«Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқаулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы ел халқына өзінің кезекті Жолдауында еліміздің кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін қорытындылай отырып, болашақ даму жолында алдымызда тұрған міндеттерді шеңберлеп берді. Елбасы ең маңызды деген мәселелерді атап айтты. Солардың ішінде Қазақстан әлемдік даму талаптарынан туындап отырған «білім экономикасын» дамыту қажеттілігі.

Оглавление

1. Ұйым экономикасы курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.
2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оның жоспарын жасау.
3.Экономикалық әдебиеттерді, статистикалық және фактілік материалдарды жинау және оқу.
4.Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеудің әдістері.
5. Курстық жұмыстың мәтінін (текстін) дайындау және курстық жұмысты рәсімдеу.
6. Курстық жұмысты қорғау.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

ҰЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ.ӘДІСТЕМЕЛІК курс.раб.каз.doc

— 166.00 Кб (Скачать)

Жұмыстың қорытындысында тақырып бойынша негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды нақты қорытындылау керек. Тұжырымдар тақырыптың мазмұнынан шығарылуы тиісті және олар мүмкіндігінше қысқа болулары тиісті. Ұсыныстар да қысқаша тұжырымдалып, мейлінше анық болуы керек. Жалпы қорытынды жазылған беттердің көлемі 2-3 бет болғаны жөнді. Бұл жерде курстық жұмыстың мазмұнын қайтадан қысқаша жазудың қажеті жоқ. 

Сонымен, жоғарыда кіріспеге, жұмыстың негізгі бөліміне, қорытындыға қойылған талаптар орындалса, курстық жұмыс қисынды да көркем сипатқа ие болады.

Жұмыстың соңғы  беттері қолданылған әдебиеттердің тізбесіне арналуы керек. Тізбедегі әдебиеттер, біріншіден білімгердің ізденіс бағытын, екіншіден ізденіс ауқымын, үшіншіден жұмыс сапасын сипаттай алады. Мысалы, егер әдебиеттер тізбесінде газеттердегі мақалалар басым болып, ғылыми жұрналдардың мақалалары аз болса, немесе қолданылған кітаптардың көпшілігі оқулықтар болса, онда тақырыптың ғылыми тұрғыда терең ашылмағанын білдіреді.

Тізбеге сілтемелер мен сілтемелерде көрсетілген әдебиеттер мен ақпарат көздері толық және міндетті түрде ендірілуі тиісті.1

Курстық жұмыс  түсінікті қарапайым тілмен жазылғаны  жөнді. Ғылыми кітаптар мен мақалаларда  кездесетін  тым ұзақ сөз айналыстарынан, біржақты түсінілмейтін анықтамалардан, ойды бұзатын ауытқулардан аулақ болу керек. Орынсыз қайталауларға, бір-біріне қайшы келетін тұжырымдар мен ойларға, фактілер мен цифралық материалдардың қайшы келуіне жол бермеу керек.

Курстық жұмыс  оқу жоспарында бекітілген мерзімге қатаң сәйкес аяқталуы тиісті.  Ол үшін курстық жұмысты орындаудың жеке графигін жасап, жұмысты мерзімдік сатылап,  атқарылатын еңбекті алдын ала жоспарлап алу керек. Графикте жұмыстың негізгі сатылары қамтылуы керек: тақырыпты таңдау және оның жоспарын жасау; әдебиеттерді жинап, іріктеп, оларды оқу; жұмыстың негізгі бөлімдерін жазу; жұмысты безендендіріп жетекшіге рецензияға өткізіп, оны қоғауға дайындау.   Мұндай график білімгер курстық жұмысын асықпай ойланып, қажет болса қайтара өңдеп, бекітілген мерзімде орындап бітіруіне мүмкіндік береді.2

Курстық жұмыстың мазмұны тақырыптан ауытқып кетпеуі тиісті. Ондай жағдай келесі қателіктерден орын алуы мүмкін:

-терең ойланбағандық  немесе тақырыптың мәнін түсінбеушілік;

-жеткілікті  дайындық жасамастан әдебиеттерді беталды «соқыр» көшіре беру;

-жетекшімен  ақылдаспау немесе оның кеңестерін  ескермеу;

-ешқандай ынтасыз,  талаптанбай, амалсыз курстық  жұмыс жазу.

Курстық жұмыс  жазу барысында  әдеп сақтауға көңіл  бөлмеушілік жиі байқалып отырады. Әдетте білімгерлер өзінің Шығармашылық еңбек атқарғанын білдіру үшін «менің ойымша», «мен былай істедім», «мен былай деп есептеймін» деген сияқты сөздерді көп  қолдануға тырысады. Ондай қадам әдепсіздік деп бағалануы мүмкін, білімгер ерекше жағдайлардан басқа көбінесе кітаптардың авторларының пікіріне жүгінеді. Сондықтан мұндайда плагиаттың элементі, яғни басқаның пікірін ұрлау орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, курстық жұмыс жетекшімен бірге, оның бақылауымен және кеңесінің төңірегінде орындалатын жұмыс. Сондықтан бұл жерде әдеп сақтап «біздің ойымызша», «біздің есептеуіміздің нәтижесінде» деген сияқты  «біз» деп айтқан жөнді. Егер шын мәнінде білімгер өзі белгілі бір қорытынды немесе тұжырым жасағанда, жауапкершілікті тек өз мойынына алғысы келгенде ғана «мен» деп жазуға қисын бар.

Курстық жұмыстың мазмұнын асықпай, түсінікті қолжазбамен, сөздерді қысқартуларға жол бермей, ұқыпты  жазу керек.   

 

2. Курстық  жұмыстың тақырыбын таңдау және оның жоспарын жасау.

 

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оның жоспарын жасау маңызды саты болып табылады. Білімгерлерге алдымен курстық жұмыстардың тақырыптарының тізбесі ұсынылады. Тізбеден сол мамандық білімгерлерінің арасында немесе топта қайталанбайтындай етіп белгілі бір тақырып таңдалынылып алынады. Әдетте білімгерлер «жеңіл» тақырыпты таңдап алуға ұмтылады. Тақырыпты таңдау барысында ең жеңіл тақырыпты алуға әрекет жасау қателік. Жеңіл тақырып шығармашылық курстық жұмысқа сипат беру мүмкіндігін шектейді. Ондайда курстық жұмыс орындаудың басты мәні бұзылады – курсты және тақырып бойынша мәселелерді терең және жан-жақты игеру. Білімгер өзіне таныс және материалдары жеткілікті, бірақ теориялық және тәжірибелік маңызы бар, ізденіс пен талдау жасауды талап ететін, өзінің білімін тереңдетуге мүмкіндік беретін тақырып таңдап алу керек. Тақырып таңдауда қиналған жағдайда оқытушыдан консультация алған жөнді. Егер білімгер  өндірістен қол үзбей сырттай оқитын бөлімде оқыса, онда  өзінің жұмыс орнымен байланысы бар тақырыпты таңдаған ұтымды. Өйткені оған теориялық материалдарды негіздеуге сол мекеменің нақты материалдарын қолданған үлкен ұтыс береді. Ондай әрекет курстық жұмысқа творчестволық сипат алып береді. Тіпті кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруға көзделген, назар аударуға тұрарлық ұсыныс жасауға да мүмкіндік туады.

Тақырып таңдап алынғаннан соң,  жұмыс жоспарының үлгісі жасалып, ол жетекшіге көрсетіліп, нақтыланады. Жоспар – жұмыстың қисындық өзегі, тірегі. Курстық жұмыстың құрылымы, мазмұны мен бағыты жоспардың сипатына тікелей тәуелді болады. Жоспар дұрыс ойластырылмаған жағдайда курстық жұмыс мақсатына жете алмай қалады, тақырып жартылай ашылады немесе мүлдем ашылмай қалады.

Курстық жұмыстың құндылығы оның деңгейі көлеміне онша байланысты бола бермейді. Сондықтан  оның көлемін қуалай бермеу керек. Жұмыстың құндылығы өзекті мәселелерді жекеленген қарапайым мәселелерден ажырата алу қабілетімен байланысты. Өзекті сұрақтарды бір үйлесімді жүйеге келтіру - жұмыс жоспарының міндеті. Сондықтан әдебиеттерді оқығанда тақырыптың тереңінен ашатын, бірі-бірімен тығыз қисындық байланыстары бар өзекті мәселелерді суырып алу керек. Ол үшін көп оқып, тақырыптың мән-жайын жақсы түсініп алу қажет. Сонда ғана тақырыптың қисынын дәл анықтап, ұтымды жұмыс жоспарын жасауға болады. Тақырып қисыны және дәл анықталса, жұмыстың мазмұны да қисынды болады, алдынғы ой мен кейінгі ойлар бір бірімен қисынды жалғаса береді. Жоспардағы сұрақтар тақырыптың атын қайталамағаны дұрыс.

Курстық жұмыстың көлемі 20-30 парақ аралығында шектелетіндіктен жоспарға шамадан тыс көп сұрақтар шығармау керек. Әдетте кіріспе мен қорытындыны есепке алмағанда 3-5 сұрақты қамтыған оптимальді деп есептелінеді. Олардың әрқайсысы алдынғысының қисынды жалғасы болып табылады және «теориядан - тәжірибеге» принципі негізінде орналастырылады Жоспар егеменді творчестволық әрекеттің нәтижесі, сондықтан таңдап алынған тақырып әртүрлі үлгіде ашылуы мүмкін.3 Бірақ кез келген жағдайда жоспарға қарай салып-ақ білімгердің тақырыпты қалай түсінгенін (игергенін), курстық жұмыс қандай сапада екенін қателеспей айтуға болады.  Өйткені жұмыстың жоспары оның «гендік белгісін» тағайындайды, мазмұнының бағыты мен жалпы сипатын анықтайды.

Курстық жұмысты  жазуды жеңілдету үшін жұмыс жоспары  әрбір бөлімнің ең негізгі мазмұнын қамтыған тезис түрінде орындалуы  мүмкін.

                                     

                                        

3.  Экономикалық әдебиеттерді, статистикалық және фактілік материалдарды жинау мен оқу.

 

 Курстық жұмысты орындауға қажетті әдебиеттерді білімгер өзі егеменді жинайды. Алдымен курстың бағдарламасында көрсетілген міндетті әдебиеттерді жинау керек. Олар білімгерге тақырып туралы ең негізгі ақпарат береді. Олармен танысқаннан кейін қандай қосымша әдебиеттерді іздестіру, қайсысын жинақтау қажет екендігі белгілі болады. Қосымша әдебиеттерді қалалық кітапханалардың каталогынан іздестіру керек.

Кейінгі жылдары  отандық ғалымдардың экономикалық теорияның мәселелері төңірегінде жазған көптеген монографиялары мен журналдарда ғылыми мақалалары жарыққа шықты. Солармен қатар беделді шетел ғалымдарының да еңбектерінің аудармалары баспадан шығарылды. Олардың біразы университеттің кітапханасында бар.

Қосымша әдебиеттерді жинақтағанда олардың жарыққа шыққан мерзіміне  мән беру қажет. Себебі өтпелі кезеңнің бас кезеңінде рыноктық экономиканы құру, рыноктық қатынастарды зерттеу, шаруашылық формаларын жетілдіру, кәсіпкерлік мәселелері бойынша жазылған отандық оқымыстылардың еңбектерінде объективті кемшіліктер мен қайшылықтар орын алған. Ондай кемшіліктер мен қайшылықтар рыноктық экономиканың, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтің экономикалық заңдылықтарын зерттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігінен объективті туындаған болатын. Бірақ уақыт өте келе отандық ғалымдар айтарлықтай тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктіліктерін көтеріп, көзқарастары эволюцияланды. Сондықтан курстық жұмыс жазу барысында ескі еңбектерге көп сілтеме жасай бермей, авторларының көзқарастарын беталды сынай бермей, оларға түсікпен қараған жөн болады. Қандай да болмасын, ғылым мен экономикалық тәжірибенің дамуын шағылыстыратын соңғы жылдары шыққан әдебиеттерді қолданған дұрыс.

Әдебиеттерді таңдаудан  туындайтын тағы бір мәселе бар. Ол мәселе қандай әдебиетке басты назар  аудару керек деген сұрақтан туындайды. Кафедраның жұмыс бағдарламасында, семинар сабақтарының жоспарларында  және білімгерлерге арналған әдістемелік  нұсқауларда әрбір тақырып бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізбесі көрсетіліп қойылған. Соларды қолдануға болады. Бірақ, олармен шектелмей, қосымша, әсіресе жаңа пайда болған әдебиеттерді кең қолданған дұрыс. Әдебиеттерді таңдау кезінде олардың төрт топқа бөлінетінін ескеру керек:

1-ші топтағылар: .мемлекеттік құжаттар (Заңдар, Президенттің үкімдері мен жарлықтары, үкіметтің Қаулылары), мемлекет қайраткерлерінің баяндамалары мен сөздері;

2 ші топтағылар: кәсіпорындардың, фирмалардың материалдары, есептері және т.б.

3 ші топтағылар:.монографиялар, жинақтар, анықтамалар;

4 ші топтағылар:.мерзімдік басылымдар (журналдар мен газеттердің мақалалары);

Бірінші топта көрсетілген  әдебиеттерді оқу барысында таңдап алған тақырыпты фундаментальді методологиялық негіздеуге, дұрыс бағытқа түсуге, әлемде және біздің экономикада орын алып жатқан  экономикалық құбылыстардың құқықтық-әлеуметтік ортасын түсінуге көмектеседі. Екінші топтың әдебиеттері тақырыптың теориялық мазмұны мен мәселелерін және пікірлерді терең фактілік материалдармен негіздеуге бағыттайды. Үшінші топтағы әдебиеттерді қолдану білімгерлерге экономикалық ғылыми ойдың дамуы, шаруашылық өмірде орын алған құбылыстар мен фактілер туралы оперативті ақпаратқа арқа сүйеуге көмектеседі. Ондай ақпараттар келесідей ғалымдардың монографияларында,  журналдар мен газеттерге басылып шығады: “Саясат”, “Экономист”, “Қаржы-қаражат”, “ҚазҰУ-ң хабаршысы”, “Ақиқат”, “Транзитная экономика”, “Кәсіпкер және құқық”-Предприниматель и право, ”Экономика және құқық.-Экономика и право ”,  ”Российский экономический журнал”,”Мировая экономика и международные отношения”, “Вопросы экономики”, “ТарМУ хабаршысы” атты журналдар және “Егемен Қазақстан”, “Деловая неделя”, “Панорама”, “Казахстанская правда”, “Ақ жол” сияқты газеттер. Бұл әдебиеттерде ғылыми ұғымдарға анықтамалар мен тұжырнамалар және теориядағы жаңа көзқарастар кездесіп отырады.

Төртінші топтың әдебиеттері  мүмкіндігінше білімгерлердің болашақ мамандығына пішіндес болғаны дұрыс. Бұл әдебиеттер теориялық мәселелерді күнделікті өмір болмысымен салыстыруға, экономикалық саясаттың орындалу барысына және рыноктық экономика мен кәсіпкерліктің жалпы дамуын талдау жасауға көмектеседі. Осы әдебиеттермен жұмыс жасауды бастамас бұрын (қателік жібермес үшін) алдымен жетекшімен кеңесіп алу керек.

Басын ашып алатын күрделі  мәселе бар: білімгерлерге қандай әдебиеттерді ұсынған дұрыс – монографияларды  ма, әлде ғылыми мақалаларды ма?

Оқыған әдебиеттердің (монография және мақала) әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Монографияларда әдетте қалыптасқан, негізінен ғылымда лайықты орын алған теориялық тұжырнамалар (концепциялар) кездеседі. Монографияларда қарастырылып жатқан құбылыстар мен мәселелер терең және кең көлемде ашылады, барлық аспектілері қамтылады. Сондықтан бұл әдебиеттер терең фундаментальды білім береді. Бірақ, монографияларға тән біраз кемшіліктер бар. Әдетте олар актуальділігін жоғалта бастаған көзқарастарды және біраз ескіріңкіреген материалдарды қамтиды, өйткені оларды жазып, баспадан шығарып, сауда орындарына немесе кітапханаларға өткізгенге дейін көп уақыт өтеді. Сол мерзім ішінде экономикалық жағдай өзгеріп, жаңа көзқарастар, жаңа теориялық бағыттар орын алуы мүмкін. Осы тұрғыдан алып қарағанда журналдар мен газеттерге шыққан ғылыми мақалалардың монографияларға қарағанда артықшылықтары бар. Өйткені ғылыми мақалаларда жаңа ойлар мен жаңа тұжырнамалар және экономикалық дамудың барысы туралы жаңа оперативті материалдар жазылады. Бірақ, мұндай әдебиеттердің де кемшіліктері бар: әдетте ғылыми мақалалар кейбір ойларды көпшілік “елегінен” өткізіп алу үшін, тексеріп алу үшін жазылады, гипотеза түрінде болады. Сондықтан ғылыми мақалаларда кейде сенімсіз, теорияда әлі орнықпаған көзқарастар жиі кездесіп отырады. Олар дамытуды, дәлелдеуді қажет етеді. Кейде тіпті популистік көзқарастар да жиі кездеседі.

Таңдап алынған  әдебиеттерді кітапханадағы сияқты әрқайсысын карточкаларға жеке бөлек  жазып қойған дұрыс. Кейін олар жоспардағы сұрақтар бойынша сұрыптап қойылса, курстық жұмыстың мазмұнын жазу едәуір жеңілдейді.

Негізгі және қосымша  әдебиеттер таңдап алынғаннан соң, оларды оқуды алдымен негізгі әдебиеттерден, солардың ішінде оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөнді. Ал мемлекеттік заңдар мен нормативті құжаттарды тақырыптың теориялық аспектісін түсініп алғаннан соң оқыған дұрыс, сонда ғана олардың мазмұнын түсіну жеңіл болады. Қажет болған жағдайда оқытушыдан консультация алуға болады.

Информация о работе «Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқаулары