Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 12:53, лекция
Қарым – қатынас - бұл қарым – қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым – қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым - қатынас, Г.М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәслі болып табылады.
Тікелей қарым – қатынас - табиғи бетпе - бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір – бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Қарым – қатынас және оның қызметтері
Тұлғалардың қарым - қатынастық түрлері
Қарым – қатынас барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері
Әлеуметтік перцепция туралы түсінік
Қарым – қатынастың интеракциялық жағының сипаттамасы
Ә.Шәкірттің әрекеті.
Б. Өзара әрекет жағдайы.
10. Өзара әрекетте
қатысушылардың бақылаушыға
Ұлы ғұламалардың айтқан нақыл сөздері
Кінәлау оңай, үйрету қиын.
Өз мінін білген жігіттің,
Тәлімінде мін бар ма?!
(Ақтанберді – 1675 - 1786 ж)
Ынталы жүрек сөзген сөз -
Бар тамырды қуалар
(Қ.Абай – 1845 – 1904 ж)
Еліме есебімді не деп беремін
(Ж. Мағжан)
Әкеңнің айтқан аз сөзін,
Құтысын көңілдінің
Төгіп алма дәлдеп құй.
Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы -
Басыңда болса, егер ми.
(Дулати 1802 – 1874 ж)
Глоссарийлерге түсініктеме беру
Перцепция – бұл қарым – қатынас үрдісінде бірін – бірі, өзін – өзі тану мен түсіну
Идентификация – өзгенің орнына өзін қойып, оның дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату.
Эмпатия – эмоцияның түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз кезіндегі арқылы қабылдап білу.
Аттракция - өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты, тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген.
Тұлғалық атрибуция – әр оқиғаның себептесіп, әр жағдайға нақты кінәлі адамды іздеп табатындардың тәсілі.
Стимулдық атрибуция – адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі.
Коммуникация – қарым – қатынас.
Интеракция – бұл қарым – қатынас барысында өзара әрекет ұйымдастыру.
Кинесика – бұл адамның қолының, бетінің денесінің қимылдары
Паралингвистика – бұл дауыстың өзі емес, оның тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интонациясы
Экстралингвистика – бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар: жөтел, күлкі, жасау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: