Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:39, реферат

Краткое описание

Электр энергиясы нарығындағы ойындардың түсінікті және болжауға болатын ережелерін әзірлеу керек. Инвестор өзінің келешегін 10-15 жыл бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден, энергетикалық жобалардың өтелімділігінің үлкен мерзімдерімен байланысты.

Оглавление

Кіріспе

1. Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы

1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»

1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1.3. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Электроэнергия.docx

— 45.15 Кб (Скачать)
="text-align:justify">2009 жылдың 9 айындағы минералдық-шикізат кешеніне салынған инвестицияның көлемі 14,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді орындау мониторингін өткізген кезде құзыретті және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі өзекті мәселе болып табылады. Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушылар мен құзырлы мемлекеттік органдардың арасында жедел ақпарат алмасу қажеттігі сезіліп отыр.

Жер қойнауы туралы қазіргі заңнаманы жүйеге келтіру бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Электр энергетикасы. 2008 жылы электр энергиясын өндіру 2007 жылмен салыстырғанда 4,8 %-ға өсті және 80,0 млрд. кВтс. құрады. Электр энергиясын тұтыну 80,6 млрд. кВтс. құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5 % жоғары.

2009 жылы электр энергиясының күтілетін өндірісі 78,72 млрд. кВтс құрайды.

Қазақстан Республикасының  бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (БЭЖ) Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қосарлас режимде орнықты жұмыс істейді.

Елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша электр энергетикасы саласының стратегиялық міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө өкімімен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

2015 жылға дейінгі электр тұтыну мен электр жүктемесінің деңгейлерін болжау негізінде Қазақстан БЭЖ-і оңтүстік аймағының болжалды қуат тапшылығы, электр станцияларындағы іске қосылатын қуаттар анықталды, оңтүстік аймақта (Балқаш ОЭЖ) базалық электр станциясын орналастыру бойынша негіздемелер мен ұсыныстар және одан қуат берудің алдын ала жасалған схемасы дайындалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамытуға қажетті инвестиция есептелді.

Министрдің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 153, № 154 бұйрықтарымен электр энергиясының 2015 жылға дейінгі теңгерімі, қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің тізбесі, сондай-ақ жаңа электр энергетикасы объектілерінің құрылысы бекітілді.

 

1.3. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі.

 

Қауымдастықтың негізгі  міндеті — қызметті үйлестіру  және Қазақстан Республикасының  электр энергетикасы саласын әділ құру мен ортақ мүддесін қорғау.

Қазіргі таңда Қауымдастыққа  кіргендер: өңірлік электр желілік  компаниялар, бас компаниялар, жүйелік  оператор, орталықтандырылған сауда-саттық операторы, негізгі салалық ғылыми-зерттеу  және жобалау институттары, энергетика жабдықтарын шығарушылар, АҚШ Энергетика Қауымдастығы және тағы басқалар.

 ҚЭҚ сала өкілдері  мен мемлекеттік органдар арасындағы  диалогта байланыстырушы рөл  атқарады. Осы мақсатта Қауымдастық  түрлі органдармен Ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойды.

Қазіргі уақытта Қауымдастық  Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерді сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестерінде аккредиттелді. Сонымен қатар ҚЭҚ мемлекеттік органдардың әртүрлі жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Қауымдастыққа қатысушылар «Электр тораптық ережелерді» әзірлеуге қатысты, «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңдарына, сондай-ақ салаға қатысты бірқатар басқа да нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берді.

ҚЭҚ бастамасымен «Қазақстанның  энергетикасы мен отын ресурстары»  атты салалық журнал қайта шығарылды, саланың негізгі нормативтік  құқықтық актілері жарияланатын және Қауымдастықтың ағымдағы тыныс-тіршілігі  туралы жазылатын, ақпараттық «Энергетика  бюллетені» шығарыла бастады. Интернетте, ақпараттық сайт құрылды. Саланың еңбеккерлерін ынталандыру мақсатында ҚЭҚ еңбегі сіңген энергетигі, ҚЭҚ құрметті энергетигі, ҚЭҚ ардагер энергетигі атақтары мен ҚЭҚ құрмет қағазы белгіленді.

ҚЭҚ қызметі бағыттарының бірі — бұл семинарлар, конференциялар мен көрмелер өткізу және оларға қатысу. Электр энергетикасы саласының проблемалары мен оны дамыту мәселелері жөнінде  энергетиктердің республикалық  кеңестері өткізіліп тұрады.

ҚЭҚ бастамасымен ӨЭК электр-жөндеу жұмыскерлерінің республикалық  жарыстарын өткізу қайта қолға алынды.

Қауымдастықтың ағымдағы қызметімен атқарушы орган айналысады, оны төраға Оразалинов Ш.Ә. басқарады.

2008 жылы 14 наурызда ҚЭҚ  жанында Қазақстан ардагер энергетиктер  кеңесі құрылды, Нұрпейісов С.С.  кеңестің төрағасы болып табылады, мүшелері-Абдоллаев К.А., Әбітаев  Е.Ә., Дүкенбаев К.Д. және т.б.

 

Қазіргі таңда ҚЭҚ-да мүшеліктің екі түрі бар, бұл-қатысушы мүшелер (дауыс беру құқығымен) және бақылаушы  мүшелер (дауыс беру құқығынсыз).

Қауымдастық мүшелерінің  жалпы жиналысы Қауымдастықтың жоғары басқарушы органы болып табылады. Жалпы Жиналыс Қауымдастықтың үш қатысушы мүшесінен тұрады.

Директорлар кеңесі Қауымдастық  атынан шешім қабылдауға өкілеттігі бар ҚЭҚ бағынышты органы болып  табылады.

 

Қорытынды

 

Республикадағы электр энергиясы  нарығындағы ахуалды толығымен  бәсекелі деп айтуға болмайтындықтан  күрделі деуге болады. Мұның кейбір элементтері бар, бірақ бұл жеткіліксіз.   Есіңізде шығар,  2009 жылы Үкіметтің  қаулысымен электр энергиясына шекті  тариф енгізілген. Барлық өндірушілер  белгілі өлшемдер бойынша 13 топқа  бөлінген. Олар шағын топтарға тармақталып, топ ішінде бәсеке болады деп жоспарланған еді. Іс жүзінде күткендегідей болған жоқ.

Сол кезеңде бұл жалғыз дұрыс шешім болғаны рас, себебі энергия өндірушілер жабдықтардың қайта құрылып, жаңғыруына, дер кезінде  жөнделуіне қажет қаражаты болмаған.

Шекті тарифтер енгізілгенде өндірушілер өздерінің нысандарын жеткілікті  деңгейде ұстауға шаралар  өткізу үшін қаржыны таба алатындай  еркіндік алды. Бірақ жаңа энергия  көздерін салу үшін, бұрыннан барларын түбегейлі жаңғырту және қайта құру үшін бұл қаржылар жетпейді. Мұндай мақсаттар үшін қомақты қаражат салушылар керек.

ҚЭҚ сала өкілдері мен мемлекеттік  органдар арасындағы диалогта байланыстырушы рөл атқарады. Осы мақсатта Қауымдастық  түрлі органдармен Ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойды.

Қазіргі уақытта Қауымдастық  Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерді сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестерінде аккредиттелді. Сонымен  қатар ҚЭҚ мемлекеттік органдардың  әртүрлі жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Қауымдастыққа қатысушылар  «Электр тораптық ережелерді» әзірлеуге  қатысты, «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Бәсекелестік  туралы» ҚР Заңдарына, сондай-ақ салаға қатысты бірқатар басқа да нормативтік  құқықтық және техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берді.

ҚЭҚ бастамасымен «Қазақстанның  энергетикасы мен отын ресурстары»  атты салалық журнал қайта шығарылды, саланың негізгі нормативтік  құқықтық актілері жарияланатын және Қауымдастықтың ағымдағы тыныс-тіршілігі  туралы жазылатын, ақпараттық «Энергетика  бюллетені» шығарыла бастады. Интернетте, ақпараттық сайт құрылды. Саланың еңбеккерлерін  ынталандыру мақсатында ҚЭҚ еңбегі сіңген энергетигі, ҚЭҚ құрметті энергетигі, ҚЭҚ ардагер энергетигі атақтары мен ҚЭҚ құрмет қағазы белгіленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. www.kegoc.kz

2. kaz.kidi.kz

3. kazib.kz


Информация о работе Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы