Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:39, реферат

Краткое описание

Электр энергиясы нарығындағы ойындардың түсінікті және болжауға болатын ережелерін әзірлеу керек. Инвестор өзінің келешегін 10-15 жыл бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден, энергетикалық жобалардың өтелімділігінің үлкен мерзімдерімен байланысты.

Оглавление

Кіріспе

1. Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы

1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»

1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1.3. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Электроэнергия.docx

— 45.15 Кб (Скачать)

Жоспар

 

Кіріспе

 

1. Қазақстан Республиканың  электро энергетика саласы

 

1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»

 

1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған  стратегиялық жоспары

 

1.3. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі.

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Электр энергиясы нарығындағы  ойындардың түсінікті және болжауға болатын ережелерін әзірлеу керек.  Инвестор  өзінің келешегін 10-15 жыл  бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден, энергетикалық жобалардың өтелімділігінің  үлкен мерзімдерімен байланысты. Ол ешкім кіріспейтінін, бағаларды  реттемейтінін білуі керек. Бағаларды  бәсеке  нарық сұраныс пен ұсыныстың  негізінде өзі реттейтініне сенімді  болуы керек, осынысымен ол қосымша  қаражат салуға (инвестиция)  белгі  береді. Қазақстанның энергия нарығында  ахуалды оңдау үшін  әділ бәсеке талаптарын жасау қажет. Әлбетте, бастапқыда белгілі бір дәрежеде күрделі  сәттер болады, бірақ  кейіннен бәрі де тұрлаулы жағдайға келген соң ешқандай тосын ауытқу болмауы тиіс. 

Қазақстанда энергетика қалай  дамымақшы? Бірінші кезекте қандай мәселелерді қарастыру керек? Осынау маңызы зор сауалдардың шешімі табылуымен іс жүзінде ғана емес, теория жүзінде  де жұмыс жасалуда. Елдің қазіргі  заманғы экономика жағдайын талдайтын  ҚР Үкіметінің 2010 жылғы шілдедегі  қаулысына сәйкес құрылған «Қазақстан индустриялық даму институты» Акционерлік  Қоғамы (КИРИ) болып табылады. КИРИ –  бұл ҚР индустриальды-жаңғырту саясаты  саласында сапалы қызмет көрсететін тиімді және кәсіби ғылыми-зерттеу  және консалтинг ұйымы. Оның негізгі  қызметтері: елдің индустриальды-жаңғырту дамуына  ғылыми-әдістемелік жолмен және ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету арқылы жәрдем беру; өнеркәсіп  саясатының мәселелері бойынша шешім  қабылдау үшін  тәжірибелік кепілдемелерді өндіру болып табылады.Институттың  мамандары жобалардың, нормативтік-құқықтық актілердің, бағдарламалық құжаттардың, инвестициялық жобалардың  сараптамалық бағасын береді. Олардың қазіргі  негізгі міндеті  – ГПФИИР жүзеге асуының бағасы мен монинторингі,  ҚР МИНТ салалық бағдарламалары және аймақтардың даму бағдарламаларының  сараптамасы.  Бізбен әңгімелескен «Қазақстан индустриялық даму институты» Акционерлік Қоғамы (КИРИ) вице-министрі Бақытжан Юсупов. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстан Республиканың  электро энергетика саласы

 

1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»

 

Электр қуаты  нарығында бәсекелестік болуы керек»

 

