Банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысының басты мақсаты банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару мәселелерiне қатысты әлемдiк банк тәжiрибесiн зерттеу және оның жергiлiктi жағдайға бейiмделуi болып табылады. Банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн бағалау әдiстерi, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банк жүйесiн құрау үшiн қазiргi жағдайларда оларды тиiмдi басқару әдiстерi өңделiп және жетiлдiрiлiп жатыр.

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………....…………......….......…….……………3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің
экономикалық мазмұны....................................................................................5
1.2 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттлігін бағалаудың негізгі әдістері мен тәсілдері......................................................................................................7
1.3 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін басқарудың халықаралық
тәжірибесі..........................................................................................................10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІК
НӘТИЖЕЛЕРІН талдау

2.1 Екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасын бағалау.......................12
2.2 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен төлем қабілетілігін
салыстырмалы талдау (“Темірбанк АҚ және “ТұранӘлемБанк” АҚ
мысалында).....................................................................................................13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨТІМДІЛІГІ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілетін бағалаудың
оңтайлы етудің болашақтағы бағыттары.....................................................16
3.2 Банктердің өтімділігі және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
одан әрі жетілдіру.........................................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………….....…………….21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl………………......…….…22

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 198.00 Кб (Скачать)

        Қазipгi кезде әлемдiк банк тәжiрибесiнде  активтердi басқарудың үш негiзгi әдiстерi қолданыс тапқан: қаржыларды  бөлiп тарату немесе қаржылардың  жалпы қоры (pooІ of funds approach), активтердi  бөлiп тарату немесе қаржыларды жайғастыру (assets aІІoacation or convertion funds approach) және ғылыми әдiс (scientific metod).

    Қолданыс  табу тәжiрибесiне қарағанда қаржыларды  бөлiп тарату (pooІ of funds approach) әдiсi  қарапайым болып табылады. Бұл  әдiстiң негiзiнде банктiң барлық ресурстарын бiрiктiру идеясы алынған. Соңынан жиынтық қаржылар банк  тарапынан тиiмдi деген активтер арасында бөлiп тартылады. Бұл әдiстi қолданған кезде банктiң өтiмдiлiк және табыстылық принциптерi ескерiлуi тиiс

   Активтердi  бөлiп тарату немесе қаржыларды жайғастыру әдiсi  банкке қажеттi өтiмдi қаржылардың көздерiне байланысты болады.  Бұл әдiстi қолдану барысында мiндеттi резервтер нормасы мен тартылған қаржылардың көздерi арасындағы айырманы ескерiп отыруға талпынады.  Активтердi бөлiп тарату немесе қаржыларды жайғастыру (assets aІІoacation or convertion funds approach) әдiсi  банктiң өзiнiң iшiнде орналасқан ’’өтiмдiлiк-табыстылық’’ орталықтары арқылы таратылып отырады. Бұл орталықтар банк iшiндегi банктер деген атаққа ие болған. Қаржылардың қай орталыққа таратылатындығын анықтап болған соң,  банк басқарушылары оларды жайғастыру тәртiбiн анықтайды

    Активтердi  басқарудың бұл әдiсiнiң  басты  артықшылығы  банкте алғашқы  реттегi және кейiнгi резевтердiң  кезегi мен шегiн дәл анықтауға мүмкiндiк берiп, қаржыларды ең алдымен несие беру мен бағалы қағаздар алуға бағыттап отырады. Бұл шаралар банктiң табыстылығын арттыруға ықпалын тигiзедi.

     Активтердi  басқарудың ғылыми әдiсi (scientific metod) бұл активтердi экономикалық-математикалық әдiстердi пайдалана отырып басқарудың әдiсi болып табылады. Мұнда қабылданған шешiмдер стандартты математикалық формада келтiрiлiп, көптеген элементтердiң өзара байланысын көрсетiп отырады. Қабылданған шешiмнiң басты мақсаты, мысалы банктiң табыстылығын мүмкiндiгiнше арттыру, тәуекел деңгейi мен шығындар көлемiн ең төменгi шегiне жеткiзу және т.б. болуы мүмкiн. Бұл әдістi қолдана отырып, банк қызметкерлерi көптеген шешiмдердiң iшiнен несиелiк саясатқа сәйкес оңтайлысын таңдап алуы мүмкiн. Математикалық құралдар, бағдарламалық қамтамасыздық және қазiргi кездегi алдыңғы қатарлы ЭЕМ пайдалана отырып бұл әдістi жүзеге асыруға болады.

       Жалпы, жоғарыда аталған активтердi  басқарудың әдiстерiн нормативтiк  нұсқаулықтар кешенi ретiнде қарастыруға  болмайды. Оларды басқару шешiмдерiн қабылдау барысында басшылыққа алынатын жалпы жағдайлар ретiнде қарастыруға болады. Әрбiр банк  активтер мен пассивтердiң шоттарын топтастырудың өзiндiк әдiстерi қалыптасып отырады.

 

1.3 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін  басқарудың

халықаралық тәжiрибесi

 

Елiмiзде отандық  коммерциялық банктердiң қызметтерiнiң  жаңа  механизмiн қалыптастыру өркениеттi елдерде кеңiнен дамыған нарықтық-қаржылық құрылымдардың жылдар бойы қалыптасқан  тәжiрибесiне сүйене отырып қалпына  келтiрудi талап етедi. Сондықтан да шаруашылық жүргiзудiң әр түрлi жағдайына бейiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн әлдеқашан байқаған, әрi қатаң бәсекелiк күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемiсi болып табылатын банктiң несиелiк операцияларын қалыптастыруға қатысты шет елдiк тәжiрибелердi зерттеудiң маңызы зор. Алайда, батыстың экономикалық теориялары нарықтың экономика субъектiсi ретiндегi  қазақстандық коммерциялық банктердiң қажеттiлiгiн толығымен қамтамасыз ете алмайды, яғни  отандық коммерциялық банктер өз қызметiне шет елдiк тәжiрибенi автоматты түрде көшiрiп, өзiне бейiмдей алмайды. Олар Қазақстан экономикасында тек экономикалық қайта құру нәтижесiнде қалыптасатын елiмiздiң  өзiне ғана тән ерекшелiктерiн ескере отырып қолдау табуы мүмкiн[10].

   ХХI ғасырдың  басындағы дүниежүзiлiк шаруашылықтың айтарлықтай ерекшелiктерiнiң бiрi – Халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрi қарқынды дамуы болып отыр. Ел Президентi Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында осы орайда былай делiнген: “Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибе енгiзiлуi тиiс. Ол -инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшейуiн, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейдi. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайван мен Чилиде iске асты. Қазақстанда да iске асады”[11] .

    Бүгiнде  бiз әлемдiк экономикада әр  түрлi Халықаралық банктердiң кең  қанат жайып, тамырын терең  тарта бастағанның куәсi болып  отырмыз. Бұл құбылыс ұлттық  экономиканың мейлiнше ашықтыққа ұмтылысынан, халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан байқалады.

   Әрине,  аталған құбылыс оңайлықпен жүрiп  жатқан жоқ. Бұл бәсекелi, қайшылықты  да диалектикалық қозғалыс. Халықаралық банктердiң әлемдiк экономикада кең қанат жаюының диалектикасының өзi жекелеген елдердiң экономикалық тәуелсiздiк пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрiнiсi. Дүниежүзiлiк шаруашылықтың нығаюы, ұлттық экономиканың мейлiнше ашықтығы, дамудың жаңа, тиiмдi арналарының пайда болуы – осының бәрi экономикалық өсудiң диалектикасы болып табылады.

    Қазiргi кезеңде адамзат әлемiн “ақ,  қара” деп жiктеп, “капитализм”, “социализм” атты айдар тағушылықпен  қоса жасанды антогонизмдер де  келмеске кеттi. Бiздiң заманымыз  өзара байланысты, экономикалық  дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына  бағынатын бiртұтас әлем. Сондықтан елiмiздiң ойдағыдай өркендеп, гүлденуi үшiн ел экономикасының халықаралық банктермен байланысын нығайтудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес үкiметi тұсында  халықаралық экономикалық қатынастардың  субъектiсi бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектiсi болуына оған ешкiм мүмкiндiк те берген жоқ едi.

 Ал, қазiр  Қазақстанның егемендi ел ретiнде  қалыптасуы барысында халықаралық  банктермен байланысын, ұлт экономикасы  үшiн маңызы мен болашағын қолға  алып, зерттеу көкейтестi мәселеге айналып отыр.

 Елiмiздiң  халықаралық банктермен байланыстарын  орнықтырып, дамытудың қазiргi кезеңi  сол қатынастардың нысандары  мен әдiстерiн түбегейлi өзгерту  қажеттiгiмен айқындалады. Бұл,  әрине, мейлiнше қолдауға тұрарлық  құбылыс. Дегенмен, қазақстандық банктердiң дүниежүзiлiк қаржы-несие қатынастарына еркiн адымдап кiруiне, халықаралық банктердiң шарапаттарын пайдалануына кедергi боларлық себептерi де жоқ емес. Сол себептердiң бiрi халықаралық банктер қызметi саласындағы бай тәжiрибенi таңдап, әлемдiк рыноктағы олардың маңызын, ерекшелiктерiн талдайтын зерттеулердiң тапшылығы.

 Халықаралық,  рыноктық орта өзiнiң экономикалық, ұйымдық, заңдық т.б. аспектiлерi  бойынша бiздiң елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметiн  жүргiзудiң әдiс-амалдарынан өзгеше екендiгi мәлiм. Соңғы уақытқа дейiн орын алып келген халықаралық банктерге деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзiнiң шарасыздығын, тiптi кейбiр сәттерде зиянды екенiн көрсетiп жүр. Мұның өзi шетелдiк әрiптестермен өзара түсiнiктi, бiрлескен iс-қимылдарды атқаруды күрделiлендiредi, тiптi заяға кетiредi.

Сондықтан да, бiз  әлемдiк шаруашылықтағы банктердiң  мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың  құрылымын және жүзеге асыру механизмi мен ерекшелiктерiн, олардың дамуындағы негiзгi тенденциялары мен өзгешелiктерiн алғашқылардың бiрi болып осы диплом жұмысында зерттеп отырмыз. Бұл банктердiң жүргiзiп отырған саясаты, соның iшiнде активтедiң құрылымын бағалау саясаты осы аталған мәселелердi зерттеудiң жаңа, бүгiнгi күн талаптарына сай бағыты болып табылады.

2 ҚазаҚстан РеспубликасындаҒы  екiншi деҢгейлi банктердiҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

 

     2.1 екiншi деңгейлi  банктердiң қаржылық нәтижелерін бағалау

 

   Банк  негiзiндегi төлем айналымының ұйымдастырылуын коммерциялық  банктердiң ақша ағымын қолдаудағы- арнайы әрдiстердi талап етедi. Бұл банктер өз бетiнше айналымға ақша шығаруға (эмиссиялауға) құқығы жоқ, сондықтан олардың ресурстарының жинақталуында кәсiпорындар мен жеке тұлғалардың қаржылары шешушi рөл атқарады. Бұл жағдай банктер үшiн аса маңызды себебi олар жинақталған қаржы үшiн, оның тиiмдi қолданылуы және ақша ағымдылығының бiрқалыпты болуына жауапты.

    Әлемдегi  банк практикасында ақша ағымының  тепе-теңдiгiнiң сақтап қалу өтiмдiлiк деп аталады немесе коммерциялық банктердiң өмiр сүру мүмкiншiлiгi. Бухгалтерлiк мағынада банктiң өтiмдiлiгi бұл оның өз кередиторларының және дебиторларының шоттары бойынша үздiксiз қаржылай операцияларды жүргiзуi мүмкiндiгi.

   Банктiң өмiр сүру  мүмкiндiгiнiң және операцияларының тоқтауының басты себебi бұл қаражаттың жетiспеушiлiгi, осының салдарынан корреспонденттiк шотта дебиторлық сальдо пайда болды бүгiнгi күнге банк  ликвидтiлiгi деген мағына ол оның корреспондет шотындағы дебиторлық сальдоның пайда болмауы және клиенттендiң сұранысы бойынша кез-келген уақытта есеп жүргiзу мүмкiндiгi.

   Қазiргi кезде банк iсiнде өтемдiлiктiң үш түрi анықталған: ағымдағы, ұзақ мерзiмдi және тез  анықталатын. Тез анықталатын  [Та] өтемдiлiктiң есебiне жоғары  өтемдi активтер [Жа] және сұранысқа дейiнгi шоттардағы депозиттер [Сд], сонымен қатар кәсiпорындардың есеп айырысу шотындағы қаржылар жатады. Бұл шоттар бойынша банк клиенттерi кез-келген уақытта есеп айырысуына құқығы бар, корреспондет шоттағы қалған қаржыларының көлемiнде  тез анықталатын ликвидтiлiктi келесi формула бойынша көрсетуге болады (Та Жа). Тез анықталатын өтемдiлiк факторларының салыстырылуы банктiң активтерi мен пассивтерiнiң айналуы жылдамдығына және талдаудың, болжамының дұрыс жасалуына байланысты. Iс жүзiнде бұл банктердiң ағымдағы  депозиттерiн тек тез айналмалы активтерге орналастырылуы[13].

   Жоғары өтемдi активтер  құрамына кассадағы нақты қаржылар, корреспонденттiк шоттағы, Ұлтық  банктегi резерв шотындағы, басқа  банктердегi шоттарда (ностро),  құнды қағаздардағы қаржылар  тез анықталатын өтемдiлiктiң есептеу қажеттiлiгiн, бұл банктердегi "сұранысқа дейiнгi"  мерзiмге салынған қаржылардың айналымына кез-келген уақытта алып қою қауiпi.

     Қазақстанның БСҰ-не енуіне орай, Қазақстанның қаржыгерлер ассосациямен   ағымды кезеңде қаржы саласында    шетелдік капиталдаңы болуына шектеуді кезеңдер алудың, отандық қаржы құқралдарының бәсекелік қабілеті және  қаржылық тұрақтылығын  арттыруға бағытталған іс- шаралардың ұсыны жасалды.

 

  2.2 Екiншi деңгейлi банктердiң өтімділік және төлем қабілеттілігін

         салыстырмалы талдау (“Темiрбанк”  АҚ және  “Тұран Әлем банкі”

         АҚ   мысалында)

 

   Меншiктi капиталдың  барлық көрсеткiшi ең алғаш  нарықтық экономикасы дамыған  елдерде 70-шi жылдардың соңында қолданыла бастады. АҚШ-да 1983 жылы банк капиталының бара-барлығы стандартты түрде қабылданған болатын.

   Банк  капиталы активтер мен пассивтер  арасындағы айырма ретiнде анықталып  отырды және келесi элементтрден  құралды (ФРЖ терминологиясы бойынша): алғашқы (жарғы капитал + сақтандыру үшiн жинақталған резервтер) және екiншi кезектегi (әр түрлi қарыз мiндеттемелер). Енгiзiлген стандартқа сәйкес жинақтық капитал мөлшерi мен банк активтерiнiң сомасы арасындағы 9 % кем болмауы тиiс болуы қажет.

1983 ж.  iрi банктердiң  Халықаралық мәжiлiсiнде өтiмдiлiктi есептеу әдiсi қабылданады. Оның  негiзiнде банктiң меншiктi капиталының  жеткiлiктiлiгi көрсеткiшi алынған.

Бұл әдiстеме  Республиканың Ұлттық банкiнiң қолдануымен  екiншi деңгейлi банктер тәжiрибесiнде қолданылуда. Қазақстан Республикасының нұсқауы бойынша екiншi деңгейлi банктердiң меншiктi капиталының жеткiлiктiгi екi коэффициентпен сипатталады:

 

                    К1-ИК

I. К1=---------------      (2)

                      А

мұндағы, К1-бiрiншi деңгейдегi меншiктi капитал.

ИК-банктердiң  акцияларға салатын инвестициялары мен басқа да заңды тұлғалардың  субординацияланған қарыздары.

А-банктердiң  баланысына сәйкес барлық активтерiнiң  сомасы

К1-мәнi 0,04 кем болмауы тиiс.

 

 

                  К

II. К2 = -------------     (3)

                Аn-Пс

 

Мұндағы, К-банктiң  өз меншiгiндегi капиталы.

Аm- тәуекел деңгейiн ескергендегi активтер сомасы мен баланыстан тыс талаптар.

Пс – арнайы резервтер +меншiктi.

R2- мәнi 0,08 кем болмауы тиiс.

   Аталған  коэффициентердi ААҚ “Темiрбанк” және ААҚ “ТұранАлем банк” мысалында есептеп, салыстырып көрелiк

   АҚ “Темiрбанк”  және ААҚ “ТұранАлем банк”  бойынша I деңгейлi капитал тиiсiнше  606 478 мың тенге  332 1307 мың тенгенi құрайды.

АҚ ‘’Темiрбанк’’  және ААҚ ‘’ТұранАлембанк’’ меншiктi капиталының есебi

 

Баптардың

Атауы

АҚ ‘’Темiрбанк’’  балансы бойынша

АҚ ‘’ТӘБ’’  балансы бойынша

Жарғы капиталы

қосымша капитал

қорлар

барлығы

материалдық емес

активтердi шегерiп  тастағанда

7720230

598275

1024438

9342943

57649

8679116

1747134

961196

658117

3366447

41140

Барлығы

8736465

45140

Барлығы I деңгейлi капитал

606478

3324307

Бiрiншi деңгейлi капитал – одан шегерiп тасталынады: акцияларға салынатын инвестициялары мен басқа да заңды тұлғалардың  субординацияланған қарызы

 

606478

 

 

36550

 

3321307

 

 

415253

Барлығы I деңгейлi капиталдан шегерiп тастағанда

579928

2606054

Ағымдық жылдық табыстарының шығындардан артуы

376637

91588

Негiзгi қорлар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау

59766

239210

Тәуекел деңгейiн  ескергендiгi активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар)

 

170075

 

234482

I деiгейлi капитал  сомасының 50% аспайтын субордина-цияланған  қарыз

 

0

 

0

Барлығы II деңгейлi капитал

606478

565280

Капитал (К1+К2)

118606

3471334

Барлығы банк активтерi

13532,379

18096215

К1

0,04

0,16

Тәуекел деңгейiн  ескергендегi активтер сомасы

13605989

18758528

Арнайы резервтер (Пс)

2884644

15336665

Арнайы резервтердi шегерiп тастағандағы активтер сомасы

10721345

17224863

К2

0,11

0,20

Информация о работе Банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі