Ұлттық Банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 20:03, реферат

Краткое описание

Қазақстанда банктік қызметті қадағалау мен реттеу тәжірибесінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістер қолданылады. Мұндай әдістердің қатарына жататындар:
Пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
Банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;

Файлы: 1 файл

Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі ролі 1.docx

— 50.60 Кб (Скачать)

Ескерту: Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі  мен Ұлттық Банктің құнды қағаздары  бойынша деректер теңгелік қағаздар бойынша келтірілген.

Дерек көзі: Ұлттық Банк деректері (htpp:www.nationalbank.kz)

 

Экономиканың  «қызуы көтерілу» деген термин астарын  экономиканы артық қаржыландыру, артық қаржы салу және оған мемлекеттік  шығынның артық жұмсалуына байланысты экономикалық өсімнің тым қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Қарқынды да, жедел өсім экономиканы кредиттеу  жүйесін бұзып, оның дамуында қарама-қайшылықтар  тудыруға жол береді. Яғни арадағы  баланс бұзылады. Экономика «қызуының  көтерілуі» инфляцияның артуына, өндірістің құлдырауы және қаржы дағдарысына  алып баратын тұтыну жиынтығы мен  ұсыныс жиынтығы арасындағы тепе-теңдікті бұзады. Ал соңғы кезде әлемдік  рынокта болып жатқан ағымдар  еліміздің макроэкономикалық дамуына  айтарлықтай ықпал етіп, сонымен  бірге бірқатар проблемалар тудыруда. Соның бірі – банк жүйесінде құрылымдық өтімділіктің артығымен болуы. Оның ішінде жеке меншік компаниялар және коммерциялық банктердің сыртқы қарыздары  да бар. Нәтижесінде банктің экономикаға  беретін кредитінің көлемі жедел  өсуде. Мысалы, 2000-жылдан 2004 жылға дейін  ЖІӨ жиынтық өсімі 64 пайызды құрап, экономикаға беретін банк кредиті 2000 жылдан бері 10 есеге көтерілген. Яғни банк кредиттерінің үлесі осы  кезеңдердегі ЖІӨ-ге шаққанда 7,5 пайыздан 26,8 пайызға дейін өсті. Алдын ала деректер бойынша банк секторының экономикаға берген кредиттерінің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға –4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 

Банк жүйесіндегі  депозиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.

Шетелдік  инвестициялар ағыны мен соңғы  жылдардағы бюджетке жұмсалатын шығынның артуы, мұнайдың әлемдік бағасының  өсуі, соның нәтижесінде елге келіп  жатқан шетелдік валюта нөпірі де жағдайды асқындырып тұр. Осының бәрі жиналып  келіп, кредиттік портфельдің сапасын  төмендетіп, барлық қаржы жүйесі үшін тәуекелдікті күшейтуге және құрылымдық сәйкессіздікке алып баруы мүмкін. Әрине, Үкімет пен Ұлттық банк экономикадан артық ақшаны «алып» кету үшін нақты  шешімдер жасайды. Мысалы, мұнайдың әлемдік  бағасының өсуіне байланысты жоспардан  тыс түсіп жатқан қосымша түсімдер арнайы құрылған Ұлттық қорда жинақталуда. Бүгінде оның көлемі 5 миллиард АҚШ  долларын құрап отыр. Сонымен бірге  соңғы жылдары экспортқа шығарылған мұнай ақшасын «асқазанда сіңіріп», экономиканы теңдестіруге ықпал  жасайтындай шаралар да қарастырылуда. Бұған әр түрлі инфрақұрылымдарды  дамыту бағытында мемлекеттік инвестициялардың белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын жатқызуға болады.

Ақша-кредит саясатының шараларымен қатар пруденциалдық  реттеуді қатаңдату жөнінде маңызды  қадамдар қабылданды. Атап айтқанда, байланысты тараптарды  кредиттеуге, тұрғын үй кредиттеуге, сондай-ақ трансшекаралық несиеге  қатысты талаптар қатаңдатылды. Бұдан басқа, банктердің валюта өтімділігіне қатысты мейлінше қатаң нормативтер белгіленді, ашық валюта позициясының лимиттері қысқартылды, қысқа мерзімді сыртқы міндеттемелер көлемінің лимиті (банк капиталының   мөлшеріне байланысты) белгіленді. 

Осы пруденциалдық  шаралар банк секторының осал жерлерінің артуына кедергі келтіретін болады деп күтілуде; дегенмен, егер банктік  кредиттеудің  және сыртқы қарыз алулардың өсу  қарқынын айтарлықтай бәсеңдету жүргізілмесе, таяу болашақта қосымша шаралар қолдану қажет болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, мүмкін, банктердің қысқа мерзімді борышына қоса орта және ұзақ мерзімді сыртқы борышын жабу мақсатында сыртқы қарыз алу лимиттерін одан әрі қатаңдату және/немесе арттыру, валюта өтімділігінің нормативтерімен қатар, сыртқы қаржыландыруға қол жеткізу күрт қысқарған жағдайда, банктердің осал жерлерін азайтуға көмектесетін болады. Бұдан басқа, кредиттеудің өсу қарқынын баяулату және несие портфелі сапасының жылдам нашарлау тәуекелін шектеу мақсатында капиталдың жеткіліктілігін анықтау кезінде тәуекелдердің салмағын түзету туралы мәселені қарау керек. Қадағалау органдарының банктердің кредиттеу, оның ішінде, кредиттер беру және шет елде инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне назарын арттырудың, банк тәуекелдерін басқару практикасын жетілдірудің  зор маңызы болады. Осыған байланысты банктерде дер уақытында тексеру жүргізуді қамтамасыз ету үшін қадағалауды жүзеге асыруға арналған ресурстарды арттыру аса маңызды.

Қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету шеңберінде Ұлттық Банк өз қызметін Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.

Ақша-кредит саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту  оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.

Ұлттық Банктің банк секторын реттеу функциясы ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, банк секторының өтімділігі мен тұрақтылығын реттеуден ғана көрінбейді. Сонымен  қатар, жоғарыда аталып кеткендей, заң  актiлерiнде айқындалған өкiлеттiгі шегiнде, басқа да реттеу функцияларын атқарады. Мысалы, жекелеген банктік  қызмет түрлерін, атап айтқанда, валюталық  операцияларды, инкассациялық операцияларды, қымбат металлдармен жасалатын операцияларды, қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды, шетел валюталарын айырбастау операцияларын  лицензиялау.

Шетел валютасына қатысты  ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың  шетел валютасындағы айналым  тәртібін анықтайды.

Валюталық операциялар  бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету  және валюталық құндылықтармен жасалатын  банктік операцияларды жүргізуге  лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.

Ұлттық Банк 2005 жылы валюталық құндылықтарды  пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлеріне 2095 лицензия берді:

1) капитал  қозғалысына байланысты операцияларды  жүргізуге – 1917, оның ішінде  экспорттық-импорттық операциялар  бойынша – 1570, шетелге инвестициялар  – 233, жылжымайтын мүлікке мүліктік  құқықтарға ақы төлеуге – 46, кредиттер беруге – 42, инвестициялық  қорлардың қаражатын шетелге  инвестициялауды жүзеге асыратын  инвестициялық қорлардың басқарушы  компанияларына шетелге инвестицияларын  – 26;

2) шоттар  ашуға – 52, оныі ішінде заңды  тұлға-резиденттердің щетелдерде  – 41, жеке тұлға-резиденттердің  шетелдерде – 11;

3) айырбастау  операцияларын жүргізуге – 124;

4) кредит  ретінде алынған шетел валютасын  үшінші тұлғалардың шоттарына  есепке алуға – 1;

5) бөлшек  сауданы жүзеге асыруға – 1.

Лицензиялау және әкімшілік іс жүргізу рәсімдерін жетілдіру валюталық операцияларды  лицензиялау кезінде құқық бұзушыларды  анықтаудың кешенді әдісін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл сыртқы экономикалық шарттар бойынша міндеттемелерді  орындау тәртібін нығайтуға және соның салдарынан қаражаттың елге қайтарылуына себепші болды.

Ұлттық Банк 2006 жылы экспорттық-импорттық валюталық  бақылаудың схемасын жетілдіру жөніндегі  жұмыс жалғастырылды. Нәтижесінде  Ұлттық Банк филиалдарының валюталық  бақылау саласындағы автоматтандырылған функцияларға кіруі кеңейтілді. Экспорттық-импорттық  валюталық бақылаудың автоматтандырылған схемасының деректерін өңдеу нәтижелері бойынша республикаға қаражатты  қайтармау түріндегі ықтимал  құқық бұзу фактілері анықталып, әкімшілік және қылмыстық іс қозғау үшін Ұлттық Банк филиалдарына – 4904, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес агенттігіне – 557, Қаржы министрлігінің кедендік бақылау  комитетіне – 7426 жіберілді.

Валюталық заңнаманы  бұзу саласында әкімшілік іс жүргізу. Валюталық бақылау мәселелері бойынша  инспекциялау.

Ұллтық Банк валюталық заңнама мен статистикалық  есеп саласында әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іс қозғап, айыппұл  санкцияларын қолдануға құқылы. Сондай-ақ, Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, басқа заңды тұлғалардың валюталық  заңнаманы сақтауына тексеріс жүргізеді, ол тексеру инспециялау жоспары  негізінде жүзеге асырылады.

Ұлттық Банк өзінің филиалдары жүргізген тексеулердің нәтижелерін бақылауды және талдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне қаржы  нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар қызметініңің мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 маусымдағы № 69- Заңына сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының  заңнамасы талаптарының реттелуі оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  бұзылғаны анықталған жағдайда банкке немесе банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымға шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға  құқылы. Осыған байланысты, өткен жылы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының  және орталық аппараттың тексерудерінің нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктерге  және банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға  қатысты 75 шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде: 69 жазбаша  ескерту түрінде, 5 міндеттеме хат  талап етілді және 1 ұйғарым хат  жіберілді. Сондай-ақ 10 санкция қолданылды, оның ішінде 7 белгілі бір мерзімге тоқтата тұру және 3 айырбастау пункттерінің тіркеу куәлігін қайтарып алу.

 

1.2 Ұлттық Банктің валюта және төлем жүйесін реттеудегі ролі

 

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы терииториясындағы валюталық бақылау  мен валюталық реттеуді жүзеге асыратын өкілетті орган болып табылады. Ол өзінің валюталық реттеу және бақылау  фунциясын «Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, сондай-ақ, валюталық операцияларды  жүргізу және бақылау мәселелерін  реттейтін заңға тәуелді нормативтік  құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының  қолданылып жүрген валюталық заңнамасында белгіленген шектеулер мен кедергілер дамып келе жатқан рыноктық қатынастары  бар елдердiң көпшілігіне тән.

Қазіргі уақытта  Қазақстанда валюталық режимді  ырықтандыру қазақстандық экономиканың даму ерекшеліктерін, сондай-ақ, экономикалық өсім мен үкімет саясатын айқындайтын  ішкі және сыртқы факторларды есепке ала отырып кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты Қазақстан резиденттерінің  инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту  есебінен валюталық қаржыларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде, бейрезиденттердің  инвестициялық сападағы бағалы қағаздарға салынатын инвестициясына және резиденттердің республиканың өндірістік әлеуетін кеңейтетін және жаңа перспективті рынокқа  ену үшін жағдай туғызатын шет  мемлекеттерге құятын тікелей инвестициясына қатысты валюталық реттеу режимін  жеңілдету қажеттігін туғызды.

2008-2010 жылдары  жүзеге асыру жоспарланған валюталық  реттеу режимін ырықтандыру жөніндегі  келешек бағыттардың негізгі  мақсаты валюталық операциялар  жүргізуге қойылатын шектеулерді  кейіннен жою және 2007 жылдан бастап  ұлттық валютаның толық айырбасталымдылық  қағидаларына көшу үшін жағдай  жасау болып табылады.

Валюталық режимді  ырықтандыру шаралары 2006 жылы қабылданған  “Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы” жаңа заң шеңберінде жүзеге асырылады, мұнда тікелей  инвестицияларды, банктер мен сақтандыру ұйымдары шетелдерге жіберетін инвестицияларды, сондай-ақ, барлық қалған инвесторлардың бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсіпқой қатысушылары арқылы жүзеге асыратын қоржындық инвестицияларын  лицензиялауды алып тастау қаралған. Мұнымен қоса, делдалдық қызметпен  айналысатын ұйымдардың шетелдерге инвестицияны жүзеге асыруына, инвестициялық  қоржынды, оның ішінде инвестициялық  қорларды басқаруды жүзеге асыруға  операциялық лицензиялар беру, сондай-ақ, филиалдар мен өкілдіктерді және басқаларды ұстап тұруға байланысты операциялық шығындарды қаржыландыру үшін шет мемлекеттердегі шетелдік банктерде есепшоттар ашуды лицензиялауды  алып тастау жүйесіне көшу қарастырылған.

Ұлттық Банктің  қазіргі кезде ұстанып отырған  валюталық саясаты, сәйкесінше, валюталық  реттеу мен бақылау саласындағы  іс-шаралары валюталық режимді босаңсытуға  бағытталып отыр. Атап айтқанда: 

- банктер  және сақтандыру  ұйымдары жүзеге  асыратын тікелей инвестицияларды,  шетелге инвестициялдарды, қалған  барлық инвесторлар Қазақстандық  бағалы қағаздар нарығының кәсіби  қатысушылары арқылы жүзеге асыратын  шетелге портфельдік инвестицияларды  лицензиялау жойылды;

- қажетті  біліктілік талаптары белгілене  отырып, брокерлік-дилерлік қызметті  жүзеге асыратын ұйымдардың шетелге  инвестицияларды жүзеге асыруына, инвестициялық портфельді, оның  ішінде инвестициялық қорларды  басқаруға операциялық лицензияларды  беру жүйесіне өту жүзеге асырылды;

Информация о работе Ұлттық Банк