Инфляцияны алдын-алу, шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 15:45, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді. Инфляция мәселесі экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады.

Оглавление

Кіріспе
1. Инфляция негіздері және мәселелері
1.1 Инфляцияның мәні және себептері
1.2 Инфляцияның түрлері, есептеу жолдары
1.3 озық шетелдік тәжірибе
2. Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
2.1 Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары
2.2 Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының шаралары.
Антиинфляциялық саясат
3.Инфляцияны алдын-алу, шешу жолдары .
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

МУСАТАЕВА НУРГУЛЬ КУРСТЫК ЖУМЫС.docx

— 91.99 Кб (Скачать)

        Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

         Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

          Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

           Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

          Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

          Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

           Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың  соңында  табыс  пен  бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент  Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

         Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алынбақ. “Монополистік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады. Индустрия және сауда министрлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.  
Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.  
Сонымен, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Инфляцияны алдын-алу, шешу жолдары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Қорытынды. 

        Информацияның жеке жағдайлары  тарихта орын алғанына қарамастан  инфляция жаңа экономикалық фактор  болып табылады. Инфляция – бұл  көп факторлы үрдіс, және монетаристердің  көзқарасы бойынша инфляция –  таза ақшалай құбылыс. Инфляция  айтарлықтай дәрежеде сол немесе  басқа елдің экономикалық дамуының  нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен  анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған  елерде инфляциялық үрдіс кірістерге  бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен  болатын артық ақшалай эмиссияның  анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған  елдерде айналымда жүрген ақшалай  салмақ орталық банктердің қатаң  бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай  салмақтың айналым арналарының  ернеулеуі болмайды. Қорытындылай келе келесі тұжырымдар жасауға болады:

- Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.

-  Инфляция  ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екіншісі – тауардың жоғарлуы. Инфляцияның бірқалыпты, шоқырақтау, гиперифляция типтері болады. Тең инфляцияда  әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты –өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе  оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын  инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді.

- Инфляцияның  сыртқы себептеріне: сыртқы саудадан түсетін түсімдердің  қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс сельдосы, шикізат пен мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін құрылымдық әлемдік дағдарыстар; Ішкі инфляциялық құбылыс, мысалы, Қазақстандық экспорттың маңызды бабын құрайтын жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-ақ астықтардың едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз коньюнктура. Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз ақшаларының қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға апарады.

- Антиинфляциялық саясаттың ортодоксальды және гетеродоксольды жіктеулері бар.  
 

         Қазақстанда инфляцияның пайда болуына келесі себептер себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік  қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.

Экономикалық  өсімнің антиинфляциялық стратегиясы  инфляцияны реттеуге бағытталған кезең  – кезең бойынша шараларды  өткізуді талап етеді. Инфляцияның  негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші  кезектегі антиинфляциялық шаралар  болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты  кепілдіктер мен инвестициялық  қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша  тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру  және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың  көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды  орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде  қаржыландыру; бюджеттік қаражатты  мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік  бюджеттің орындалуына әлсіз  бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген  салық саясаты қажет «шағын»  бизнесті қолдауға бағытталған шаралар  керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында  барлық шаруашылық байланыстар ақшамен  жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық  саясат ақша эмиссиясын және оның айналым  жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен  реструктуризациялау антиинфляциялық  саясаттың және экономикалық өсу  стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық  стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық  үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру  қажет.

Осылайша  инфляцияның әлсіруіне әлемдік  теория мен практикада жинақталған  қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі  дағдыландыра отырып қол жеткізуге  болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әубәкіров Я. Ә., Байжұмаев Б. Б., Жақвпова Ф. Н., Табеев Т. П. – Экономикалық теория негіздері/ оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.
  2. Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж.
  3. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат/ Алматы: экономика 2002ж
  4. Осипова Г. М. –Экономикалық теория негіздері/ Алматы 2002ж
  5. Сейтқасымов Ғ. С. – Ақша, несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж
  6. Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)
  7. Галерея экономистов(www.economica.ru)
  8. Акежан Қажыгельдин-«Казахстан в условиях реформ»-Брюссель 1996ж
  9. Чепурин М.Н.,Кисилёв Е.А.-«Курс экономияеской теории»-Киров «АСА»-2001ж
  10. Назарбаев Н.Ә.-«Сындарлы он жыл»-Алматы 2001ж

Информация о работе Инфляцияны алдын-алу, шешу жолдары