттi қылмыстарды
болдырмау әдiстерiн, сондай-ақ
төлем карточкаларын ұстаушылар
үшiн салдарлар мен әлуеттi тәуекелдердi
анықтау.
Бұдан басқа, қызметiн мынадай
негiзгi бағыттарда дамыту болжанып отырған
Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы (ҚБЕО) елдің төлем жүйесiн
дамытуда маңызды роль атқарады:
- ТМД елдерiнің бiрыңғай
мемлекетаралық төлем жүйесiн
құруға қатысу (ЕурАзЭҚ немесе
басқа құрылым);
- төлем жүйесiн сату
жөнiндегi қызметтер көрсетудi дайындау
және ТМД елдерi мен басқа
да елдерге ұсыныс;
- қазақстандық және сол
сияқты шетелдiк қаржы институттарын
қоса отырып, SWIFT сервис бюросын одан
әрi дамыту;
- SWIFT көлiк жүйесiн пайдаланушыларға
SWIFT арқылы төлем жүйесiне хабарламалар
қабылдауға және беруге қосымша
мүмкiндiк беру үшiн Қазақстан
төлем жүйесiмен ықпалдастыру;
- ақша аударудың банкаралық
жүйесiнде және ҚБЕО клирингiнде
жаңа қаржы құралдарын дамыту;
- Қазақстанның жұмыс iстеп
тұрған төлем жүйесiн және Ақпарат
көлігінің қаржылық автоматтандырылған
жүйесiн негiзгi ақпаратты басқару
жүйесiмен (PKI) ықпалдастыру;
- пайдаланушылар үшiн
AKҚаЖ арқылы төлем жүйесiне
хабарламалар қабылдауға және
беруге қосымша мүмкiндiктер жасау
үшін АКҚаЖ көлiк жүйесiн ықпалдастыру;
- қазақстандық және сол
сияқты шетелдiк қаржы институттарын
қоса отырып, АКҚаЖ-ды одан әрi
дамыту.