Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы ел халқына өзінің кезекті Жолдауында еліміздің кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін қорытындылай отырып, болашақ даму жолында алдымызда тұрған міндеттерді шеңберлеп берді. Елбасы ең маңызды деген мәселелерді атап айтты. Солардың ішінде Қазақстан әлемдік даму талаптарынан туындап отырған «білім экономикасын» дамыту қажеттілігі.
1. Ұйым экономикасы курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.
2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оның жоспарын жасау.
3.Экономикалық әдебиеттерді, статистикалық және фактілік материалдарды жинау және оқу.
4.Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеудің әдістері.
5. Курстық жұмыстың мәтінін (текстін) дайындау және курстық жұмысты рәсімдеу.
6. Курстық жұмысты қорғау.
Қорытынды
Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі
Бекітемін
Колледж директоры
______________Невзат Бекар
«_____» _____________2012 ж.
0518000 -«Есеп және аудит» мамандығының
«Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқаулары
«Экономика» ЦЭК отырысында
қарастырылды
Хаттама №________
«_____» _____________2012 ж.
ЦӘК жетекшісі: Қуандыкова Н.Т.
Құрастырған: Прназаров Б.С.
Тараз-2012 ж.
Кіріспе
1. Ұйым экономикасы курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.
2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оның жоспарын жасау.
3.Экономикалық әдебиеттерді, статистикалық және фактілік материалдарды жинау және оқу.
4.Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеудің әдістері.
5. Курстық жұмыстың мәтінін (текстін) дайындау және курстық жұмысты рәсімдеу.
6. Курстық жұмысты қорғау.
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы ел халқына өзінің кезекті Жолдауында еліміздің кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін қорытындылай отырып, болашақ даму жолында алдымызда тұрған міндеттерді шеңберлеп берді. Елбасы ең маңызды деген мәселелерді атап айтты. Солардың ішінде Қазақстан әлемдік даму талаптарынан туындап отырған «білім экономикасын» дамыту қажеттілігі. Ондай экономика жоғары технологияларды дамытуға, соған байланысты адам капиталын дамыту басымдылығына, үздіксіз инновациялық өзгерістерге көзделген экономика. «Білім экономикасының» ерекшелігі, өзінің атынан көрініп тұрғандай, ол ғылымға, сондай-ақ терең және жан-жақты білімге, кадр мамандардың біліктілігі мен іскерлігіне негізделген экономика. Қоғамымыздың алдында тұрған осы күрделі де аса маңызды міндеттен жоғарғы оқу орындарында білімгерлерге сапалы білім берумен қатар оларды ғылыми мәселелер бойынша жұмыс жүргізу, рыноктық экономиканың заңдылықтары мен тенденцияларын егеменді талдау жасай алуға баулу және үйрету. Осындай міндеттерді экономикалық мамандықтар білімгерлері арасында жүзеге асыруда «Ұйым экономикасы» пәнінен курстық жұмыс орындату маңызды орын алады. Білімгерлер «Ұйым экономикасы» пәнінен курстық жұмыс орындау барысында көптеген нәрселерге үйренеді, әлемдік экономиалық ғылыми оймен танысады. Мысалы, мәселені ғылыми тұрғыда қарастыру, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді үйрену және соған дағдылану, егеменді жұмыс жүргізуге дағдылану, өздігінше күрделі экономикалық мәселелерді теориялық және статистикалық талдау жасау немесе үлгілеуге үйрену және тағы басқалары.
Бекітілген оқу стандарттары мен жоспарларына сәйкес жоғарғы оқу орындарындарындағы экономикалық мамандықтардың білімгерлері «Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындауға міндетті. Курстық жұмысты жемісті орындау үшін білімгерлер курстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптармен мұқият танысып алулары тиісті. Соны ескеріп бұл әдістемелік құралда білімгерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында курстық жұмыстарды орындаудың нұсқаулары және курстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар түсіндіріледі.
Курстық жұмыс білімгерлердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының бір түрі болып табылады. Ал «Ұйым экономикасы» пәнінен курстық жұмыс білімгерлердің ғылыми-ізденістерінің алғашқы парағын ашып береді. Мұндай жұмыстарды орындау барысында олар бір мәселені немесе тақырыпты таңдап алып, көптеген ғылыми әдебиеттерді шолып шығып, тақырыпты терең және жан жақты егеменді ашулары тиісті. Жұмыстың мазмұнынан білімгердің өз бетінше орындаған творчестволық еңбегінің лебі сезінілуі тиісті. Сондықтан білімгер курстық жұмысты орындау барысында әдебиеттерді «соқыр» көшіре бермеуі тиісті.
«Ұйым экономикасы» пәнінен курстық жұмысты орындау барысында білімгерлер сол пәнді және рыноктық экономиканың, кәсіпкерлік қызметтің заңдылықтарын терең игереді, мемлекеттік нормативті құжаттар мен статистикалық материалдармен жұмыс істеу тәжірибелерін тереңдетеді, өздерінің ойларын айқын жеткізу, күрделі мәселелерді зерделеу, теория мен тәжірибені байланыстыра алу қабілеттерін шыңдайды. Сонымен қатар білімгерлер өз беттерінше қажетті әдебиеттерді шолу жасау, фактілік және статистикалық материалдарды жинақтау, оларды талдау жасау, әртүлі анықтамалық кітаптармен жұмыс істей алу, диаграммалар мен торламалар (таблицалар) жасауды үйренеді. Негізінде курстық жұмыс орындау барысында білімгерлер қисынды ойлану, фактілерге негізделген дәлелді пікір ұсынуға үйренеді.
Курстық жұмыстың міндеттерін білімгерлерді терең біліммен қаруландыру деп қарапайым түсінбеу керек. Курстық жұмыс олардың ізденіс жасау мен өз бетінше жұмыс істеу, мамандықтарын шыңдау мен пікір топтастыра алу қабілеттерін қалыптастыру ісінде өте үлкен роль атқарады.
1.Курстық
жұмысқа қойылатын негізгі
Курстық жұмысты
орындауға теориялық жағынан
да, әдістемелік ұйымдастыру
Курстық
жұмыста білімгер ғылыми
Курстық жұмыстың теориялық мазмұны экономикалық теорияның методологиясымен, экономикалық қызметтің, экономиканы, шаруашылық өмірді ұйымдастырудың өркениетті түрлерімен танысқанын айқын көрсетуі тиісті. Экономикалық теорияның методологиясының дамуы барысында экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдістері жетілдіріледі, жаңа теориялық бағыттар мен концепциялар өмірге келеді, қоғамдық-экономикалық өмірдің формалары, шаруашылық қызметтің түрлері жаңаша көзқараспен зерделенеді. Қоғамдық-экономикалық өмірді ұйымдастырудың формалары адамзаттың тарихи да, рухани жетістігі болып табылады. Мысалы, кәсіпкерлік қызмет адамзат ойлап тапқан шаруашылық (экономикалық) қызметінің ең тиімдісі екендігі бүгінгі таңда айтпаса да түсінікті. Өркениетті экономикалық қызметтің түрі ретінде ол шаруашыдық субъектілерінің егеменділігіне және жоғары деңгейдегі жаңашылдық белсенділігіне көзделеді. Сондықтан ол рыноктық экономиканың тиімділігінің тірегі болып табылады.
Бүгінгі таңда халқымыздың кәсіпкерлік қызметке, кәсіпкерлерге деген ескіден қалған теріс көзқарасы түбегейлі өзгерді. Кәсіпкер әрқашан жоғары, биік деңгейлі нәтижелерге жетуге көзделген, тек қана материалдық ұтысты мақсат тұтатын емес, сонымен қатар ол басқа материалдық емес мақсаттарға жетуге әрекеттенетін шаруашылық тұлға. Ол әрқашан жаңашыл, епті, икемді, қорықпастан тәуекелге бел буып, үнемі белгісіз жағдайда және белгісіз рынокта әрекет ететін тұлға. Ол – ешқандай үгіт-насихатсыз, сырқы қысымсыз, нұсқасыз белсенді әрекет жасайтын тұлға. Оның мақсаты өзінің, фирмасының атын елге танымал ету. Ал, түпкілікті мақсаты – отанының даңқын әлемге танымал ету. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің осындай ерекшеліктері ұмытылмауы тиісті. Олар теориялық зерттеудің нысаны болуы қажет. Сонымен қатар курстық жұмысты орындау барысында әртүрлі пікірлерді талдау жасап, соның негізінде өзінің пікірімен де алмасу талаптары бар.
Жұмыста қарастырылып жатқан мәселелердің теориялық жақтарын нақты мысалдармен немесе фактілермен негіздеу қажет. Фактілер зерттеудің ауадай қажетті элементі, оның ірге тасы болып табылады. Зерттеу барысында кездейсоқ фактілер қолданылмауы тиісті. Ондай фактілер арқылы дұрыс тұжырым жасау мүмкін емес, керісінше, зерттеушінің ойын басқа жаққа бұрып әкетеді. Сондықтан тақырыпқа тікелей қатысы бар, оның мәнін ашуға, теориялық жақтарын дәлелді және сенімді етіп негіздеуге көмектесетін фактілер мұқият іріктеліп алынуы қажет.
Курстық жұмыстың дербес және шығармашылық орындалуына үлкен мән беріледі. Осындай талапқа сәйкес орындалған жұмыс жоғары бағаланады. Білімгер дайын материалдарды беталды құр көшіре бермей, өзі ізденіс жасап, талдаулар жүргізіп, осы тақырыпқа жапсарлас курстың басқа тақырыптарын да игеріп орындауы тиісті. Сонда ғана қарастырылып жатқан мәселе төңірегінде білімгерде мызғымас терең білім қалыптасады. Сондықтан курстық жұмыс әдетте пәнді игерудің қортытынды сатысы ретінде қарастырылады. Оқу жоспарында да курыстық жұмыс әдетте пәнді оқытудың соңғы сатысына жоспарланады, яғни біршама лекциялық және тәжірибелік сабақтар өткізіліп, білімгерлер пәнмен жақынырақ танысқаннан соң. Егер курстық жұмысты орындау пәнді оқытудың бас кезіне жоспарланса, онда білімгерге тақырыптың мәнін дұрыс ашу, оқу курсының әдебиеттерімен жұмыс істеу қиын болар еді. Ғылыми әдебиеттер оқу әдебиеттеріне қарағанда күрделі, себебі олар оқу мақсатына емес, экономикалық ұғымдарға толы мәселелер мен экономикалық құбылыстарды зерттеуге бағытталған. Ондай әдебиеттерді игеру үшін алдын ала дайындық қажет және әртүрлі сөздіктер мен анықтама әдебиеттерді де қолдану қажет. Әрине, ондай әдебиеттермен жұмыс істеу барысында білімгерге жаңалық ашу талабы қойылмайды. Білімгер ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, соның барысында ғылыми зерттеудің методологиясын, дұрыс тұжырымдар мен қорытындылар жасау, фактілік материалдармен байланыстыру, теория мен тәжірибені ұштастыру сияқты көптеген нәрселерді үйренеді. Осылайша орындалған жұмыс егеменді ойдың туындысы және шығармашылық еңбек деп есептеледі.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымына да біршама талаптар қойылады. Курстық жұмыстың көлемі қолжазба түрінде стандартты А-4 парақтарына жазылып, 25-35 беттен аспағаны жөнді. Егер ол компьютерлік мәтінде орындалса, онда 14 шрифтімен орындалып, 20-25 бет көлемінде болса жеткілікті. Ал, құрылымы жағынан курстық жұмыс міндетті түрде жоспарды, кіріспені, тақырыптың негізгі мазмұнын, қорытындыны және қолданылған әдебиеттердің тізбесін қамтиды.
Курстық жұмыстың мазмұнында оның жоспарына байланысты ішкі қисындық болуы тиісті. Оның әрбір жоспарлы сұрағы өз кезегімен ашылуы тиісті, сонда ғана орынсыз кейбір қайталауларға жол берілмейді.
Курстық жұмыста
негізгі мазмұнның алдында кірі
-неге бұл тақырып таңдап алынды?
-теорияны дамытуда
бұл тақырыпты әрі қарай
-осы тақырыпқа байланысты теориялық ой-толғаулар экономикалық қатынастарды, рыноктық шаруашылықтың экономикалық заңдылықтарын терең тусінуге, экономикалық категориялар аппаратын жүйелілік реттеуге көмектеседі ме?
-тағы басқалар.
Содан кейін кіріспеде тақырыптың ғылыми әдебиеттерде зерттелу, ашылу дәрежесі көрсетіледі (тақырып көптен бері зерттеліп жатыр ма, әлде теориялық зерттеу үшін жаңадан қолға алынған ба?) . Сондықтан бұл жерде міндетті түрде көрнекті ғалымдардың құнды монографиялары мен мақалалары туралы қысқаша мәлімет беріледі. Бұл жерде ондай еңбектерге сипаттама берудің және кез келген еңбектерді тізбелеп жаза берудің қажеті жоқ. Аса құнды, экономикалық ойға немесе қоғамдық экономикалық тәжірибеге өзіндік жол салып берген, елеулі ықпал жасаған немесе өшпес із қалдырған еңбектерді ғана атап өту керек.
Кіріспенің соңында курстық жұмыстың міндеттерін баяндап, осы жұмыста қарастырылатын мәселелерді шеңберлеу керек. Себебі курстық жұмыс жазуға ұсынылған кез келген тақырып күрделі мәселе төңірегінде беріледі, олардың аспектілері көп болып келеді. Ол тақырыптар бойынша кандидаттық немесе докторлық диссертациялар орындауға да болады. Ал шағын курстық жұмыста тақырыптың барлық аспектілірін камту арқылы оны толық және жан-жақты ашу мүмкін емес. Білімгер әдетте өзіне ұнаған және түсініктірек аспектілерін қарастырады. Сондықтан курстық жұмысты қорғау барысында «неге мына мәселелер қарастырылмаған?» деген айыптаулар болмауы үшін автор кіріспеде өзінің ғылыми мүддесінің ауқымын көрсетіп қоюы тиісті. Кіріспеде авторды қатты толғандырған мәселелерді де атап өтуге болады. Кіріспенің жалпы көлемі 3-5 беттен аспағаны жөнді.
Тақырыптың негізгі мазмұнын жазу барысында мемелекеттік нормативті құжаттар, дәләлдемелер жүйесі, ғалым-оқымыстылардың еңбектері мен мақалалары, фактілік және статистикалық материалдар кең қолданылса, соқұрлым жұмыстың деңгейі жоғары болады. Мұндайда «құрғақ» теориялық ой-толғаулар сенімді нақты материалдармен негізделеді. Ондай жұмыс өте жоғары бағаланады. Курстық жұмыста белгілі бір мәселелер төңірегінде орын алған ғылыми пікірталастық қамтылып, альтернативті көзқарастарға талдау жасалса, ол шығармашылық еңбектің дәлелі ретінде жұмысқа ерекше құндылық алып береді. Шығармашылық еңбек саналы интенсивті әрекет пен талмай егеменді ізденіс жасаумен байланысты еңбектің түрі, сондықтан ол әрқашан жоғары бағаланады.
Информация о работе «Ұйым экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқаулары