Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:14, реферат
Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап, шаруашылық кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеді. Әйтсе де Арал өңірінде қауырт өршіген экологиялық тоқыраудың пәті өткен ғасырдың соңғы он жылдығында бәсеңсіген соң ахуал біршама тұрақтанды.