Кеңестер Одағы ыдырағаннан  соң Қазақстан экономикалық құлдилау кезеңінен өтті, мұның артынан жедел экономикалық өсу кезеңі ұласты.   Бұл үрдістер энергетикалық салада да көрініс тапты. Экономика дамыған сайын энергия қорларын өндіру және тұтыну өскені байқалады. Алайда бұл салаға инвестиция түсімі шектеулі қалпында қалып отыр, әсіресе энергетика нысандарын жаңғырту және техникалық қызмет көрсету бөлімдерінде анық білінеді. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету энергетика саласының анағұрлым маңызды мәселесі болып қалуда, өйткені бұл өзі маңызды әлеуметтік мәселе болып та табылады. Қазақстанда энергетика қалай дамымақшы? Бірінші кезекте қандай мәселелерді қарастыру керек? Осынау маңызы зор сауалдардың шешімі табылуымен іс жүзінде ғана емес, теория жүзінде де жұмыс жасалуда. Елдің қазіргі заманғы экономика жағдайын талдайтын ҚР Үкіметінің 2010 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес құрылған «Қазақстан индустриялық даму институты» Акционерлік Қоғамы (КИРИ) болып табылады. КИРИ – бұл ҚР индустриальды-жаңғырту саясаты саласында сапалы қызмет көрсететін тиімді және кәсіби ғылыми-зерттеу және консалтинг ұйымы. Оның негізгі қызметтері: елдің индустриальды-жаңғырту дамуына  ғылыми-әдістемелік жолмен және ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету арқылы жәрдем беру; өнеркәсіп саясатының мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін  тәжірибелік кепілдемелерді өндіру болып табылады.Институттың мамандары жобалардың, нормативтік-құқықтық актілердің, бағдарламалық құжаттардың, инвестициялық жобалардың  сараптамалық бағасын береді. Олардың қазіргі негізгі міндеті  – ГПФИИР жүзеге асуының бағасы мен монинторингі,  ҚР МИНТ салалық бағдарламалары және аймақтардың даму бағдарламаларының сараптамасы.  Бізбен әңгімелескен «Қазақстан индустриялық даму институты» Акционерлік Қоғамы (КИРИ) вице-министрі Бақытжан Юсупов. 

 

– Бақытжан Қадыржанұлы, КИРИ мамандары қазір қандай жұмыстармен шұғылдануда?

 

– Біздің институт қазіргі  сәтте аяғынан қаз тұру, жасақталу  сатысында. Құрылған күннен бері бар  болғаны жарты жыл өтіпті, бұл  аз мерзім. Институттың қасынан электр энергетикасы дамуының Орталығы құрылды. 

Бүгінгі күні Орталықтың мамандары электр энергетикасының былайша айтқанда «ғаламдық мәселелерін» талқылайды: Қазақстандағы электр энергиясы нарығының дамуын; ҚР электр энергиясы мен көрші мемлекеттердің нарықтарының кірігуі; қуатты үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру; жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту; басқа да көптеген мәселелер бар.  Біз индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне келетін жобалардың сараптамаларында көмек көрсетеміз, заң жобаларына ұсыныстар енгізеді, күрделі сәттерде сарапшы ретінде кіріседі, мысалы, электр энергиясы нарығының қызмет атқару мәселелері бойынша. Және біздің пікірімізге энергетика әлеуметі құлақ салады деп айта аламын.  

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған электр энергиясы дамуы саласындағы Салалық Бағдарламалар жобалары бойынша ҚР Заңдарының «Энергияның жаңғыртылатын көздерін қолдау туралы», «Энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігін арттыру туралы» және басқа құжаттарға біз ұсыныс жасағанбыз.

ВЭС бойыша Шелек дәлізі мен Қарағанды қаласындағы 4-ТЭЦ  Балқаш ТЭС құрылысының жобалық  қаржыландыруы бойынша  сарапшылық қортындылары дайындалды. Электр энергиясының баланс, теңгерімдегі нарығы жұмыс  істеуінің Ережесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ,  International BV «Электр энергиясын өндірісінің  қазақстандық бәсекелестік нарығын  дамытудың стратегиялық жоспары» КЕМА есебіне тұжырым берілді.

Қазір,  менің білуімше, біздің энергияның жаңғыртылатын көздерінің  нарығына кіруге инвесторлар – қаражат  салушылар белсенді тілек білдіруде. Бір нәрсе, олар жаңғыртылатын энергия  көздері туралы жаңа Заңның шығуын, қазақстандық нарықта энергетикалық  «ойындардың» ережелері түсінікті  болуын тосып отыр.

Біздің институт жетекші  халықаралық ұйымдармен белсенді түрде  ынтымақтастықта екенін атап өткім  келеді. Атап айтқанда, біздің әріптестеріміз болып Еуропалық Қайта Құру мен Даму банкі, Азия Даму Банкі, ПРООН, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Экономиканың зерттеу институты, Экономика, сауда және индустрияның зерттеу институты (RIETI, Жапония), Халықаралық инвестиция бойынша жапон институты (JOI), Энергетикалық зерттеулердің  корей  институты (KIER) болып табылады.

 

Қазақстандағы қазіргі  заманғы электр энергиясы нарығындағы  жағдайды Сіз қалай бағалайсыз?

 

 –  Республикадағы  электр энергиясы нарығындағы  ахуалды толығымен бәсекелі деп  айтуға болмайтындықтан күрделі  деуге болады. Мұның кейбір элементтері  бар, бірақ бұл жеткіліксіз.   Есіңізде шығар,  2009 жылы Үкіметтің  қаулысымен электр энергиясына  шекті тариф енгізілген. Барлық  өндірушілер белгілі өлшемдер  бойынша 13 топқа бөлінген. Олар  шағын топтарға тармақталып, топ  ішінде бәсеке болады деп жоспарланған  еді. Іс жүзінде күткендегідей  болған жоқ. 

Сол кезеңде бұл жалғыз дұрыс шешім болғаны рас, себебі энергия өндірушілер жабдықтардың қайта құрылып, жаңғыруына, дер кезінде  жөнделуіне қажет қаражаты болмаған.

Шекті тарифтер енгізілгенде өндірушілер өздерінің нысандарын жеткілікті  деңгейде ұстауға шаралар  өткізу үшін қаржыны таба алатындай  еркіндік алды. Бірақ жаңа энергия көздерін салу үшін, бұрыннан барларын түбегейлі жаңғырту және қайта құру үшін бұл қаржылар жетпейді. Мұндай мақсаттар үшін қомақты қаражат салушылар керек.

 

Ел энергетикасына үлкен инвестициялар тарту үшін не істеу керек?

 

Электр энергиясы нарығындағы  ойындардың түсінікті және болжауға болатын ережелерін әзірлеу керек.  Инвестор  өзінің келешегін 10-15 жыл  бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден, энергетикалық жобалардың өтелімділігінің  үлкен мерзімдерімен байланысты. Ол ешкім кіріспейтінін, бағаларды реттемейтінін білуі керек. Бағаларды бәсеке  нарық сұраныс пен ұсыныстың негізінде өзі реттейтініне сенімді болуы керек, осынысымен ол қосымша қаражат салуға (инвестиция)  белгі береді. Қазақстанның энергия нарығында ахуалды оңдау үшін  әділ бәсеке талаптарын жасау қажет. Әлбетте, бастапқыда белгілі бір дәрежеде күрделі сәттер болады, бірақ кейіннен бәрі де тұрлаулы жағдайға келген соң ешқандай тосын ауытқу болмауы тиіс. 

Бұл саланы өркендету үшін үлкен қаржылық құюлар керек, тек қана шекті тарифтердің есебінен мұны шешуге болмайды. Бізде соңғы 30 жылда энергетикаға көлемді қаржы салу болған жоқ. Бар болғаны ескі тесіктерін жамады да, өмілік маңызы зор саланы қолдауға тырысты. Сол сәтте бізде қуаттардың резерві мен электр энергиясында кемістік  болғанын посткеңестік елдердегідей бастан өткерген жоқпыз. Ал енді Қазақстанның экономикасы қарыштап дамып кеткенде, ескі қорлар тозығы жеткенде, біз болашақта электр қуаты жетіспеушілігін байқайтын боламыз. Сондықтан да осы қазірден бастан энергетиканы ары қарай қалай жаңғыртуды  ойлауымыз керек.

Қазір көптеген өндірушілер  негізгі қорлар орташа есеппен 80%, тораптар 70% тозған деседі. Бұл толығымен алғанда энергетикаға таңбасын салады. Мұндай жабдық қаншалық ұзаққа шыдас береді, мұны ешкім білмейді, тіпті, жаңаның өзі істен шығуы ғажап емес, ал бізде түгелдей ескірген. Сонымен қатар, энергетикада жабдықтың жұмыс істеуіне көп жайт әсер етеді – күн райы, жыл мен тәулік мерзімі, адам факторы, айта берсе, аз емес. 

Әлбетте, энергетикада бәрі нашар деп айтуға болмайды, түк  бітпей жатыр деп ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Энергия өндірушілер соңғы бір, бір жарым жылда шекті тарифтердің есебінен өздерінің қорларын қалпына келтіруге жұмыс жасап жатыр. Кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары әзірленді, олар бірінші кезекте анағұрлым тиімді нәтеже беретін іс-шараларды көздейді. KEGOC, сондай-ақ, аймақтық электр тораптық компаниялар жабдықтарды ауыстыру мен жаңғырту бойынша қал-қадірінше жұмыстар жасап жатыр. Бізде ондаған мың шақырым тораптар, және жыл сайын оның бірнеше мыңы жөнделеді. Жабдық  қазіргі заманғы жаңасына өзгертіледі.  Мұны көріп жатқан ешкім жоқ, бірақ  жұмыс істеліп жатыр. Бұлай жасалмаса, біз қараңғыны қармалап отырар едік. Және апатты жағдайлардың саны жыл сайын азайып барады.

 

Бүгінде күллі  әлемде «жасыл энергетиканы» дамытуда. Қазақстанда энергияның жаңғыртылатын көздері туралы Заңға түзетулер әзірлену үстінде. ВИЭ бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруда КИРИ мамандары қаншалық қатысады?

 

– Біздің  сарапшылар  ВИЭ бойынша Заң әзірлеуде жұмысшы тобына кіреді, өз ұсыныстарын енгізеді. Мысалға, ескі Заңда тариф ТЭО әзірлеу қортындылары бойынша анықталды. Нәтежесінде әзірлеушілер ТЭО – дағы электр қуатына негізсіз түпкілікті бағаны көтере бастады, бұл үшін түпкілікті тұтынушы төлеуі керек, демек, мына сіз бен біз. Біз «жасыл энергетиканы» дамытуды қалаймыз, бірақ бәрі ақылға қонымды шекте болуы керек.  Сондықтан жаңағы жүйені жасадық. Ықтимал  қаржы салатындарды тартарлықтай жүйе. Ол сонда өзінің келешегін де, пайдасын да есептей алмақ. Сонымен қатар, біз ВИЭ-нің шегерме ақысын  өңірлер бойынша  ұсындық, себебі біздің ел үлкен әрі әр облыстың ауа райының жағдайы әр қилы. Енді әрбір өндіруші қандай ауданда қандай тариф қоярын білетін болады.

Заңның жаңа жобасында  энергиямен жабдықтаушы ұйымдар  ВИЭ өндірушілерінен күллі өндірілген қуатты сатып алуға міндетті болады, ВИЭ өндірушілері электр қуатын  тасу үшін төлемнен босатылады, басқа  да жеңілдіктермен және артықшылықтармен пайдаланатын болады.

Меніңше, Қазақстанда ең келешекке арналған және арзан ВИЭ, жел, шағын ГЭС-тер (су электр станциялары),  әрі бізде күн көзі және басқада  жылу көздері баршылық. Заңға түзетулерді есептесек, жоспар бойынша, «жасыл энергетиканы» дамытсақ, негізінде, 2014 жылы ВИЭ-нің үлесін бір пайызға шейін жеткізу соншалық қиын міндет емес. Болашақта, бұл сан 10 пайызға шейін жетуі мүмкін.  Әрине, кейбір елдердегідей бола қоймас, оларда жалпы өндірілген энергия қуатының көлемінде 20 және 40 пайыз жаңғыртылған энергия көздері қатысады. ВИЭ-нің дамуына бізде қазір барған сайын зейін қойылып жатыр, Қазақстан Киот хаттамасына қол қойғанын және «жасыл энергетиканы» дамытуға міндеттенгенін  ескерсек,  соның бәрі энергетикада шағын үлесін алады деп ойлаймын. Өйткені бұл тұрақты энергетика болмаса да, демеу, жәрдем ретінде – тәуір көмектеседі, сеп болады.

Біздің елдегі жел қуатының келешегі  туралы айтсақ, ПРООН үміт күттіретін шамамен 12 жерді зерттей  келе, Қазақстанның жел атласын әзірледі. Бұл бағытта қызықты жобалар  бар, олардың кейбіреуі биылдың  өзінде енгізілгелі отыр.

Қазір нақ ВИЭ-ге қаржы  салғысы келетіндер көп. Себебі Қазақстанда негізгі электр тораптарынан алшақ елді мекендер жеткілікті, мысалы шалғайдағы мал шаруашылықтары, оларға электр беретін құрылғылар салу мүлдем мағынасыз, пайдасыз. Демек, «жасыл қуатты» дамыту керек. Әзірше оның тиімсіз жағы – оның құны қымбаттығында тұр, бірақ бұл уақыты келгенде реттелетін шаруа.

Информация о работе Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы