Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 14:05, реферат
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей) әдістермен реттеледі.
Экономикалық реттеушілердің басымдық мәні болады. Олар нарықтың қызмет ету тетіктеріне айтарлықтай оралымды кірігеді және мемлекетке экономикалық үдеріске елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.
Әңгіме мемлекеттік реттеу туралы болғандықтан, деңгейлі анықталған экономикалық және әкімшілік әдістерді шектеу шартты сипатта болады: кез келген экономикалық реттеуші әкімшілік ету элементтеріне ие, өйткені ол әкімшілік шешімі арқылы жүзеге асады және соған сәйкесті мемлекеттік органның бақылауында болады. Екінші жағынан, әкімшілік реттеушіде, оның іс-әрекеті экономикалық қатнастарға қатысушылардың тәртібіне жанама әсер еткендіктен, экономикалық реттеудің бір сәті бар. Мысалы, егер мемлекет ресурстар бағасына бақылау жасауға тырысса, ол өдірушінің қызмет тәртібін өзгертеді және өндірістік бағдарламасын қайта құруға, инвестицияны қаржыландыруға жаңа көдерін пайдалануға мәжбірлейді және т.б.
Алайда, кейбір ұқсастыққа қаоамастан, эеономикалық және әкімшілік әдістер, дегенмен өзінің әсері бойынша қарама-қайшы болып табылады. Әкімшілік реттеуші таңдау еркіндігін елеулі шектейді. Экономикалық керсінше, экономикалық қатнастарға қатысушылар үшін қосымша ынталандыру жасап, оны кеңейтуі мүмкін.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері екі негізгі нысанда көрінеді: кредиттік және бюжеттік-салықтық. Бұл нысандардың өз бетінше мәні бар, оның әрқайсысы өзіндік құралдар иеленеді.
Кредиттік-қаржылық саясаттың басты құралдары міндетті резервтердің мөлшері, банкаралық кредит мөлшері, бағалы қағаздар рыногында Орталық банктің мемлекеттік облигацияларымен операциялар болып табылады.
Бюжет-салық саясатының жан-жақты және қолданбалы құралы салық жеңілдіктері болып табылады. Салықтық реттеуге мемлекеттік шығындар мен мемлекеттік борыштарды басқару әдістері (пайыз мөлшері мен облегацияны шығару мерзімі) қосылады.
Экономикалық әдістер нарық экономикасының қарқынды дамуы мен тиімді қызмет тәртібі қолданумен байланысты, шешуші міндеттерді шешу үшін қолданылады. Мұндай міндеттерге кезеңге қарсы, құрылымдық реттеу, аймақтық саясатты жүзеге асыру; экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ету; елдің сыртқы экономикалық қызметін дамыту жатады.
Кредит-қаржы саясатының құралдарын пайдалану мемлекетке инфляцияға қарсы тұруға, ппайыздық мөлшернемені реттеуге, солар арқылы – инвестициялық үдерісті, өндірісті және жұмыспен қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Сабура Окита былай деп жазған: «Шенеунік даналығы, телефон арқылы немесе ведомстволық нұсқау арқылы экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез келген әс жойылып кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады».
Салық саясаты барлығынан бұрын, табыстарды қайта бөлуді және өндірістің дамуын ынталандыруды ұйымдастыруға бағытталады. Салық қызметтері – қазыналық және экономикалық.
Әкімшілік әдістер бес бағытта қолданылады:
1. Монополиялық рынокты тікелей мемлекеттік бақылау. Рынокты әкімшілік реттеу – қатаң мөлшерлемелі акциздік салықты енгізу, бағаны жоспарлауды қолдану, мемлекеттік монополияға қатысты, рыноктағы үйлесім икемсіз сұраныс тауарларын әкімшілік реттеу.
2. Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Өндірістік және экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүргізу үшін және оларды бақылау үшін қажетті стандарттарды әзірлеу.
4. Тұрғындар өмірінің ең аз шектеулі параметрлерін анықтау және қолдау.
5. Халықаралық экономикалық қатынастар аясандағы ұлттық мүдделері қорғау.
Сөйтіп, осы немесе басқа әдістер қойылған мақсаттарға жету құралы, кері көріністі әсерлерді басатын, өзіндік сипатты өтелім болып табылады, деген қорытынды жасауға болады.
Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.
Болжаудың бірнеше анықтымалырын ұсынамыз:
Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.
Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:
– Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышарты құру;
– Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;
– Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
– Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.
Әлеуметтік-экономикалық болжау объектілері, уақытша интервалдары, атқарым белгілері, тәсілдері және түрлері бойынша жіктеледі.
Бірақ мұндай жіктеу шартты сипатта болады.
Болжамдардың сипаттамасына кеңірек тоқталайық.
Объектілер санатында халық шаруашылығының, салааралық кешендердің , аумақтардың және салалардың алғашқы буындары көрінеді.
Аралықтары бойынша болжаулар жедед (ай, тоқсан) , қысқа мерзімді (1-3 жыл) , орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болу мүмкін.
Атқарымдық қызметтері бойынша-іздестіру және нормативтік.
Бұл болжаулардың арасындағы айырмашалық, олар екі түрлі мәселелерді шешуіне байланысты қорытындыланады. Іздестіру болжамдары мемлекеттік ықпал етудің ешқандай шарасы қабылданбаса, не болады және егер өткен және бүгінгі көрсеткіштерді үдерісі келешекте тараса не болады?» деген келешек деген сұрақтарға жауап береді.
Нормативтік болжам: « Келешекте тапсырылған міндетке жету үшін, осы кезеңде не өзгерту қажет?» деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйтіп, іздестіру болжамына базалық көзқарастың шешуші маңызы болады, ал нормативтік болжам үшін – мақсатты маңызы бар.
Болжау тәсілдерінің арасында сарапшылық, экстрополяциялық және экономикалық-математикалық (модельдеу) түрлерін бөліп алады.
Болжау түрлері: экономикалық (инфляция деңгейі, еңбек өнімділігі), табиғи ресурстардың ( әлемдік мұхиттар ресурстары, энергияның кейбір түрлері және т.б.), демографиялық, әлеуметтік даму (мәдинет, өнер).
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.
Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және стратегиялық болады.
Индикативті жоспарлауға толығырақ тоқталамыз.
Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.
Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып таьылады.
Бақылау мен талқылау сұрақтары
1. ЭМР-дің негізгі құралдарын анықтандар. Оларға сипаттама беріңіздер.
2. Жүйелі-кешенді және бағдарламалақ-мақсатты тәсілдің мәні неде?
3. Стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі немен шартталады?
4. Жанама және тікелей экономикалық реттеуіштер немен ерекшеленеді?
5. Индикативтік жоспарлау директивтік жоспарлаудан немен ерекшеленеді?
6. Шетелдік жоспарлаудың сіздерге белгілі тәжірибесі туралы айтып беріңіздер.