Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 08:45, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады. Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.

Оглавление

Кіріспе 3

1 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұны,мәні. 5
1.2 Айналым капиталының тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. 9


2 «Шубарколь комир» АҚ экономикалық қызметін талдау
2.1 «Шубарколь комир» АҚ құрылуы 17
2.2 Кәсіпорынның капиталын пайдалану тиімділігі және экономикалық көрсеткіштерін талдау 18

3 «Шубарколь комир» АҚ айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары 20





Қорытынды
23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
24

Қосымша

Файлы: 1 файл

kursovoi - копия.docx

— 76.86 Кб (Скачать)
    • Есеп айырысу және төлем дисциплинасын нығайту;
    • өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;
    • келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;
    • есеп айырысудың прогрессивті нысандарын қолдану тәжірибесін кеңейту;

      Дебиторлық  қарыздардар шоғырланып, тұралап  қалған қаражаттарды қысқартудың маңызды  факторы – бұл ағымды активтерді толықтыруға бағытталған қаржы  ресурстарын тарту болып табылады. Кәсіпорындар өздерінің ағымды активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін  қысқа мерзімді несиелерді қажет  кезінде және қажет көлемде тарта  білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда ағымдағы активтерді қысқа мерзімді қаржыландырудың алуан түрлі нысандары қалыптасып отыр. 

      Қазақстанда шағын несиелер беретін кәсіпорындар дамуы мемлекет тарапынан қажетті  шараларды талап етеді. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын  ұйымдар екі   миллионнан астам  кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың  несиелерінің жалпы сомасы екі млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік  несиелерді есептемегендегі қаражат  көздерінің құрылымында шағын несиелердің  үлесі небәрі 8% ғана құрап отыр. Осы  орайда Қазақстан Республикасының 2003 жылдың ақпан- наурыз айларында қабылданған  «Несиелік серіктестіктер туралы»  және «Шағын несие ұйымдары туралы»  Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге  бағытталған бірқатар өзгерістер енгізу қажет.

      Нарықтық  экономика жағдайларындағы кәсіпорындардың  ағымды активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың  негізгі мәселелерін зерттеу  нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың  алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымды активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында  кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын  несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.

      Жұмыста қарастырылған өзекті мәселе, кәсіпорындардың  қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру - қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады. 

II. ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы  және органдары, қызметі, мақсаты,  мүлігі және капиталы 

    ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ  «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары, орта-төмен көміртекті феррохром өндірісі) және  ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.

    Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ  «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік  қоғам статусына ие болды.

    Қазқстан  Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы  шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен  «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.

    Қоғам органдары.

    Қоғам органдарына жатады:

    1. Жоғарғы орган - Толық акционерлер жиналысы;
    2. Басқару органы - Директорлар советі;
    3. Атқарушы органы - Правление;
    4. Бақылаушы орган - Ішкі аудит службасы.

    Қоғамның  қызметі және мақсаты.

    Қоғамның  негізгі мақсаты - хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.

      Қоғамның негізгі қызметі болып  саналады:

    • Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;
    • құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;
    • тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;
    • заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;
    • құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;
    • магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;
    • металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;
    • көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;
    • түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;
    • тау өндірістерін эксплуатациялау;
    • медициналық қызмет;
    • өлшеу құралдарын тексеру;
    • теміржолмен жүк тасымалдау;
    • қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;
    • құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;
    • өндірістік объектілерін электромонтаждау;
    • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.

    Жоғарыда  көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы  қызметтерді орындауға арнайы лицензиялар  мен рұқсаттамалар болса.

    Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь  және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен  қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы  сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары  ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты - балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.

      Қазақстан Республикасы кәсіпорындары  үшін ферробалқымаларының қажеттігі  өте қатты маңызды емес, сондықтан  бұл өндіріс өнімдерінің көлемін  экспорт үшін арттыру тенденциясы  орын алады. Компания өнімдерінің  негізгі тұтынушылары (95%) - жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.

      «Донской ГОКтан» басқа, негізгі,  рудалы шиказаттармен (марганец  рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін - Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты - Алтай коксо-химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.

    90-шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор-фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол - өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы  «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді. 

2.2. Кәсіпорынның  капиталын және мүлкін пайдалану  тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау 

    Қоғамның  мүлкі және капиталы.

    Қоғамның  мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік  Қоғамның жеке құқығында болады.

    Қоғам мүлкінің құрылу көздері:

      • Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
      • Қоғам қызметінен түскен түсім,
      • Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
      • Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.

    Қоғамның  жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 теңге; және 756.000 арнайы акциялардан тұрады, бір акция құны 1000 теңге.

    Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып,  Толық акционерлер  жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған  жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін  алуға құқы береді.

    Арнайы  акция номиналды құннан 10 % ті дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда Қоғам мүлігінің көп бөлігін ала алады.

    Қоғам акцияларының құнын, санын Қоғамның Директорлар Советі, Қазақстан Республикасының  «Аталған акциялар мөлшерін ұлғайту  тәртібі» заңнамасына сәйкес белгілейді.

    Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Қоғамның таза табысын үйлестіру  жөнінде шешімді Қоғамның Толық  акционерлер жиналысы қабылдайды.

    Жиналыстың  шешімі бойынша, таза табыс, Қоғам қажеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінеді.

    Қоғамның  акциялар бойынша дивидендтері ақшалай  немесе құнды қағаздар түрінде беріледі.

    ААҚ «ТҰК Казхромның» негізгі және айналым  капиталдарының қаншалықты тиімді екендігін  анықтап білу керек. Кәсіпорынның пайдасы  мен шығынын, өндірілген тауар, өткізілген тауар көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы  табысын және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдаған жөн.   

      Төменде көрсетілген 1-суретке назар аударсақ, өткізілген өнімнен түскен түсім 2008 жылы  34 112 605 млн. теңге болса, 2009 жылы ол 47 929 954 млн. теңгені құрады. Сонда, 13 817 349 млн. теңгеге артты (140%).

1- сурет. Өткізілген өнімнен түскен түсім млн.тг 

    Өткізілген  өнімнің өзіндік құны кәсіпорында  өндірістік ресурстардың пайдаланылуын  және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік  құн 2008 жылы 24 554 972 млн. теңгені құраса, 2009 жылы 30 487 588 млн. теңгеге жеткенін көреміз. Яғни, өткен жылға қарағанда 5 932 616 млн. теңгеге немесе 120% ке өскен.

    Жалпы табысқа келсек, ол өнімнің өзіндік  құны мен өткізілген өнім табысына тәуелді. Мысалы, 2008 жылы жалпы табыс  көлемі 9 557 633 млн. тг болса, 2009 жылы 17 447 366 млн. тг өсті. Сонда ауытқуы өткен жылмен салыстырғанда 7 889 733 млн. тг, 180% ке артты.

Кезең шығындарын қарастырсақ, шығынның жоғарылап  кеткенін көреміз. 2008 жылы ол 3 449 815 млн.тг болса, 2009 жылы  11 604 472 млн. тг жетті, яғни,  8 154 657 млн. теңгеге, 340% ке өскен.

   Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар 2008 жылы 6 107 818 және 15 045 430 млн. теңге, ал 2009 жылы 5 837 894 және 281 520 млн. теңгені құрады, яғни біріншісі -269 924 млн. теңгеге, екіншісі -14 763 910 млн. теңгеге артқанын байқаймыз.

      Кәсіпорынның таза табысының  өзгерісін төменде келтірілген  2- суреттен көреміз. Яғни, 2008 жылы  таза табыс  14 712 767 млн. тг құраса, 2009 жылы  3 525 569 млн. тг құраған. Сонда өткен жылға қарағанда 11 187 198 млн. теңгеге кеміген (20%). 
 
 
 
 

    

2- сурет. Таза табыс млн.тг 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Өнім  рентабельділігі 52,5% дан 8,4% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп,  шығындардың  артуына байланысты кеміді.

    Сату  рентабельділігі 35.7% ке кеміді, бұдан  біз кәсіпорын өткен жылға  қарағанда едәуір шығынға ие екендігін  көре аламыз.

    Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2008 жылы 2,1 теңге  құраса, 2009 жылы 2 теңгені құрады.

Қормен  қарулану 2008 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2009 жылы 1551,5 млн. тг құрады.

    Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі  жылға шаққандағы ауытқуы 7 412 626 млн. теңгеге өсті.

Айналым капиталының орташа жылдық құны 2008 жылы 6 201 831 млн. теңге, ал  2009 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі