Валюта жүйесінің мәні және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 21:35, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Оглавление

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ

1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................30


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36

Файлы: 1 файл

Валюталық жүйе мәні элементтері (АНБ) Олжас 2009-00.doc

— 347.50 Кб (Скачать)

          Валюталық қатынастарды реттеудің екінші түрі болып табылатын нарықтық реттеудің  негізін валюталық саясат және оның құралдары құрайды.

          Баға  механизiмi  және  нарықтағы  валюталық  бағам  динамикасының   белгiлерi   арқылы  экономикалық  агенттер  валюталарды сатып  алушылардың  сұранысымен  оларды  ұсыну  мүмкiндiктерi  туралы бiле  алады. Сонымен  бiрге  нарық  валюталық  операциялармен  бiрге  жағдайы  туралы  ақпараттар  көздерi  болып  табылады .

          Валюталық саясат  өзiнiң  мақсаттарына  және формаларына  байланысты  екiге  бөлiнедi:

    1. құрылымдық  валюталық  саясат
    2. ағымдық  валюталық саясат

              Валюталық  саясаттың келесiдей   формалары  колданылады:

  1. дисконттық  валюталық  саясат
  2. девиздiк  валюталық  саясат

          Сонымен  қатар, девиздiк  саясаттың  келесiдей  жүзеге  асырылу      формалары  болады:

          а) валюталық  интервенция;

          б) валюталық  резервтердi  диверлификациялау;

          в) валюталық  шектеу;

          г) валюталадың алмастырылу  дәрәжесiн реттеу;

          д) валюталық  бағам  режимi;

          е) девальвация;

          ж) ревальвация;

          Дисконттық  саясат  бiр  жағынан, валюталық  бағам  мен  төлем  балансын  реттеуге, екiншiден, iшкi несиелер, динамикасын, ақша  массасын бағаны  жиынтық  сұранысты реттеуге  бағытталған орталық банктiң есепке  алу мөлшерiн көрсетедi.

          Девиздiк  саясат  мемлекеттiк  ұйымдардың  немесе  орталық  банктердiң  шетел  валютасын  сатып  алу  мен  сату  жолымен  ұлттық  валюта  бағамына  әсер  ету  әдiсiн  бiлдiредi.  / (1) /

          Девальвация  мен  ревальвация – валюталық  саясаттың  дәстүрлi  әдiстерiне  жатады.

          Девальвация – ұлттық  валютаның  бағамын, шетел  валюталарына  қатысты  төмендетудi  бiлдiредi .

          Ревальвация – ұлттық  валютаның  бағамын, шетел  валюталарға  қатынасы  бойынша  жоғарлатуды  түсiндiредi .

          Девальвация  пайызын  өлшейтiн  формуласы   келесiдей:   

                                                          Бе – Бж

                                                    Д =                  *  100

                                                              Бе      

    Мұнда,  Бе - ескi  бағам;  Бж -  жаңа  бағам  

         Ревальвация   пайызын  есептеу  формуласы: 

                                                          Бж  – Бе

                                                    Р =                  * 100

                                                              Бе      

          Мысалы: функ  стерлинг   бағамы  арнйы  түрде  2.8 ден  2.4 долларға  дейiн  төмендетiледi. Ондағы  девальвациялау  пайызын  есептейiк:

                                      

                                                          2,8 – 2,4

                                                    Д =                  *  100 = 14,3%

                                                              2,8      

          Валюталық  саясаттың  келесi   бiр  формуласы  ретiнде  валюталық  шектеу  үздiксiз пайдалынады. /4/

          Валюталық  шектеу    резиденттерi  мен  резидент  еместердiң  валюталар  және  басқадай  валюталық  құндылықтармен  жасалатын  операцияларын  заңды  түрде  немесе  әкiмшiлiк  түрде  тиым  салуын, шектеуiн  бiлдiредi. Валюталық  шектеу, валюталық бақылаудың  құрамас бөлiгi  болып табылады. Валюталық шектеу  валюталық заңдылықтармен  бекiтiледi .  
     
     

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорыта  келгенде, халықаралық  валюталар және қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығын  бiлдiредi.

     Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының  интернационалдануы негiзiнде бiрте-бiрте  белгiлi бiр формаларды иемдене бастады. Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.

        Ваюталық  жүйе дегенiмiз - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

      Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық  валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзлiк  валюталық  жүйе;
  3. Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе 

     Валюталық рыноктарда  валюталық  операциялады  жүргiзуге  халықаралық  сауда  мен  оған  байланысты  көрсетiлген  қызметтер  және  халықаралық  капиталдар  мен  несиелер  қозғалысы  негiз  болып  табылады.

     Валюталық  бағам дегенiмiз  –  бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағамы  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi. 

     Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.

     Ұлттық  валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.

     Қазақстанның  дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы  және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.

     Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде  Халықаралық  валюталық қорға  мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика” валюта  жүйесiнiң  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстан  Кеңес экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық  байланыстар  жоқтың  қасында  болатын. Қабылданған  заң  бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi  қарама-қайшы  сипатта  болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда  Қазақстанда  “Валюталық  реттеу  туралы”  жаңадан  заң  қабылданды.  

     Жалпы валюталық қатынастардың дамуы  елiмiздiң экономикалық тұрақтылығын, әлемдiк экономикадағы ұлттық экономикамыздың орнын көрсетедi.

     Елiмiзде  ұлттық валюта жүйесі   1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз  теңгенiң” айналысқа енгiзiлген күннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз халықаралық экономикада  ашық айналысқа шығып,  елiмiзде жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өзiнiң оң  жемiсiн берiп үлгердi. Оған дәлел ретiнде бүгiнде елiмiз ТМД елдерi iшiнде елдiң қаржы секторы ең жақсы дамыған және тиiмдi қызмет етiп отырған сала болып табылады.

     Қазақстан Республикасында 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді. Яғни, еркін құбылатын айырбас бағамның енуі валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген валюталық реформаларға сәйкес ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік валютаға қарағанда ( АҚШ доллары) соңғы уақыттарда құнының артуы байқалады. Әрине бұл үлкен жетістік деп те айтсақ артық болмас.

     Қазақстан Республикасында қазiрдiң өзiнде  теңгенiң ел iшiнде еркiн ауысуына iс жүзiнде қол жеткiзiп отырмыз. Жоғарыда атап өткендей соңғы жылдары  теңге құнының  халықаралық резервтік валюталар бойынша тұрақты сақталып, Қазақстанның экономикалық тиімді өсуіне септігін тигізіп отыр. 

     Соңғы 2007-2008 жылдары Қазақстанның әлемдік нарықтағы жағдайы бойынша төлем балансы оң сальдоны көрсетті. Әрине бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік болып табылады және алдағы уақытта елдің ұлттық экономикасын, оның өндірістік салаларын индустрияландыру арқылы бәсекеге қабілетті экономиканы құру, импорталмастырушы өндірісті дамыту сыртқы саудада экспорттын көлемін арттырп, импорттын көлемін айтарлықтай төмендетеді деп айқындалуда. Алайда елдің экспортының өсуі, биылғы жылғы төлем балансының он сальдосы тікелей экономиканың тұрақты дамуы үшін тиімсіз болып келетін мұнай және басқа да шикізатты өндірістің, олардың шығару көлемінің артуынан және әлемдік рынокта шикізатқа деген бағаның өсуінен болып отыр. Сондықтан мемлекетіміз алдағы жылдары осындай шикізаттық экономикадан құтылумәселесін шешуі қажеттігі туып отырғаны белгілі.  /15/ 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1.  “Қ.Р-да  ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
  2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.

    9.  “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р  –ның  заңы   //   24.12.1996.

  1. Баян Көшенова, Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  2. Байгiсиев Майдан-Әлі  / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
  3. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  4. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  5. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001г.
  6. Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.

    9. Е.Н.Нәбиев “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Астана                 2005- б. 49.

  1.     Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2007 ж.
  2. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2008 ж.
  3. Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2006г.
  4. «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №7,8,9 - 2008 г. 2-8 стр.
  5. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г.- 446 с.
  6. Вестник Национального банка РК ,  2008 ж. №1,2.
 
 
 
 
 

       
     
     
     
     

Информация о работе Валюта жүйесінің мәні және дамуы