Адам даму индикаторы АДИ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Aдам Даму Индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.
АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.
АДИ үш басты қағидалардан тұрады:
• Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
• Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
• Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді
Бұл адам даму индексіне қарасты алдер тізімі. 2011 жылдың желтоқсанның 18 шыққан тізім 2009 жылдағы статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған. Тізім 177 елден құралған.
Елдер АДИ негізінде үш кең категорияға бөлінеді: жоғары, орташа және төмен адам дамуы. 2011 жылдың 18 желтоқсанында жаңа тізбек шықты. Халық арасында статистикалық жаңарту деп аталып кеткен тізбе осы жолы қосымша түіндірмесіз шыққан. Жаңарған тізбек аларман қабілет тепетендігінің (АҚТ) жаңадан шыққанына байланысты басылды. [1] Осы жаңарған тізбекте Қазақстан бірнеше қадам көтеріліп, АДИ индексіне сәйкес орташа дамыған елдері арасынан жоғары дамыған елдері қатарына қосылды.
Даму индикаторлары
Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері
1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.
Адам әлеуетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың

Файлы: 1 файл

дам Даму Индексу.doc

— 91.50 Кб (Скачать)

Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып АДИ

Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып адам дамуының индексінде АДИ-дегідей көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, ГФДИ шеңберінде әрбір ел үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу мен табыстың қол жеткізілген деңгейі саласындағы көрсеткіштердің орташа мәні ерлер мен әйелдердің жетістіктерінің деңгейі арасындағы алшақтық шамасына сәйкес түзетіледі. Жыныстардың жағдайындағы айырмашылыққа осы түзетуді жүзеге асыру үшін, мән аз болған сайын соншалықты мән аз қабылдайтын байыпты орташа функция қасиетіне негізделген безбендеу (орташаның мажорлылық ережесі) формуласы пайдаланылады.  

Гендерлік бөліктегі табыс индексінің есебі неғұрлым күрделі сипатта  болады. Елде өндірілген табыс ерлер  мен әйелдердің арасында олардың  алатын жалақысының үлесіне үйлесімді  бөлінетіні алдын ала ескеріледі. Табылған табыстағы әйелдер мен ерлердің үлесін есептеу кезінде деректердің екі түрі: әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы мен экономикалық белсенді халықтың 15 және ересек жастағы әйелдер мен ерлердің пайыздық үлесі пайдаланылады. Әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы туралы деректер болмаған жағдайларда, барлық елдер үшін жалақы туралы мәліметтер бар жалақы көрсеткіштерінің безбенделген орташа қатынасы 75 пайыз мөлшерінде пайдаланылады.

 
Гендерлік теңсіздік индексін есепке алумен АДИ (ГТАДИ)

ГФДИ (оның үш индексінің орташа арифметикалық  құрамдаушысы) есебі мынаны көрсетеді, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ  өндірісінің және туу кезіндегі  күтілетін өмір сүру ұзақтығының  көлемі бойынша гендерлік теңсіздік  Қазақстанның АДИ-ін соңғы жылдары бар-жоғы төрт-алты мың пунктке төмендетуге алып келеді, бұл басқа елдердің арасында еліміздің адам дамуының деңгейі бойынша бір-екі орынға төмен жылжуымен салыстыруға келеді.

Тұрғындардың қайыршылық (кедейлік) индексі (ТҚИ, ТКИ)

Жекелеген елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты халықтың кедейлігінің 
көрсеткішінің индексінде әртүрлі іріктелуі жүзеге асырылуы мүмкін. Дамушы елдерге (ТҚИ-1) ұсынылған 1997 жылғы Адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамада ТҚИ-да адам өмірінің 
барлық үш аспектісі көрсетілген, олар қазірдіңөзінде АДИ-де көрініс тапқан – ұзақ өмір сүру, білім, 
өмірдің баламалы деңгейі.

Қазақстанның өңірлері бойынша АДИ 
 АДИ-ды пайдалану оны кішірейту арқылы жақсаруы мүмкін. Елдің жалпы индексі адамдардың әртүрлі топтары елдің ішінде, мейлі айырмашылық өңірлерге, жынысқа немесе жердің тұрпатына 
(қалалық немесе ауылдық) байланысты болсын адам дамуының әртүрлі деңгейіне ие бола алатын сол фактіні жасыра алады.

Халықтың ресурстарға қол жеткізуін  неғұрлым объективті көрсеткен көрсеткішті таңдау өңірлер бойынша АДИ-ды есептеу кезінде негізгі проблема болып табылады. Ел деңгейінде БҰҰДБ әдіснамасына сәйкес мұндай көрсеткіш ретінде жан басына ЖІӨ қабылданды. Өңірлер бойынша өндірістік әдіспен есептелген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) осы көрсеткіштің аналогы болып табылады. Осы көрсеткішті АДИ-ды есептеу кезінде пайдалану өңірлер бойынша АДИ-ды есептеу әдіснамасының ең осал жері болып табылады. Экспортқа бағдарланған салалардың өндірістегі ЖӨӨ-нің жоғары үлес салмағы өңір халқының алдамшы экономикалық әл-ауқатының көрінісін жасайды.

Лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға қол жеткізуді  сипаттайтын көрсеткіш есебінде халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ-ні пайдалану сынын ескере отырып, адамның  дамуы туралы ұлттық есептер үшін өңірлік тұрғыда деректер дайындау және АДИ-ды есептеу кезінде осы көрсеткішпен қатар халықтың ақшалай табысының көрсеткіші пайдаланылды.

Республикалық деңгейде халықтың жан  басына шаққанда ЖІӨ-нің шамасы мен  ақшалай табыстың 1993-2008 жылдары 2,9-4,1 есе өзгеше болғанын атап өту қажет. Бұл үш себепке байланысты.

Біріншіден, үй шаруашылықтарын тексеруден түскен ақшалай табыс оларды кемітіп  көрсетумен байланысты жүйелік қатені қамтиды. Бағалау бойынша үлкен  деңгейде кеміту 1999-2008 жылдары мәлімделген  ақшалай табыстың төрттен бірінен үштен біріне дейін құрады. Екіншіден, ЖӨӨ халықтың ақшалай табысының төрттен біріне дейін құрайтын заттай нысандағы, сондай-ақ үй шаруашылығында олардың иелері ретінде қолданылатын жеке игілікті бағалау құнын қамтиды. 
Оларға, атап айтқанда, жеке меншік тұрғын үйде тұрудың шартты бағасы жатады. Үшіншіден, ЖӨӨ оны түпкілікті пайдалану тұрғысынан қарағанда тұтынуға ғана емес, қор жинауға да пайдаланылатын 
табысты қамтиды. Бұдан басқа, облыстар бойынша ЖҚҚ сомасы өңірлер бойынша бөлінбейтін ЖІӨ 
ЖҚҚ шамасына маңызды болмайтынын атап өту керек.

Жоғарыда көрсетілген себептердің  салдарынан СҚТ бойынша халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысты  АҚШ долларына аудару ресурстарға  қол жеткізу бағасын төмендетуге  алып келеді. Сондықтан нәтижені республикалық деңгейде үйлестіру мақсатында СҚТ көмегімен АҚШ долларына аударылған халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыс, жан басына ақшалай табысқа жан басына ЖІӨ қатынасын білдіретін коэффициентке көбейтіледі. Бұл коэффициент халықтың жан басына ақшалай табысты түзету үшін және өңірлер бойынша пайдаланылады. Нәтижесінде орташа республикалық деңгеймен өңірлердің халқының ақшалай табысының ара салмағы сақталады.

 

  

Пайдаланылған әдебиет

1. Алисов Н. В. – Экономическая  и социальная география мира (общий обзор): учеб. для вузов / Н. В. Алисов, Б. С. Хорев. М., 2001.

2. Аширова Г. Т. – Современные  проблемы оценки человеческого  капитала//Вопросы статистики, 2003. - №7. – С.12

3. Материал из Википедии — свободной энциклопедии - Файл: UN Human Development Report 2007 (2).svg// [Электронный ресурс] – Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D0%B9%D0%BB:UN_Human_Development_Report_2007_(2).svg

4. Развитие потенциала: расширение прав и полномочий людей и институтов. Ежегодный отчет 2008 /  Программа развития Организации Объединенных Наций / One United Nations Plaza – New York, NY 10017// [Электронный ресурс] – Режим доступа : http://www.undp.org/maintenance.html

5. Самуэльсон Пол Э., Нордхаус Вильям Д. – Экономика: Пер. с англ.: 16-е изд.: - М.: Издательский дом «Вильямс», 2001 – С.484

 

 

 


Информация о работе Адам даму индикаторы АДИ