Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 18:32, реферат

Краткое описание

Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.

Оглавление

I КІРІСПЕ
1.1 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары
2.2 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері

III ҚОРЫТЫНДЫ

Файлы: 1 файл

банк ісі СРСП.docx

— 40.55 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

 

I КІРІСПЕ

1.1 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1  Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары

2.2 Банктік заннама: мәні-маңызы  және банктік қызметті ұйымдастыру  және реттеу: қазіргі заманғы  үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері

 

III ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАНКТЕР ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері және олардың  құрылу тәртібі

     Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру.  Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.

Банк дегеніміз – Қазақстан  Республикасының 31.08.1995 ж. (10.07.2003 ж толығымен) «Банк және банкілік қызмет туралы»  Заңы банкілік қызметті іске асыратын коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып  табылады. Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып  табылады. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы.бұл заңға 2010.15.07.  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңы

2013.21.06. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

1.1 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары

 

ҚР АК-ң 38-тарауында банктік  қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осьшайша, банктік қызмет көрсету шарты, жалпы  ереже бойынша, консенсуалды және ақылы  шарт болып табылады.

Біздің заңнама банктік  қызмет көрсетуге қатысты жалпы  нормаларды бекіте отырып алға қарай  кезекті қадам жасады және осы  бағытта ол кейбір көршілес мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының алдында  келеді. Мысалы, мұндай нормалар Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясының Азаматтық кодекстерінде жоқ. Болашақта аралас шарттардың жекелеген топтарын қалыптастыру кезінде әрқашан да олардың өздеріне тән белгілерін ажырата отырып, жалпы түрде азаматтық заңнамада бекіткен орынды болады. Бұл жалпы құқықтық реттеу сапасына да оңды әсер етеді.[2]

ҚР Азаматтық кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді:

1) Банктік шот шарты; 

2) ақша аудару шарты; 

3) банк салымы шарты,  ол негізінен несиелік қатынастарды  қамтамасыз ететін болғандықтан  жоғарыда қарастырылып өткен; 

4) заңнамамен немесе тараптар  келісімімен көзделген өзге де  шарт түрлері. 

Өз қаражаттарына меншік құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін  клиенттің кедергісіз жүзеге асыру  кепілдігін құрған жағдайда банк шоттағы  ақшаны пайдалана алады және төлем айналымына жәрдемдесетін шарттарды жүзеге асыру барысында несиелік сипаттағы қатынастар пайда болады.

Есеп айырысу қызметтерін  көрсету бойынша шарттарға төлем  тапсырыстарымен есеп айырысу шартын, тек шартын, аккредитивтермен есеп айырысу шартын, төлем тапсырыстарымен, талаптар мен инкассалық бөліктермен  есеп айырысу жүзеге асатын қарыздыңталаптарды инкассациялау шартын жатқызу қажет. Бұл топқа банк аралық есеп айырысумен байланысты шарттар да жатады: корреспонденттік қатынастар орнату туралы шарт, клирингтік төлемдерде есеп айырысу шарты.

Банктік шоттармен байланысты шарттардан басқа, төлем айналымына жәрдемдесу бойынша банктік шарттарға  металдық шоттарды жүргізу кезінде  бекітілетін металлдық шот шартын жатқызу қажет. Оның мәнісі -сақталатын құндылықтардың құнын клиенттік  есепке алудан көрінеді. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығында клирингтік операциядан  көрінеді.

Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында  клирингтік операцияларды жүзеге асырумен байланысты шарттарды да еске салған жөн.

Аталған шарттардың кейбіреулерін  кейінірек қарастырамыз. Төлем айналымына әсер ететін банкті қызмет көрсету  туралы жалпы ережелер біздің курс заңнама құрылымына негізделетіндіктен қарастырылады. Осы орайда банк пен  клеинттің әрекеттестігі жүзеге асырылатын түпкілікті мәселелерді  айқындау орынды болып табылады.

Азаматтық-құқықтық және есеп айырысу көзделген өзге де қатынастардың  әртүрлі субъектілері арасында есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік  туғыза отырып, банктер банктік қызмет көрсету туралы шарттар бекітілген тұлғалардың мүдделерін сақтауға тиіс. Банктер клиенттердің шарттарындағы  ақша қаражаттарына иелік етуді  тек қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік заңнаманың нормаларына сәйкес сот шешімі, тергеу, анықтау органдарының және сот шешімдерін атқаратын органдардың қаулылары  бойынша ғана шектей алады. Ақша қаражаттарына  иелік етуге тыйым салуды шектеу мерзімдері қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік заңнамамен көзделген мерзімдерден аспауға  тиіс. Тергеу мен анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде  белгіленген тәртіппен сотқа  шағым жасалуы мүмкін.

Заңды тұлғалар мен азаматтардың ақша қаражаттарын олардың келісімінсіз алып қоюға тек соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе шешімнің немесе сот бұйрығының негізінде ғана жол  беріледі.

Банк қандай да бір негіздер бойынша ақша қаражаттарьгн аудара отырып, төлеу жөніндегі барлық талаптарды қанағаттандыру үшін клиенттердің шоттарындағы қаражаттардың жеткілікгігін ескеруге міндетті. Клиенттің немесе өзге тұлғалардың  төлеу жөніндегі өкімдерін атқара отырып, банк олардың келу кезектілігін (күнтізбелік кезектілігін) басшылыққа алады. Клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған кезекті талапты қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заң  актілерінде көзделген жағдайларды  қоспағанда, банк аталған талапты  қанағаттандыруға жеткілікті соманы клиенттің  пайдасына түсетін ақша есебінен жинақтайды. Егер клиентке бірнеше  талап қойылса, банк оларды қанағаттандырудың  тиісті кезектілігін сақтайды. Бұл  жағдайда банктік есеп айырысуды реттейтін нормалар заңды тұлғалар мүмкін, олар таратылған кезде, өндіруге жүгіну кезектілігін белгілейтін Азаматтық кодекстің жалпы бөлімнің нормаларына сәйкестендірілген.

Бірінші кезекте адам өмірі  мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша  ақша алу жүзеге асырылады.

Екінші кезекте еңбек  шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адамдармен демалыс жәрдемақылары мен еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт жөніндегі  сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу  үшін ақша алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі.

Үшінші кезекте клиенттің  бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша  ақша алу жүргізіледі.

Төртінші кезекте басқа  да ақшалай талаптарды қанағаттандыру көзделген атқарушы құжаттар бойынша  ақша беру жүргізіледі.

Бесінші кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі. Осылайша атқарушылық  күші бар құжаттарға негізделген  талаптарға азаматтық-құқықтық міндеттемелер  бойынша несие берушілерден және клиенттердің өздерінен шыгатын  төлеу туралы өкімдер алдында  басымдық берілген.

Бір кезектілікке жататын  талаптар бойынша ақша алу атқарушы құжаттардың (төлеу туралы өзге де өкімдердің) түсу уақыты бойынша кезектілікпен  жүзеге асырылады.

Клиент болып табылатын  заңды тұлға тараған кезде  кредит берушілердің талабын қанағаттандыру ҚР АК-ң 51-бабында тікелей көзделген  кезектілікпен жүргізіледі (ҚР АК-ң 742-6 Зт.).

Банк құпиясын жария етпеуге  банк кепілдік береді. Банк құпиясы - бұл  банк депозиторлары, клиенттері мен  корреспондеттері шоттарының бар-жоғы, олардың иелері мен нөмірлері  туралы, сол шоттар мен банктің  өз шоттарындағы ақшалай қаражаттың қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын  жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ клиенттердің банктің сейф жәшіктерінде шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің бар - жоғы, олардың  иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтердің  қатаң құпиялығының режимі. Тарату процесіндегі банкпен берілген несиелер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

Банк құпиясын құрайтын міндеттерді  беру тәртібі, сондай-ақ олар берілуі  мүмкін субъектілер аясы Қазақстан  Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  банктер мен банк қызметі туралы" Заңының 50-бабына сәйкес анықталады.

Банктік қызмет көрсетудің кейбір түрлерін банктік қызметтің  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізуге құқылы, мысалы олар клиринг операцияларын жүргізе  алады. Осындай ұйымдармен банктік  қызметтердің жекелеген түрлерін көрсету  Азаматтық кодекспен және банктік  заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

Азаматтық кодекстің 746-бабында  банктік қызмет көрсету бойынша  барлық жекелеген шарттар үшін маңызды  болатын шартты тиісті түрде атқармағаны  үшін жауапкершілік туралы норма  көзделген. Ол банк жауапкершілігіне қатысты. Банк клиенттің шотына оның атына түскен ақшаны дер кезінде қабылдамаса, не оларды шоттан заңсыз алып тастаса, сондай-ақ клиенттің шоттан ақшаны аудару туралы, не шоттан беру туралы нұсқауларын тиісті түрде орындамаса немесе мүлдем орындамаса, банк әрбір кешіктірілгені күн үшін осы сомалардың 0,5 пайызын төлеуге және пайыздармен жабылмаған шығын бөлігін өтеуге міндетті.

Клиенттің жауапкершілігі азаматтық  құқықтағы жауапкершілік туралы жалпы ережелерге, арнайы заңнамаға, сондай-ақ нақты шарттық нормаларға сәйкес анықталатын болады.

 

2.1  Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық

нормалары

 

Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік  қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын  тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің  мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.

Қазіргі уақытта банктік  қызмет коғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі  мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты  нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық  белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге  ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік  қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік  экономикалық-қаржылык мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын  банктік операциялар мен мәмілелер  ретінде көрініс тауып отыр.

Бүгінде қоғам мен мемлекеттің  экономикалык-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуді кездей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан  Республикасының тұрғын-үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттін  бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығының ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік  операцияларды жүзеге асырады. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды  және қолма қол ақша айналысын  ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті  қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі  құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде  түрлі валюталық операциялар  жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін  тиісті заңнамалық актілер, занға тәуелді  нормативтік құқықтық актілер мен  лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар  және өзге де қаржылық инструменттер  жатады.

Банктік операциялар мен  мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер  негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, зан жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға — банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.

Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конституциялық, қаржылык, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік — рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау  банктік қызметтің мызғымас әрі  маңызды атрибуты ретінде танылады.

Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан  Республикасының қаржы рыногы мен  қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі Агенттігі құзыретінің  ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.

Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік  маңызы басым және жекеше — корпоративтік  экономикалық-қаржылық мүдделер мен  қажеттіліктерді қамтамасыз етуге  бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік  және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (тиімді пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген  операциялар мен мәмілелерді  заңдық немесе лицензиялық негізде  жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға  байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

Информация о работе Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары