Микроэкономика теориясының пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:20, курсовая работа

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Микро. о_у __ралы.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

б) жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылықты

в) пайдалылық шамасының мүлде дәл сандық анықтауы

г) шекті пайдалылығының сапалық анықтауы

д) бір бірлікке тұтынудағы өзгеріспен пайда болған жалпы пайдалылықтың өзгеруі

3. Жалпы пайдалылық  функциясы ең жоғары деңгейге жететін жағдайлар:

а) шекті пайдалылық түседі

б) шекті пайдалылық 0 (нөлге) тең

в) шекті пайдалылық ең үлкен шамаға тең

г) шекті пайдалылық өзгермейді

д) шекті пайдалылық өседі

4. Жеке адам  бір игіліктің 2 бірлігін тұтынады (пайдаланады). Екінші бірліктің шекті пайдалылығы 5 тең екендігі мәлім. Жалпы пайдалылық шамасы жөнінде не айтуға болады?

а) ол 5 тең 

б) 10 тең

в) 10 көп

г) бар мәліметтер ондай болжамдарға жеткіліксіз

5. MRSXY = 1 /2. X және Y тауарлар жөнінде не айтуға болады?

а) X және Y тауарлары тұтынуда бірін – бірі толықтырады

б) X пен Y нағыз субституттар болып келеді

в) X пен Y тауарлары үшін талғаусыздық қисық сызығы ауысудың төмендейтін шекті нормасымен сипатталады

г) X пен Y тауарлар үшін координат басына қатысты талғаусыздық қисық сызығы дөңес

6. Кестедегі ашық жерлерді (ұяларды) толтырыңыз:

Тауар бірліктерінің  саны

TUA

MUA

TUB

MUB

0

0

 

0

 

1

600

 

100

 

2

450

 

160

 

3

310

 

250

 

4

140

 

375

 

 7. А мен В тауарлардың шекті пайдалылығы мына кестеде көрсетілген:

А тауардаң саны

MUA

В тауардың саны

MUB

1

12

1

7

2

10

2

6

3

8

3

5

4

6

4

4

5

4

5

3


Егер тұтынушының табысы 240 доллар құраса, ал А және В тауарлардың  бағасы 40 және 20 доллар болған жағдайда жалпы пайдалылықтың ең жоғары деңгейіне жету үшін әр тауардың неше бірлігін сатып алу керек? Жалпы пайдалылықтың шамасы қандай болады?

8. Кестеде бір сатып алушыға құндылығы тең болып келетін А және В тауарлардың 4 жиынтығы келтірілген:

Тауарлар жиынтығы

А тауары

В тауары

А

4

9

В

5

6

С

6

4

Д

7

3


Парықсыздық қисық сызығын  сызыңыз. А жиынтығынан В жиынтығына, В жиынтығынан С жиынтығына, С-дан  – Д өткендегі MRS есептеңіз. Азаятын (кемитін) шекті пайдалылық заңының көмегімен MRS азаюын түсіндіріңіз.

9. Осы нақты тұтынушы үшін А тауардың бірнеше санын тұтынғанынан (пайдаланғанынан) шекті пайдалылығы 10 бірлікті құрайды, В тауарды – 18 бірлікті дейік. А тауардың бағасы – 40, В тауардың – 60. Олардың пайдалылығын көбейту үшін тұтынушы не істейді?

а) А тауарды көп алып, В тауарды аз сатып алады.

б) В тауарды көп  алып, А тауарды аз алады

в) екі тауардан да көп  алады

г) тұтынатын тауарлардың  санын өзгертпейді

10. Бюджеттік  сызық енкіштігінің экономикалық мәні неде?

а) тұтынушы бір тауардың бөлігін беруге дайын, егер басқа тауар да талғаусыздықтың қисық сызығында тұрса

б) бұл көптеген тауарлардың шегі

в) бір тауарды екіншімен ауысуының  шекті нормасы азаяды

г) басқа тауарда білінген бір  тауардың баламалы шығындары

 

САЛЫСТЫРМАЛЫ  СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ

 

1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы

 

Өткен тақырыпта біз  тұтынушылық таңдаудың моделін (үлгісін) қарадық: берілген бюджеттік шектеуде пайдалылықтың көбеюі (жоғары деңгейі) оңтайлы таңдау тудырады. Енді бағаның өзгеру барысында тауарға деген сұраныстың өзгеруін зерттейік. Бұл үшін салыстырмалы статика пайдаланады. Статика – 2 тепе-теңдік жағдайды салыстыру процесі. Салыстыру үшін 2 статикалық тепе-теңдік алынады. Енді тұтынушының тепе-теңдік үлгі графигі бойынша табыс өзгерген жағдайда қандай өзгерістер болатынын көрейік. Тұтынушының табысы өскенде, бюджеттік сызық жоғарыға және оңға жылжиды, яғни тұтынушы талғаусыздықтың ең алыстау қисық сызығына көшеді. Табыс өскен сайын тұтынушы тепе-теңдігі жылжып тұрады: 11 – 12 , 12 – 13 , 13 (тең) – 14 (ке) және т.б. тұтынушының тепе-теңдік нүктелерін қосып, біз «табыс – тұтыну» қисық сызығын, тұрмыс жағдайының (өмір сүру деңгейінің) қисық сызығын саламыз. Ол табыстың әр түрлі (кез келген) деңгейлерінде сұранысқа ие болатын тауар жиынтықтары. Егер Х және Y тауарларының сапасы дұрыс, жақсы болса, «табыс – тұтыну» қисық сызығында оң еңкіштік пайда болады, сапасыз тауарлар үшін еңкіштік теріс.

                   Y

 

 


 

                                        I4

                                    I3

                                I2

                           I1

 

                                                                     X

 

31 сурет. «Табыс –тұтыну» қисық сызығын салу.

«Табыс – тұтыну» қисық сызығының  негізінде Энгельдің жеке тұтыну қисық сызығын салуға болады (Энгель қисық сызығы) (32 сурет). Ол тұтынушының табыс деңгейінің өзгеруіне байланысты тауарлардың әр түрлі топтарын тұтыну тәуелділігін талдауға мүмкіндік береді. ХІХ ғасырда неміс статистигі Э.Энгель табыс деңгейі өзгеруінің тұтыну құрылымына тигізетін ықпалын зерттей отыра, бір заңдылықты тапты, ол кейін Энгельдің тұтыну заңы деп аталды. Энгель заңы: халықтың тамақ өнімдеріне шығындар үлесі бойынша жоғары дәрежедегі дәлдікпен халықтың әл-ауқатының деңгейі жөнінде айтуға болады: ол неғұрлым жоғары, соғұрлым халық кедей. Табысы жоғары болған сайын адамның сұраныстары да жоғарылайды. 33 суретте Энгель заңы жақсы көрсетілген: ең алдымен азық-түлік (тамақ) өнімдерімен қанығу орын алады, сонан соң өнеркәсіп тауарларымен (стандартқа сай сапасы бар), ең соңында – жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулер.

  Y 


       I3

                                             

       I2

                                       

       I1                             U3

                                  U2

                            U1

 

                                                 X

 

    I

                                         H

 

   I3

   I2

   I1

 

           

            X1  X2  X3                      X

32 сурет. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы

 

    

Q


Жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер

 

Стандартты тұтыну сапасы бар өндіріс тауарлары

                                       

 

Азық-түлік тауарлары

 

 

І

33 сурет. Энгельдің қисық сызықтары

 

Енді тұтынушы табысының  өзгеруі емес, тауар бағасының  өзгеруіндегі ахуалды қарайық (34 сурет). Тауар бағасының өзгеруі нақты  табыстың өзгеруін білдіреді. Х тауары бағасының РХ2 деңгейден РХ1 деңгейге дейін төмендеуі бюджеттік сызықты сағат тіліне қарсы бұрып, оны Х2 күйінен Х1 күйге жылжытады. Бұл сатып алушының Х тауардың көптеген санын сатып алуына мүмкіндігі бар екендігін білдіреді, соған сәйкес оның талғаусыздық қисық сызығы мен тепе-теңдігі жылжиды. Тепе-теңдік нүктелерін қосып «баға – тұтыну» қисық сызығын аламыз, оның негізінде жеке сұраныстың қисық сызығын сызып салуға болады. Сұраныс функциясы пайдалылық пен бюджеттік шектеуден шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Y


 

 

            PX1 

                                                    

 

 

                   

 

 

 

           а)               

             PX1 PX2  PX3                                   X 

 

 

 

 

PX1

PX2

PX3

 

                         

                                                      D

 

           б)            X1  X2  X3                         

                                                                                     X

34 сурет «Баға – тұтыну» қисық сызығы мен сұраныс қисық сызығы

 

2. Табыс әсері және ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі

 

Табыс әсері мен ауысу  әсері бұрын сұраныс заңын талдауымен байланыста қаралған. Енді осы 2 заңдылықты бағаның өзгеруімен байланысты сұраныстың өзгеруіне олардың ықпалын (әсерін) талдау тұрғысынан толық қарастырайық. Х тауарына бағаның төмендеуі тұтынушыға бюджеттің жартысын Х және Y тауарлардың қосымша тұтынуына жіберуге мүмкіндік береді. Табыс әсері осында тұрады. 2-ші нұсқа: бағаның түсуіне байланысты тұтыну құрылымы өзгереді, яғни тұтынушы салыстырмалы түрде қымбаттаған тауарды сатып алудан бас тартып, арзандауын алады. Х тауарға бағаның төмендеуі пайдалылық жалпы деңгейінің өсуіне әкеледі де, Х тауардың тұтынуын көбейтеді. (Х1ден –  Х2 дейін) (35а суреті).

Y                                                               Y


 

 

 

 

 

             E1                                                              E1

                                E2                                            

                                                                                              E3       E2   

 

а)     X1                  X2                               б)              X1              X3          X2       

 

35 сурет. Табыс әсері мен ауысу әсері.

 

Қосымша (көмекші) бюджеттік  сызығын салайық (сызайық), оның еңкіштігі пайдалылықтың бұрынғы деңгейіне жеткендегі бағалардың жаңа ара қатыстығына сәйкес келеді. Ауысу әсері Х1 Х3 кесіндіде көрсетілген (35-б суреті), өйткені тұтынушы арзандаған тауарды көбірек сатып алады, басқа тауарлардан бас тартып, оның тепе-теңдік нүктесі Е1 – Е3 (ке) ауысады. Ауысу әсері әрқашан теріс болады, себебі тауар бағасының түсуі тұтынуды өсіреді. Табыс әсері Х3 Х2 бөлігінде көрінеді: тұтынушының тепе-теңдігі Е2 нүктесіне ауысып, сонымен жалпы пайдалылығын көбейтеді. Табыс әсері стандартқа сай, жақсы тауарлар үшін теріс (бағаның төмендеуі тұтынуды көбейтеді), ал сапасыз тауарлар үшін оң (бағаның төмендеуі тұтынуын азайтады). Көптеген сапасыз тауарлар үшін ауысудың теріс әсері оң табыс әсерінен асып түседі, сондықтан жалпы әсер оңсыз болып шығады. Тек қана Гиффен тауарлары үшін табыстың оң әсері ауысудың теріс әсерінен асып түседі. Табыс әсері мен ауысу әсері әрекеттерін жеке талдау үшін біріншісін талдағанда екіншісін есепке алмау керек. Осындай талдаудың 2 тәсілі бар: 1– ағылшын экономисті Дж. Хикс ұсынған, екіншісін – орыс математигі әрі экономисті Е.Слуцкой. Бұл тәсілдердің негізгі айырмасы нақты табысты қалай анықтауында жатыр.

           Y


                  U2    U3

         U1

 

            E0

                                 E3

                          E2

                     E1

 

 

           X0     X1  X2 X3                                  X

 

 

Хикстің әсері

 

Слуцкойдің әсері

36 сурет. Хикс пен Слуцкой бойынша табыс әсері мен ауысу әсері

 

Хикс тәсілі бойынша  бағалардың өзгеруінен тұтынушы қажеттіліктерді  қанағаттандырудың бұрыңғы деңгейін сақтап қалуға тырысады, яғни нақты табыс тұрақты шама ретінде қаралады (36 сурет). Сонымен, тұтынушы талғаусыздықтың бұрынғы қисық сызығында қалады да, тепе-теңдік Е0 нүктесінен (бұрынғы бағаға сәйкес келетін) Е1 нүктесіне ауысады (жаңа төмендеу бағаға сәйкес). Слуцкой нақты табысты басқаша түсіндіреді: ол тұрақты болады, егер тұтынушының табысы өзгермей, оған тауарлардың бұрыңғы жиынтығын жаңа бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе. Бұл жағдайда тұтынушының тепе-теңдігі Е0 → Е2 жылжиды. Слуцкойдің теңдеуі – Х тауар бағасының өзгеруіне тұтынушының әсері табыс әсері мен ауысу әсеріне бөлінеді:

Информация о работе Микроэкономика теориясының пәні