Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 07:37, реферат
Экономикалық ілімді біріктіріп бір ғылым жүйесінде топтастырушы Адам Смит (1723-1790) болып табылаы. Ол Шотландияда шенеуніктің жанұясында дүниеге келді. 1740 ж. Глазго қаласындағы университетті тамамдап, өзінің білімін әрі қарай жетілдіру үшін Оксфорт университетіне оқуға түсті.
А.Смит еңбектеріндегі классикалық
саяси экономияның онан арғы дамуы
Экономикалық ілімді біріктіріп бір ғылым
жүйесінде топтастырушы Адам Смит (1723-1790)
болып табылаы. Ол Шотландияда шенеуніктің
жанұясында дүниеге келді. 1740 ж. Глазго
қаласындағы университетті тамамдап,
өзінің білімін әрі қарай жетілдіру үшін
Оксфорт университетіне оқуға түсті. Философия,
әдебиет, тарих, физика, математика пәндерімен
айналысты. Ол 28 жасында Глазго университетінің
философия және мораль пәндерінің профессоры
болды. 1764 ж. Францияға келіп, мұнда Дидро,
Кенэ, Тюрго сияқты атақты адамдар мен
кезлесті. 1759ж. жарияланған А.Смиттің «Моральдық
сезім теориясы» деген еңбегі, оның атағын
шығарды. Смит 1778ж. Эденбург қаласының
кеден комиссары қызметін атқарды, ал
1787ж. Глазго университетінің ректоры болды.
А.Смит өзіне дейінгі экономикалық ой-пікірлерді
бір жүйеге келтіріп, ғылыми талдау жасады.
Оған өзінің ұстанған және ұсынған методологиясы
тірек болды. А. Смит классикалық саяси
экономия методологиясын дамытуға айтарлықтай
үлес қосқан адам. Ғылым ретінде саяси
экономия екі мәселені шешуі тиіс: экономикалық
шындықты объективті талдап, оның даму
заңдылығын ашу (позитивтік жағы), мемлекет
пен фирмалардың экономикалық саясаты
үшін нақты ұсыныстар беру (нормативтік
жағы). Оның тағы бір жаңалығы - логикалық
абстракцияны одан әрі дамытып, тереңдетті.
А. Смит экономиканы зерттеу барысында
ең басты, негізгі, заңды анықтауші белгілерді
атап көрсетіп, кездейсоқ, жеке, жай элементерден
ойды алшақтатты. Осылай А. Смит құбылыстардың
ішкі байланыстарын, сырт қарағанда көрінбейтін
ішкі заңдылықтарды көргісі, ашқысы келіп
талпынды.
А.Смиттің экономикалық жүйесі екі жақты
қайшылықта болды. Бір жағынан, ол экономикалық
категориялардың ішкі заңдылықтарын,
байланыстарын ашуға тырысса, екінші жағынан,
құбылыстарға бәсекенің әсерін, ықпалын
талдап, адамдардың оларды түсінбейтініне
сенді. Оның ойынша, адам өндіріспен айналысып,
тек соны ғана ойлайды.
А.Смит еңбек бөлінісінің айырбас пен
ақшаның теориялық мәселелерін терең
зерттеген адам. Ол мануфактура ісіндегі,
қоғамдағы және түрлі кәсіпорындар мен
шаруашылық салаларының арасындағы еңбек
бөлінісінің ерекшеліктерін ашты. Еңбек
– байлықтың көзі дегенге қосыла отырып,
қоғамды еңбек одағы, сауда одағы деп тың
ойлар айтты. Мануфактуралық еңбек бөлінісі
мамандануды көрсетіп жай айырбасқа, ал
қоғамдық еңбек бөлінісі сатып алуды,
сатуды қажет етеді деп көрсетті.
А.Смит өзінің экономикалық ілімінде капитал
туралы, оның құрылымы, қорлануы, қоғамдық
капитал, ұдайы өндіріс мәселелеріне ерекше
тоқталады. Бір жағынан, Смит капиталды
жалдамалы еңбек арқылы жасалатын құн
дейді. Екінші жағынан, капиталды заттардың
қоры, өндіріс құрал - жабдықтарының жиынтығы
деп көрсетеді.
Класскалық экономикалық теорияның тағы
бір көрнекті өкілі – Д.Рикардо (1772-1823),
өнеркәсіп төңкерісі кезінде өмір сүрді.
Ол Лондондағы биржа маклерінің жанұясында
дүниеге келді. Сауда мектебінде оқыды,
14 жасынан бастап әкесінің сауда - биржа
операцияларына қатысып, көмектесті. Ол
26 жасында әкесінің көмегімен тыс көп
қаржы жинап, математика, табиғаттану
тағы басқа ғылым түрлерімен айналыса
бастайды, 38 жасында ірі қаржы магнаты
болды.
Д.Рикардо капиталистiк ондiрicтiк шаруашылыктын
механизмдерiн ашуда улкен енбек сiнiрдi.
Рикардонын методологиялык ерекшелiгi
– капиталистiк экономикада категориялар
жуйесiн бiрлiкте карап, оны кун занына
багындырады деп тусiндiредi. Ол өзiнiң зерттеуiнде
логикалық абстракцияны қолданады.
Д.Рикардоның анықтамасы бойынша саяси
экономия пәнi – топтарды құрайтын адамдардың
экономикалық қатынастары. Оның ең басты
мiндетi – осы топтардың арасындағы ұлттық
табысты болу заңдарын зерттеу. Ұлттық
табыс жалақы, пайда, жер рентасы арқылы
көрiнедi. Ол саяси экономияны сан мен сапаның
ара қатынасы туралы ғылым деп түсiндi.
Кұн теориясында Д.Рикардо А.Смиттiң идеясын
одан әрi дамытты. Әсiресе тауардың екi
қасиетiне: тұтыну және айырбас кұнына
баса назар аударды. Тауардың тұтыну кұны
– оның пайдалылығы, бiрақ ол кұнның өлшемi
бола алмайды. Барлық тауардардың айырбас
кұны оған жұмсалған еңбекпен өлшенедi
деп көрсеттi. Ол жалақы тауар кұнының
өзгеруiне қарамастан, бағаға әсер етпеуi
тиiс деп есептедi. Жалақы тауар бағасындағы
пайда мен жалақының ара қатынасын өзгертедi
деп ойлайды. Жалақы – жұмысшының табысы,
еңбегiнiң төлемi дедi. Жұмысшылар саны
көп болса, жалақы төмен болады және керiсiнше.
Жалақы тек кұн көрicке ғана жетуi керек.
Ол «Жалақының темiр заңын» шығарады.
Д.Рикардо ақша айналымы мен банк қызметiн
де зерттедi. Онын ақша теориясы екi жақты
болатын. Бiр жағынан, Рикардо ол жүйенi
кұнның еңбектiк теориясы негiзiнде жасауды
ұсынса, екiншi жағынан, ақшаның сандық
теориясын жақтады. Ал соңғы теория бойынша
ақшаның кұны оның санымен анықталады.
Егер алтын ақшаның саны өссе, баға да
өседi. Ал бұл кұнның еңбектiк теориясына
сәйкес келмедi. Дегенмен, Д.Рикардоның
ақша, сыртқы сауда, валюта қатынастарының
нақты проблемаларын зерттеуi жалпы экономикалық
iлiм тарихын байытты.
Д.Рикардоның негiзгi еңбегi «Саяси экономия
мен салық салудың бастамасы» (1817) деп
аталады. Ол 32 тараудан және үш бөлiктен
тұрады: экономикалық теорияның негiздерi
(құн, табыс); салық салудың теориясы мен
тәжiрибесi; А.Смиттiң, Т.Мальтустың, Ж.Б.Сэйдiң
тұғырнамаларын талдайды. Ол өзiнiң экономикалық
iлiм теориясына бастапқы екi тарауды арнайды.
Д.Рикардоның бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда
арзан өнiмдердiң әкелуiне тыйым салатын
заң жойылу тиiс. Ол мемлекттiң экономикаға
араласуын жақтамады.
Информация о работе А.Смит еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның онан арғы дамуы