Ұлттық Банк
Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 20:03, реферат
Краткое описание
Қазақстанда банктік қызметті қадағалау мен реттеу тәжірибесінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістер қолданылады. Мұндай әдістердің қатарына жататындар:
Пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
Банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;
Файлы: 1 файл
Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі ролі 1.docx
— 50.60 Кб (Скачать)- Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі ролі
Қазақстанда банктік қызметті қадағалау мен реттеу тәжірибесінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістер қолданылады. Мұндай әдістердің қатарына жататындар:
- Пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
- Банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;
- Банк қызметтерін тексеру;
- Банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
- Бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, бұйрық хат және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану;
- Банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану;
2004 жылдан
бастап қаржылық ұйымдар,
Бүгінде Ұлттық Банк қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау, бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн реттеу мақсатында төмендегі міндеттерді іске асырады:
- қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
- банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензия бередi;
- инкассация бойынша операцияларды Ұлттық Банк лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптасу тәртiбiн белгiлейдi;
- қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
- заң актiлерiмен белгiленген жағдайда, уәкiлеттi органға уәкiлеттi органның банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытындыны беру талаптарын және тәртiбiн айқындайды;
- заң актiлерiмен көзделген жағдайда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алады;
- басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен, орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және өздерi бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпаратпен алмасуға құқылы;
- заң актiлерiнде айқындалған өкiлеттiгі шегiнде банк қызметi, ақша төлемдерi және аударымы, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге де мәселелер бойынша барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
- барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Ұлттық Банк лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
- бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішiнде уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн тарта отырып жүргiзілген тексерулер арқылы жүзеге асырады;
- мынадай банк операцияларын жүргізу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетiлетiн осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар; аударым операциялары; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң банктік шоттары жөнiндегі тапсырмалары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейф операциялары; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша мiндеттердi орындау;
- банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртiбiн белгiлейдi;
- тиiстi уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету және құрылысын ұйымдастыру жөнiндегі орындалуы мiндетті талаптарды белгілейдi;
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесiн реттеу жөнiндегі уәкілетті органмен келiсе отырып қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiң стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
- уәкiлеттi органның келісімi бойынша заң актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық есептiлiктерiнiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесiн және нысанын, сондай-ақ ұсыну мерзімдері мен тәртібiн белгілейдi;
- егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерiн және аударымдарын реттеу мақсатында Yкiмет келісiмi бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық субъектiлерi жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектілігін белгiлеуге құқылы;
- банктердің операциялары мен мәмілелерінің жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулерді белгiлейдi;
- банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға олар банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердi бұзған жағдайда өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және банктік және валюталық заңнамада көзделген санкцияларды қолдану тәртібін айқындайды және қолданады. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкциялар қолданған кезде Ұлттық Банк бұл жөнiнде уәкілеттi органға хабарлайды;
- лицензиаттарға банктiк және валюталық заңнаманы бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады.
Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері екінші деңгейлі банк қызметтерін реттеудің экономикалық әдістеріне (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар) жатады. Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді. Екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді.
Ақшаға сұраныстың өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2009 жылы ақша массасының 17,9% өсіп, 7386 млрд. теңгеге (2008 жылы– 35,4%) дейін көбеюі ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2009 жылы 7644 млрд.теңгеге өсті. Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы монетизациялау деңгейінің 2008 жылдың соңындағы 39,0%-дан 2009 жылдың аяғында 46,2%-ға дейін өсуіне алып келді (5 және 6 қосымшалар). 2009 жылы ақша базасы 60,7% 2451,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2008 жылы – 4,2%).
Осы кеңею
ішкі валюта нарығындағы белсенді саясат,
сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің
шетел валютасымен
Сызба 2.2.1. Қазақстан Республикасының ақша айналысындағы ақша агрегаттары шамасының 2006-2009 жж. динамикасы
2009 жылғы
3-тоқсанда ақша массасы 3053,1 млрд.
теңгеге дейін, 12,9% (2005 жылғы 3-тоқсанда
– 10,0%) кеңейді. Банк жүйесінің
таза сыртқы активтері 61,0% төмендеді,
ішкі активтері 24,9% ұлғайды. Банк
жүйесінің таза ішкі активтері
едәуір ұлғайып, таза сыртқы
активтер қысқаруы нәтижесінде
2009 жылғы қыркүйекте 2008 жылғы қыркүйекпен
салыстырғанда ақша массасы 51,
Банк жүйесінің
ішкі активтерінің өсуі экономиканы
кредиттеу көлемінің сақталып отырған
жоғары өсуімен қамтамасыз етілді.
Банк жүйесінің Үкіметке талаптары
Қаржы министрлігінің айналыстағы
бағалы қағаздарының ұлғаюы, сондай-ақ
Қаржы министрлігінің Ұлттық Банктегі
шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі
есебінен көтерілді. Ақша массасының негізгі
құрамдас бөліктерінің динамикасын
талдау банк жүйесіндегі резиденттер
депозиттерінің өсуі айналыстағы қолма-қол
ақшаның ұлғаюынан басым
Мультипликатордың төмендеуі банктер көлемінің, Ұлттық Банктегі қалдықтар түріндегі міндетті, артық резервтерінің едәуір өсуіне байланысты болды, бұл банктердің экономикадағы ақша ұсынысын ұлғайтуға мүмкіндіктерін төмендетеді.
Банк
секторының ағымдағы өтімділік көрсеткіштерінің
өсуін төмендегі кесте
Кесте 2.2.2
Қазақстан Республикасы банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсеткіштерінің динамикасы
пайыздар, кезең соңына
Көрсеткіштер |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
Қызмет көрсетілмейтін несиелер (несиелердің жалпы сомасына) |
2,1 |
2,01 |
2,11 |
2,86 |
2,23 |
1,56 |
Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялар: - несиелердің жалпы сомасына - жіктелген несиелердің жалпы сомасына |
4,7
15,14 |
5,45
20,58 |
6,21
15,83 |
6,68
15,26 |
13,42
14,95 |
4,96
10,49 |
Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (К 2) |
18,64 |
17,22 |
16,92 |
15,86 |
14,95 |
14,47 |
Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті) |
0,83 |
0,78 |
0,9 |
1,06 |
1,03 |
1,47 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігінің деректері
Ақша
базасының кеңею салдарынан орын
алған инфляциялық
Ұлттық
банк экономиканың «қызып кету» қаупін
бәсеңдету және соған сәйкес экономикада
инфляцияның ұлғайып кетуіне
жол бермес үшін ақша-кредит саясатын
қатайта түсуді көздеуде. Бұл саясат
Ұлттық банк операцияларының көлемін
ұлғайтудан басқа, өз ресми ставкаларын
икемділікпен өзгерту арқылы ақша рыногының
ставкаларына ықпал етуді күшейту
шараларын қарастырады. Атап айтқанда,
Ұлттық банк займға сұраныс пен ұсынысқа
және инфляция деңгейі мен инфляция
ықтималдығына байланысты қайта
қаржыландырулардың ресми ставкаларын
мерзім-мерзім қайта қарап, бекітіп
отыру тәжірибесін ендірді. 2005-2006
жылдары Ұлттық Банк ресми ставкаларының
дәлізінің шекараларын
2006
жылғы 1 шілдеден бастап қайта
қаржыландырудың ресми ставкасы
(Ұлттық Банк ставкалары
Сызба
2.2.3. Қазақстан Республикасының
Ең төменгі резервтік талаптарды қалыптастыру және орындау тетігінің 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген өзгерісінен кейін екінші деңгейлі банктердің артық өтімділігі айтарлықтай қысқарды. Орташа алғанда, осы кезеңде резервтік активтер резервтеудің қажетті көлемінен 15 % дерлік асты.
Ең төменгі резервтік талаптарды есептеудің жаға тәртібіне сай, банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымына банктің ішкі міндеттемелерінің және банктің өзге де міндеттемелерінің сомалары кіргізіледі. Банктің ішкі міндеттемелері өтелу мерзіміне қарамастан, қатаң белгіленген тізбе бойынша резиденттер алдындағы міндеттемелерінің сомасы ретінде айқындалады. Банктің өзге міндеттемелері банктің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің жіне резиденттік белгісіне қарамастан, борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасы ретінде айқындалады.
Резервтік
міндеттемелерді (ішкі, соля сияқты өзге
де міндеттемелер үшін) есепке алғанда,
банктің негізгі борыш, ол бойынша
сыйақы және мерзімі өткен берешек
бойынша міндеттемелерінің
Ең төменгі резервтік талаптардың талаптарын орындау банктердің резервтік активтер қалыптастыруы арқылы жүзеге асырылады, оларға кассадағы қолма-қол теңге және Ұлттық Банктегі ұлттық және еркін айырбасталатын валюталардағы корреспонденттік шоттардағы ақша жатады.
Банк резервтік активтерге ақшаны резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа алынған шамасы ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңнідегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп орналасатырады.
Резервтік
активтерді қалыптастыру кезеңі он төрт
күнтізбелік күнді құрайды және
ең төменгі резервтік талаптарды
анықтау кезеңі басталатын аптаның
бірінші бейсенбісінен
Резервтік
активтерді анықтау кезеңі он төрт
күнтізбелік күнді құрайды және
ең төменгі резервтік талаптарды
анықтаудың он төрт күндік кезеңінің
бірінші сәйсенбісінде
Екінші деңгейлі банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері банктің ішкі міндеттемелері үшін 6 % мөлшерінде және банктің өзге міндеттемелері үшін (сыртқы) 8% мөлшерінде белгіленген.
Банктік жүйенің өтімділігін реттеу үшін Ұлттық Банк сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерден депозиттер тарту құралын қолданады. 2006 жылы Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерден 5756,8 млрд.тенгеге депозит тартты. Депозиттерді тарту мерзімі орта есеппен 7 күнді, сыйақы ставкасы 4% құрады.
Өтімділікті реттеудің келесі құралы – ноттарды шығару. Ұлттық Банк ноттарын орналастырудағы тарихи ең жоғары деңгейіне 2006 жылдың екінші жартысында қол жетті, оның шамасы 1002,1 млрд.тенгеге жетті (кесте). Бұл кезеңде ноттар 28 күндік айналыс мерзімімен шығарылды, орналастырылған ноттар бойынша орташа кірістілік 3,08%-ды құрады.
Кесте 2.2.4
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналыстағы ноттарының көлемі мен кірістілігінің динамикасы
жыл соңына, млн.тенге
Жылдар |
Барлық мемлекеттік құнды |
Ұлттық Банк ноттары | |
Көлемі |
Табыстылығы (тиімді жылдық өлшеммен), % | ||
2001 |
93 965 |
17 609 |
5,8 |
2002 |
181 133 |
64 317 |
5,93 |
2003 |
379 719 |
198 555 |
5,18 |
2004 |
635 346 |
396 121 |
4,04 |
2005 |
464 670 |
161 000 |
2,24 |
2006 |
906 076 |
533 103 |
4,76 |