Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 17:02, реферат
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Әлемде
сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық
өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп,
түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді.
Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш,
баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек
нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының
болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ
емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи
ортада хайуанаттардан белініп шығуының
өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы
тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы
адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы
деуге болады. Экономикалық қатынас өмір
қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі
экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер
Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт,
Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының
еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель
тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның
айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық
ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның
себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда
дамымады, шаруашылық негізінен тұйық
натуралды—заттай жүргізілді. Экономикалық
ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы
сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына
байланысты болды. Бұл кезең негізінен
Еуропада XVI— XVII ғасырларды камтиды. Ал
Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы
реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде
XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда
капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық
рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі
бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік,
Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына
басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс,
Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т.
б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады.
Тарихтагы белгілі «Жібек жолы» осының
айғағы. Тауар-ақша қатыңасының экономикада
үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай
төмендегіше суреттеген еді:Мініп көрер
күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,Ақша деген мал шықты.Бұдан,
ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты
көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының
алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.Алғаш
рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің
белгілі бағыты — меркантелистер мектебі.
Ол (мерканте — итальян сөзі сауда, пайда
табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша,
алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы
тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп
сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп
ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек,
меркантелистер сауда капиталының мүддесін
қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы
теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар
қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым кеп
болса, қоғамнын байлығы да мол болады
деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда
капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та
шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы
көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын
қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды
тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда
капиталының қызметі айырбас, айналыс
процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы
ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда
капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-ауқатын
көтеретін күш емес. Бұың себебі айналыс,
айырбас саласында тек қана құн формасы
ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда,
тауар, онын құны бір қолдан екінші колға
өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.
Йбмек меркантелистер теориясы ғылыми
дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын
толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің
осы осалдығын физиократтар байқады да
қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте
екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар
Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарыка
тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың
гіікірінше, қоғам байлығының бірден бір
кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан
өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар
жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ
тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты
«Экономикалық кесте» жасады. Бұл кестеде
бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық
өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнін «Экономикалық кестесі» қоғамдық
өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге
арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған
ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады.
Физиократтардың өндіріске кәңіл аударуы
экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық,
алга басу. Бірақ олардың өндірісті тек
қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық
шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз
деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық
саяси экономиканың көрнекті өкілдері
У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди
еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлыгы
жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы
дәлелденді. Ауыл шаруашылыгымен қатар
өнеркәсіптің материалдық игіліктерді
өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын
байлакыс, халыққа Хызмет көрсету салаларында
да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық
молаяды деген кағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып
келе жатқан капиталистік өндірістік
қатьшастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының
мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің
прогрессивті сатысы болды. Классикалық
буржу-азиялық саяси экономиянмң басты
табысы еңбек құн теориясының негізін
қалады.
Осы ой-пікірдін қалыптасуы сауда және
карыз-өсімқорлық капиталына қарсы еіщірістік
капиталдың қоғамдагы ерекше рөлін атап
көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі.
Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия
ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді
жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық
теория XIX ғасырдың екінші жартысында
қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде
В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік
саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы
табынмң мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан
да оған қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы
(вульгарлық) саяси экономия пайда болды.
Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші
барлық экономикалық теорияларға сьш
козбен қарады. Оның себебі капиталистік
экономикалық қатынастарда негізінен
екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын
буржуазия болса, екіншісі, пролетариат
— қаналушы тап емір сүреді. Ояардың арасында
антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік
теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші
қауымды капиталистік қанаудан азат етіп,
қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы
қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде,
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа,
Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада
социалистік революция басталып, социализмнің
көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге
асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші
жартысынан бастап капиталистік дүниеде
де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған
елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада,
Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея,
Сингапур, Гон-конг сияқты елдер қазіргі
замангы ғылыми-техникалық революцияға
бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс
пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің
тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.
Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту,
жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру,
олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны
дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі
Қазан теңкерісінің әсерінен деуге болады.
Себебі социалистік қоғамның міндеті,
оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге
әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер
дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға
қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді.
Әриие, еңбекакының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік
қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы
табының еңбек өнімділігіне, өндірісте
жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты
екеиі айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде
еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі
ете жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де
бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі
дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты
Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар
10—12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия
емес. Капиталистік дамыған елдердің артта
қалган, бұрын отарлық тәуелділікте болған
халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан
түсірген пайдасын айтпасқа болмайды.
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі экономикалық
жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты,
экономикалық укладтары жетілмеді, соның
салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен
ғылымнан шектеліп қалды.Қазан теңкерісінің
қазақ жеріне тарауына байланысты озат
елдің пролетариатының кемегімен капитализмге
соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды.
Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның
игілігі үшін дегеи сөз жазылған социализмнің
әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік
ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып,
үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті
және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық
пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде
емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек
шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек
бөлінісіне негұрлым ұйымдасқандықпен
өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел
болғысы келетіні табиғи талап деп карасақ,
сонғы уақытта басқа республикалар тәрізді
Қазақстанның ез алдмна мемлекет болып
әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар
Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор
оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша
саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы
қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын
неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикаынан
құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас
қатынастарының заңдылықтарын меңгеру
қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша»
деген мақал бар, сондықтан халықаралык
сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың
тәртібін мұқият зерт-теудін, бәсекелік
күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы
арта бермек. Ежелден саудага шорқақ қазақтың
алдында рынок теориясы мен тәжірибесін
жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр.
Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық
мамандыққа оқып жүрген студент жастардың
экономикалык теория негіздерін үйрену
арқылы практикалық мәселелерді тезірек
дұрыс шешуіне болады. Республикамызда
дарынды, шет тілдерді білетін жастар
аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда,
Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония,
Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг,
менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта,
баска да қалыптасқан казіргі замангы
рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын
үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан
әрі дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық емір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайыя жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуга, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының зацдылықтарын зерттейді. Осы ғылымнын объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі — өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алганда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін кутіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты. Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оку процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалык ой-пікірдін тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы кажет. Кеиес Одағында Шығыс Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудын, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, ендірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі
тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи
заңдылыққа сәйкес ,ХХІ ғасырдын қарсаңында
рыноктык қатынасқа бағыт алынды. Осыған
орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш
рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада
әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла
келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар
жасау максаты жүзеге. асырылуда. Рынок
экономикасына кешу бір дүркің қозғалыс
емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат
қоғамының көп жағдайда экономикалық
және әлеуметтік прогресін айқындайтын
табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы
қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да,
оның өркендегеи дәуірі капиталистік
қоғам екені де белгілі. Капитализмде
адамның «рыноктық» тәрбиесі бала кезден-
басталып, бүкіл өмір бойы кәсіпкерлікке,
іскерлікке бейімделіп отырады.
Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок
экономикасының тйрихын, даму сатыларын
басынан өткізу міндет емес. Біз басқа
мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге
тиістіміз. Қазақстан экономикасынын
басқа мемлекеттер , тәрізді рыноктык
қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған
орай алға қойған мақсатымыз, қандай қоғам
орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі
кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып
жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен
кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер
де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи
калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына
жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін
бәсеке зандылықтарын зерттеген аса көрнекті
экономистер Адам Смит, Давид Рикардо,
Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бұл
қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін
талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің,
тағы басқа зерттеушілердің енбектері
ерекше рөл атқарды.
Қазақстан экономикасынан капиталистік
қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды.
Себебі, республика халық шаруашылыгы,
оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық
мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі
капиталистік жолға түсуге жол ашпайды.
Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік
бағыт алған аралас рыноктық экономика
болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік,
не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас
экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде
өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде
күрделі корпорациялар, монополистік
ұйымдар арқылы пайда болды. XX ғасырдың
30-жылдарында аралас экономика теориясына
Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік
күрделі қаржылар баскармасын құру кажет
деп санады. Сонымен бірге жекеменшік
капиталы да керек деген пікір айтты.
Аралас экономиканың бірнеше белгілері
бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің
экономикада белгілі үлес салмағының
сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика
құн және жоспарлық қатынастар аркылы
реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік
жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас
экономиканың елеулі сипаты макро және
микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру,
басқарудағы экономикалық тұткаларды
кеңінен пайдалану.Аралас экономикада
рынокты жарнама (реклама), маркетинг,
жоспарлау тагы басқа ұйымдастыру шаралары
аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік
тиімділігін, жолдарын реттеуге болады.
Бірақ аралас экономикада ендірілетін
өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді,
кайда, қанша, және қандай тауар өндіріп,
қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі
анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың
негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык
даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің
ерекше зандылықтарына багынышты. Бұл
заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке
негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік
меншіктегі тауар-ақша қатынастарының
көрінісі. Тауар өндірісшін негізгі заңы
— құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта
тауардың бағасын белгілегевде оны өндіруге
жұмсалған еңбек шығыны еске алынады.
Еңбек дегеніміз қүштің ақшалай керінісі.
Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік
қоғамда жеке тауар ендірушілер өз тауарына
баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне
сай езіне қажет заттар алуды көздейді.
Осыған орай тауарлы акша қатынастарына
рыноктық экономика қажет болатынына
тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардын
міндеті.
Экономикалық категориялар — адамдардың
қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық
көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін
ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар
болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша
құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік
қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды
жіктеп, талдау экономикалық заңдардың
объективті сипатын, коғамдық өндірістегі
рөлін, экономикалық емірдегі құбы-лыстарды
сипаттап қорытындылауга кемектеседі.
Экономикалық категориялар тарихи сипатта
болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу,
даму процесін сипаттайды.
Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын
турлі сатыларыңда өндіру, белу, айырбас
және материалдық игіліктерді тұтыну
салаларында қатынастарды анықтайды.
Олар қоғамның экономикалык өмірінің
аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен
процестерінің байланысын. көрсетеді.
Экономикалық зандар объективті сипатта
болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан
тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар
белгілі бір экономикалык жағдайлармен
бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық процестер күрделі және
сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен езгермешелік
тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады.
Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары
мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар
да барынша әр түрлі және әр типтес болады.Табиғат
құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының
дамуы белгілі бір объективті заңдарға
негізделеді. Құбылыстар мен процестердің
мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын
ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін
жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды
емес, тек маңызды катынастарды ғана сипаттайды,
жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар
санасынан туындамайды, ол объективті
шындықтан туындайтын құбылыстар мен
процестердің өзіне тән.
Пайдаланылған әдебиет: «Экономика» кітабы 1997 Алматы
www.trk.kz сайты