Экономиканы мемлекеттәк реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 14:05, реферат

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Оглавление

1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Файлы: 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.doc

— 241.50 Кб (Скачать)

    Монополияға қарсы саясат шеңберінде екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу.

    Бірінші бағытқа төмендегілер жатады:

     жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету;

     бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату;

     ерекше күрделі жағдайда (бұл көбінесе табиғи монополияға қатысты) баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау (бұл белгілі бір кездері теріс пайдалану туындаған жағдайда);

     бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;

     кішірейту жүргізу.

Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын қарастыра отырып, реттеудің дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі болып табылатынын қадағалау қажет. Белгілі бір тауарлар мен қызметтің барлық рыноктық ұсынысы бір сатушының қолына жинақталған болса және бәсекелестік ортаны құру тиімді болмаса, табиғи монополия орын алады. Көлем нәтижесінің зорлығы сондай, екі немесе бірнеше бәсекелесті фирмаларда пайда болуы мүмкін шығындармен салыстырғанда, өндірістің аз шығыны жағдайында бір фирма ұсынысты толық қанағаттандыруы мүмкін.

    Табиғи монополияның қызметін реттеу жоспарлы экономикадағы тәрізді, қағидалар негізінде жүзеге асады: мемлекеттік басқару органы (Монополияға қарсы комитет) немесе ьағалар бойынша басқарма баға мен тарифтер деңгейін, сондай-ақ, ұсынылатын тауарлар мен қызметтің негізгі сұрыпталымы мен көлемін сипаттайтын параметрін анықтайды.

    Қазіргі заманғы экономикалық ғылым мен заң қабылдауға болады деп есептейтін және сондықтан қуғындамайтын монополияның нысандары болады.

    Бәрінен бұрын, рыноктың төмендегі есебінен елеулі үлесін монополияған фирма жазалануға жатпайды:

–             сирек кездесетін тауарлар

шығару;

–             тиімді маркетингті;

–             бағаға      шығынды   елеулі

төмендетуге          мүмкіндік

беретін  жаңа   технологияны

әзірлеу  мен   игеруде    және

осы  негізде  пайдадан қағыл-

май, тауарларды мүмкіндігін-

ше төмен бағада сату.

   Табиғи  монополияға  бәрінен

бұрын көлік, байланыс, газ-су –

мен   қамтамасыз    ету,    электр

тораптары және әуе тасмалдауы

кәсіпорындары жатады. Табиғи

монополия үшін, өнім бағасы орта шығынға теңелгенде, әдетте, «әділ табыс» белгіленеді. Бірақ мұндай жағдай ережедегідей, монополист-кәсіпорынға шығынды төмендетуге ынталандыруға залал әкеледі.

    Табиғи монополияны мемлекеттік реттеудің мақсаты екі жақты: бір жағынан ол рынокта монополисттік жан-жақты билеуінен бағаны реттеу жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынын, оларды тиімді дамуына жағдайды қамтамасыз етеді.

    Табиғи монополияны реттеу кезінде келесі шаралардың құрамдастыруы қолданылады:

     өнімге белгіленген бағаны бекіту;

     баға өзгерістерінің шектеулі коффициентін бекіту;

     еркін бағаның тәртібін бекіту.

    3-сұрақ. Мемлекет тарапынан тұрақты көңіл аудару мен реттеудің объектісі баға болып табылады.

    Бағалар – тұтынушылардың, өндірушілердің, импорттаушылар – дың және экспорттаушылардың мүддесі тоғысатын, экономикалық және әлеуметтік-саясаи өмірдің сыни нүктесі. Бағаларға ықпал ету ЭМР-дің ғаламдық мақсаттарына, жағдаят және құрлымдық саясат мақсаттарына, инфляцияға қарсы күресте әлемдік рынокта ұлттық бәсекелестік қабілетін күшейтуге және әлеуметтік дағдарысты жұмсартуға қызмет етеді.

    Бағаларды бақылаумен орталық статистикалық басқару органы айналысады. Бағалардың қозғалысын жеке зерттеуді кәсіподақтардың ғылыми-зерттеу орталығы, халаықаралық ұйымдардың тапсытысымен арнаулы комиссия жүргізеді.

    Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер тарапынан бағаны бақылаудың басты мақсаты – еңбекақы мен зейнетақының жыл сайын атаулы көтерілуінің индексін анықтау үшін, өмір сүру құнының өсуін өлшеу, сондай-ақ өндірістің шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне бағаның өсуінің ықпалын анықтау.

    Мемлекет сыртқы саудада бірігу одағына кіріп, есептік мөлшерлемені өзгертіп, салықты құбылтып, ақша шығаруды жүргізіп, сандық және кедендік шектеуді алып немесе енгізіп, бағаға ықпал жасауы мүмкін. Қандай мақсаттарға қызмет етпесін, тәжірибе жүзінде барлық мемлекеттік реттеуші акциялары бағаға жанама ықпал көрсетеді.

    Мемлекеттің араласуы көтерілген өтелім шегерімінің өзіндік құнын қосу арқылы және басқа қорға аудару арқылы өндіріс шығынын өсіруге мемлекеттік органдардың ықпал шара қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Нәтижесінде, тұтас салаларда «шығындар бағаны қысымға алатын» жағдай туындайды, және өндіріс шығындарының есеп айырысуы (шынайы емес) үкіметтің жарияланған жеңілдігі нәтижесінде барлық кәсіпорын салаларында өндіріс шығындары жоғары болатыны сондай, бағаны көтермесе болмайтын жағдай туады. өйткені жеңілдік барлық салаға тарйтындықтан, ішкі салалық бәсеке қолайлы жағдаят жағдайында бағаның өсуі үшін жеткілікті кедергі бола алмайды.

    Бағаның өзгеру үдерісіне тікелей мемлекеттің араласуы акциздік тауар деп аталатындарға, бағаны белгілеудің мемлекеттік саясаты болып табылады.

    Бағаның қалыптасуына мемлекеттік демеу қаржы тікелей ықпал етеді. Бағалық демеу қаржы өндірушіге немесе тұтынушыға  арнаулы төлем беру жолымен бағаны төмендетуді қарастырады. Бағаға тікелей әсер ету және бағаның жетекшілігі тауар мен қызметті тұтынудың мемлекеттік үлесі елеулі салада, мысалы, өнеркәсіптік әскерей саласында, құрлыстың кейбір салалық бөлімдерінде орын алады.

    Үкіметтік органдар, жеке фирмалан белгілі бір тауарлар мен қызметтің түрлерін тұрақты сатып алушы немесе тапсырыс беруші болып, әріптеспен келсімшарт бойынша, кейін сала үшін базалық болып келетін «наөты бағаны» белгілейді.

    Бағаны реттеудің тиімді құралы – қосымша құнға салық болып табылады. Бұл салықты өндіруші тауар мен қызметтің бағасына қосылады және бұл салықтың мөлшерлемесінің саралау өзгерістері тікелей бағаға ықпал етеді.

    ЭМР-дің негізгі бағыттары сыртқы сауда бағасына мемлекеттік ықпал жасау болып табылады. Экспортты мемлекеттік көтермелеу, экспорттаушыларды салықтан босату, кейбір елдерде-экспорттық демеу қаржы, жеңілдетілген көліктік тарифтер мен кредиттер белу әлемдік рынокта бағалық бәсекелестік жағдайында елеулі түрде көрінеді.

    Мемлекеттік шахталарда алынатын, минералдық шикізатқа, мемлекеттік электр станциясынан алынатын электр энергиясына, теміржол және пошта-телеграф тарифтеріне баға тағайындау – мемлекет секторындағы қызметтерге және тауарларға бағаны белгілеу мысалдары.

    Жасанды төмендетілген баға мен тарифтер жеке шаруашылық – тағы өндіріс шығынын азайтуға және жасанды төмендетілген пайдалықтың немесе мемлекеттік меншік объектілерінің аздығы есебінен ұлттық бәсекелестік қабілетті көтеруге мүмкіндік береді.

    Мемлекет секторына бағаны белгілеу немесе оларды көтерілу шегін бекіту – әдетте әкімшілік-шаруашылық реттеудың құралы. Ол сирек қолданылады және ережедегідей, рыноктық шаруашылық жағдайында ұзақ мерзімді, тіпті орта мерзімді аспектіде тиімсіз болып табылады.

   

    Қосымша ақпарат. әлем елдерінде жеткізушінің басым жағдайы анықталатын, түрлі сауда мәні белгіленеді: бұл Германияда бір кәсіпорын үшін ⅓ рыногы, екі немесе үшеуі үшін ¾-тен көбі; Жопонияда- бір кәсіпорын үшін ¾-тен көбі және екі кәсіпорын үшін ¾-тен көбі; Францияда бір кәсіпорын үшін ең төмен деңгей-¼.

 

Бақылау мен талқылау сұрақтары

1.     Мемлекет неге бәсекелестік ортаны құруға белсенді көмек көрсетуі тиіс?

2.     Бағаны мемлекеттік реттеудің тетіктері қандай?

3.     Әлемнің ең атақты монополисі туралы материалдар табыңыздар.

4.     Обдыстың монополияға қарсы комитетінің қызметі туралы материал табыңыздар.

5.     Фирманың жағдайы қандай жағдайда басым деп есептелетінін анықтаңыздар.

Сұрақтарға жауап беру үшін ҚР «Монополиялық қызметтегі бәсекелестік пен шектеуді дамыту туралы» 18.07.06 жылғы Заңының «Рынок субъектісінің басым жағдайы» (монополиялық) бабына сүйеніңіздер. 

 

 

 

5-ТАҚЫРЫП

 

ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

Жоспар.

1.     Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.

2.     Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.

3.     Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.

 

    1-сұрақ. Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы ьолжамды баға ьолатын баяндама ұсынады. Жопонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.

    Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

    Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

    Жоспарлау, болжау және бағдарламалау – бүл ЭМР-дің құралдары.

    Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

    Бағдарламада анықталатындар:

     реттеу мақсаты;

     мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;

     жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;

     экономикалық саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.

    Бағдарламаға ұлттық экономика дамуының ішкі және сыртқы шарттарының төтенше өзгерістері жағдайында реттеудің резервтік нұсқасын жиі қосады.

    Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

    Экономиканы жоспарлау мен болжпуда жүйелі-кешенді және бағдарламалы-мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

    Жүелі-кешенді тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу және тиәмді бақару қағидасы бойынша құрылады.

    ЖКТ-нің мәні жалпы теориялар жүйесінің талаптарымен қортындыланады: әр объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері ретінде қарастырылады (4-сурет).

  

Жүйелі-кешенді   тәсілдеме

 

4-сурет. Жүйелік-кешенді тәсілдеменің мәні

 

    Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.

    Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы тиісті:

1.     Мақсат.

2.     Кешенді тәсіл.

3.     Мекен-жайы.

4.     Орындалу міндеттілігі.

5.     Шараларды жүзеге асыру мерзімі.

6.     ресурстардың негіздері.

   

    Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеменің ерешеліктері:

     бағдарламалық тәсілдеме жүйелі-кешендімен тығыз байланысты, оны көбінесе жеке мәселелерді шешуде кешендіге қосымша ретінде қарастырады;

     бағдарламалау үдерісінде өткізіледі;

     мақсатты кешенді бағдарламаны құрастыру үшін пайдаланылады.

    Бағдарламалық әдіскке талаптар:

     проблемаларды нақты анықтау;

     мақсатты бір жақты қалыптастыру;

     қойылған мақсатқа жету үшін қажетті, ресурстар мен мерзімнің жан-жақты кешенді байланысын қамтамасыз ету.

    Тәсілді өткізу үдерісі:

     мақсатты ғылыми анықтау;

     мақсатқа жету нұсқасын әзірлеу;

     қойылған мақсатта өткізу үшін талап етілетін құрлымның ресурстары мен көлемін анықтау;

     жүйенің қызмет ету моделін әзірлеу;

     бірнеше баламалар арасынан базистік шешімді таңдап алу үшін критерийді табу.

    Біз атап өткендей, экономиканы реттеуде қоғамның экономикалық өмірінде мемлекеттің қатысуы маңызды нысан болып табылады.

    Реттеу – мемлекеттің экономикаға оның қызмет тәртібін қолдауға бағытталған ықпалы.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттәк реттеу