Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 11:14, реферат
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Толығымен
амортизацияланған негізгі
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан
басқа, мына төмендегі негізгі құралдар
бойынша амортизация
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі
құралдардың амортизациясы
-құнын
бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен
есептеп шығару;
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды
( немесе пара-пар) етіп есептен шығару
(өндірістік әдіс);
-жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту жолыменесептен шығару;
-құнын
сандардың жиынтығы бойынша (
Негізгі құралдардың түрлері бойынша
амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері
пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың
бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.
Таңдап
алған амортизацияны есептеу
әдісі субъектінің есептік
Ал бюджеттік
мекемелер бойынша тозудың
Дүйсембаева
К.Ш. «Бухгалтерлік есеп» оқу
Негізгі
құралдардың моральдық тозуы
техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің
жетілуі және жаңаруымен байланысты.
Техника және технологияны жетілдіру
қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты
өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады.
Соған байланысты пайдаланудағы негізгі
құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып,
құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым
жетілген және үнемді машина, жабдық, үй
мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың
тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің
түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған,
неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы
мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды
одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін
көрсетіп берді.
Негізгі құралды моральды тоздыратын
факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың
жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым
өнімделуіне ауыстырады);
2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа
технология кезінде қолданыстағы машиналар
мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылатын өнім номенклатурасының
жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар
мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен
жабдықтардың санын азайтуда субъектіден
талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың
азаюы;
5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің
еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық
орналасуындағы өзгерістер.
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын
машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды
талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің
өңдеуші салаларындағы шикізат
құрамының жиынтығындағы
Амортизация – бұл тозудың құндық
белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық
құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен
өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке
ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын
амортизациялық аударымдар арнайы ақша
қаражаттарын пайдалану немесе негізгі
қорлардың (негізгі құралдың) жай және
кеңейтілген өндірісіне айналдырудың
объективтік процесі.
Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы
құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық.
Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы
бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің
соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық
құны ретінде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация
нормалары бойынша жасалады.
Амортизация нормасы – бұл амортизциялық
аударымдардың жылдық сомасының негізгі
құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық
мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді.
Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік
мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі
құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық
тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының
техникалық-құрылымдық және материалдық
- заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы
негізгі құралдың (әсіресе машиналардың,
жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы
еңбек құралдарының моральдық тозуына
байланысты анықталады.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының
амортизациялық аударымының нормасы 1
000км жүрістің баланстық құнына процентпен
белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы
амортизациялық аудырымдардың мөлшерін
анықтау негізгі құралдар құрамының өткен
айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ
негізгі құралдардың толық амортизациясына
нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына
байланысты белгіленген нормаларға түзетілген
амортизация нормасына қарай жүргізіледі.
Қайтадан пайдалануға берілген негізгі
құралдар бойынша амортизация есептеу
енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен басталады. Шығарылған негізгі
құралдар бойынша амортизация есептеу
шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан
құру мен техникалық қайта жарақтандыру
бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса
және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация
есептеу жүргізілмейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша
амортизация есептеуді жалдау шартының
нысанына және шарттың талаптарына сәйкес
жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.
Амортизациялық аударымдар әрбір есепті
кезеңде негізгі құралдар әрбір түріне
жұмсалған шығындар ретінде танылады.
Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға
рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің
субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен
анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне
қарай қолданылуға тиіс.
Т.Ә. Әбдіқалықовтың «Аудит және бухгалтерлік
есеп» атты еңбегінде негізгі құралдың
( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер,
т.б.) өндіріс процесінде пайдаланылған
кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты
құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп
шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге
біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс
«амортизация» - деп аталады. Амортизация
сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу»
- деген мағынаны білдіреді. Амортизация
белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік
құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық
аударым деп атайды. Амортизациялық аударым
әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал
өнім сатылған кезде қайтарып отырады,
яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты
құнының кемуі амортизациялық аударым
жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз
негізгі құралдардың бастапқы құнынан
белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп
шығарған бір жылдық амортизациялық аударым
сомасы.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға
ай бойы есептелген амортизациялық аударым
сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген
жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің
өзіндік құнына қосылады. Маусыммен жұмыс
істейтін шаруашылық субъектілерінде
негізгі құралдарға жыл бойы есептелген
амортизациялық аударым сомасы жыл соңында
субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері
мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік
құнына кіргізіледі.
Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп
түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға
амортизациялық аударым келесі айдың
бірінен бастап есептеледі. Ал субъектінің
баласынан есептен шығарылған негізгі
құралдарға келесі айдың бірінен бастап
амортизациялық аударым есептелмейді.
Бухгалтерлік есептің №16 ХҚЕС «Негізгі
құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке
алу» - деп аталатын стандартында негізгі
құралдарға амортизациялық аударым есептеу
үшін мынадай әдістер бекітілген:
1. құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп
шығару әдісі.
2. құнды орындалған жұмыстың (өндірілген
өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен
шығару әдісі (өндірістік әдіс)
3. жылдамдатып есептен шығару әдістері
а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі
б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен
шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға
таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің
есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп
беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне
дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер
негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық
аударым есептеудің әдісі өзгертілген
жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен
болғаны қаржылық есептемеде айтылып
көрсетілуі керек.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында
сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу
қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер
мен жабдықтар объектісін пайдаланудан
алынатын болашақ экономикалық пайдалардың
ұлғаюына тікелей байланысты болмаса
да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан
алынатын болашақ экономикалық пайдаларды
ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін.
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың
осындай активтері активтер ретінде танылуы
мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып
алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан
тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ
экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз
етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті
химиялық заттарды өндіру немесе сақтау
кезінде экологиялық нормалардың сақталуын
қамтамасыз ететін жаңа технологиялар
енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды
жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив
ретінде танылады, себебі компания оларсыз
химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай
бола тұрса да, ондай активтің және осыған
байланысты активтердің баланстық құнының
жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы»
IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану
мәніне байланысты тексерілуге тиіс.
Келесі шығындар айтылған тану принципіне
сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер
мен жабдықтар объектісінің баланстық
құнында осы объектіге күнделікті қызмет
көрсетуге арналған шығындарды танымайды.
Оның орнына, ондай шығындар пайдалар
мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда
танылады. Күнделікті қызмет көрсетуге
арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне
және шығыс материалдарына жұмсалған
шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы
бөліктер сатып алуға шығатын шығындарды
қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты
көп жағдайларда жылжымайтын мүлік, үйлер
мен жабдықтар объектісін «жөндеу және
ағымдағы қызмет көрсету» ретінде көрсетіледі.
Қ.К Кеулімжаевтың., Н.А. Құдайбергеновтың
«Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері»
атты оқулығында былай деп жазылған: Негізгі
құралдардың өндіріс үрдісінде бірте-бірте
тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын
жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен
кейін пайдалануға жарамай қалады да,
бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар
аустырып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын табиғи және
сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі
құралдардың табиғи тозу олардың материалдық
жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс
істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың
жеке бөліктерінің қажалып мүжілуі, үйлер
мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай
дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи
тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылмағандығына
ғана байданысты емес, оған сонымен қатар
басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне
байланысты. Яғни негізгі құралдардың
табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың
ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа
да факторлардың әсер етуі нәтижесінде
болып табылада.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың
толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып,
өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы,
яғни активтердің ғылым мен техниканың
дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес
келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,
негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың
табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы
деп те айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының
бірінші себебі - өндіріс салаларында
ғылыми-техникалық прогреске байланысты
еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады.
Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі
бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және
тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт
азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді.
Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне
байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың,
яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын
сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың
бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай
жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған
машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының
тағы да басқа негізгі құралдарының орнына
жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды
сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі
құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес,
негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі
бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен
сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта
бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте
және есеп беруде көрініс табады.Оның
барысында негізгі құрал-жабдықтардың
нақты бары және құрылымы, олардың нақты
қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі
туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі
құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға
өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін
анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын
тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар
жағдайында ете маңызды болып табылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау
техникалық прогрестің дамуын есепке
ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға
негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы
өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды
жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау
мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы)
жағдайында негізгі құралдарды қайта
бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды
реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың
және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация
үлесін реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды
өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей
комиссия құрылады. Негізгі құралдарды
қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік
түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта
бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы)
құны негізгі мәлімет болып табылады.
Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне
және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан
барлық кәсіпорындарда жылына бір рет
негізгі құралдардың жыл басындағы күйі
бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз
меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі.
Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы
құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс
та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік
өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме
бағасына белгіленген салалық индекстер
бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру
коэффиценттері бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы
бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі
тағайындайды.
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің
дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында
шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде
бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге
түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік
қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын
стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші
субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу
жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.
Негізгі құралдар түгендеудің негізгі
міндеті болып табылатындар:
1. Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса
алғанда, негізгі құралдар нақты қолда
барын анықтау;
2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп
деректерімен салыстыру арқылы негізгі
құралдар сақталуын бақылау;
3. Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың
және басқа себептердің салдарынан бұдан
әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар
объектілерін анықтау;
4. Машиналарды,механнизмдерді,
Түгендеуді:
Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас
бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан
кешіктерместен,
Ø Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін
төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық
субъектісі жүргізген кезде түгендейді;
Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу
жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды
жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет
қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды
және басқа жылжымайтын объектілерді
3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа
пайдаланатын малды тоқсан сайын және
жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың
31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.
Қорытынды
Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі
негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі
құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу
немесе жедел басқару құқығымен субъектіге
қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін
айқындайды.
Активті амортизациялау, ол пайдалану
үшін қол жететіндей болған кезде, яғни
актив орналасқан жер мен оның жай-күйі
ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны
пайдалануды қамтамасыз ететін кезде
басталады. Активті амортизациялау мына
екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады:
5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған
ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған
деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні
және аталған активті тану тоқтатылған
күн.
Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс
істейтін материалдық - заттық құндылықтар
ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар,
жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар,
өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа
пайдаланылатын жөне өнім беретін мал
және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға
арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға
немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай
бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар
деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте
осы бағамен көрінеді және субьект балансында
көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ
уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында
пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады
және өзінің қасиеті мен түрін сақтай
отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан
өндірілген өнімге аударады
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына
пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай
отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан
жасалған өнімге біртіндеп көшіреді
Айналым құралдары бір ғана өндірістік
процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан
жасалған өнімге толықтай көшіріледі.
Негізгі құралдар ғылыми негізделген
жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін
маңызды шарт болып табылады
Еңбек заттары адам еңбек процесіеде еңбек
құралдарының көмегімен әсер ететін заттар.
Олар бір рет қана қатысады, толығымен
тұтынылады және өзідернің құнын өнім
құнына көшіредіБосалқы бөлшектер немесе
сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар
ретінде ескеріледі және пайдада немесе
залалда оның пайдаланылуына қарай танылады.
Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік
жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен
астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса,
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
ретінде сыныпталады.