1.1 Аудиторлық тәуекелділік түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілік – әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан – таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Қазақстан нарықтық қатынастардың еңгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылырдың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми – техникалық саясат, маңызды теориялық және іс – тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экоомикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейкестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Аудит ең алдымен меншік иелерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатымен жүзеге асырылады. Ол бухгалтерлік салықтық есеп берулерде көрсетілген ақпарат растығына бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Аудиттің басты мақсаты шаруашылық субъектілерінің активтерінің міндеттемелерінің меншіктік құралдар кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелерін есеп беруде толық рас түрде және дәл көрсетілуіне объективті баға беру. Кәсіпорында қабылданған есеп саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілеріне сәйкестігін тексеру. Аудитте объективті себеп-салдарға байланысты қате қорытынды берудің ішкі тәуекелі бар.
Аудиторлық тәуекел - аудитор байқамаған қателіктер мен оқылық болуна қарамастан сыртқы есеп деректерінің толықтай рас екендігі туралы қорытынды беру арқылы өзіне алатын қауіп. Аудиторлық қауіп аудитті жоспарлау мен жүргізуде сонымен бірге орындалған процедуралар нәтижесін бағалау кезінде пайдаланады. Аудиторлық қауіп аудитор жоспарлау кезінде де іс-әрекеттерді қорытындылағанда ескеріледі.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат аудиторлық тәуекелдің мәнін ашып, оның түрлеріне толық сипаттама беріп, аудиторлық тәуекелдің аудитор жұмысындағы маңыздылығын ашып көрсету болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.

1. АУДИТОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІК ТҮСІНІГІ
1.1 Аудиторлық тәуекелділік түсінігі
1.2 Аудиторлық тәуекелділік және оның компоненттері

2. АУДИТОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІК ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлінбейтін тәуекелділік
2.2 Бақылау тәуекелділігі
2.3 Айқындамау тәуекелдігі
2.4 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелдікті бағалау

Файлы: 1 файл

АУДИТОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІК.docx

— 48.58 Кб (Скачать)

     400 «Тәуекелдікті бағалау және ішкі  ақылау» ХАС-ының 10 нуктінде: «Аудитті  жүргізу жолымен дайындау кезінде,  бекітілген қаржылық есеп беруге  қатысты, сонымен қатар осындай  дәлелдеулерді тексеруге бағытталған  процедуралар сипатын, мерзімін  және көлемін анықтауда қабылданылуы  мүмкін байқамаудың сәйкес тәуекелдігін  анықтау үшін аудитор бақылау  тәуекелдігі алдын ала бағалауды  қарастырады. Бөлінбес тәуекелдік  пен бақылау тәуекелдігінің жиынтығын  клиент тәуекелдігі құрайды, яғни екі түрде де заңды тұлға ретінде клиентке қатысты болады.

     Жоспарлау мақсаты процедураның ең тиімді және білікті тепе – теңдігі дайындалуында  болып табылады.аудиторлық процедуралар тәуекелдігі жоғары салаларға бағытталады  және сонымен бірге бұл өз тәуекелдік саласындағы қажетсіз жұмысты болдырмауға көмектеседі.

     Бөлінбес тәуекелдікті бағалау үшін аудитор кәсіби пікірді көптеген факторларды, мәселен қаржылық есеп беру деңгейінде бағалау үшін пайдаланылады:

  • субъект басшылығының тәжірибесі, білімі мен адалдығы, сонымен бірге кезең бойы оның құрамының өзгеруі. Мысалы, басшылықтың тәжірибесіздігі субъектінің қаржылық есеп беруді дайындауға әсер етуі мүмкін;
  • субъектінің басшылығына ерекше қысым жасау. Мысалы, субъект басшылығын алдын ала қаржылық есеп беруді бұрмалауға итеретін жағдайлар. Мұндай жағдайлардыңмысалы ретінде саладағы банкрот кәсіпорындарының көп болуы немесе субъектіні ары қарай дамыту үшін қажет капиталдың жетіспеуі;
  • субъект бизнесінің сипаты. Мысалы, оның өнім өндіру мен көрсететін қызметінің технологиялық ескіруінің потенциалы, капитал құрылымының күрделілігі, байланысты жақтардың мәнділігі оның өндірістік алаңдарының саны, орналасуы және географиялық таралымы;
  • субъект қызметін іске асыратын салаға әсер ететін факторлар. Мысалы, қаржылық тенденциялар мен коэффиценттерден шыға отырып анықталатын экономика жағдайы және бәсеке жағдайы, сонымен бірге технология, тұтынушылық сұраныспен осы салаға тартылған бухгалтерлік есепті жүргізу практикасы;
  • бұрмалаушылыққа ұшырауы мүмкін қаржылық есеп беру шоттары. Мысалы, алдағы кезеңде түзетуді талап ететін және субъективті бағалаудың жоғары деңгейін көздейтін шоттар;
  • операциялар мен сараптаушыны тартуды қажет етуі мүмкін басқа оқиғалар негізінде жататын қиыншылық;
  • шоттар сальдосын анықтауға тартылған пікір дәрежесі;
  • активтердің зияндарға және ақша қаражаттары сияқты ең қажетті және жылдам өтетін активтердің заңсыз пайдалануға бейімділік;
  • ерекше және кешенді операциялардың әсересе, кезең аяғында немесе кезең аяғына жақындау кезде аяқталуы;
  • өңдеудің кәдімгі операцияларына ұшырамайтын операциялар.

     Аудиторлық  тәуекелдікті анықтаудағы қиындық, оны нақты құндық баға түрінде  есептеуге болмайтындығында болып  табылады.

     Аудиторлық  тәуекелділік жоғары, орта төмен (түйсікткі  әдіс) ретінде анықталады. Сол себепті  алдын ала жоспарлау кезінде  «Тәуекелдікті бағалау жөніндегі  сұрақтар жинағын» пайдалана отырып, бақылау тәуекелдігіне бағалау  жүргізуге болады. Кейбір аудиторлық фирмалардың фирмаішілік стандарттарымен  клиент тәуекелдігін бағалау тәжірибеге, білімге және іскерлік түйіске негізделген  ойластырылған тұжырымдаманы талап  етеді. 
 
 
 
 
 
 

           ҚОРЫТЫНДЫ 

     Тәуекелділік  ұғымына келместен бұрын елеулілік  ұғымын түсіндіріп кету керек. Елеулілік  – егер қпаратқа рұқсатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелілгенде пайдаланушының қаржылық есеп негізінде қабылдайтын  экономикалық шешіміне әсер  игізеін  болса немесе ақпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалық шешіміне зиянын тигізіп жаса, онда мұндай ақпара елеулі деп саналады. Елеулілік баптардың немесе қаеліктердің шамасына байланысты болады, әрі соған  қарай белгілі бір жағдайларда  олардың рұқсанамасына (проспуск) немесе бұрмалануына қатысты уәж-пікір  қабылданады. Елеулілік көбінесе есеп берудің абалдырығын немесе межесін  көрсееді және қандай да бір пайдасын тигізеін ақпаратқа ие болаын сипатамасы жоқ.

     Елеулі  белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұнын білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмалауларды  анықтау мақсатында елеуліліктің қолайлы  деңгейін белгілейді.

     Жоспарлау кезінде аудитор қаржылық есептемелерде  елеулі бұрмаланған ақпаратарды  тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен  және операциялардың кластарымен байланысты елеуліліктің аудиторлық бағалауы, мысалы қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді  пайдалану дұрыс па, міне осындай  мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін  аудиторлық тәуекелділікті кемітетін  аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

     Елеулілік және аудиторлық тәуекелділік арасында кері байланыс болады, яғни елеуліліктің деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, аудиорлық тәуекелділіктің деңгейі  соғұрлым төмен болады.(320 АХС «Аудитегі  елеулілік)

     Қаржылық  есептемелердің аудитімен бірқаар  тәуекелділік аспектілері тікелей  байланысты. әуекелділіктің негізгі 2 түрі болады: аудиорлық және бизнес тәуекелі.

     Аудиторлық  тәуекелділік – аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген  қорытындыға келеді, осының нәтижесінде  аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына  келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады.

     Бизнес  тәуекелділіктің мағынасы мыныдай: клиентке ұсынылған аудиорлық қорытынды  әділ жасалса да, аудитор немесе фирма клиентпен арадағы өзара  қарым-қатынасында сәсіздікке ұшырайды. 
 
 
 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. «Аудиторлық  қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2006 ж 

2. «Қазақстан  аудитінің халықаралық стандарттары»  – Алматы 2004 ж 

3. Балапанова  А.Ж. Аудиттің теориялық негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: 2003

4. Ержанов  М.С. Аудит-1: (базовый учебник). –  Алматы: 2005

5. «Стандарттар  мен кодекстерді сақтау туралы  есептеме», Қазақстан Республикасы, 2007 жыл мамыр 

6. Әжібаева  З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева  Ж.Ғ. Аудит: Оқулық.- Алматы: 2006

7. «Қаржы  жүйесін тұрақтандыруда кәсіби  бухгалтерлер мен аудиторлардың  рөлі» тақырыбына өткізілген  бухгалтерлер мен аудиторлардың  ІІ Халықаралық құрылтайының (форумының)  баспасөз – релизі, 18 қыркүйек 2009 жыл 

8. «НАТ  Қазақстан» АҚ 2008ж. үшін қаржылық  есептемесі туралы «АКФ Марка  Аудит» ЖШС дербес аудиторының  аудиторлық есебі , 31 желтоқсан  2008 жыл 

9. Абленов  Д.О. Аудит негіздері.- Алматы, 2006

10. Ажибаева  З.Н. Аудит. – Алматы: Экономика, 2004 

Информация о работе 1.1 Аудиторлық тәуекелділік түсінігі