Микроэкономика теориясының пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:20, курсовая работа

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Микро. о_у __ралы.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

 

 

                                                        MP

50 сурет. Жиынтық, орташа және шекті өнімдер

 

Графикте жиынтық, орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері арасында өзара қатынас бар екендігі көрінеді.

2. шекті өнім орташа өнімнен асқан жағдайда, орташа өнім көбееді (МР>АР);

3. орташа өнім шекті  өнімнен асқанда, орташа өнім  азаяды (МР<АР);

4. орташа өнім шекті  өнімнің қисық сызығының қиылысу  нүктесінде өзінің ең жоғары  маңызына жетеді (МР = АР).

Егер шекті өнім нольге тең болса, жиынтық өнім өзінің ең жоғары маңызына жетеді. Жоғарыда қаралған факторлардың ауысу мысалын бір фактор ауыспалы, ал екінші тұрақты болатын ахуалға көшіруге болады: ауыспалы фактордың қайтарымы түседі, яғни ауыспалы фактордың шекті өнімі де қысқарады (оны жұмыскерлер мен станоктар мысалында көрсетуге болады). Ауыспалы фактор шекті өнімінің қысқаруы өнімділік кемушілігінің заңы (қайтарым кемушілігі), ол жалпы сипатты болып, шекті пайдалылық кемушілігі заңымен бірге микроэкономика теориясының негізі болатын заңдарының бірі. Сонымен, қысқа мерзімді кезеңде өндірістің кеңеюі шекті өнімділіктің кемушілік заңына тәуелді.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі  өндірістік функцияның түрі:

Q = f (NL, NK).

Екі фактор ауыспалы болып, олардың ара қатысы көбею жағдайында да өзгермейді. Сондықтан, шекті өнімділік кемушілік заңының ұзақ мерзімді кезеңіндегі өндірістің кеңею жағдайында әрекеті жоқ. Мұнда ауқымға байланысты экономия қағидасы жүреді (әрекетте).

Ауқым әсері – өндіріс факторлар шығын шамасының салыстырмалы өзгеруі мен шығару көлемінің салыстырмалы өзгеруінің ара қатысы.

Өндіріс факторларының N есе өзгеруі шығаруды да N есе өзгертеді, ол ауқымның тұрақты қайтарымын немесе ауқымның тұрақты әсерін білдіреді. Өндіріс факторларының N есе (өсуі) шығарудың N есе аздау өсуі ауқымның қайтарым кемушілігі немесе ауқымның теріс әсері болады.  Егер өндіріс факторларының N есе өсуі шығарудың N еседен көп өсуіне әсер етсе, оны ауқымның өсу қайтарымы немесе ауқымның оң әсері деп айтады.

Изокванта картасын талдай келе, ұзақ мерзімді кезеңде ауқым әсерінің білінуін көруге болады. Егер шығару көлемі тең шамада өскенде изокванталар тақалса (51-а), ол ауқымның оң әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі факторлардың аз шығындарын талап етеді. Ал изокванталардың алшақтауы (51-в) ауқымның теріс әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі көптеген шығындарды талап етеді. Оған сәйкес, егер изокванталар сол калпында қалса (51-б), ауқым әсері тұрақты болады.


 

K                                  K                                   K

 

 

 

 

а)                             L     б)                             L   в)                              L 

51 сурет. Изокванта картасындағы ауқым әсері

 

Шығару көлемінің өсуінде (ол фирманың өсуіне тең) ең алдымен  ауқымның оң әсері орын алады, сонан  соң ол ауқымның тұрақты әсерімен, соңында ауқымның теріс әсерімен ауысады. Тәжірибеде ұйымдастыру факторы ауқым әсерінің себебі болып келеді. Өсу қайтарымы барысында пайда болған шығындарды үнемдеу мүмкіндіктері мамандандыруды тереңдету, жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында ұйымдастыру факторы өзін өнімділіктің өсуінде көрсетеді. Кемушілік қайтарымның барысында ол басқару мен үлестіруде, әкімшілік шығындарда көрінуі мүмкін. Бастапқы кезеңдерде фирманың оң сәттері көп, бірақ бір шекке жеткенде өсіп кеткен фирманы басқару қиындай түседі де, қайтарым теріс болады. Жоғарыда қаралған жиынтық, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері факторлар санының өзгерістерін өлшеу мен талдау үшін керек. Олардың көмегімен шекті өнімділігінің кемушілік заңы әрекетін бағалауға болады. Бірақ олар абсолюттік көрсеткіштер болып келеді, сондықтан олардың қолдануы толық талдауға жеткіліксіз. Сол себептен салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланады, көбінесе, өндіріс факторларының икемділігі. Өндіріс факторлары икемділігінің коэффициенті талданатын фактордың бір пайыздық өзгеруіне көлем әсерінің шамасын көрсетеді. Ол талданатын фактор шекті өнімнің орташа өніміне деген қатысына тең:

ЕL = MPL/AP

EK = MPK/APK

 

Сұрақтар мен  тапсырмалар

 

Талқылау үшін сұрақтар

1. Өндірістің мәні  неде? Қандай өндіріс технологиялық нәтижелі деп аталады? Экономикалық нәтижелі?

2. Өндірістік функцияның мәні неде? Кобба – Дуглас функциясы деген не?

3. Изокванта деген  не? Түсінік беріңіз. Технологиялық  ауысудың шекті нормасы.

4. «Фактордың жиынтық  өнімі», «фактордың орташа өнімі», «фактордың шекті өнімі» деген категориялардың мәнін ашыңыз.

5. Кемушілік қайтарым  заңы және ауқым әсері дегеніміз  не? Олардың арасында не ортақ  және айырмашылықтары қандай?

 

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

 

1. Графиктегі орташа  және шекті өнімдердің мағыналары араларындағы тәуелділік білдіреді: олардың қисық сызықтар қиылысу нүктесінде

а) орташа өнімнің мағынасы ең жоғары (көп);

б) орташа өнімнің мағынасы ең аз (төмен);

в) шекті өнімнің мағынасы жоғары;

г) шекті өнімнің мағынасы төмен (ең аз).

 

2. Тапсырылған технология бойынша шығарудың ең жоғары көлеміне жету білдіреді:

а) осы фактордың орташа және шекті  өнімдері тең;

б) орташа өнім жоғары деңгейге жетеді, ал шекті – нөлге тең;

в) шекті өнім жоғары деңгейге (максимум), ал орташа өнім минимумға (төмен деңгейге) жетеді.

г) шекті өнім нольге тең, орташа –  азаяды

3. MRTSKL = -4 дейік. Капиталдың пайдалануы 3 бірлікке азаяды (қысқарады). Шығарудың бұрынғы көлемін сақтау үшін еңбектің неше қосымша бірлігі керек?

4. Фирманың өндірістік функциясы Q = 0,9·K0,6·L0,5. Қаралып тұрған кезеңде капитал 200-240 бірлікке дейін көбейді, еңбек – 60-тан – 66 бірлікке дейін көбейді. Өндіріс көлемі қаншаға өскенін анықтаңыз.

5. Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша орташа және шекті факторлардың мағыналарын есептеңіз:

Тұрақты фактор (бірліктер)

Ауыспалы фактор (бірліктер)

Шығару көлемі

(бір күнде)

Орташа өнім

Шекті өнім

2

0

0

   

2

1

40

   

2

2

90

   

2

3

150

   

2

4

160

   

2

5

150

   

2

6

120

   

6. Шығару көлемі мен өндіріс факторлар шығындары арасындағы тәуелділіктің түрі:

Q = 9+0,2K+0,7L

Факторлардың шекті  өнімділігін және технологиялық  ауысудың шекті нормасын анықтаңыз.

7. Фирмада жұмыс істейтін 20 адам 100 мың тг сомасына өнім шығарады. Жұмыскерлер санының 1% өсуі өндірістің 1,2% өсуіне әкелді. Еңбектің шекті өнімін анықтаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ

 

1. Шығындар. Шығындарды  жіктеу

 

Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.

Экономикалық әдебиетте  шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).

1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.

2. Бухгалтерлік  және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

3. Сыртқы және  ішкі шығындар. Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар – өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.

4. Өндірістің  бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.

Тұрақты шығындар – өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:

TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары

Келтірілген жіктеудің  сызбасы:

Сыртқы   Ішкі


 

Шығындар 


 

 

Бухгалтерлік (көзге  көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық


Тұрақты + ауыспалы = жалпы 

 Экономикалық талдау үшін орташа және шекті шығындардың есебі орынды.

Орташа шығындар – өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:

ATC (AC) = TC/Q;

AFC = FC/Q; AVC = VC/Q;

ATC = AFC + AVC.

 

Шекті шығындар – бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):

MC = Δ ТC/ΔQ

Таяу уақыттан бері микроэкономикада шығындардың ерекше түрі – трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар (лат. Transactio – мәміле) – өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар институционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элементтерін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б.

 

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

 

Өндіріс шығындары шығарудың  функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.

Тұрақты шығындар графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындар графигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы.

 

 

 

          C                                                         TC    

Информация о работе Микроэкономика теориясының пәні