Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 09:07, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуларға негізделген қарым-қатынас орнатады. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма-қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындармен төлемдік және келісім шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Кәсіпорындар қолма-қол есеп айырысуларды акцептік нысан бойынша, аккредитивтермен, төлемдік тапсырыстар мен, пошталық және телеграфтық аударулармен, вексельдермен, чектермен жүргізіледі.

Оглавление

I Тарау Ағымдағы банк шотындағы теңге және валюталық әрекеттер есебі бойынша шоттар корреспонденциясын құру және осы әрекеттерді есеп тіркегіштерінде бейнелеуін талдау
Кіріспе.....................................................................................................................................3
1.1 Ағымдағы банктік шоттар..................................................................................

Файлы: 1 файл

Еркебулан.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

      Банктік  депозит (салым) шартының негізінде банк: 

    1)    клиенттің жинақ шотындағы оған  тиесілі ақшаның (депозиттің/ салымның) болуын қамтамасыз етеді; 

    2)    клиенттің аталған  банктік   шотындағы ақша қаражатын пайдаланады; 

    3)    клиенттен немесе үшінші тұлғадан  клиенттің жинақ  шотына  қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен ақша қабылдайды; 

    4)    клиенттің ақша қаражатын өз  мүддесіне орай пайдаоанғаны  үшін оған осы шартта көзделге  тәртіппен және айқындалған мөлшерде  сыйақы төлейді; 

    5)    клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды. 

      Банктік  карт-шот шарты негізінде  банк: 

    1)    клиенттің шоттағы ақшасының  ұдайы болуын қамтамасыз етеді; 

    2)    клиенттің атына (пайдасына) түсетін  ақшаны осы  шотқа  есептейді; 

    3)    шартта көзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді; 

    4)    заңнамалық актілерде немесе  аталған шартта көзделген негіздерге  орай шоттағы клиент ақшасының  өздеріне тиесілі сомасын алып  қою жөніндегі үшінші тұлғалардың  өкімін орындайды; 

    5)    заңнамалық актілерде немесе  шартта айқындалған тәртіппен  клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды; 

    6)    клиенттің төлемдік карточкасын  пайдалана отырып оған қолма-қол  ақша береді. 

    Коммерциялық  банкті алғашқы рет құру және оның жарғылық қорын қалыптастыру барысында  Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған  корреспонденттік  шот , сондай-ақ басқа коммерциялық банкпен (банктермен) өзара жасалған корреспонденттік  шот  шарты негізінде көбінесе есеп айырысу, банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік  шотқа  есептеу, корреспонденттік  шотты  кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік  шот  арқылы жүргізілуге тиіс  банктік  операцияларды жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік банк пен респондет банктің (керісінше респондент банк пен корреспондент банктің)  банктік  операциялық қызметі болып табылады. 

    Корреспондент банктің респондет банкке ашатын корреспонденттік  шоты  “ЛОРО”, ал респондент банкте “НОСТРО” деп  аталады.  

    Банк  клиенттері заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің корреспонденттік  шоттарын  есепке алмағанда басқа  банктік   шоттары  бойынша тиісті операцияларды тоқтата тұру: 

    1)    салық есептілігін табыс ету  мерзімі аяқталғаннан кейінгі  он жұмыс күні ішінде салық  төлеуші өзіне қатысты салық  есептілігін табыс етпеген болса; 

    2)    салық төлеуші өзіне тиесілі  салық берешегін өтемеген жағдайда; 

    3)    салық салу объектілері мен  салық салуға байланысты объектілерді  салықтық тексеруге, қарауға жол  бермеген жағдайда заңнамалық  актілерде белгіленген тәртіппен  жүргізіледі. 

    Банк  клиенті салық төлеушінің (заңды  тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің)  банктік   шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол (өкім) банкке табыс етілген күннен бастап күшіне енеді. 

    Осы өкім банктер тұрғысынан сөзсіз орындауға  тиіс.  

    Осындай өкімді шығарған салық органы  банктік   шоттар  бойынша шығыс операцияларын  тоқтата тұру себебі жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның (өкімнің) күшін жояды.  

    Клиенттің  банктік   шоттары  бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тек салық берешегін өтеу жөніндегі операцияларға ғана емес сонымен бірге оның барлық шығыс операцияларына да қолданылады. 

    Тиісті  заңнамаларда немесе  банктік  шартта нақтылы мән-жайлар көзделмеген  болса, клиенттің өтініші бойынша  банктік   шот  шарты кез келген уақытта бұзылады. 

      Банктік   шот  шартын тоқтату  негіздері ретінде: 

    1)     банктік   шот  шартын бұзу  және  шотты  жабу туралы  клиенттің жазбаша өтініші; 

    2)    банк клиенті заңды тұлғаны  құрған органның шешімі; 

    3)     банктік   шот  шартының бір  тарапы болып табылатын заңды  тұлғаның таратылуы; 

    4)     банктік  қызмет сипатының  өзгеруіне орай шарт бойынша   шотқа  қатысты нақты бір  белгінің жойылуы көрініс табады. 

    Заңды тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына немесе заңды тұлғаның  шотында  бір жылдан астам, ал жеке тұлғаның  шотында  үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы  шотқа  қойылған талаптардың орныдалмауы орын алған кезде  банктік   шотты  жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты  шотты  жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған (клиент орындамаған не орындай алмаған) талаптар болған кезде  ағымдағы   банктік   шотты  жабуға тыйым салынады. 

    Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның  банктік  шоты  жабылғаннан кейін банк он күндік мерзімде осындай мән-жай туралы тиісті салық қызметі органдарына жазбаша түрде хабарлауға міндетті. 

    Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекеменің  банктік   шотын  банк Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі осы мемлекеттік мекеменің  банктік   шотын  ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады. 

      

    Валюталық  жүйе және оның түрлері 

    Халықаралық  валюталық  қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен  өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. 

      Валюталық  қатынастардың жекелеген  элементгері ерте Грецияда және  Ертедегі Римде вексель түрінде  пайда болған. Келесі даму кезеңіне  Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті. 

    Халықаралық  валюталық  қатынастар халықаралық  экономикалық қатынастарды жалғастырады.  Валюталық  қатынастардың жағдайы  ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы  валюталық  қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді. 

    Капиталдың  шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде  ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай  капиталының бір белігі шетел  валютасына айналады неме- се керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады. 

    Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл  валюталық  қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. 

    Халықаралық  валюталық  қатынастар тұрақсыздығы мен  валюталық  дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді. 

    Шаруашылық  байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық  валюталық  қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады. 

      Валюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны. 

      Валюталық  жүйелер үш түрге  бөлінеді:

    Ұлттық  валюталық  жүйе;

    Дуниежүзілік  валюталық  жүйе;

    Аймақтық  немесе мемлекетаралық  валюталық  жүйе. 

    Тарихта, ұлттық  валюталық  жүйе ең бірінші  қалыптаскан. 

    Ұлттық  валюталық  жүйе—халықаралық төлем  айналымын жүзеге асыратын, ұдайы  өндіріс үдерісіне қажетті  валюталық  ресурсты құрайтын және оны пайдалануға  көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. 

    Ұлттық  валюталық  жүйе - елдің ақша жүйесінің  бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің  құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. 

    Ұлттық  валюталық  жүйе дүниежүзілік  валюталық  жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік  валюталық  жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған. 

    Дүниежузілік  валюталық  жүйе — бұл халықаралық  несие-қаржы институттары мен  валюталық  құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды. 

    Дүниежүзілік  валюталық  жүйелердің қызмет ету  сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының  сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы  қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді. 

    Ұлттық  және дүниежүзілік валюталык жүйелер  арасындағы байланыс пен айырмашылықтары  олардың негізгі элементтерінен көрінеді. 
 
 

    Валюталық  реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi  

          1.  Валюталық  реттеудiң мақсаты  тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң саясатына жәрдемдесу болып табылады.  

           2.  Валюталық  реттеудiң мiндеттерi:  

           1) Қазақстан Республикасында   валюталық  құндылықтардың айналысының  тәртiбiн белгiлеу;  

           2) Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк  экономикаға одан әрi кiрiгуi үшiн  жағдайлар жасау;  

           3)  валюталық  операциялар мен  капитал легi жөнiндегi ақпараттық  базаны қамтамасыз ету болып  табылады.  

          5-бап.  Валюталық  реттеу органдары  

          1. Қазақстан Республикасында   валюталық  реттеудiң негiзгi органы  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi болып табылады.

           2. Қазақстан Республикасының Үкiметi  және өзге де мемлекеттiк органдар  валюталық  реттеудi өз құзыретi  шегiнде жүзеге асырады.

           3. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi және Қазақстан Республикасының  Үкiметi осы Заңға сәйкес өз  құзыретi шегiнде резиденттер  мен резидент еместер үшiн мiндеттi  нормативтiк құқықтық актiлер  шығарады.

            Валюталық  реттеу органдары әзiрлеген  валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.

           4. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi  валюталық  реттеудiң  негiзгi органы ретiнде:

           1) шетел валютасымен айырбастау  операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн  және оған қойылатын талаптарды;

           2) резиденттер мен резидент еместердiң   валюталық  операцияларды жүзеге  асыру тәртiбiн, соның iшiнде   валюталық  реттеу режимдерiн:

           РҚАО-ның ескертпесi!

          2) тармақшаның екiншi абзацы 2006.12.31 дейiн  қолданылады.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп