Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 13:46, реферат
Қазіргі заман ақпаратқа толы, үнемі өзгеріп отыратын, жылдам әрі күрделі жүйе. Мұндай жүйенің өмір сүруі және басқарылуы үшін де аса күрделі құралдар қажет. Осындай замандағы экономиканың ролі өмірді басқару құралы ретінде орасан зор. Өміріміздің барлық аспектілерінде экономикалық жүйенің бөлшектерін байқауға болады. Мемлекетаралық қатынастардан бастап, кәдімгі дүкендегі саудаға дейін экономика деген сөз біздің үнемі серігіміз болып жүреді. Оның категориялары бәрімізге де бірдей таныс бола бермес, бірақ барлығымыз оларды, өзіміз соны байқамай –ақ, қолданамыз. Соның бірі әрқайсымызға таныс меншік қатынасы.
Кіріспе................................................................................................3
1. Меншіктің негізі.............................................................................4
2. Меншіктің құрылымы мен формалары...........................................6
3. Меншік көптүрлілігінің қажеттілігі................................................8
4. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.................................................................................11
Қорытынды........................................................................................15
Әдебиеттер тізімі..............................................................................16
Осылайша,
қоғамдық меншікке негізделген ішкі
қайшылықтар социализмді
Осының
барлығы социалистік меншіктің
ауысуына әкелді.
4.
Қазақстан Республикасындағы
меншіктік қатынастардың
қайта құрылуы
Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Әлемде
қазір меншіктік қатынастардың
өзгеруі жекешелендіру мен
Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылушылық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.
Реформаны өткізудің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:
Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:
- жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
- ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы);
-
мемлекеттік - меншік пен оның
халқының меншігін үкімет
Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады.
Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.
Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.
Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргізілген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған:
-
аралас кәсіпорындарды құру үшін
жағдайлар жасап, оларды
-
мемлекеттік кәсіпорындарды
Реформа
кезінде Қазақстан нарықты
Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:
1.
Шаруашылық субъектілеріне
2.
Меншіктік қатынастар меншік
субъектісі мен объектісін
3.
Жеке кәсіпкерді заңдық және
қаржылық қатынастарда қолдау, меншік
иесін, шағын және орта
4.
Қазақстанның өтпелі
Қорытынды
Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынастар.
Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формала-рының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б. тұрады.
Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.
Меншік
формаларын өзгертуде жүргізілетін
экономикалық реформа, мемлекет иелігінен
алу және Қазақстандағы меншікті
жекешелендіруде маңызды орын алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: