Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:16, реферат
2003 жылы Президентiмiз «Мәдени мұра» деген аса ауқымды мемлекеттiк бағдарлама жариялады. Мұнда тарихи мұраларымызды зерттеп, оларды өндеп, консервация жасап, реттеп қалпына келтiру тапсырылды. Оған Елбасы үш-үш жылдан мерзiм қойды. Бiрiншi мерзiмi өткен жылы аяқталды. Ендi қазiр бұл бағдарламаның екiншi кезеңi басталды. Есiк обалары жәдiгерлерi туралы түсiнiк берген Алматы облыстық Есiк өлкетану мұражайының бас қор сақтаушысы, археолог Бекен Нұрмағанбетов ақсақалдың әңгiмесi көптiң көкейiнен шықты.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Алтын адам тарихы
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Алтын адам тарихы
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2003 жылы Президентiмiз «Мәдени мұра» деген аса ауқымды мемлекеттiк бағдарлама жариялады. Мұнда тарихи мұраларымызды зерттеп, оларды өндеп, консервация жасап, реттеп қалпына келтiру тапсырылды. Оған Елбасы үш-үш жылдан мерзiм қойды. Бiрiншi мерзiмi өткен жылы аяқталды. Ендi қазiр бұл бағдарламаның екiншi кезеңi басталды. Есiк обалары жәдiгерлерi туралы түсiнiк берген Алматы облыстық Есiк өлкетану мұражайының бас қор сақтаушысы, археолог Бекен Нұрмағанбетов ақсақалдың әңгiмесi көптiң көкейiнен шықты. Бекеңнiң кезiнде Кемел Ақышевпен бiрге атақты Алтын адамды тауып, жалпақ дүниенiң жарығына шығарысқанын осы арада айта кетсек артық болмас. Көкiрек көзi зерек Бекеннiң айтысына қарағанда, Алтын адам-ханзада, тақ мұрагерi. Ал оның басындағы – бас киiм емес, тәж көрiнедi. Бiздi тиграхауд сақтары, яғни шошақ төбелi бөрiк киген сақтар деп атау белең алып барады. Бұл түбiрiмен қате. Дұрысында, олар – патшалары шошақ төбелi тәж киетiн сақтар. Назар аударсақ, бiздiң мемлекеттiк Елтаңбамыздың негiзi мен осынау тәждiң арасында ұқсастық бар екенiн байқаймыз. Бұл ел мемлекеттiлiгiндегi бағзыдан келе жатқан үндестiк сабақтастығын аңғартса керек. Демек, бiздiң Тәуелсiздiгiмiзге 18 жыл болса, ал мемлекеттiлiгiмiзге-2500 жыл деген сөз.
Қойнауында сақ қорғандары бар осы жерлер бұдан былай толықтай мемлекет қамқорлығына алынады. Тарихшылардың айтуынша, бұл қорғандар бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi VII-IIІ ғасырларда пайда болған. Алматы маңындағы Есiк қорғаны 1969 жылы әлемге әйгiлендi. Сақ жауынгерiнiң мүсiнiн әлем жұртшылығы тамашалады. Талайды тамсандырған жәдiгер табылған жер мемлекеттiң арнайы қамқорлығында. Алайда, оны сақтап, келер ұрпаққа жеткiзу шаралары тек «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданғаннан соң, жүйелi түрде қолға алына бастады десек артық айтқандық болмас. Сонымен, әкiмшiлiк, басқа да құрылыс нысандарымен бiрге алтын адам табылған негiзгi қорған қайта жөнделедi. Жоба авторларының пiкiрiнше, Есiк мұражайы толық жөндеуден өткiзiлген соң, ол отандық туризм дамуына өз үлесін қосады
Елiмiздегi мұндай қасиеттi орындар шетелдiк туристердi қызықтыруы тиiс деп ойлаймын. Бұл үшiн жүйелi стратегия керек. Облыс, аудан басшылары ғана емес, министрлiктер бiрiгiп атсалысуы керек. Мұндай жерлерге тек мұражай ғана емес, этносаябақтар мен өзге туристiк нысандар салынуы қажет. Сонда ғана бiз шетелдiк туристердi елiмiзге тарта аламыз.
Алтын адам тарихы
«Алтын адам» ескерткіші . 1969жылы Есік қорғанынан табылған.
Әлем жұртшылығы тарихы деректер мен мұраларға қашанда үлкен қызығушылықпен , құлшыныспен қарайды. Жахан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат басын тірейді. Мәселен, Мысырдың пирамидаларын немесе Ұлы Қытай қорғанын көру кеудесінде сұлулыққа деген құштарлығы бар жандардың барлығының арманы болар. Ал, жекей заттардың да құны , бағасы жылдан жылға артып келеді.
Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан сыр шерткендей. Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сан ғасырлық тарихы бар қалалар бүгінде көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.
Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс –жақын елдердің барлығы елең еткен-ді..Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа да ғалымдармен кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмірсүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр- сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін куәландырғандай. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».
Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адамның» табылғаны жөнінде екінің бірі біле бермейтіні анық. Бұл сөзіміздің растығын дәлелдеу үшін олар жайлы да мәлімет бере кетейік.
Екінші «Алтын адам» 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жанды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен.
Ал, үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың паймдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң- құс белгілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелу үстінде.
Міне, сонымен күні бүгінге дейін бір емес үш « Алтын адам» табылғанынан хабардармыз. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.
2007-2009 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің арнайы көшпелі отырысы міне, осы арада, ғасырлар қойнауынан тарих жәдігерлері тіл қатып тұрған қастерлі-қасиетті жерде өтті. Бұл орайда Есік обалары жәдігерлері туралы тебірене сөйлеп, терең мәнді түсінік берген Алматы облыстық Есік өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы, археолог Бекен Нұрмағанбетов ақсақалдың пайымдауы аса қызғылықты көрінді. Бекеңнің кезінде Кемел Аќышевпен бірге атақты Алтын адамды тауып, жалпақ дүниенің жарығына шығарысқанын осы арада атай кеткеніміз артық болмас.
Шынында да, Тәуелсіздігімізді алғашқы жылында-ақ ел Президентінің арғы тарихымыздың бастау-бұлағы жатқан қасиетті орнында тұрып, осындай ой топшылауларына жол ашуы кездейсоқ емес-ау.
Мақтан тұтар бірегейіне айналѓан Алтын адамды ѓасырлар тұңғиыѓынан жарыќќа алып шыќќан бір ардаќтымыз Бекен аќсаќал Нұрмаѓамбетов те ұмыт ќалмай, кеңесшілікке алынѓаны дұрыс деді сөздің бір орайында М.Әшімбаев. Ең бастысы, ары кетсе екі жылда бабалар қорымдарының үстіне тарих жадына тіл бітіретін, екі жарым мыңжылдыќ Алаш рухын өшірмей саќтап, болашаќ ғасырларѓа асќаќтатып апаратын ќорыќ-мұражайлар орнауы керек. Алтын адам табылѓан сонау 1969 жылдан бері алѓаш рет арнайы комиссия ат басын бұрѓан қасиетті мекеннің шындап бағы ашылар.
«Мәдени мұра» шеңберiнде қолға алынып, жүзеге асып жатқан игi шаралар ел көлемiнде, әрине, аз емес. Бiр Алатау өнiрiнде қаншама ескi қорғандар мен обалар бар десеңiзшi. Кезiнде ескерусiз қалған сол тарихи орындарды жөндеп, өңдеп мұражайға айналдыру тек тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана жүзеге асырыла бастады. Бұл тарихымызды түгендеу, жоғалғанымызды табу, барды қайта жаңғырту. Оның ең бастысы Есiк обасынан табылған «Алтын адам» екенiнде сөз жоқ. Ендi сол жерге салынатын мұражай елдiң ағылып келетiн мәдени орнына айналуы үшiн ол ұлттық дәстүрге негiзделуi қажет. «Алтын адамды» дүниежүзi бiледi. Сондықтан да оған салынған сарайда өзiне сай болғаны жөн дер едiк. Тарихи орынды көрем деп келген адамдар рухани азық алып қайтатындай болуы керек. Осы күнге дейiн бiрде бiр археологиялық ескерткiштер шындап қолға алынып, туристiк көрмеге айналмағаны өкiнiштi-ақ. Бiрақ соңғы жылдары iс жүзiне асып жатқан маңызды жұмыстар бұл салаға ерекше көңiл аударыла бастағанын көрсетедi. Бiз адамзат тарихының әр дәуiрiне қатысты археологиялық және сәулеттiк ескерткiштерге өте баймыз. Әрине, бұл мақтануға тұрады. Соларды дүниежүзiне көрсетудiң ретi ендi келдi. Бұл мәселе «Мәдени мұра» аясында өз шешiмiн тауып жатыр. Ұлттық археологиялық ескерткiштерiмiздi қорғауда қазiр жаңа көзқарас қалыптасып келе жатқанын байқау қиын емес. Ендiгi жерде мемлекеттiк көзқарас күшейiп келедi. Ең алдымен идеологиялық көзқарас емес, халықтық көзқарас жақсара түстi. Бiз сөз етiп отырған «Мәдени мұраның» негiзгi көздеген мақсаты да мiне осы. Оны дұрыстап жүзеге асыру керек. Әлi де болса бұл салада көп олқылықтар бар. Оны жою үшiн мәдени мұраға жаны ашитын патриоттар көп болса, сонда бұл iстiң бағы ашылып, жолы болады. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан мәдени мұра бұл әлi оқылмай жатқан кiтап. Оларды сөйлету керек, олардың сырын ашу қажет. Бұл тұрғыдан алғанда мұражайлардың орны бөлек. Олар тарихымыздың алтын қоймасы, өткенiмiздiң шежiресi, елдiгiмiздiң белгiсi, ертеңiмiздiң айнасы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. www.google.kz
2. www.yandex.ru
3. Егеменді Қазақстан газеті