Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:25, реферат
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекетгің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше — «полис», «политейя» деген сөз) барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды
1. Классикалық экономикалық теорияның негіздері.............3
2. Қосымша құн және пайда теориясы............................................9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................11
Классикалық экономикалық теорияның негіздері, Қосымша құн және пайда теориясы
МАЗМҰНЫ
1. Классикалық
экономикалық теорияның
2. Қосымша құн
және пайда теориясы...........
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
1. Классикалық
экономикалық теорияның
Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 жж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде - (үй, шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекетгің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше — «полис», «политейя» деген сөз) барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Алғашқы рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1615 ж.) кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ-ші ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы кезде тауарлы - ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі экономиканың даму заңдылыктарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылды.
«Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экоиомикалық ілім болып табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мында: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы, материалдык игіліктер өндірісіңде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамының әл-ауқаттылығына, сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641 жж.) болып табылады.
Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің: «физис» — табиғат, «кратос» - өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы - Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі - ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Смит (1723-1790 жж.) және Давид Рикардо (1772-1823 жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) көрінетіндігін айғақ етті. Осы идеялар «классикалық» (үлгілі) деген атқа иеленді, соңдықтанда бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.
Классикалық мектеп
саяси экономияның
Бұл ілімінде жеке олқылықтар да бар. Тарих К. Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу көрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді катты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады. Экономикалық теорияның дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі американ ғалым-экономисі, «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон (1915 ж.) ұлы үш ойшылды ерекше бөліп қарайды. Олар А. Смит, К.Маркс және Дж. Кейнс. Американың көрнекті ғалымы Дж. Гэлбрейт былай деген: К. Маркстің ілімі өте құнды, сондықтан оны толық марксистерге беруге қимайды. К. Маркстің еңбектерінде баяндалған идеялар шет елдер мен Ресейде де өзінің кейбір ізбасарларын тапты.
Ресейде К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеяларын В.И. Ленин (1870-1924 жж.) белгілі дәрежеде толықтырып өндеді. В.И. Ленин К. Маркстің қоғамдық капиталды ұдайы өндіру және экономикалық дағдарыстар туралы теориясын талдауға ерекше мән береді. Ол туралы оның «Ресейдегі капитализмінің дамуы» (1899 ж.), «Нарық деп аталатын сұрақтар» (1893 ж.) және басқа еңбектері куәландырады. Бұл еңбектерінде В.И. Ленин ірі өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың қалыптасу процесін таңдауды көрсетіп, нарықтың ұйымдастырушылық пен біріктірушілік күшінің экономикалық заңдылығын ашты. Осы айтылған экономикалық ойлар қазіргі жағдайда ТМД елдерінің нарыққа көшуінде өзекті мәселелер болып табылады.
ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marginal» - шекті деген сөзі) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 жж.), Фридрихфон Визер (1851-1926 жж.), Эйген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен моделдерді кең қолданады. Математикалық мектептің өкілдерінің бірі, швейцар- экономисі Леон Вальрас (1834-1910 жж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, оның негізі сұраным мен ұсынымға талдау жатады.
Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:
-бірінші ағым
«неоклассикалық» деп аталып, ол
қазіргі «монетаризм» және «
-үшінші ағым «институционализм» (латынның «institutum»— бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым — экономисі Торстейн Веблен (1857- 1929 жж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т. Вебленнін ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж. Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның соnvergere — жақындасу, ұқсайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым- экономисі Пол Самуэльсонның (1915 ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» тұп-тұлғасы қарастырылған. -төртінші ағым әлеуметтік бағыталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар -неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 жж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 жж.) болып табылады.
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (ХVII-ХІХ ғғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық теория анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К. Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Осы ұғымды алғашқы рет француз-жазушысы әрі королі Людвиг ХІІІ-тің сарай қызметкері, Антуан Монкретьен өзінің экономикалық ілімінің айналымына ентізіп, ол «Саяси экономия трактаты» атты кітабын 1615 жылы жазған болатын.
Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.) өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты. «Саяси экономия, — деп жазды ол, — «әл-ауқаттылықтың материалдық негізін құру және қолданумен өте тығыз байланысты саласы болып табылады. Бұл нақты шыңдық жиынтығы емес, тек нақты шындықты ашу үшін құрал-сайман ғана». Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым (алдағы талдаудан байқалғандай) жаңа зерттеулермен толықтырылады. Осы зерттеулер дамыған елдерге кен тараған «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарында баяндалады.
Экономикалык теория Д. Рикардо мен К. Маркстің еңбек кұны теориясына догматикалық көзқараспен қараудан босатылды. ХІХ-шы ғасырдың соңғы ширегінде құн мәселесін шешуге жаңа тәсілдің кең қолдануы етек жайып, жоғарыда аталған шекті пайдалылық теориясы туындады. Жаңа тәсілдің басты идеясы: құнды тек шығындарға (мейлі еңбекте немесе «үш факторда» — еңбек, жер, капиталда болсын) балау орынсыз жап құн (бағалылық) пайдалылық дәрежесімен анықталды.
А. Маршалл өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) жұмысында мынандай ойды корытындылаған: Д. Рикардо мен К.Маркстың еңбектің құндық теориясы мен шекті пайдалылық теориясы («маржинализм») ары қарай бірдей дамымайды, сондықтан оларды синтездеуді жүзеге асырды. Шекті пайдалылық теориясы мен классикалық құнның еңбек теориясын біріктіру арқылы ғылыми құн теориясын құруға жол ашты. «Өндіріс шығындары, сұраным интенсивтігі, өндіріс шектеулігі және өнім бағасы, - деп жазды А.Маршалл, - бірі-бірін өзара реттейді». Осы уақытқа дейін алайда бұл екі теорияның синтезделуі оқулықтарда толық қолданылған жоқ. Бірақ Д. Рикардо мен К. Маркстың еңбектерінің құндық теориясы -қосымша құн өндірісі механизімін ашты. Осы өндіріссіз бірде-бір қоғам дамымайды.
Шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шығын шамаға өту мүмкіндігін жасап және олардың сұраным мен ұсыным мөлшеріндегі, көлеміндегі, сондай-ақ шығындардағы өзгерістерге алып келді. Бұл талдау процесі үшін маңызы өте зор. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашылды.
Қазірі кезде экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберіне қарағанда ауқымды және ол теориялық экономика, әртүрлі экономикалық бағыттар мен экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында қаралады.
Экономикалық теория - бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.
2. Қосымша құн
және пайда теориясы
Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын білдіріп толықтырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып ХV-ХVІІ ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша,, сайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы, адамдар пайда табады.
Пайда теориясына экономикалық теория классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың кайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зертеу және халықтар байлығының себептері» (1776 ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді-біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі - кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді».
А. Смит
пайданы кәсіпкердің жалдамалы
жұмысшы еңбегі өнімнен шегеру
ретінде карастырған. А. Смит
ойын былай қорытындылаған: пайда
- бұл жұмысшының төленбеген
А. Смиттің пайданы — бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні — пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д. Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, оңда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан.
«Пайданың жоғарылуы немесе төмендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланыстылығын» айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда — бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К. Маркс өзінің
«Капитал» деген еңбегінде
Маркстың ойы
бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін
нәрсе сол-пайда айналым