Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:39, реферат
Электр энергиясы нарығындағы ойындардың түсінікті және болжауға болатын ережелерін әзірлеу керек. Инвестор өзінің келешегін 10-15 жыл бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден, энергетикалық жобалардың өтелімділігінің үлкен мерзімдерімен байланысты.
Кіріспе
1. Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы
1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»
1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1.3. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Сіз көптеген инвесторларды Қазақстан нарығы тартады деп айттыңыз. Бірақ, әйтсе де таласып жатқандар әзірге жоқ. Ықтимал қаржы салушыларды шешуші қадамдардан бөгеп тұрған не деп ойлайсыз?
– Қаржы салатындарды ақша табуға болатын кез келген нарық қызықтырады. Бұл орайда Қазақстан үмітсіз емес. Бір жағынан алғанда, Қазақстандағы негізгі энергетикалық қорлардың «ескіруімен» және экономиканың дамуымен елде болашақта электр қуатына зәрулік пайда болуы мүмкін. Электр қуатының сондай тапшылығын тауар ретінде бір сәтте жабу мүмкін емес, бұл үшін жылдар керек. Бұлай болмау үшін ықтимал қаржы салушылар үшін тезірек қолайлы инвестициялық климат жасау керек. Ал оларды тарту үшін баршаға ортақ жалпы және анық ережелер әзірлеу қажет.
Біздің институт қазіргі уақытта электр қуатының бәсеке нарығына тиімді және қиналмай өтуіне болатын ұсыныстарды әзірлеумен айналысуда. Әлемде бірнеше өмірге икем нарық үлгілері бар. Міне сондықтан да Қазақстан жағдайында олардың қайсысы оңтайлы келетінін тану керек. Бәлкім, солардың негізінде өзіндік, бізге тән үлгісін жасау керек болар? Мұндай нұсқасын да мамандар ұсынып жатыр. Ол қазір энергетиктер ортасында қызу талқылануда. Бұл үрдіс шапшаң бола алмайды, себебі нарықтың барлық қатысушылары келісімге келуі керек, ал бұған қол жеткізу оңай емес. Іс жүзінде күллі электр қуаты «қазақстандық биржада» сатылуы тиісті. Демек, өндірушілер өзінің электр қуатын сауда-саттықта сатуы керек, өзара бәсекелестік қажет, нәтежесінде бұл электр қуатының арзандауына алып келеді.
Тегінде энергетикада екі орнықты жай-күй бар. Біріншісі – Кеңестер Одағында болғандай сатылас-кіріктірілген жүйе, мұнда энергетиканың күллі субъекттерінің қатары бір орталыққа бағынады. Екінші жай-күй – нарық заңдары рөл атқарып, ұсынысты сұраныс тудырады. Өкінішке орай, біз бірінші жүйеден алшақтап кеттік, ал екіншісіне әлі келген жоқпыз. Сондықтан бұл ауысуды тезірек бітіруіміз керек. Бұл орнықты жай-күйге өтпейінше, әртүрлі күрделі жайттар туындай беретін болады.
Энергетикадағы нарықтық қатынастардың қарсыластары көп жағдайда, бұл сауалдың әлеуметтік жағына сүйенеді, себебі электр қуатына тарифтер баршаға қатысты. Олар егер энергетикада бәсекелі нарық енгізсе, баға үздіксіз өсе беретін болады деп шағымданады. Бүгінгі сәтте бағалар жылдан жылға өсіп барады, бірақ мұның үстіне энергетика жаңғырып дамып жатқан жоқ, ал инвестор, бұл салаға қаржы салушы көрінбейді. Бәсекелі нарықта тұрақсыз жағдай тек бастапқы кезеңде мүмкін, ал ол қалыптасып алғанда ахуал тұрақтандырылып, бағалық ауытқулар болуы мүмкін емес.
Осы жылдың қаңтарында
Қазақстанда оның Бірыңғай Орталық-Азия
энергетикалық жүйесінен
– Әрине, Қазақстанның Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесінен шығуға ниеті жоқ. Өйткені жүйелер өзара көбірек байланысты болса, соғұрлым оның сенімділігі жоғары. Өзбекстан Қазақстаннан бөлінгісі келген әрекеті болды, бірақ ондағылар жылдам арада мұнан еш жақсылық жоғын түсіне қойды. Керісінше, бірігу керек: бірінші кезекте, мұндай кірігулер энергия қуатының сапасын және энергия жүйелерінің сенімділігін береді. Мысалы, Ресейдің ірі станциясы Саян-Шушенск су электр станциясында болған апатты еске алайық. Мұндай ірі қуат көзі істен шыққанда – бұл күллі жүйеде білінеді. Сол сәтте Қазақстан Ресейге қолдау көрсетті, біз көршілердің энергия тапшылығын жабу үшін қуатты молырақ өндіре бастадық. Мұндай жағдайда қатысушылар әйтеуір пайдаға кенеледі, сондықтан да бөлінуде мән жоқ.
Әртүрлі елдердің біріккен энергетикалық жүйелері бір үлкен организм тәрізді жұмыс істейді. Қазақстанның Ресеймен нақ осы электр тораптары бойынша көптеген байланыстары бар және бұл біз үшін өте пайдалы. Ресей Федерациясымен бізде белгілі теңгерім бар, мұны әрдайым қолдаймыз. Басқа да мемлекетаралық келісім-шарттар бар. Қазақстаннан энергия қуаты басқа елдерге кетіп, бұл біздің тұтынушыға нұқсан келтірерліктей болған емес. Бізде энергияның молдығынан артылып қалуы болса, онда біз біздің тұтынушыларға батпайтындай етіп көрші елдерге сата аламыз. Әзірге біздің сыртқы саудамыз пайыздық мөлшермен алғанда шамалы ғана, әрі тұтынушылардың есебінен емес. Бізде Одақтың кезінен қалған транзит жолдары бар, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, бұл бір орталық пен желілердің ортақ жүйесі болған кезден бері солай. Сол бізге жетпейтін сәттері болады, сонда көршілерден алуға тура келеді. Қазір энергия зәрулігін бәрінен бұрын республиканың оңтүстік өңірлері сезінуде. Бұл мәселені шешу үшін энергия берудің «Солтүстік – Оңтүстік» желісі салынды, және ондағы жағдай қазір әжептәуір жеңілденді.
Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесі дамып жатыр, жоспар көп. Біздің КЭГОК жүйелік операторы өздерінің тораптарының қайта құруын, жаңғыртуын өткізуде, өңірлік жүйелер қалпына келтірілуде, бұлар қиын-қыстау уақыттарда қирап қалып еді. Электр сымын кәдімгідей ұрлап, сату мақсатында кесіп алып кететін уақыт болды. Бүгінде олардың қайта қалпына келтірілуіне көп қаржы құйылуда, бірақ соның өзі жеткілікті дәрежеде болмай тұр. Энергетикада сандардың тәртібі өте зор. Дегенмен жағдай бәрібір жақсарып келеді.
Бүгінгі күні біздің
өмірімізді электр қуатынсыз елестету
қиын. Тұтынушылар саланың
– Қатардағы тұтынушы электрді жеткізушілер мен электр қуатына ұқыпты қарым-қатынас, үнемшілік қажет екенін түсіну үшін ұдайы түсініктемелік жұмыстар жүргізіп отыру керек, мұның үстіне қарапайым және көпшілік түрде, олардың «энергетикалық мәдениетін» арттыру керек. Біз әлі күнге бір шыны шай ішу үшін бүтіндей шәугімді қайнатудың қажеті жоқ екенін немесе қырыну, яки тіс ысу үшін суды сарылдатып ашып қою теріс екенін ойлана бермейміз. Судың да сұрауы бар дейді халық даналығы. Ал осы тектес ысырапшылдық мысалдары толып жатыр, электр қуаты ғана емес, жылу да, газ немесе су да текке рәсуа болатыны рас. Тұтынушыларға мұны ұдайы және санасына әсер етерлік дәрежеде, қол жетерлік түрде ұғындыра беру қажет. Мәселен, Еуропаға қарағанда бізде электр қуаты 5-6 есе арзан, ал сапасы жағынан ол сондай және Еуропадан еш кемдігі жоқ. Мүмкін біздегі немқұрайдылықтың сыры осында жатуы ғажап емес: арзан болса – оны үнемдеп сақтаудың, мұқият қараудың керегі жоқ. Энергияның шынайы құнын білетіндер сирек. Ал бұл өзі сондай бір тауар, мұны алдын-ала дайындап қоюға болмайды, қор жинауға келмейді, сосын оны көтере сата алмайсың. Оны қаншалық тұтынса, сонша қылып өндіреді. Энергетикаға аса күрделі тетіктер тән, жиі болатын нәрсе, әсіресе түнгі мерзімде, энергетиктер электр қуатын өндіріп, ақша таба алады, бірақ бұл уақытта сұраныстың жоқтығынан қарап тұруға мәжбүр болады.
Жалпы, бұл сала айқын әрі белгілі жолмен іс-қимыл жасауы керек: жазда күрделі жөндеулер жүргізу керек, күзге тақау – жылу берілетін кезеңге отын қорын жасау керек. Яғни, бәрі де анық кесте бойынша жүруі керек, әрбір пунктке баламалық құралдар бөлінуі қажет. Сонан кейін энергетикалық кәсіпорындардың басшылары мамандар болуға тиіс, кездейсоқ адамдар мұнда болмауы керек. Энергетикада салдыр-салақтық, немкеттілік, бетімен жіберушілік, апатты жабдықтарды пайдалану болмауы тиіс, мұнда «бір нәрсенің сәті түсіп қалар» деген болмайды. Мыңдаған адамдардың өмірлері мен мүдделерін қозғайды. Ал әлдебір станцияда апат болған жағдайда көмекті тек жақын көршілері ғана емес, қалғандары тегіс көрсетулері керек.
Есіңізде шығар, 15 жыл бұрын елден көптеген мамандар көшіп кеткенде, бұл салада кадрлардың жетіспеушілігі өткір білінді.
Қазір мұндай жағдай атымен жоқ. Егер бұрын ТЭЦ-ке ешкім жұмысқа тұрғысы келмесе, ендеше бүгінде оған жұмысқа тұру қиын. Энергетика әрқашан керек, жалақы мұнда әрдайым тұрақты беріледі. Оның төмен екені – бұл енді басқа мәселе. Қазір энергия өндірушілер мен басқа да ұйымдар өздігінен жалақыны көтере алмайды, мысалға, монополияға қарсы мекемелердің рұқсатынсыз, себебі ақырында бәрі де түпкілікті бағада көрінеді. Дамыған елдерде энергетиктер ең бір жоғары жалақы төленетін мамандар болып саналады, мен оларда осы саланың адамдары ереуілге шықты дегенді естімеппін.
Кадрлар даярлауға келсек, бұл мәселеде де оң үрдіс байқалады. Қазір жастар елімізге қаптаған заңгерлер мен банкирлер қажет емесін түсіне бастады да, техникалық мамандықтарға бет бұрды. Кеңестер Одағында бар жоғы үш энергетикалық институт болды, соның бірі – Алматыда болатын. Бүгінде Алматы энергетика және байланыс институты қиын кезеңдерден өтіп, аяғын нық басып тұр, және мықты жас мамандарды даярлауын тоқтатқан жоқ әрі оған оқуға түсу енді оңай болмайды.
Біз біртіндеп бәсеке нарығын құру қажеттігін түсіне бастаймыз, онда қаржы салатындарға арналған шарттар айқын болуы және қатардағы тұтынушы сол сәтіндегі электр қуатының құны қалай шығатынын дәл білулері керек. Кереғар жайт: доллардың бағамы күн сайын өзгеріп жатқанына ешкім ренжімейді, ал 1 килловатт қуатты бір тиынға өсірсең бітті, жұртшылық ерен ашуланады. Энергетиканың жаңа нысандары салынуы үшін әрі оған деген тапшылық болмауы үшін бұл істе мемлекеттің де, күллі ел халқының да қатысуы қажет. Ал электр қуатына шығынды аз төлеу үшін, энергетиканы жақсылап дамыту керек, тұтынушылар оны үнемдеуді үйренсін. Осыған энергетиктерден үйренуге болады. Бізді бөлмеден шыққанда, жарықты сөндіруге тәрбиелеген болатын...
1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің миссиясы - бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; экономиканың энергия ресурстарына өсіп отырған қажеттігін қамтамасыз ету, минералдық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, энергетика секторында өңірлік және халықаралық интеграция мақсатында экономиканың минералдық-шикізат және отын-энергетика секторларын дамыту.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің пайымдауы:
Пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға бағытталған геологиялық зерттеу жүйесін жетілдіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету.
Мұнай-газ өнеркәсібін мұнай-химия өнімдерін базалық және қосылған жоғары құнымен өндірудің, өңдеудің және шығарудың аяқталған технологиялық циклімен одан әрі дамыту.
Халықаралық энергетика нарықтарының ықпалды және жауапты қатысушысы ретінде мемлекеттің ұстанымын күшейту.
Елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ішкі және сыртқы нарықтардың көмір өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету.
Энергия ресурстарын тасымалдау жүйелерін одан әрі дамыту.
Ядролық-энергетика саласын құру.
Отын энергетика кешені (ОЭК) салаларына энергия үнемдейтін технологияларды енгізу.
Ағымдағы жағдайды талдау
Геология. 2008 жылы жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мемлекеттік геологиялық зерттеу, мониторинг, қолданбалы 2 ғылыми зерттеулер, мұнай және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жүргізілді.
Алаңдарды геологиялық жете зерттеу (ГЖЗ-200) қазіргі геологиялық негізді алуға және қатты пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлерінің кенорындарын анықтау үшін перспективалы 104 объектіні анықтауға мүмкіндік берді, енді олардың қорларын бекітумен жұмысты жалғастыру қажет.
Геологиялық барлау жұмыстарын орындау нәтижесінде пайдалы қазбалардың кейбір негізгі түрлері бойынша қорлардың өсуі: алтын 50 тоннаны; мыс - 840 мың тоннаны; никель - 407 мың тоннаны; марганец кені - 6 млн.тоннаны; темір рудасы - 82 млн. тоннаны; мұнай - 61 млн. тоннаны; газ - 4 млрд. текше метрді құрады.
Минералдық ресурстар Қазақстан экономикасының негізін құрайтын және қаланың негізін салушы болып табылатын тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарының тұрақты дамуын қамтамасыз өтетіндіктен мұнан былайғы геологиялық зерттеулерді жандандыру қажет.
Геологиялық ақпаратты қалыптастыру мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Цифрлық геологиялық ақпарат жинау және өңдеу мақсатында ақпараттық жүйе құру, геологиялық материалдарды цифрлау бойынша жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Мемлекеттік компьютерлік дерекқор құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
509 елді мекен ауыз су қорымен қамтамасыз етілді.
Каспий теңізінің су басу аймағында 8 авариялық мұнай ұңғымасы мен өздігінен төгілетін 130 ұңғыма жойылды.
Перспективада елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес саладағы жоспарлы жұмысты жалғастыру қажет.
Жер қойнауын пайдалану. 2008 жылы минералдық-шикізат кешеніне салынған инвестицияның көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 25,3 %-ға өсті және 22,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 334 млн. АҚШ доллары әлеуметтік сала мен жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, 135,4 млн. АҚШ доллары қазақстандық персоналды оқытуға жұмсалды. Жалпы көлемнің 73 %-ы көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану объектілеріне инвестицияланды.
Информация о работе Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы