Валюта жүйесінің мәні және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 21:35, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Оглавление

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ

1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................30


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36

Файлы: 1 файл

Валюталық жүйе мәні элементтері (АНБ) Олжас 2009-00.doc

— 347.50 Кб (Скачать)

      Ұлттық  банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация  жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізуде. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда.  Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.

      Ұлттық  банк Қазақстан Республикасының  валютасын шет ел мемлекеттерiнiң  ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын  анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол  ақшаның айналымы олардың банк кассасына  үздiксiз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Сондай-ақ бүгінде Ұлттық банк шетел валюталарын сатып алуда монополист болып табылып, елдің ақша айналысын заңдылықтармен ұйымдастырылған тәртіптермен жүргізіп, реттеп отырады. 

      Сондай-ақ Қазақстан экономикасының валюталық жүйесіндегі соңғы әрі басты өзгеріс 2006 жылы 15 қарашадан бастап айналысқа жаңа теңгелердің шығуы. Ұлттық валютамызды былай өзгертудің қажеттігі оның қорғаныштарының әлемдік стандарттарға сай болуы, шетел валюталарымен тен дәрежеде көрініс табуы болып табылады. Сонымен қорыта келе ұлттық валютамыз теңге жылдан-жылға ұлттық экономикамен бірге халықаралық валюта жүйесінде өзінің рөлін арттырып келе жатқандығына көзіміз жетеді.  
 
 

    2.2 Валюта бағамы және оның мәні 

     Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды,   валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.

     Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған  төлем құралының болмауында. Сондықтан  да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.

     Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген  сұраныс пен ұсыныс ең алдымен  сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталвқ түсiм алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.

     Валюталық бағам-басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы. /10/

         Валюталардың баға белгiленiмi  айырбас үшiн ұсынылған екi ақша  бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға  мүмкiндiк жасайды. Валюталық баға  белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер  етпейдi, өйткенi валюта бағанының  мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi.

     Нарықтық  экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал  арқылы нақты басқарады. Олар тек  делдалдық қызметтен шығып, ұдайы  өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді

     Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi.     

     Валюталық бағам – бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.

     Валюталық бағамның құндық негiзгi валютаның сатып алу қабiлетi болып табылады. Бұл  экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарлардың және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесi анықталады.

       Ғылыми тұрғыдан қарағанда 5 түрлi валюталық бағам жүйелерi бар:  еркiн (таза) қалқу; бекiтiлген бағамдар; мақсатты аймақтар; гибридтi (аралас) валюталық бағам жүйесi.

       Еркiн қалқу жуйесiндегi валюта  бағамы нарықтық ұсыныс пен  сұраныстың әсерiнен қалыптасады.  Бұл жерде валюталық форекстiк  нарық нағыз нарық моделiне  жақындатылған: қатысушылардың көлемi  сұраныс жағында да үлкен жүйедегi кез-келген ақпарат лезде жеткiзiледi және нарықтың барлық қатысушыларына қол жетерлiк, орталық банктердiң бұрламаушы ролi әлсiз және тұрақты емес.

       Басқарылатын қалқу жүесiнде валюта  бағамына сұраныс пен ұсыныстан  басқа, орталық банктер де үлкен әсерiн тигiзедi, сондай-ақ, әр түрлi уақытша (мерзiмдiк) нарықтық бұрмалаулар.

       Бекiтiлген бағамдар жүесiне Бреттон-Вудтiк  валюта жүйесi (1944-1971ж.ж) мысал  бола  алады.Онда барлық валюталардың  бағамы долларға ауытқу шегi +/-1%-пен  бекiтiленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар. /4/

       Мақсатты аймақтар жүйесi бекiтiлген  валюттық курстар идеясын дамытады.Одан  басқа бұл түрге  Европа  валюта жүйесiнiң қатысушы елдерiн  валюта бағамдарының жұмыс iстеу режимiн жатқызуға болады.

            Гибридтi валюталық бағамдар жүйесiмне  қазiргi валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн  қалқуын iске асыратын, тұрақтылық  аумағы бар елдер. 

           Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер боынша жiктеуге болады.

            Валюта нарығында қолданылатын  айтарлықтай маңызды ұғымдардың  бiрi нақты және номиналды валюта  бағамы ұғымы болып табылады.

            Нақты валюта бағамына сай  келетiн валютада алынған екi елдiң  тауар  бағаларының қатынасы  ретiнде анықтауға болады.

              Er - нақты валюталық бағам

              Ph - iшкi нарықтағы бағалар

              Pf - шетелдiк нарықтағы бағалар

              En - номиналды валюталық бағам.

     Валюта  бағамы бірнеше классификацияға  бөлінеді. Оны біз 5-ші кестеден көре аламыз. 
 

     Кесте 2 – Валюта бағамының классификациясы. 

                 Критерийлер                                                    Валюталық бағам
  1. Бекiту тәсiлi
     Қалқымалы

     Бекiтiлген

     Аралас

  1. Есеп  айырысу тәсiлi
     Тең құқықтық (паритетный)
  1. Келiсiмдер түрi
     Жедел келiсiмдiк

     Спот-келiсiмдiк

     Своп-келiсiмдiк

  1. Белгiлеу(нұсқау) тәсiлi
     Ресми

     Бейресми

  1. Валютаның сатып алу қабiлетiнiң паритетке қанынасы
     Жоғарылатылған

     Төмендетiлген

     Паритеттi

  1. Келiсiм қатысушыларына қатынасы
     Сатып алу бағамы

     Сату  бағамы

     Орта  бағам

  1. Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша
     Нақты

     Номиналды

  1. Сату әдiсi бойынша
     Қолма-қол  сату бағамы

     Қолма-қол  емес сату бағамы

     Валюта  айырбастаудың көтерме        бағамы

     Банкноттық

     Ескерту:Е.Н.Нәбиев “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Астана                 2005- б. 49.

     Номиналды валюта бағамы елдiң нақ осы уақыттағы жүрiп жатқан валютаның айырбас бағамын көрсетедi. 

    Егер, валюталық қатынастың ағымдағы мәселесі туралы айтатын болсақ, онда негізгі мәселе Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялаумен байланысты.

    Менің ойымша, елдегі валюталық қатынас жүйесінің өзгеруіне әсер еткен себептерді атап кеткен жөн болар:

  • Қолданыстағы валюталық қатынастың тиімділігі жеткіліксіз;
  • Валюталы-айырбас операциялары кезінде экспортерлердің трансакционды шығындары жоғары;
  • Бағаның тез өсуіне қауіп төндіруі мүмкін;
  • Республикадағы экономикалық жағдайдың сапалы жақсаруында орын алады.

    Капитал мобильділігі халықаралық инвесторлардың портфельдерін диверсификациялауға, тәуекелді бөлуге, сондай-ақ елдер арасындағы сауданың жаұқсаруына мүмкіндік туғызады.

    Сонымен қатар, валюталық режимді либерализациялау белгілі бір деңгейде нарықтық сфераға  және экономикалық қызмет түрлеріне  кері әсерін тигізуі мүмкін. Ең алдымен  бұл, ішкі және сыртқы тәуекелдерге байланысты:

  1. Әлемдік және тауар нарығындағы баға, ал жекелей алғанда мұнайға деген баға әртүрлі экономикалық және саяси факторлардың әсеріне сезімтал болады;
  2. Капитал операцияларын либерализациялау ішкі және әлемдік пайыздық мөлшерлемелерді жақындататын жалғыз құрал болып табылмайды. Инвестицияның шетел активтеріне қатысты режимін жедел либерализациялау ақша қаражатының сыртқа ағуына алып келеді. Ал, бұл біріншіден, елде инвестициялаудың адекватты құралдарының пайда болуына және ішкі қор нарығының дамуына әсер етпейді, ал екіншіден, нақты сектор жағынан оларға деген сұраныстың өсуі кезінде ішкі қаржылық ресурстардың жетіспеушілігіне алып келеді.
  3. Капитал мобильділігі деңгейінің өсуі, алып-сатарлық сипатта болатын қысқа мерзімді операциялар санының өсуіне алып келеді.
  4. Валюталық қатынас және қатынас жүйесі, сыртқы экономикалық операциялардың қатысушылары белгіленген шектеулерді, валюталық қатынастың талаптары жеңілдетілген операциялар арқылы айналып өте алатындай етіп құрылған.    

    Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан, валюталық қатынас және қатынас мәселесі өте маңызды болып отыр. Бұған дәлел ретінде Аргентина елінде болған кезекті күйзелісті атауға болады.

    Егер  де, валюталық қатынастың даму перспективалары  туралы айтатын болсақ, 2003 жылдың 15 мамырындағы экономикалық саясат Кеңесінің  шешімі және 2003 жылдың 11 қыркүйегіндегі Ұлттық Банк Басқармасының Қаулысы негізінде Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялаудың негізгі қағидаларын, алғы-шарттарын анықтайтын концепция жарық көрді. Концепцияны, экономиканың барлық секторларының ойларын есепке ала отырып шығарды. ҚРҰБ-нің валюталық режимді либерализациялауға қатысты негізгі іс-әрекеттері ХВҚ сарапшыларымен бірге талқыланды.

Информация о работе Валюта жүйесінің мәні және дамуы