Микроэкономика теориясының пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:20, курсовая работа

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Микро. о_у __ралы.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

 

                             FC                       VC

 

                   

                 

                                                       FC    

 

                                                              Q

52 сурет. Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар

 

Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып көрінеді, бұндай пішіннің себебі – тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және ауыспалы шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC<VC болса, AFC төмендеуі AVC өсуімен білінбейді де, АТС қисық сызығының түрі – ұлғаймалы болады. Өндіріс кемушілік шекті өнімділік заңына бағынатын қысқа мерзімді кезеңде бір жақтан орташа және екінші жақтан, шекті өнім мен орташа және шекті шығындар араларында кері тәуелділік бар. МС және AVC шығындардың қисық сызықтары ауыспалы факторлардың АР және МР қисық сызықтарының айнадай бейнелеуі болып табылады (54 сурет).

          C                                                                ATC


                                                              

                                                              AVC

 

 

 

 

                                                              AFC

 

 

53 сурет. Орташа тұрақты ауыспалы және валдық (жалпы) шығындар

MP, AP          MPmax


                                             APmax

 

 

                                                   MPL  

                                                                     APL

                                                                    L

AVC, MC

                                                                         AVC

                                                  MC

                                               AVCmin

 

                                                                     Q

 

54 сурет. Орташа және шекті өнімнің қисық сызықтары мен орташа және шекті шығындардың қисық сызықтары

 

Алдында, ауыспалы фактордың  қайтарымы өскенде, шекті шығындар азаяды, демек, орташа ауыспалы шығындар азаяды. Сонан соң, жоғары шегіне жеткенде, ауыспалы фактордың қайтарымы, кемушілік қайтарым заңына сәйкес, түседі, демек, шекті шығындар өсе бастайды, ол, кейінірек, орташа ауыспалы шығындардың өсуіне әкеледі.

Шекті және орташа өнім шамасы араларында тәуелділік болуына сәйкес шекті және орташа шығындар араларында да тәуелділік бар (55 сурет).

1. Орташа ауыспалы  және орташа валдық (жалпы) шығындар  төмендейді, егер шекті шығындар  орташа ауыспалы шығындардан  аз болса (МР<АVC );

2. Орташа ауыспалы  және орташа валдық (жалпы) шығындар  өседі, егер шекті шығындар  орташа ауыспалы шығындардан көп болса (МР>АVC);

3. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар қисық сызықтарының шекті шығындар қисық сызықтарының көбеюші, үдеуші бөлігімен қиылысу нүктесінде азаяды.

4. Өндіріс көлемінің өсу барысында орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындардың қисық сызықтары жақындайды (өйткені орташа тұрақты шығындар азаяды).

          C                                                MC        ATC


                                                                                       AVC

 

 

 

 

 

 

                                                                 AFC

                                                                                        Q 

55 сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары

 

Шығындар қисық сызықтарының жағдайы факторлар бағалары мен  бұл фактор ауыспалы немесе тұрақты  болуына байланысты. Тұрақты фактор бағасының өсуі AFC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады (шығындар өседі); бағасының төмендеуі – оларды төменге ауыстырады (шығындар азаяды). Ауыспалы фактор бағасының өсуі АVC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады, ал МС қисық сызығын – солға; ауыспалы фактор бағасының төмендеуі – АVC және АТС қисық сызықтарын төменге ауыстырады, ал МС қисық сызығын – оңға. Қысқа мерзімді кезеңде (оны эмпиризмдік талдаулар дәлелдейді) ауыспалы фактордың тұрақты қайтарымы орын алады. Графикалық түрде ол орташа шекті шығындардың «кең жалпақ түбін» көрсетеді.

 

3. Ұзақ мерзімді  кезеңдегі шығындар

 

Ұзақ мерзімді кезеңде  шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (56 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.

 

 

C                                                       AC5


               AC1                                                LRAC

                                         AC4   

                      AC2  AC3

 

 

 

        Q1      Q2            Q3              Q4        Q5     

56 сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы

 

Графикте көрсетілгендей, ұзақ мерзімді кезеңде орташа шығындардың шамасы Q3 өндіріс көлеміне дейін түсіп, сонан соң өседі. Бұл ауқым әсерінің әрекетімен түсіндіріледі: алдында өндірістің кеңеюі дайын өнімдердің көбею қарқынына шығындардың өсу қарқынынан асып түсуіне жағдай жасайды (оңды ауқым әсері), сонан соң – керісінше (кері ауқым әсері). АС төмендеген өндіріс көлемі тиімді екені, АС өскенде – тиімсіз екені және АС азайғанда (Q3) – ең тиімді (нәтижелі) екені сөзсіз. Орташа шығындардың ең аз (шамалы) мағынасына сәйкес нүкте олардың шекті шығындар қисық сызықтарымен қиылысу нүктесі болып табылады (яғни LRAC = LRMC болған нүктесі 57 сурет).


          C                                                        LRMC           LRAC

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        Q 

57 сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы және ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтары

 

Сонымен бірге өндірістің тиімді көлемін іздеу мәселесі ауқым әсері мәселесімен ғана шектелмейді. Ауқым әсерімен қатар фирма өніміне деген сұраныс екінші маңызды фактор ретінде болып келеді. Q1 тең сұраныс тек қана шағын фирманың АС1 тең шығындарын жабады; ірі фирмалардың АС2,, АС3 тең шығындары Q1 сұранысы үшін өте көп (үлкен). АС2 тең шығындарының мөлшері бар орташа кәсіпорын үшін Q2 тең сұраныс ең оңтайлысы. Q3 сұранысы үшін ірі фирма қажет, себебі тек қана сол шығару көлемінің тиісті сұранысы үшін АС3 ең аз шығынын қамтамасыз етеді.


                                                           AC2                         AC3

           C                                  AC1

 

 

 

 

 

 

       

                 Q1             Q2                      Q3                      Q

58 сурет. Фирманың оңтайлы көлеміне сұраныстың әсері (ықпалы)

 

4. Өндірушінің  тепе-теңдігі. Изокоста

 

Тұтыну теориясында тұтынушының  тепе-теңдігі анықталатындай (соған  сәйкес) өндіріс теориясында да өндірушінің  тепе-теңдігі анықталады. Өндірушінің тепе-теңдігі (оптимум) болып тұрған қорлардың (ресурстардың) барында өндірістің ең көп көлеміне жеткенде қамтамасыз етіледі. Мысалды қарайық. Бір кәсіпкердің тауар өндірісінде пайдаланатын факторлардың шекті өнімдері (біз бұрынғыдай 2 факторлы моделін, үлгісін қараймыз) өнімнің 120 бірлігін және 140 бірлігін құрайды. Факторлар құндары – 10 доллар және 20 доллар.

Орташа өлшемді шекті өнімдерді табамыз:

МР11 = 120/10 = 12;  МР22 = 140/20 = 7

Бұдан бірінші факторды пайдалануының  тиімділігі көрініп тұр, өйткені  оның қайтарымы екіншіден көптеу. Егер кәсіпкер екінші фактордың бір бірлігінен бас тартса, ол 20 долларды сақтап қалып (ұтып алып), бірінші фактордың 2 бірлігін сатып алады. Сонымен, бұл жағдайда оның ұтысы 120·2 = 240 өнім бірлігін, ал шығындар – 140·1 = 140 бірлігін құрайды, демек, таза ұтыс = 240 – 140 = 100 өнімнің бірлігі. Әрі қарай, кәсіпкер пайдаланатын факторларды қайта үлестіреді. Факторлардың шекті өнімдері теңескенге дейін бұндай қайта үлестіру жалғаса береді:

МР11 = МР22 = ... = МРnn

Сонымен, біз пайданы көбейтудің (шығындарды азайтудың) алтын ережесін тауып аламыз: тиімді кәсіпкер факторлардың оңтайлы қиыстыруына тырысады өндірістің әр факторына жұмсалған ең соңғы доллар (немесе басқа ақша бірлігі) бірдей шекті өнім береді, ал өндіріс факторы әкелетін кіріс пен оның бағасы арасындағы айырма ең жоғары (көп). Егер барлық факторлардың шекті өнімдері бірдей болса, оларды үлестірудің мағынасы жоқ, себебі, олардың біреуі де басқаларынан көп кіріс әкелмейді. Факторларды пайдалануы мен олардың бағасы араларындағы табыс айырмасы – осы фактордан алатын кәсіпкердің таза пайдасы. Жай сөзбен айтқанда, қосымша қызметкерді алудың маңызы бар, егер ол әкелетін табыс (оның шекті өнімі) жалақысынан (бағасынан) асса.

Осы ереженің тұтыну теориясындағы  Госсеннің екінші ережесімен сәйкестігі мәлім. Кобба-Дугластың 2 факторлы моделі (үлгісі) үшін өндіруші тепе-теңдігі мына жағдайда болуы мүмкін:

МРL / W = MPK /I, мұнда W – жалақы (өндіріс факторы ретіндегі еңбек бағасы); І – пайыз(өндіріс факторы ретіндегі капитал бағасы). Еңбекке жұмсалған соңғы ақша бірлігі капиталға жұмсалған соңғы ақша бірлігі сияқты өндіріс көлемінің сондай өсуіне әкелгенде, өндіруші тепе-теңдігіне жетеді. Өндіріс факторларының әр түрлерін көрсетіп, бірдей жиынтық шығындарды беретін түзу сызық изокоста деп аталады (isocost). Изокостаның теңдеуін өндірушінің бюджеттік шектеу теңдеуінен алуға болады:

С = WL + IK, = > K = C/I – (W/I) · L;

L = C/W – (I/W) · K

Егер факторлар бағаларырын өзгерілмейтін деп санасақ, С1, С2, С3 шығындардың әр деңгейлері үшін изокоста графиктерін салуға болады:

          K


 

 

         C3

     C2

  C1

                                                   L

59 сурет. Шығындардың әр деңгейлерінің изокосталары

 

 Осы изокосталардың әр қайсысы шығындардың бір деңгейін қамтамасыз ететін факторлардың барлық мүмкін түрлерін көрсетеді. Изокоста неғұрлым жоғары болса, шығындардың соғұрлым жоғары деңгейін көрсетеді. Изокостаның еңкіштігі «алу» белгісі бар факторлар бағаларының ара қатысына тең:

  • РL / PK = W/I

Сонымен, егер өндіруші еңбек  бірлігін капиталмен алмастырса, шығындардың бұрыңғы деңгейін сақтап қалу үшін ол PK баға бойынша капиталдың РL/PK бірліктерін сатып алуға тиісті. Егер факторлардың бағасы өзгерсе, изокостаның еңкіштігі де өзгереді:

Ал екі факторлардың бағалары өзгерсе, изокостаның еңкіштігі  олардың баға қатыстарынан тәуелді болады.

Изокванта графигіне изокоста графигін салсақ, олардың қиылысу нүктесінде өндіруші тепе-теңдігінің моделін (үлгісін) аламыз (60 сурет). Өндірушінің тепе-теңдік нүктесі бір мезгілде өндіріс шығындарын азайту нүктесі де болады.

 

 

 

 

 

 

 


          K 

                     

                             

 

Е 

          KE   

                                  

 

   

LE                        L    

 

60 сурет. Өндірушінің тепе-теңдігі

 

Өндірістің әр көлемінің  шығындарын азайтатын өндіріс факторларының түрін анықтап, өндірістің әр көлемі үшін өндірушінің тепе-теңдік нүктелерін қосып, фирманың даму траекториясы қисық сызығын алуға болады. Ол – фирманың өсу сызығы – изоклиналь (61 сурет). Оның салынуы тұтыну теориясындағы «табыс – тұтыну» қисық сызығының салынуымен сәйкес.

       K


 

 

 

 

 

 

                                                     L

61 сурет. Фирманың даму траекториясы

 

Фирманың даму траекториясы қисық сызығының әр түрлерін айыруға  болады:

  1. Даму траекториясы, ол капитал сыйымды технологияларға көшуін сипаттайды да тәжірибеде ең кең таралған болып саналады (62-а сурет)
  2. Сызықтық даму траекториясы, ол факторлардың тұрақты ара қатысымен сипатталады.
  3. Төмендейтін даму траекториясы, ол еңбектің көп санын (көп еңбекті) қолдануымен сипатталады (62-в сурет).

Информация о работе Микроэкономика теориясының пәні