«Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқаулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы ел халқына өзінің кезекті Жолдауында еліміздің кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін қорытындылай отырып, болашақ даму жолында алдымызда тұрған міндеттерді шеңберлеп берді. Елбасы ең маңызды деген мәселелерді атап айтты. Солардың ішінде Қазақстан әлемдік даму талаптарынан туындап отырған «білім экономикасын» дамыту қажеттілігі.

Оглавление

1. Ұйым экономикасы курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.
2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оның жоспарын жасау.
3.Экономикалық әдебиеттерді, статистикалық және фактілік материалдарды жинау және оқу.
4.Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеудің әдістері.
5. Курстық жұмыстың мәтінін (текстін) дайындау және курстық жұмысты рәсімдеу.
6. Курстық жұмысты қорғау.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

ҰЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ.ӘДІСТЕМЕЛІК курс.раб.каз.doc

— 166.00 Кб (Скачать)

Әдебиеттермен жұмыс істеу барысында тақырыптың немесе қарастырылып жатқан сұрақтың мәнін ашатын маңызды деген және автордың ерекше көзқарасы кездескен жерлерін конспектілеп алу керек. Егер автордың айтқандарына цитата ретінде сілтеме жасау қажет болса, онда кітаптың қайсы бетінен (парағынан) алынғанын белгілеп алып, сөзбе-сөз мұқият көшіріп алу керек, өйткені кейін сол сілтемені текст жазғанда сноскада көрсету қажет болады. Әдебиеттерді коспектілеу назарды жұмыстың негізгі деген жерлеріне аударуға және әдебиетті жақсы игеруге көмектеседі.

Кәсіпкерлік аядағы орын алып жатқан құбылыстар мен процесстер туралы ғылыми негізделген тұжырымдар жасауға фактілердің ролі өте үлкен. Оларды талдау жасау теория мен тәжірибенің байланысын жақсы ашады. Кең көлемде және ұтымды жинақталған фактілік материалдар құбылыстардың экономикалық заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Сондықтан сандық және фактілік материалдарды өңдеу әдістемесін жақсы игеріп алу керек. Қазіргі таңда статистикалық материалдарға қол жетімділік біршама жеңілдеді. Қазақстан Республикасының статистика Агентствосы жыл сайын еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы толық мәліметтері бар жинақтар шығаруды дәстүрге айналдырды. Ондай жинақтар әрбір квартал сайын немесе жылдық топтама түрінде жарияланып жүр. Сол  агентствоның аймақтық (облыстық) басқармасы да өздерінің жинақтарын жариялап жүр. Ал «Ақиқат», «Мысль», «Саясат», «Аль Пари» сияқты ғылыми журналдарда сараптаушылардың аналитикалық талдау жасалған мақалаларында фактілік материалдар молынан кездеседі. «ҚазҰУ-ң жаршысы», «ҰҒА-ң хабаршысы», «Қаржы-қаражат», республика жоғарғы оқу орындары шығаратын ғылыми журналдардан және «Егемен Қазақстан», Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінен керекті мөлшерде статистикалық және фактілік материалдарды жинақтап алуға болады. Ал сырттай оқитын бөлімнің білімгерлері өздері жұмыс істейтін кәсіпорыннан да жеткілікті материал жинай алады. Оларға, мысалы, өнім өндіру және сату, еңбек өнімділігі, шығын жұмсаудағы тенденция, ресурстарды үнемдеу, өндірістің тиімділігі мен пайдалылығы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өнімнің бәсекесестік қабілеті және тағы басқа мәселелер туралы ақпаратты өздері жұмыс істейтін кәсіпорыннан алған жөнді (егер коммерциялық құпиямен байланысты болмаса).

 

4..Экономикалық құбылыстар  мен процесстерді зерттеудің әдістері.

 

«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен курстық жұмысты орындаудағы мақсаттардың бірі рыноктық экономиканың даму заңдылықтарын, нарықтық айырбас қатынастарынан туындайтын шаруашылық формаларын, кәсіпкерлік қызметке байланысты экономикалық құбылыстар мен процесстерді талдау жасаудың әдістерін үйрену. Экономикалық ғылымда жалпы ғылымдық тәсілдермен қатар ерекше  тәсілдер қолданады: абстрактты ойлану, тарихи - қисындық, талдау және синтездеу, статистикалық талдау, экономико-математикалық үлгілеу, балансты талдау, эксперименттік тексеру, есептеу-конструкциялау және тағы басқалары.  

Зерттеу тәсілі – ол құбылыстар мен процесстердің  мәнін ашудың  әдістемелерінің  жиынтығы.  Оның ажырамас екі жағы бар: формальді-қисындық және мазмұнды генетикалық. Бірінші жағы – ол зерттеуді  ұйымдастыру мен оны жүргізудің, зерттеу объектісін сипаттайтын материалдарды жинақтап, өңдеудің тәсілдері мен әдістері. Екінші жағы заңдарды, категориялар мен принциптерді қолдана отырып теориялық тұжырымдар шығаруды талап етеді. Менеджмент мамандарға осы екінші жағының маңыздылығы үлкен, өйткені олар рыноктық жағдайда жұмыс атқарып, таңдау мәселесімен үнемі кездесіп отырады. Фирманың  пайда тауып, жемісті жұмыс істеуі сол таңдаудың дұрыстығына тәуелді болады.

Педагогтық  тәжірибеде білімгерлердің теориялық  тұжырымдар жасай алмауынан курстық  жұмыстарының сапасы төмендейтіні жиі кездеседі. Сондықтан білімгерлерге қандай тәсілді колдануға болады деген сұраққа біз төмендегідеі жауап қайырамыз. Бәрі таңдап алынған тақырыпқа, зерттеу мақсатына және курстық жұмыстың бағыт беруші жоспарлы сұрақтарына   байланысты. Егер тақырыптың сипаты немесе автордың мақсаты кәсіпкерлік қызметтің қалыптасу тарихына байланысты болса, онда зерттеулер барысында тарихи-қисындық тәсіл басым қолданылады. Зерттеушінің мақсаты кәсіпкерліктің іргелі мәселелерін қарастырып, фундаментальді зерттеу жүргізгісі келсе, онда жалпы ғылымдық абстрактты тәсілдер жүйесі кең қолданылады. Ал егер  нақты тәжірибе тұрғысында зерттеулер жүргізу мақсат болса, онда қолданбалы теория тәсілдері қолданылады: экономико-математикалық және статистикалық үлгілеу, талдау және синтездеу, математикалық талдау, эксперименттеу және тағы басқалары. Әрине, курстық жұмыста эксперименттеу тәсілін қолдану өте қиын іс. Дегенмен кәсіпорынмен тығыз байланысы бар немесе сол кәсіпорында жұмыс істейтін сырттай бөлімнің білімгері экспериментке баруының теориялық мүмкіндігін мүлдем жоққа шығаруға болмайды.  Ал экономико-статистикалық тәсіл қазіргі қолданбалы экономикалық ғылымда күнделікті қолданылады. Экономикалық құбылыстарды зерттеуге өте қолайлы тәсіл. Бұл тәсіл төмендегілерді қамтиды: қорытындылаушы және аналитикалық көрсеткіштерді (салыстырмалы көлемдерді, орташа көлемдерді және т.б.)  қолдану арқылы экономикалық топтастыру, графиктер, индекстер арқылы көрсепткіштердің арасындағы байланыстарды экономикалық-статистикалық талдау,  және басқалар.

Ұсынылған курстық  жұмыстың тақырыптары  экономикалық теорияның жалпы мәселелерімен қатар фирмалардың қызметтері мен аймақтық мәселелерге бағытталған. Білімгер фирмалардың өндірістік–коммерциялық және қаржылық-шаруашылықтық қызметін, салалық және аймақтық даму мәселелерін талдау жасауды үйренуі керек. Яғни, курстық жұмысты орындау барысында ол нақты тәжірибеге шығуы тиісті.

Баланстық тәсіл  көптеген экономикалық көрсеткіштердің  арасындағы өзара байланыстылықты  талдау жасау үшін қолданылады. Ал, абстрактты-қисындық (абстрактты-логикалық) тәсіл кәсіпкерлік құбылыстарын құрамдас бөліктеріне бөліп алып, назарды құбылыстың негізгі мәнін ашатын  қисындық байланыстарына, құбылыстың бет пердесін ашатын белгіліріне аудару. Зерттеуге зиянын тигізетін немесе кедергі жасайтын жанама белгілерінен ойды алшақтату.4 Абстрактты-қисындық тәсіл кәсіпкерлік қызметтің теориялық мәселелерін зерттеуге қажет тәсіл.

Экономикалық  ғылымның дамуына математикалық  тәсілді қолдану да үлкен үлес қосып келеді. Функциональді экономикалық ғылым осы тәсіл арқылы құбылыстар мен процесстердің құбылмалылығының себептерін, статистикалық зерттеулердің барысында топтастырылған орташа көлемдердің шындығын анықтау үшін, экономикалық құбылыстарды математикалық үлгілеу үшін қолданып келеді. Математикалық үлгілеу республикадағы, облыстағы немесе кәсіпорындағы қаржы, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың варианттарын жасауға ыңғайлы. Қазіргі таңда экономико-математикалық тәсіл экономикада кең қолданылып жатыр. Оған мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, кәсіпорындарда компьютерлерді ендіру үлкен үлесін қосты.

Есте болсын: жоғарыда аталған зерттеу тәсілдерінің бәрін түгел  бір курстық жұмысты  орындау барысында қолдану керек  деген талап жоқ. Тақырыпқа, зерттеу  жүргізудің бағыты мен мақсатына байланысты олардың кез келгенін қолдану керек.

 

5. Жұмыстың мәтінін дайындау және курстық жұмысты рәсімдеу.

 

Әдебиеттермен танысып, оқып алғаннан кейін қайтадан курстық жұмыстың жоспарына оралып, оны соңғы рет өңдеп алып, әдебиеттерді сол жоспарға сәйкес жүйелілеп алу қажет, сандық материалдар бар болса, оларды да жүйелілеп, торламалар жасаған жөн, өйткені торламаларда (таблицаларда) сандық материалдар көрнекті және түсінуге, салыстыруға оңай болады. Егер жұмыстың текстінде бірнеше торлама кездесетін болса, онда оларды ретімен нөмірлеп қою керек және әрқайсысының өз атауы болуы тиісті. Мысалы, «Таблица №1. Шағын кәсіпорындардың салалар  бойынша үлес салмақтары». Торламаның атауында өлшем бірліктері де көрсетіледі (теңге, кг, %, дана, м2 және тағы басқалары). Басқа ақпарат көздеріне берілген сияқты, торламаларға да сілтемелер жасалынып, қайдан алынғаны көрсетіліп кояды.  Торламадағы сандық мәліметтер өзара салыстырылатындай сипатта болуы тиісті. Осындай талаптар сақталса, торламадағы мәліметтер арқылы құбылыстардың тенденцияларын байқауға болады.  Ол сандық көрсеткіштерді графиктер мен диаграммалар түріне өткізуге болады. Сонда экономикалық талдау біршама жеңілдеп, тұжырымдар жасауға жол ашылады.

Курстық жұмыста  оған көркемдік сипат беру үшін таңдаулы көркем әдебиеттерде кездесетін мысалдарға, әлемге танымал шетелдік және отандық жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің цитаталарын, құнды афоризмдерді, мақалдарды  және мәтелдерді қолдануға болады. Бірақ ондай материалдар мүмкіндігінше өте қысқа және ықшамды етіліп, белгілі бір ойды образды, жарқын белгілеу үшін келтірілуі тиісті. Әдетте курстық жұмыстың преамбуласында немесе әрбір сұрақ басталар кезде атақты адамдардан мұраға қалған қанатты сөздерді келтіріп барып текст жазу әдісі де қолданылады. Мысалы, еліміздің президенті өзінің «Ғасырлар тоғысында», «Тарихтар толқынында» сияқты басқа еңбектерінде де осы тәсілді кең қолданған.  Бірақ есте ұстайтын нәрсе, әдеби образдар курстық жұмыстың негізгі мазмұнын алмастырмауы тиісті.

Курстық жұмысты  орындаудағы ең қиын іс –ол оның текстін егеменді жазу, әдебиеттерді «соқыр» көшіре бермей, өз сөзімен сұрақтарға терең және сауатты жауаптар беру арқылы жазу. Әдебиеттерді көшіре салудан терең білім қалыптаспайды, жұмыстың сапасы өте төмен болады және ол ұрлық (плагиат) деп бағаланады. Ондай әрекеттер тиылмаса, білімгерде масылдық және арсыздық қасиет қалыптасады. Бөтен авторлардың жазғандары қолданылса, онда міндетті түрде сілтеме түрінде тексттің сноскасында атап өту керек.  Текстті дайындағанда сұрақтарға өз бетімен жауап жазу арқылы ғана білімгер тақырыптың мәселелерін  өзі қаншалықты игергенін анықтай алады, демек өзіне өзі бақылау жүргізе алады. Жазбаша жұмыста ойлардың қисынын, қайшылықты ойларды байқау, оншалықты түсінікті емес жерлерін анықтау оңай болады. 

Курстық жұмыстың мазмұнын жазуда оның тілі, ойды түсінікті және қисынды етіп жеткізу стилі, сөйлемдерді мейлінше қысқа құра алу курстық жұмыс жазуда үлкен роль атқарады. Білімгер осы аталған аспектілерге үлкен мән бергені жөнді.

Мазмұны жағынан  текст жұмыстың жоспарлы сұрақтарын өз ретімен ашуы тиісті. Бір сұрақ толық ашылмайынша басқа сұраққа көшпеу керек. Бір ой келесі оймен, бір сұрақтың жауаптары келесі сұрақтың жауаптарымен қисынды жалғаса беруі тиісті. Мәтенде мәселенің теориялық аспектілері біреулердің пікірлерімен, фактілік материалдармен, статистикалық материалдармен неқұрлым көбірек негізделіп, сілтемелер көп жасалса, соқұрлым жұмыстың деңгейі биіктеп, ол  жоғары бағаланады. Сонымен қатар, жұмыстың мазмұнын жазу барысында оның тілінің қарапайымдылығы, ойды жеткізу стилі, сөйлемдерді қысқаша құрастыру, белгілі бір ойларды әртүрлі түсінетіндей етпестен дәл және түсінікті етіп ұсыну курстық жұмыстың сапасына үлкен әсерін тигізетінін ұмытпау керек. 

Курстық жұмыстың текстін мұқият тексеріп, өңдеп алғаннан соң оны дұрыс және әдемілеп көшіру қажет. Қолжазба көпшілікке оқуға түсінікті почеркпен жазылады. Жол жөнекей түзетулерге жол берілмеуі тиісті. Таза, түзетулері жоқ қолжазба орындаушының ұқыптылығы мен жауапкершілігін білдіреді.

Кустық жұмысты безендендіру титулды парақтан басталады. Титулды парақтың дайын үлгісі компьютерлерге енгізілген. Жоспарды жазғанда оның сұрақтары қайсы беттен қаншасыншы бетке дейін қамтитыны, әрбір бөлімнің және парагарафтардың аттары анық етіп көрсетіледі. Содан кейін жаңа парақтан бастап  курстық жұмыстың кіріспесі, одан кейін бірінші бөлімінің бірінші сұрағына жауап басталады.  Текст ақ парақтың бір жақ бетіне ғана жазылады. Кіріспеден бастап парақтар нөмірленеді. Нөмәрлер парақтың жоғарғы жағының ортасына немесе жоғарғы оң жағына жазылады. Жұмыстың текстін жазу барысында цитаталар немесе фактілік материалдар қолданылса, олардың көздері, яғни әдебиеттері парақтың төмен жағында сілтемеде көрсетіледі. Сілтемеде (сноскада) кітаптың аты, автордың аты-жөні, баспахананың аты, шыққан жылы, сілтеме жасалған беті көрсетіледі. Бір бетте бірнеше сілтеме болса, цифралар түрінде өз ретімен қойылады. Бірақ келесі беттегі сілтемелер  қайтадан бірінші цифрадан бастап нөмірленеді.

Курстық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің  тізбесі орналастырылады. Әдебиеттердің тізбесіне де қойлатын талаптар бар. Тізбеде алдымен ел өз ретімен еліміздің Ата Заңы (Конституция), мемлекеттің Заңдары, Президенттің Жарлықтары, үкіметтің Қаулылары, мемлекет қайраткерлерінің баяндамалары мен сөздері, олардан соң кәсіпорыннан алынған есеп-құжаттар, содан кейін авторлардың аттарының немесе кітаптардың аттарының бірінше әріпі арқылы алфавит бойынша басқа әдебиеттер жазылады.

 

6. Курстық жұмысты қорғау.

 

Курстық жұмыс  комиссия алдында қорғалады. Комиссия құрамы алдын ала кафедра мәжілісінде бекітіліп қойылады. Оның құрамына кафедра оқытушыларымен қатар курстық жұмыстың жетекшісі де енгізіледі.

Қорғау кезінде  білімгерге 5-7 минут уақыт беріліп, ол қысқаша түрде комиссия мүшелерін  өзінің жұмысымен таныстырады. Сондықтан білімгер коиссия алдында сөйлейтін сөздерін алдын ала дайындап келуі тиісті, өйткені қысқа уақыт аралығында бүкіл жұмысты баяндап беру мүмкін емес. Білімгер өзінің сөзінде неліктен осы тақырыпты таңдап алғанын, қандай мақсат ұстанғанын, тақырыптың актуальділігін, ізденіс жасау барысында қандай теориялық пікірлермен кездескенін, өзінің көзқарастарымен, қандай тұжырымдар жасағанымен таныстыруы керек. Егер ол нақты ұсыныстармен шықса, онда ол сол ұсыныстарын комиссия мүшелеріне байсалды, асықпай түсіндіруі керек. Білімгер жұмысын қалай түсіндіре алады, комиссия мүшелерін өзінің көзқарастарына қалай иландыра алады, курстық жұмыстың соңғы нақты бағасы соған байланысты қойылады. Комиссия мүшелері қойған сұрақтарға мүдірмей жауап беруге тырысу керек және өтірік  немесе жорамалмен жауап бермеу керек. Комиссия тарапынан қойылған сұрақтарға қисынды және біліктілікпен берілген жауаптар үшін курстық жұмысқа қосымша ұпайлар беріліп, оның бағасының көтерілетінін ұмытпау керек. Егер жетекші курстық жұмысты бастапқыда орташа бағалап, қоғауға жіберсе, білімгер оны қорғау барысында жақсы жауаптарымен жоғарғы бағаға дейін көтере алады. Керісінше де болуы мүмкін: жұмысты жақсы орындап, бірақ қорғауға  немқұрайлы дайындалып келіп, нашар баға алып қалуға да болады.

Информация о работе «Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқаулары