Тұлғааралық қарым – қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 12:53, лекция

Краткое описание

Қарым – қатынас - бұл қарым – қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым – қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым - қатынас, Г.М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәслі болып табылады.
Тікелей қарым – қатынас - табиғи бетпе - бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір – бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

Оглавление

Қарым – қатынас және оның қызметтері
Тұлғалардың қарым - қатынастық түрлері
Қарым – қатынас барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері
Әлеуметтік перцепция туралы түсінік
Қарым – қатынастың интеракциялық жағының сипаттамасы

Файлы: 1 файл

тулга аралык арым катынас.doc

— 73.50 Кб (Скачать)

Тақырыбы:  Тұлғааралық  қарым – қатынас 

Жоспар

  1. Қарым – қатынас және оның қызметтері
  2. Тұлғалардың  қарым  - қатынастық  түрлері
  3. Қарым – қатынас барысындағы ақпарат алмасу  деңгейлері
  4. Әлеуметтік  перцепция туралы  түсінік
  5. Қарым – қатынастың  интеракциялық жағының  сипаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қарым – қатынас   және оның қызметтері

Қарым – қатынас  - бұл қарым  – қатынас  психологиясының  негізгі  ұғымы. Қарым – қатынассыз  жеке  адамның  тұлғалық  қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп  талдауға болмайды.  Қарым  - қатынас,  Г.М. Андрееваның  пікірі бойынша,  адамдарды   біріктіру және  дамыту тәслі болып табылады.

   Қарым – қатынас  моделі

 Субъект -1                                                         Субъект -2


 

Қарым  - қатынастың  формалары

Тікелей қарым – қатынас   - табиғи бетпе - бет,   сөздік  және бейсөздік (ым,  қимыл)  құралдар  көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт,  кері  байланыс  бір мезгілде өтеді.  Бұл - адамдардың  бір – бірімен    қатынас жасау тарихындағы  бірінші  формасы.

Жаңаша қарым – қатынас -  қатысушылардың кері байланыс  уақытын  ұзартатын, не  кешіктіретін  жазу  және  техника  құралдары  арқылы  жасалынатын  толықсыз психологиялық контакт.

Тұлғааралық қарым – қатынас - екі не құрамы  өзгермейтін  топ ішіндегі таныс адамдардың  тікедей контактылары.  Тұлғааралық қарым – қатынас  белгілері: қатысушылардың  психологиялық  жақындығы, бір – бірінің  ерекшеліктерін  білуі, бірге  күйзелуі,  өз ара түсінушілігі,  ортақ қызметтестігі.

Бұқаралық қарым – қатынас -  Бейтаныс  адамдардыдың тікелей не  жанама   контакттары.  Мысалы, стадионда,  театрда,  шеру – бұқаралық тікелей  ортақтасу, телемарафон, радиохабар – жанама қарым – қатынас,  вагонда бұқаралық тікелелй  не жанама  болса,  купеде  тұлғааралық.

Персонааралық  қарым – қатынас -  ортақ  іс  - әрекет үрдісінде және қасиеттерін ашатын  белгілі  тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер,  президенттер)

Рөлдік қарым – қатынас -  белгілі  әлеуметтік  ролдерді орындаушылардың  психологиялық контакттары, мысалы, оқушы – оқытушы,  әке – бала, сатушы – алушы,  көрші – көрші,  дәрігер – ауру,  бастық – бағынушы.

Осы  қарым – қатынастың  барысында  адамдар  өзі  және  басқалар  үшін  өзіндік  психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді.  Адамның  психологиялық  қасиеттері  қарым – қатынас нәтижесінде  пайда  болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен қарым – қатынас жасағанда  адами қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім   мен іс – әрекет тәсілдерін, жалпы  әлеуметтік тәжірибені  өз бойына сіңірген.  Қарым  - қатынастың нәтижесінде адам  жеке  тұлға  болып  қалыптасады.

Қарым – қатынастың қызметтері  (функциялары):

  1. Байланыстыру,  прагматикалық қызмет.
  2. Қалыптастыру, дамыту қызметі
  3. растау  қызметі
  4. тұлғааралық  эмоцияның  қатынастарды  ұйымдастыру  мен  іріктеу қызметі
  5. тұлғаішілік қызмет

Сонымен,   біз қарым – қатынастың түрлерін, қызметтерін  қарастырдық. Қарым – қатынас  психологиясында  көбірек зерттелетін  дәстүрлі мәселе – тұлғааралық  қарым – қатынас.

2. Тұлғааралық  қарым – қатынастың түрлері.

Мақсатына қарай  қарым – қатынас  психологиясы тұлғааралық  қарым  – қатынастың үш түрін ажыратады: императив  (бұйрық), манипуляция (айпа), диалог (қосүн, қос сөз).

Императивтік  немесе  әміршіл  қарым – қатынас  - өз қарым – қатынасының серігінің  тәртібі мен  іс  - әрекетіне бақылау  жасау  мақсаттарындағы әсер етудің авторитарлық,  директивтік формасы. Қарым  - қатынас  партнері тек әсер ету  нысанасы,  пассив ретінде  қарастырылады.  Императивтің ерекшелігі,  партнерды  бағындыру  жөніндегі  негізгі мақсатының  жасырынбай айзын  көрініп  тұратындығында. Әсер етудің  құралдар  ретінде  бұйрық,  талап, әмір, тиымсалу,  нұсқау пайдаланылады.

Манипуляция ,  алдап – арбау  қарым – қатынасы  - бұл қарым – қатынас партнерін өзінің  жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс – әрекет.  Өз  мақсатына жету үшін манипулятор қарым – қатыналс партнерін нысанат ретінде қарастырады.

Императив пен манипуляцияның ұқсастығы  екеуінің  мақсаты бірдейлігінде: яғни,  қатынас  серігінің ойы мен бойын билеу,  бақылау. Ал  ерекшелігі:   манипуляцияның стильде  шынайы, мақсат жарияланбайды, жасырылады.

Алдап – арбау қарым – қатынаслының  қоғамдағы  ресми  дорны – бизнес,  сауда – саттық, іскерлік насихат,  оқыту  болып  табылады.  Бұл  түрден  қарым – қатынастың демеу берушісі, жаршысы  Дейл Карнеги.  Ал манипуляцияға  қарсы шыққан ғалым Э. Шорстон «Анти – Карнеги» кітабын шығарды.

Диалог қарым – қатынасы.  Бұл – тең құқықтық  субъедктілердің арақатынасы, қарым – қатынастың мақсаты өзін – өзі және  өзгені тану, білу, дамыту. Бұл қарым – қатынастың айырмашылығы  - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтуризиге, өзгеге, басуға бағытталған ұстанымға келу.

Қарым – қатынас – өте күрделі  феномен. Оның  әртүрлігі көптеген  функцияларына  тәуелді, ал  көпқызметтілігі жеке  адам мен қоғам өміріндегі    орны мен мағынасына байланысты.

Қарым – қатынастың ішкі құрылымы  да  өте күрделі,  оны  шартты түрде үш  жаққа бөлуге болады: Коммуникация, перцепция, интеракция.

Коммуникация -  арақатынас  партнерлерінің бір – бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.

Интеракция -  тұлғааралық қимыл  ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс  пен  әрекет  алмасуы.

Перцепция -  адамдардың  бірін  - бірі  тануы  мен  тәрбиелеуі негізінде  құралатын белгілі  тұлғааралық  қатынастары.

 

3. Қарым – қатынас  барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері.

 

Тұлғаарылық коммуникацияның  бір  ерекше сипаты оның  екідеңгейлі  құрылымы.  Қарым – қатынас  барысында ақпарат алмасу сөздік  және  бейсөздік   деңгейлер де өткізіледі.

Сөз  деңгейінде  ақпарат  алысудың  негізгі құралы – сөз, тіл болса, бейсөздік   деңгейде сөзден басқа  коммуникация  белгілері  қызмет көрсетеді.

Бейсөз  тәсілдер адамның  эмоциялық  редакцияларының айнасы ретінде  оның  қарым – қатынас барысындағы көңіл – күйін    түсінуге  жәрдемдеседі.

Бейсөз құрамдарға оптикалық –  кинестикалық,   пара және экстралингвистикалық,  проксемикалық, визуалдық жүйелер  жатады.

Кинесика -  оптикалық кинестикалық жүйе, оны адамның қолының (ишара) – бетінің (шилика), денесінің (пантоминика) қимылдары  құрайды.  Арнайы  зерттеулер нәтижесінде беттің 20000  қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін  үш  салаға бөліп: қас пен  көз, мұрын,  ауыз және ерін олардың қимылына   байланысты  адамның  негізгі  алты  сезімін  білдіруге болатыны анықталған.

Акустикалық жүйеге паралингвистикалық және  экстралингвистикалық жатады:

Паралингстикалық -  бұл коммуникатор дауысының сапасы: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интомациясы , логикалық екпіні.

Экстралингвистика -  бұл дауыстың өзі емес,  оның айналасындағы құбылыстар: сөйлескендегі жөтел, күлкі,  пауза, жылау т. с. с.

 

 

4. Әлеуметтік перцепция   туралы  түсінік 

Тұлғааралық қарым – қатынастың  пайда болуы мен  нәтижелі  дамуы  оғдан  қатысушылардың  өзін – өзі  және  өзара  түсінісуіне  байланысты.  Бір   адамды   екінші  адамның  қабылдауы қарым – қатынастың  міндетті  құрамдас  белгілі ретінде  шартты  түрде  қарым – қатыналстың  перцепциясының  жағы  болып  аталады.

Әлеуметтік перцепция -  қарым – қатынас  үрдісінде  бірін – бірі, өзін – өзі танумен түсіну.

Бағыттаушы  бақылаушыны  көргенде сыртқы  физикалық  сипаттарын   қабылдайды. Ең  алдымен  сыртқы түрін  және  тәртібін  бағалайды.

 Әлеуметтік  перцепция  құрылымы -  адамның  сыртқы келбетін  қабылдау  арқылы  оның  тұлғаның   психологиялық  ерекшеліктерін  бағалау,  талдау  және оған  орай өз  эмоциялық қатынасын  ажырату, соның негізінде  бақыланушының    іс – әрекетін   болжау.

Әлеуметтік перцепцияның   қызметтері:

  • өз – өзін  тану;
  • ортақтасу серігін  тану;
  • түсінісу негізінде  өзара  іс  - әрекет  ұйымдастыру;
  • эмоциялық   қатынас  орнату;

Әлеуметтік  перцепцияның  механизмдері:

  • идентификация
  • эмпатия
  • аттракция
  • рефлекция

Идентификация  -  өзгенің  орнына  өзін  қойып,  оның  ішкі дүниесін түсіну,  өзгені тану  тәсілі, өзін өзгеге  ұқсату.

Эмпатия - эмоцияның  түсіну, өзгенің ішкі  жағдайын  өз  сезімдері  арқылы  қабылдап  білу,  өзгенің ішінде  не  болып  жатқанын, ол не сезіп  тұрғанын,  дүниені  қалай  бағалайтытынын  дұрыс елестетіп білу.

 Аттракция -  өзгені танып білудің ерекше  түрі,  ол  өзгеге  қатысты тұрақты жылы сезіне  қалыптасуға негізделген.

Әлеуметтік рефлекция -  қарым – қатынас барысында өзін  -өзі  тану  механизмі. Қарым – қатынас серігі  екені  танып – білуі туралы білім,  өзге адам  екені   қалай қабылдайтынын елестету  қабілеті  әлеуметтік рефлекция деп аталады.

 

5. Қарым – қатынастың  интеракциялық  жағының  сипаттамасы.

 

Қарым - қатынас барысында   адамдар  ақпарат алмасып қана , олар  іс – әрекеттерін жоспарлайды,  бір – бірімен әрекет,  қимыл алмасады,  өзара әрекеттің түрі  мен   нормаларын   анықтайды.   Бұл әрекетке  бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркім өзінің  үлеслін қосуын  талап етеді.

Өзара  әрекет  жасағанда  адамдар әртүрлі  мотивтерді  мақсат  тұтады. Солардың  ішіндегі  маңыздылары:

  • кооперация, жалпы ұтысты  көбейту;
  • конкуренция, салыстырмалы  ұтысты  көбейту;
  • альтруизм, өзгенің  ұтысын  көбейту;
  • агрессия, өзгенің ұтысын азайту;
  • тепе – теңдік, ұтыстардың  айырмашылықтарын   азайту;

Мақсатына  қарай  тиімді және  тиімсіз   қарым – қатынасты  ажыратуға болады. Адамдардың  мақсаттары  сәйкес  келгенде  қарым – қатынас  нәтижелі болмақ. Ең  ұтымсыз мотивтер   - индивидуализм және  агрессия.

Қарым – қатынасуда  қатысушылардың  өзара  әрекеттесу  барысындағы бес енгізгі  стратегиясын  белгілеуге болады:

  • қарсыласу  стратегиясы
  • қашу стратегиясы
  • жол беру стратегиясы
  • Компромис  стратегиясы
  • ынтымақталстыру стратегиясы

 

Тұлғааралық  өзара  әрекеттің  құрылымы.

Қарым – қатынастың  интерациялық  жағын  Р.Бейлс зерттеген.  Ол қарым – қатынас серіктерінің өзара әрекет алмасуының маңызды жақтарын сипаттаудың сызбасын жасаған.  Оның пікірінше,  тұлғааралық өзара әрекеттің  4 категория  арқылы  сипатталуға  болады.

 

 

 

 

 

 

Өзара әрекетті  тіркеу  сызбасы. 

Өзара әрекеттің  талдау категориясы

Мінез – құлықтағы  маңызды көріністер

Жағымды эмоциялар саласы

Ынтымақтасқтық,  бойкүйездіктен  арылу,  келісімділік

Мәселені шешу салсы

Ұсыныс – нұсқау,  пікір, басуларды  бағыттау.

Мәселені қоя білу саласы

Ақпарат  беруді  өтіну пікірін  білдіруді өтіну

Жағымсыз  эмоциялар сапасы.

Келіспеушілік, бойкүйездікті қалыптастыру, қарсылық көрсеті.


 

  Екінші сызбаның авторы Н.Фландрес педагогтық қарым – қатынастың ерекшеліктеріне назар аударады. Оқытушы  мен   оқушы арасында  сабақта кездесетін типтік  өзара  әрекеттерді тіркеу сызбасында 10  категория анықталған.

А.Мұғалімнің әрекеті.

  1. Оқушының  қатынасын,  сезімдерінің  көрінісін  қабылдап, өзінің қатынасын жай  түрде  түсіндіреді.
  2. Оқушының  әрекетін, тәртібін қолдайды
  3. Оқушының ойларын дамытады
  4. Оқушының жауабын алу мақсатында өзінің
  5. Өз идеяларын  түсіндіреді, дамытады
  6. Оқушы орындауға тиісті болатын бұйрықтарды, нұсқауларды береді.
  7. Оқушыны  дауыс көтеріп сыналйды, әміршіл стильді  пайдаланады.

Информация о работе Тұлғааралық қарым – қатынас