Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы және көк-жасыл балдырлар бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:36, реферат

Краткое описание

Шіріту бактериялары - біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары). Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым қ

Файлы: 1 файл

Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор.docx

— 16.98 Кб (Скачать)

Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратыл, шірітеді.

 

Шіріту бактериялары - біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары). Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғұрлым көп болады. 1 г қара топырақта 5-6 млрд бактерия болады. Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал жасайды. Өсімдіктің тамырында және оның айналасында көптеген бактериялар дамып, өсімдіктің тіршілігіне септігін тигізеді. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байыта - ды (оған түйнек бактериялары жатады).

 

Бактериялар.

 

Түйнек бактпериялары жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді. Жер қойнауындағы селитраның (азотты тыңайтқыш), темір кенінің, теңіздегі күкіртті сутегінің, шымтезек пен көмірдің түзілуі де бактериялардың тіршілік әрекетіне байланысты. Сөйтіп бактериялар зат айналымына қатыса отырып, жер бетінде ұдайы тіршіліктің болуына себепші болатынына көз жеткіздік.

 

Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден-ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Сонымен бірге мата, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы қантпен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Ал сүт қышқылы сүтті ашытыл, айранға айналдырады. Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланады. Түзілген сүт қышқылы орамжапырақ пен сүрлемді бұзылудан сақтайды. Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз, т. б. жемістерді тұздау үшін қолданады.

[өңдеу]

Көк-жасыл балдырлар бөлімі

 

Бактериялардың фотосинтез үдерісі жүретін жасыл-қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Көк-жасыл балдырларда (цианобактерия) ядро болмайды. Көк-жасыл балдырлар қына денесінде саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді.

 

 Анабена - жіптектес цианобактериясы, планктонның құрамына кіреді

 

Цианобактериялардың жасушаларының пішіні цилиндр, шар тәрізді. Сыртын қалың сілемейлі қабық жабады. Жасуша қабығы үш қабаттан тұрады. Сыртын және ішін цитоплазмалық жарғақша жаба ды. Сыртқы боялған бөлігі - хроматоплазма, ішкі түссіз бөлігі орталық плазма деп аталады. Хроматоплазмасында цитоплазманың тығыздалуынан пайда болған жарғақшаларды қоршай орналасқан хлорофилл және көк, қызыл пигменттері болады. Орталық плазмасының нағыз ядродан айырмашылығы - сыртын қоршаған 2 қабат жарғақшасы, хромосома жіпшелері, ядрошығы болмайды. Орталық плазма қатарласа орналасқан жіпшелер күйінде болады. Нағыз ядросы болмағандықтан, цианобактериялар жасушалары қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.

 

Цианобактериялардың үш тобы бар:

хроококкалар - шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталады. Балшықты жерлерде, жерасты ыстық суларда, тастың бетінде, тоқтау сула өседі;

хамесифондар - жіп тәрізді эндоспора түзетін түрлер. Көпшілігі теңіздерде, жартастарда, үлудың бақалшақтарында, ағаш діңдерінде өседі;

гормогониялар - жіп тәрізді, көк-жасыл балдырлардың көбею әдісімен, өсімді жолмен көбейетін түрлер.

 

Осциллятория трихомасы (қалың сілемейлі қабықтан қапталған жіпше) - бұтақталмаған бір түрі. Спора түзбейді. Жіпшесі бірнеше бөлшекке бөлініп, әр бөлшегі сілемейлі қабықтан сыртқа шығып, жаңа дараққа аталады. Көк-жасыл балдырлардың мұндай көбею әдісін гормогония деп атайды. Әр бөлшегі - көп жасушалы. Осциллятория деп аталу себебі - жердің сілкіну күшін өлшейтін осциллографтың тілі тәрізді иілген ұшы тербелт қозғалады. Сула, топырақта кездеседі. Носток тізілген моншақ тәрізді жасушалардан тұрады. Жіпшелері жалпы сілемейлі қабықта шоғырланып өседі. Далалы жерлерде және қынаның құрамында кездеседі.

 

Спирулина цианобактериясын нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы суқоймаларында өсіреді.

 

Цианобактериялар ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдырады. Цианобактериялар жер беттің барлық жерінде, тіпті ешқандай топырағы жоқ жартастарда да өсе береді. Жанартау атқылаған соң суынған лавалардың бетінде алғаш өсетін де осы цианобактериялар. Себебі олар ауадағы бос азотты синтездел, нәруызға айналдырып қоректенеді. Олардың қалдықтары шіріп, топыраққа айналады.

 

Бактериялардың табиғатта және халық шаруашылығында маңызы зор. Олардың кейбір түрі өсімдік қалдығы, жануарлар өлексесі, саңырауқұлақтарда қалған қалдықтар ды ыдыратыл, шірітеді. Топырақ құнарлығын жақсартуға қатысады. Бактериялар зат айналымына қатысып, тіршіліктің жалғасуына себепші болады. Цианобактериялардың кейбір түрі бос азотты синтездеп, нәруызға айналдыра алады. Сөйтіп нәруыз өндіру үшін арнайы суқоймаларда өсіріледі.

 

Ғалымдар көпке дейін саңырауқұлақтарды төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатқызып келді. Қазіргі биология оларға өсімдіктерге де, жануарларға да тән белгілері болғандықтан, ағзалық әлемді жіктеуде ерекше орын берді. Сөйтіп олар өз алдына өсімдіктерге жақын ағзалық зат ретінде дербес саңырауқұлақтар дүниесіне топтастырылды


Информация о работе Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы және көк-жасыл балдырлар бөлімі